Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:12, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады.

Содержание работы

Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3
І. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі……………………………………..
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары………………………………………….
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы…………………………………
ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау
2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ……………………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары................
2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын талдау.............
ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы
3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол ашу..........................
3.2. Экономика саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету..................................................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................

Файлы: 1 файл

kz_k_Memlekettik kyzmetti baskaru zhane onyn damu bolas_44.DOC

— 408.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3

І. Мемлекеттік қызметтің теориялық  негізі

    1.   Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі……………………………………..5

1.2.  Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары………………………………………….

1.3.  Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы…………………………………

 

ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау

2.1. Мемлекеттік  қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ……………………………..

      2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары................

 2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын талдау.............

 

ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы

3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол ашу..........................

3.2. Экономика  саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету..................................................................................................

 

 

Қорытынды ..................................................................................................................................

 

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша  алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атра алатынын анықтайды.

Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән  барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік  қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында ҚР Президенті 2007 қаңтар айының 13 жұлдызында қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың ережелерін іске асыру мақсатында Үкімет «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жедел түрде әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді.

  Заң жобасын әзірлеудің орындылығы азаматтар үшін ақпаратқа қол жетімділік, әкімшілік органдардың қызметінде жариялылық қағидатын мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енгізуді көздейтін әкімшілік реформаны одан әрі іске асыру қажеттілігіне негізделген.

Әкімшілік рәсімдерді жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын мемлекеттік  қызметтердің қол жетімділігі мен  сапасын қамтамасыз ету және олардың  функцияларды жүзеге асыру арқылы әрбір  мемлекеттік органның мемлекеттік  қызмет көрсету стандарттарын қабылдауын болжайды.

Сондай-ақ, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттк қызмет көрсету  жөніндегі қызмет тиімділігін арттыру  үшін мемлекеттік мекемлер мен кәсіпорындардың  мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі  барлық іс-әрекетін мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде нақты регламенттеу болжанады.

Мемлекеттік басқаруды, оның ішінде мемлекеттік  қызметті басқару рәсімдерін жетілдіру  қажеттігіне байланысты осы түсінікті  заңнамалық тұрғыда айқындау көзделеді.

Заң жобасында мемлекеттік органдар азаматтарға мемлекеттік органның қызметіне байланысты ақпараттық қызметтерді ұсыну үшін веб – сайттар құратындығы туралы номаны айқындау, веб – сайтқа орналастыруға тиіс мәліметтер тізбегін бекіту ұсынылады. 

Осылайша  бұл заң жобасының мақсаты азаматтардың басқарушылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған әкімшілік ету рәсімдерісаласында ақпарат алуға арналған құқықтарға кепілдік беру және оларды қамтамасыз ету тетігін жетілдіру, мемлекеттк орган дардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасын іске асыру теріс әлеуметтік – экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды   және мемлекеттік  бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Мемлекеттік қызметтің  теориялық негізі

1.1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі

Мемлекет  қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі  талаптары Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған (33 бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұцымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым – қатынастардың реттелуін анықтайды.

Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән  барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.

Мемлекетті  басқару органдарында басқару кадрларын  жинаудың, басқару функциялары мен өкілеттіктердің лауазымды тұлғалар арасында бөлінудің арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұрғыдан мемлекеттік қызмет еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.

Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің  түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша  алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атра алатынын анықтайды.

Мемлекеттік қызметтің тағы бір белгісі –  мемлекеттік қызметкердің басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл дегеніміз – азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне енгізілуін айтамыз.

Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы –  мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай режимін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі еңбек тәртібінің типтік ережелерімен және осының негізінде қабылданған басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік басқару органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас элементі болып субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен мемлекеттік қызметкерлер лауазымы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті болып саналады.

Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне сәйкес төленеді. Жалақы алдын – ала қабылданған нормалар негізінде өндіріледі; жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал қосымшасы – мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа жағдайларға (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметте істеген жылдары үшін төлемдер, сыйақы және т.с.с.) байланысты анықталады, төленетін ақша мөлшері жағынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген минималды мөлшерден төмен болмауы тиіс.

Мемлекеттік қызмет  дегеніміз – мемлекеттік  органдарда және олардың аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруға бағытталған азаматтардың кәсіби қызметі. Келтірілген анықтама бойынша мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы белгілерін былайша айқындаймыз:

  1. мемлекеттік қызмет мемлекеттік мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асырумен байланысты;
  2. мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы экономика, әлеуметтік – саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет көп қырлылығымен басқару функциясының көлемділігімен, ауырлылығымен және ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда бүкіл қоғамның және мемлекеттің мүдделері көрсетіледі;
  3. мемлекеттік қызмет қоғамда басқару қызметін жүзеге асыратын арнайы аппарат аясында жүзеге асырылады. Осындай аппаратсыз жұмыс істеу мүмкін емес, себебі мемлекеттік басқарудың кез келген саласы осындай аппаратты қажет етеді. Экономика, әлеуметтік сала мен әкімшілік – саяси құрылыс дамуындағы мемлекет қызметкері органдар жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл органдар алдында тұрған мақсаттары олардың қызметінің мазмұнын және сәйкесінше мемлекеттік қызметкерлер функциясын анықтайды;
  4. мемлекеттік қызметтің спецификасы басқару функциясын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Басқару аппаратында мемлекет функцияларының басқару функцияларымен бірігуі және мемлекеттік қызметкерлердің нақты функцияларының құрылуы арқылы жүзеге асады. Соның өзінде басқару органдарының мақсаттары мен функциялары мемлекеттің мақсаты мен функцияларына сәйкес болуы керек;
  5. мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан сөйлейді, сондықтан да мемлекеттік билік құзіретіне ие;
  6. мемлекеттік қызмет Конституция нормаларына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және басқа да заңды актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда мемлекетік қызметкерлердің басқару қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының талаптарына сай болуы керек. Бұл жерде Конституция нормаларын және басқа да заң актілерін мемлекеттік басқару аясына сәйкес басқа заң актілерін жүзеге асыру. Мемлекеттік басқарудың бар мағынасы әлеуметтік процестердің мемлекеттің басқаруын ұйымдастыру;
  7. мемлекеттік қызмет – атқарушы сипаттағы ұйымдасқан қызмет. Бұл жерде Констиутция нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен басқа заң актілерінің мемлекеттік басқару аясына сәйкес тәжірибелі түрде іске асыру айтылады. Мемлекеттік қызметтің түйіні әлеуметтік процестердің мемлекеттік басқаруын ұйымдастыру мен сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары мен уәкілеттіктерін жүзеге асыруда жатыр;
  8. мемлекеттік қызмет – жарлықшы сипаттағы қызмет. Бұл дегеніміз мемлекет қызметкерлерінің өзіне жүктелген саласында мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асыру барысында заңды – актілі ұйғарымды қолдануға құқылы. Жарлықшы қызметі қажетті жағдайларда басқару актілерін шығарумен ерекшеленеді. Бұл актілердің көмегімен ведомстволарға қарасты объектілер мен олардың негізгі қызметінің бағыттарына тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік қызмет саясаттандырылған түрімен  де ерекшеленеді. Бұл дегеніміз мемлекеттік  қызметкерлер өзінің міндетті қызметі  мен өкілеттігін атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті мен саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының еш байланыстырмау. Осыған орай мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында саяси партиялар ұйымдарын құру рұқсат етілмейді. Мемлекет қызметкері өзінің басқару әрекетін жүзеге асыруға құқығы бар. Заңдарда бекітілген біріңғай мемлекет саясаты мен мүдделерін басшылыққа алуы тиіс. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңының  1-тарауы - Жалпы ережелер. 1-бабында негізгі ұғымдар, осы Занда мынадай ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі; мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам; лауазымдық өкiлеттiк - заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк; мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;  
бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар; мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi; ротация - мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.

Информация о работе Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы