Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:12, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады.

Содержание работы

Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3
І. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі……………………………………..
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары………………………………………….
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы…………………………………
ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау
2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ……………………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары................
2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын талдау.............
ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы
3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол ашу..........................
3.2. Экономика саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету..................................................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................

Файлы: 1 файл

kz_k_Memlekettik kyzmetti baskaru zhane onyn damu bolas_44.DOC

— 408.50 Кб (Скачать файл)

Тап осындай қағидаттар бойынша  аграрлық секторда “ҚазАгро” холдинг  компаниясын құру қажет.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) құрылуда. Жуырда Қарағанды облысында  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның  ізашар жобасы ретінде “Сарыарқа” корпорациясы іске қосылды. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін еліміздің барлық аумақтарын қамтитын жеті Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылуға тиіс.

Құрылымдық өзгерістердің мазмұны  мен сапасына басты басымдылық берілуі керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Мемлекеттік басқаруды жаңарту мақсатында Үкіметке мынадай шараларды жүзеге асыруды тапсырды: 

1. Мемлекеттік органдар  құрылымын жетілдіру

Бірінші. Бұл – мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру. Үкімет қайсыбір аралық буындарды алып тастау арқылы биліктің барлық деңгейіндегі лауазымдық сатыларды қысқартуы тиіс. Басқару шешімдерін қабылдаған кезде мемлекеттік органдар жұмысының кешенділігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Саяси мемлекеттік қызметшілердің саны да қысқартылатын болады.

Орталық мемлекеттік органдар, ведомстволық бағыныстағы аймақтық бөлімшелер және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функциялардың қайталануын болдырмау  мақсатында Үкімет функцияларға талдауды оқта-текте емес, тұрақты жүргізіп отыруы тиіс. Осындай талдаудың қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру және мемлекеттік аппаратты қысқарту жөнінде тиісті шешімдер қабылдануы тиіс.

Министрліктерге саясатты әзірлеу  және оның іске асырылуын бақылау, саяси  шешімдер қабылдау, нормаларды жасау қызметі және қарамағындағы комитеттердің қызметін үйлестіру функциялары бекітіліп берілуі керек. Өз кезегінде министрліктердің комитеттері белгіленген саясатты іске  асырумен дербес айналысып, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиіс. 

Министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің реттеуші функцияларын арттыру үшін олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы өкілеттіктері  мен дербестігі күшейтілуге тиіс.

Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің мәртебесі мен өкілеттіктерін, олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін айқындап алу керек. 

2. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын еңбегінің нақты нәтижелеріне қарай ұлғайту 

Екінші. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын еңбегінің нақты нәтижелеріне қарай, қазақстандық ірі жекеменшік компаниялармен салыстыруға келетін деңгейге дейін ұлғайту.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты  құру және сыбайлас жемқорлықты жою  мақсатында мемлекеттік органдардың  бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі елеулі өзгерістерге түседі.

Мемлекеттік органдар мен әрбір қызметкердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілуі тиіс, ал жалақы мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығы мен орындайтын жұмысының тиімділігіне ғана байланысты болуы қажет.

Саяси мемлекеттік қызметшілер  бойынша мемлекеттік органдар қызметін рейтингтік бағалау нәтижелерінің негізінде жылдық бонустар төлеу жүйесін дайындау қажет. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтіп, мемлекеттік органдар қызметін бағалаудың біртұтас жүйесін қалыптастырғаннан кейін Үкімет мемлекеттік аппаратты қысқартудың есебінен жалақыны жекеменшік сектормен салыстыруға келетін деңгейге дейін кезең-кезеңімен көтеру жөнінде ұсыныс енгізуі тиіс. Мемлекеттік аппаратты қысқартудан түскен барлық қаржы жалақыны көтеруге жұмсалады. Президенттің айтуы бойынша мемлекеттік қызметшілердің 30%-ға жуығы қысқартылатын болады. 

Еңбекақы төлеу қорының құрамында  әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді  ынталандыру үшін арнайы қор қалыптастырылуы  мүмкін. Оны жоғары жұмыс нәтижелері үшін сыйлық беруге және келісім-шарт бойынша қосымша қызметкерлер жалдауға пайдалану қажет. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу 

Үшінші. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу.

Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетудің салалық  стандарттары әзірленуге және енгізілуге тиіс.

ИСО халықаралық  сапа стандарттары, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы және олардың  қоғам алдында есеп беру қағидаты кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Әрбір мемлекеттік  органның өз даму стратегиялық жоспары  болуға тиіс, онда нақты мақсаттар мен міндеттер, соларға қол жеткізудің жолдары, сондай-ақ даму мүмкіндіктері көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын сақтауды бақылау мақсатында, қарапайым халық  пен кәсіпкерлер арасында жүйелі әлеуметтік сауалдама жүргізу жолымен де жүргізілетін ішкі және сыртқы аудит жүйесі құрылатын болады.

Барлық жерде  “электронды үкіметті” енгізу азаматтар  мен ұйымдарға сапалы мемлекеттік  қызметке жедел қол жеткізуге  мүмкіндік береді. 

4. Рейтингті және бюджеттік үдерісте жаңа ұстанымдарды енгізу 

Төртінші. Мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік үдерісте жаңа ұстанымдарды енгізу.

2007 жылы орталық мемлекеттік  органдар мен облыс әкімдіктері  қызметін тұрақты негізде рейтингілік  бағалау жүйесі енгізілді. Бұл жұмыс үдерісін ішкі әкімшіліктендіруді жақсарту, бюджет қаржысын жұмсау тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Аталған шара мемлекеттік органдарды өз қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандыруды көздейді.

Бюджеттік жоспарлауда қатаң бюджеттік шектеулерге барудан гөрі нақты түпкі нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру жүйесіне көшуге баса мән беріледі. Мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың нақты мақсаты мен индикаторлары қарқынды жұмыс істеуде. Бюджеттік қаржыны жұмсау мен тиісті бағдарламаларды іске асыруға бірінші басшылардың жауапкершілігі күшейтіліп, пәрменді бақылау жүйесі құрылуы керек. Мұнан басқа, әрбір мемлекеттік орган өз қызметінің өнімділігін арттыру есебінен әкімшілік шығындарды қысқартуға міндетті болады. 

5. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын және басқарымдылығын  арттыру 

Бесінші. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын және басқарымдылығын арттыру.

Орталық мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысы тағайындайтын, олардың  аппараттарындағы жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Статс-хатшы жоғары әкімшілік лауазымы енгізілуі қажет.

Статс-хатшы мемлекеттік органның барлық ішкі істеріне жетекшілік жасайтын болады, бұл жоғары басшылықтың саясатты әзірлеумен және стратегиялық мәселелермен айналысуына мүмкіндік береді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың тетіктері енгізіледі, сондай-ақ олардың орталық пен  аймақтық құрылымдар арасында алмасып отыру тетігі әзірленетін болады.

6. Сыбайлас жемқорлықты азайту 

Алтыншы. Сыбайлас жемқорлықты азайту. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы және әкімшілік реформалар қисынының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған.

Әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық “созбұйда” мен шектен тыс тексерулерді қысқарту жөніндегі жұмысты  жалғастырылап жатыр.

Шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеу нормаларын енгізу кезінде де, сонымен бірге оларды жүзеге асыру кезінде де күшейтілетін болады. 

7. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту  

Шенеуніктікті асқақтата  көтеру немесе келемеж ету жақсы  мінездің кейпіндей көрінетін әсер аз кездеспейді. Солай болса-дағы Қазақстан  бүгінде мақтаныш тұтатын нәтижелерге  сол мемлекеттік қызметшілердің де еңбегінің арқасында қол жетті. Ондаған мың мемлекеттік қызметшілер барлық деңгейде өз парызын адал атқарып жүр, алайда, БАҚ-тың, жұртшылықтың назарына негізінен мүлдем басқа тұрғыдағы мысалдар түсіп жатады.

Егер мемлекетке үлкен корпорация ретінде қарайтын болсақ, онда оның менеджерлерінің іскерлік беделі – аса маңызды капитал екені айдан анық. Біз мемлекеттік қызметшілер корпусын ортаңғы, төменгі деңгейлерде өзінің  мемлекеттік қызметін жоғары кәсібилікпен, патриоттықпен, адал атқарудың үздік өнегелерінде тәрбиелеп, оларды жұртшылыққа кеңінен танымал етуге тиіспіз. Үкімет осы бағытта да тиісті шаралар қабылдауы қажет.

Бұл айтылғандар – әкімшілік  реформаның негізгі бағыттары. Таяу арада Президент оны жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Өкімге қол қойды, ол заңнамада айтарлықтай өзгерістер жасауды талап етеді.

Бұған қоса, әкімшілік реформа жөніндегі  жұмыс тобына үстіміздегі жылдың соңына дейін әкімшілік жүйені жаңартудың осы қағидаттары бойынша құқық  қорғау жүйесі мен бюджеттік саланы – бірінші кезекте, білім беру мен денсаулық сақтауды реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеп, енгізу тапсырылды.

Әкімшілік реформаны жүзеге асырудағы табыс барлық билік тармақтарының қызметіндегі ретке келтірушілікке байланысты болады. 

 

 

2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары

 

Мемлекеттік қызметті басқару ең басты еліміздің Президентінен басталады. Қазір «Мемлекеттік қызмет туралы» заң шыққаннан соң мемлекеттік қызметті басқаруды жетіліру көздері мен жолдары қарастырылуда. Біріншіден – жергілікті өзін - өзі басқаруды жетілдіру керек, екіншіден – сайлауды әділ де дұрыс өткізу керек. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік қызметті басқаруда ақпараттар үлкен роль атқарады. Себебі кез келген істі басқару үшін ол істің мән жайын түсініп, ол жайлы ақпараттармен толық қамсыздандырылу керек.

 2003 жылдың 23 желтоқсанда мемлекет басшысымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Жарлыққа қол қойылды, Қаржы полициясы Агенттігі негізінде Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) құрылды. Құрылған ведомствоға жүктелегн қосымша міндет - сыбайлас жемқорлықпен күрес. Ол мемлекеттік басқару органдары қызметіндегі қосарланушылықты жойып, экономикалық және сыбалас жемқорлық саласындағы қылмыстың араласуына қарсы күрес тиімділігін арттырады.

Мемлекеттік басқаруда ақпараттардың дұрыстығы  дұрыс шешім қабылдауға алып келеді. Басқару процесінде тікелей алынатын ақпарат. Оған жоспарлар жобаларында және әр түрлі мерзімдерге бекітілген жоспарларда, материалдық ресурстарға берілген тапсырыстарда шаруашылық шарттарында, ресми жарлық беру құжаттарында және т.б. жоспарлық, нормативтік ақпараттар жатады. Мұны басқару ақпараты деп атауға болады.

Басқару – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында  қолданылып, аз шығындармен барынша  тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен  тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта(өндірістік құралдар мен еңбек заттарын басқаруда), тірі табиғатта (биологиялық жүйелерді) және қоғамдағы әлеуметтік жүйелерді басқару процестерінде орындалады.

Өндіріс процесінде болып өткен   фактілер мен оқиғалар, әлеуметтік – экономикалық және өндірістік шаруашылық процестерінің  шын мәніндегі жағдайы мен  дамуы туралы ақпарат. Халық шаруашылығын басқару жүйесінде ол кері байланыс ақпаратының ролін атқарады. Бұл информацияны есептеу – статистикалық ақпараты деп атайды.

Басқарудың  ақпараттық жағын білу басшыға ақпарат  жүйесі дегеніміз не екенін және оны  жасау үшін қандай мәселелерді шешу керектігін анықтауға көмектеседі. Бұл басқарудың ақпараттық сферасында коммуникация деген ұғым бар. Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешімді қабылдауы үшін хабарламалар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған  шешімдерді жеткізу.

Басқару қызметтерінің барлық түрлеріндегі ақпараттар, хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процестері деп аталынады.

Әрбір басшы өзі басқаратын ұйымның  мақсатына жету үшін үш бейнеде көрінеді және басқарудың төрт функциясын орындайды. Осы мақсатқа жтеу үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа тура ықпал етеді.

Енді  ұйымдардағы коммуникациялық процестерді  қарастырамыз.

Бірінші, ұйым аралық және оның сыртқы ортамен  қарым – қатынгастары.

Екінші, бөлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс шеңберінде жүргізіледі.

Үшінші  – түрлі бөлімшелер арасындағы байланыстар.

Төртінші, басшылар және бағыныштылар арасындағы байланыстар.

Бесінші, басшы мен жұмысшы топтары  арасындағы байланыстар.

Алтыншы, бейресми байланыстар.

Хабар, мәліметтердің айырбасы немесе алмасулары берген хабарыңызды тек келесі адамның қабылдауы кезінде ғана пайда болады.

Коммуникациялық процесс дегеніміз – екі немесе одан да көп адамдар топтарының хабарлар, мәліметтер, т.б. алмасулары. Оның негізгі  мақсаты хабарлардың осы алмасуы  үстінде түсінушілікті қалыптастыру болып табылады.

Басқаруда шешімді дұрыс қабылдай білу де үлкен іс. Шешім қабылдау – ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.

Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру  жолдарын іске асыру үшін міне осы  көмекші құралдар – ақпараттар мен  шешім қабылдау, өте қажет . Негізінен  мемлекеттік қызметті басқаруды  жетілдірудің ең басты жолдарына тоқтай келсек, ол – сайлауды әділ өткізу, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар, жергілікті өзін өзі басқару органдары және т.б. мемлекеттік қызметте сайлау әділ өту үшін жемқорлық болмаса әділдікке жол ашылады. Сыбайлас жемқорлықты азайту керек. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы және әкімшілік реформалар қисынының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған. Егер де әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық “созбұйда” мен шектен тыс тексерулерді қысқартылса, онда жөніндегі жұмыстар  жалғастырылады және шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеу нормаларын енгізу кезінде де, сонымен бірге оларды жүзеге асыру кезінде де күшейтілетін болады.

Информация о работе Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы