Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:12, курсовая работа
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады.
Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3
І. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі……………………………………..
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары………………………………………….
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы…………………………………
ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау
2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ……………………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары................
2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын талдау.............
ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы
3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол ашу..........................
3.2. Экономика саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету..................................................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................
“Электрондық үкіметті”
Мемлекеттік қызметшілерді жұмыстың жаңа жағдайына оқыту мен дайындау үшін бірінші жарты жылдықта облыстың қала мен аудандарында үш мыңға жуық мемлекеттік қызметші қатысқан 38 семинар-кеңес өткізілді, өздерін ойландырып жүрген мәселелері бойынша жеке қабылдауларда 200-ден астам азамат болды.
Адал жұмыс, әлеуметтік кепіл кешенін енгізу және еңбекақыны көтеру арқылы мемлекеттік қызмет беделі одан әрі жоғарыламақ. Сондықтан, бізге мемлекеттік қызмет және кадрлар саясатын қайта құру мен жетілдіру бойынша қол жеткен табыстарды әрі қарай дамыту керек.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы кадрлардың кәсіби біліктілігін көтеруде Мемлекет басшысы қойған міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін алдағы уақытта да барлық қажетті шараларды қолданатын болады.
Қазақстан Республикасының экономикасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті нормативтік құқықтық база құрылған. Бұл Үкіметтің тиісті кезеңдерге арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларында өз көрінісін табады. Оны ары қарай жетілдіруді көздей отырып, мемлекеттік қызметтің әр саласында белгіленген бағыттар бойынша күш жігер салынып іс – шаралар жоспарлануда.
Салық салу және салықтық әкімшілендіру құрылымын оңайлату, салық санын оңтайландыру, салықтың жиналуын арттыру жолымен бизнес пен халықаралық сауданың дамуын ынталандыру мақсатында салық заңнамасына өзгерістер салық салу мәселелерін реттейтін кейбір заңнамалық кесімдерге түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасы шеңберінде енгізіледі.
Мұнай кірістерін
пайдалану тетіктерін жетілдіру, бюджеттің
әлемдік бағалар
Мемлекеттік сатып алудың сапасын, тиімділігін және уақтылығын арттыру, мұнай-газ және сервистік компаниялар арасындағы ұзақ мерзімді келісімдер жасасу мүмкіндігін бекітіп беру, оның ішінде аутсорсинг сияқты кооперация түрлерін қолдану мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын әзірлеу ұсынылады.
Салауатты бәсекелес орта құру жөніндегі заңнамалық шаралар "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Заңының жобасында (жаңа редакциясы) тиісті ережелерді бекітіп беру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар "Концессия туралы" заң жобасында бекітіліп берілетін болады.
Зияткерлік
меншік құқықтарын қорғау саласындағы
заңнаманы жетілдіру мәселелері
"Қазақстан Республикасының
Халықтың анағұрлым "осал" жіктерін әлеуметтік қолдауды заңнамалық дамыту жөніндегі алғашқы қадамдарды "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу арқылы қабылдау жоспарлануда.
Тұрғын үй заңнамасын одан әрі жетілдіру заңнамалық кесімдерге тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді көздейтін жоба шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Қоршаған ортаны
қорғау саласындағы заңнаманы
Сондай-ақ, тұтастай алғанда, заңнамалық базаның тұрақтылығын арттыруға жәрдемдесетін заң жобаларын әзірлеуге іргелі ұстанымдарды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Конституция ережелерін одан әрі дамыту мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесін, құзыретін, жауаптылығын, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекітіп беру арқылы олардың қызметін заңнамалық реттеу болжануда.
Қабылданып жатқан барлық заңдардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету үшін оларды қаржылық қамтамасыз етудің жеткіліктілігі қағидаты сақталады. Қабылданған заңдарды іске асыруға бағытталған заңға тәуелді кесімдерді қабылдау Үкіметтің норма шығару қызметі басымдықтарының бірі болып қалады.
Мемлекеттік органдардың заң қызметтері жұмысының сапасы мен маңыздылығын арттыруға көңіл бөлінеді, бұл да норма шығару қызметінің сапасын жоғарылатуға ықпал ететін болады.
Ғылыми негіздеменің және заң жобасы мазмұнының неғұрлым сапалы пысықталуын қамтамасыз ету мақсатында заң жобаларын әзірлеген сәттен бастап қана емес, олардың тұжырымдамаларын дайындау сәтінен бастап ғалымдар тартылатын болады.
Заң жобалары реттейтін құқықтық қатынастарға қарай олар бойынша ғылыми сараптама, оның ішінде кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасады.
Қоғамдық қатынастардың реттеуге ұсынылып отырған салаларын жан-жақты және толық зерделеу мақсатында заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптамаларды міндетті түрде жүргізу енгізілетін болады, бұл сондай-ақ, заңнаманың тұрақтылығына және тұтастай оның сапасын толығымен жақсартуға ықпал етеді.
Халықаралық құқықтық
ынтымақтастық саласында
Заң шығару қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру, оны ескірген және қайталанатын нормалардан босату, кейбір қоғамдық қатынастар салаларын құқықтық реттеудегі ақтаңдақтардың орнын толтыру, заңнама салаларын мақұлданған Сыныптама бөлінісінде одан әрі шоғырландыру және Қазақстан Республикасының Заңдар жинағын жасау жөніндегі жұмыс жалғасады.
Заң жобаларын әзірлеудегі ғылыми жәрдемді ұйымдастыру мәселелері заң жобаларын дайындау сапасын арттыру ісіндегі айқындауыш болып қалып отыр.
Заңға тәуелді кесімдердің мониторингін мемлекеттік органдардың ғалымдармен бірлесіп жүзеге асыруын қамтамасыз ету туралы мәселе қаралады, бұл құқық қолдану практикасына ғылыми талдау жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыс нәтижелері бойынша заңнамалық кесімдердің мониторингін енгізу мүмкіндігі мәселесі қаралады.
Бағдарламада белгіленген шараларды орындау Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында Мемлекет басшысы алға қойған және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі негізгі бағыттарда айқындалған мақсаттарға қол жеткізуге дәйекті және мақсатты сипат береді.
Ұсынылып отырған шараларды іске асыру арқылы осы Бағдарламада белгіленген барлық іс-шараларды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жүзеге асырылады және біздің мемлекетіміздегі одан арғы саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар үшін құқықтық база жасалады.
Кесте 1 - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы*
|
2006 жыл бағалау |
болжам | ||
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл | ||
ЖІӨ, млрд. теңге |
7300 |
8676 |
9881 |
11272 |
ЖІӨ-нің нақты өзгеруі өткен жылға %-бен |
109,4 |
108,3 |
108,3 |
108,9 |
ЖІӨ дефляторы, % |
113,7 |
109,8 |
105,1 |
104,8 |
ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл. |
54,9 |
65,3 |
74,4 |
84,8 |
ЖІӨ, сатып алу қабілетінің шамасы (СҚШ) бойынша млрд. АҚШ долл. |
157,5 |
173,0 |
192,1 |
214,5 |
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл. |
3620 |
4263 |
4814 |
5450 |
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, СҚШ бойынша АҚШ долл. |
10385 |
11294 |
12436 |
13789 |
Тұтыну бағаларының индексі, бір жылға орта есеппен %-бен |
7,6 |
5,7-7,3** |
5-7 |
5-7 |
Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ) |
28249,0 |
28761,3 |
28616,2 |
29562,1 |
Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ) |
17882,5 |
20360,5 |
22147,9 |
24096,3 |
Сауда теңгерімі, млн. АҚШ долл. |
10366,6 |
8400,8 |
6468,3 |
5465,8 |
Негізгі капиталға инвестициялар өткен жылға %-бен |
122,1 |
115,0 |
115,0 |
114,0 |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өткен жылға %-бен |
106,7 |
102,0 |
102,2 |
103,0 |
Өнеркәсіптік өнім көлемі өткен жылға %-бен |
104,6 |
104 |
104,2 |
106,7 |
Құрылыс өткен жылға %-бен |
134,1 |
115,0 |
112,0 |
110,0 |
Көлік қызметтері өткен жылға %-бен |
104,8 |
106,6 |
107,0 |
108,0 |
Байланыс өткен жылға %-бен |
127,7 |
122 |
122 |
120 |
Сауда өткен жылға %-бен |
109,5 |
109,5 |
109,7 |
110,0 |
Еңбек өнімділігінің өзгерісі, өткен жылға %-бен |
6,6 |
6,3 |
6,6 |
7,0 |
Әлеуметтік көрсеткіштер Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге |
9200,0 |
9200,0 |
9752,0 |
10337,0 |
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері |
3000,0 |
3000,0 |
3000,0 |
3180,0 |
Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге |
6200,0 |
6700,0 |
7236,0 |
7815,0 |
Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге |
6014,0 |
7945,0 |
8422,0 |
8927,0 |
Орташа айлық номиналды жалақы, теңге |
31808,8 |
36412,7 |
43395,5 |
49647,9 |
Нақты жалақы, өткен жылға %-бен (шағын кәсіпорындарды ескере отырып) |
110,1 |
108,0 |
112,4 |
107,9 |
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары» болғандықтан, мен бұл өзекті мәселеге байланысты көптеген іс – шараларды қарастырдым. Бұл мәселеге экономикалық жағдай да, әлеуметтік жағдай да тікелей байланысты болып келеді. Қорытындылай келе, Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған (33 бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұцымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым – қатынастардың реттелуін анықтайды.
Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.
Қазақстанның өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басу қисыны мемлекеттік басқаруды, саяси жүйені, бәлкім, елдің Конституциясын мұқият зерделеуді және тиісті реформалар жүргізуді талап етеді.
Түптеп келгенде, біз еліміздің саяси және мемлекеттік құрылымының ұтымды моделін жүзеге асыруға тиіспіз.
Демократиялық реформалар бағдарламасын
әзірлеу мен нақтылау жөніндегі
мемлекеттік комиссияның
Мемлекеттік басқаруды жаңарту, саяси реформаларды жүргізу біздің қоғамымыздың топтасуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі мен абыройын өсіре түсуге жәрдемдесетіні сөзсіз.
Бұл Қазақстанның халықаралық саясаттың, өркениеттер арасындағы диалогтың, Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен ықпалдастықтың бірден бір орталығына айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы ретінде сайлануы бұл беделді ұйымның қазіргі заманның басты қатерлері мен уақыт сынына қарсы әлдеқайда серпінді де сенімді жауап қатуына мүмкіндік беретініне кәміл сенемін.
Сонымен қатар, халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұрудың басты құралдары ретінде толеранттылық, конфессияаралық және ұлтаралық келісім проблемаларын барынша терең зерделеудің де маңызы арта түспек.
Тәуелсіздік жылдары біз мемлекеттік құрылыста, әлеуметтік -экономикалық өркендеуде, түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы келісімде әлем жұртшылығы таныған нәтижелерге қол жеткізіп, халықаралық қоғамдастыққа толық хақылы мүше ретінде кірдік.
Мұның
барлығы “Қазақстан-2030”
Соның негізінде біз басты мақсатымыз – Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енгізуге кірісіп те кеттік. Қазақстан Республикасының Президентінің Наурыздағы Жолдауында мен экономикамызды дамытудың басым бағыттарын баяндап берген болатынмын. Енді Үкіметтің осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізетін нақты іс-шаралар жоспары болуға тиісті.
Әрине, Жолдауда алға қойылған маңызды міндеттерді орындау үшін бізге іскер Үкімет қажет.
“Қазақстан-2030” Стратегиясында мен дамуымыздың негізгі басымдылықтарының бірі ретінде ықшам әрі кәсіби Үкімет жасақтауды алға қойған едім. Қазір біз өтпелі кезеңді табыспен аяқтап, дамуымыздың жаңа кезеңіне қадам басқан кезде бұл міндеттің маңызы бұрынғыдан да арта түседі.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында ҚР Президенті 2007 қаңтар 13 қол қойған «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың ережелерін іске асыру мақсатын да Үкімет «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы » заң жобасын жедел түрде әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді.
Заң жобасын әзірлеудің орындылығы азаматтар үшін ақпаратқа қол жетімділік, әкімшілік органдардың қызметінде жариялылық қағидатын мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енгізуді көздейтін әкімшілік реформаны одан әрі іске асыру қажеттілігіне негізделген.
Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік мәселесі, сол себептен осы мәселені шешу керек және одан әрі жандандыру қажет.
Информация о работе Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы