Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:12, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады.

Содержание работы

Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3
І. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі……………………………………..
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары………………………………………….
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы…………………………………
ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау
2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ……………………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары................
2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын талдау.............
ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы
3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол ашу..........................
3.2. Экономика саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету..................................................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................

Файлы: 1 файл

kz_k_Memlekettik kyzmetti baskaru zhane onyn damu bolas_44.DOC

— 408.50 Кб (Скачать файл)

Штат  бірлігінің жалпы санынан 6345 мемлекеттік  қызмет лауазымдары орналастырылды, бос лауазымдар саны 592-ні құрады.

СУРЕТ 1:

"2007 жылдың 1 қаңтарына  мемлекеттік қызметкерлердің саны (санат бойынша)" 

 

Облыс мемлекеттік қызметкерлерінің сапалы құрамының анализі олардың орта жасы 39.1, оның ішінде саяси – 46.8, ал әкімшілік – 38.7 екенін көрсетті. Мемлекеттік қызметкерлер құрамында 4150 әйел (65.4%), олардың 733-і (17.7%) жетекші лауазымдарда жұмыс істейді. Облыстағы мемлекеттік қызмет келесі ұлттық құрамымен сипатталады: қазақтар – 4378 (69.0%), орыстар – 1356 (21.4%), басқалары – 611 (9.6%). Мемлекеттік қызмет құрамында барлығы 32 ұлт өкілдері еңбек етеді.

Мемлекеттік қызметкерлердің 4448-ің немесе 70.1% жоғары білімі бар, оның ішінде 360 –ы (8.1%) бірнеше жоғары білімі бар, ал 9 қызметкер ғылыми дәрежеге ие.

 Сурет 2:  "Мемлекеттік қызметкерлердің жас құрамы"

1794 адамның немесе 28.3% орта арнаулы  білімі, ал 103 жалпы орта білімі  бар.

2006ж. 1 қаңтармен салыстырғанда  мемлекеттік қызметкерлердің сапалы  құрамы білім деңгейі бойынша  жақсарды. Осылайша жоғары білімі  бар мемлекеттік қызметкерлердің үлес салмағы 1.9% -ға көтерілді, ал орта кәсіптік білім көрсеткіштері бойынша 1.2 %-ға жалпы орта 0.7%-ға төмендеді. Облыстың мемлекеттік органдар қызметкерлерінің орта қызмет стажы 9.0, атқарып жатқан қызметінде – 2.8-ді құрайды. 2006 ж. ішінде 1180 (17%) мемлекеттік қызметкер ауысты, оның ішінде 392(33.2%) мемлекеттік органдарда басқа жұмысқа, 28 адам теріс ниеттері үшін жұмыстан босатылды, 104 мемлекеттік емес құрылымдарға ауысты, 656 - басқа себептерге байланысты жұмыстан шықты.

 

ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау

2.1. Мемлекеттік қызметті  басқаруды жетілдіру жолдары

 

Мемлекеттік  қызмет - әр елдің барлық даму сатысындағы  басты атрибут, ал мемлекеттік қызметшілер - өзгерістерді негізгі орындаушылар. Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік қызмет және басқару құрылымын жасаудағы Мемлекет басшысының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы «Кәсіби үкіметке» басым бағыт беруі тегіннен – тегін емес.

Мемлекеттік қызмет туралы қазіргі заңнама мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісіне негіз қалады. 1998 жылы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының шешімімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және оның аумақтық органдары құрылды, сондай-ақ Президенттің жанындағы мемлекеттік академия былтырғы жылы Президенттің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы болып қайта құрылды.

1999 жылғы  23 шілдеде «Мемлекеттік қызмет  туралы» заң және мемлекеттік  қызмет шеңберін реттейтін заңдық  құқықтық актілер қабылданады. 

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Достастық мемлекеттері үшін үлгі ретінде Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметке сәтті реформа жүргізеді.

Елбасы  Қазақстанның алдында әлемдегі бсекеге  барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруде және мемлекеттік қызметті басқаруды одан әрі жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарға дейін жеткізу міндетін қойды.

Елімізге  ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау аясында  бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат қажет.

Осыған  орай, яғни экономикалық және қоғамдық модернизация қажеттілігіне сай  білім реформасынсыз және басқарудың жаңа үлгісінсіз Қазақстан,ның бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес. Бұл үшін де аз нәрсе істелген жоқ.

Мемлекет  басшысының Жарлығымен ҚМЭБИ құрылды, оны жыл сайын біліктілігі жоғары 200-ден астам маман бітіреді. Президенттің «Болашақ» бағдарламасының жұмыс істегеніне он жылдан асты, оның жолдамасымен талантты жастарымыз дүние жүзінің ең таңдаулы университеттерінде білім алады. Үш таңдаулы оқу орнын – дипломатиялық және сот академияларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет академиясын біріктірген Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың жаңа академиясы жұмыс істейді.

Оқуды өмір бойы жалғастыру әр адам үшін заңдылыққа айналды. Президенттің Жарлығымен бекітілген ережеде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігн көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі үлгісі болып табылады.

Аймақтық  қайта даярлау және біліктілік көтеру орталығында 2006 жылға облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін 17 млн. тг. қаралған, яғни бұл алдынғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Президент  жанындағы мемлекеттік басқару академиясында облыс бойынша 75 мемлекеттік қызметші, аймақтық біліктілігін арттыру жне қайта даярлау орталығында – 514 және басқа да салалық оқу орындарында 126 адам оқыды, бұл алдынғы жылмен салыстырғанда көбірек.

Конкурстық  іріктеу негізінде мемлекеттік қызметке жастардың түсуіне жол ашылды. Бүгінде біздің облысымызда 779 мемлекеттік орган бар, оларда 7,5 мың мемлекеттік қызметші еңбек етеді, орта жасы – 38.

Мемлекеттік қызмет үшін мамандар даярлауға бағдар ұстаған көптеген мамандандырылған оқу орындары негізінен ғылыми және теориялық білім беруді ұсынады, ал жүйелік түсіну, кәсіби дағды, ұйымдастырушылық қабілетін ұштау білім беру аясынан қалыс қалады. Сол себепті жас мамандар мемлекеттік қызмет барысындағы кездесетін кейбір міндеттерді орындауға дайын емес.

Осы мәселені шешу үшін облысымызда мемлекеттік  органдармен бірлесіп, мемлекеттік  қызметке қайта қабылданғандардың  және де ЖОО – ның бітіруші курстарының  қабілетті студенттерінің практикасы мен сынау мерзімін өткізуді дұрыстау үшін шаралар қолданылуда.

Сондай  – ақ саяси және әкімшілік мемлекеттік  қызметтің кадрлар резервін қалыптастыруға баса көңіл бөлінуде. Елбасының Жарлығына  сай, облысымыздағы әкімшілік мемлекеттік  қызметшілер қатарынан саяси лауазымға үміткер 9 кандидаттың барлығ да тестілеуден сәтті өтті. Облыс бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың кадрлар резервіне 217 адам енгізілді, бұлардың көпшілігі бір жыл ішінде мемлекеттік қызметкер атағын алады.

Жуырда  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның саяси мемлекеттік қызметшілер  ротациясына қатысты өзгерістер енгізілді, яғни енгізілу жобасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен мақұлданады.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда аппарат  басшысы – статс хатшы әкімшілік  лауазымы енгізіледі. Оның қызметтік  міндеттеріне орындау және еңбек тәртібі үшін бақылау мәселелері, аппарат тұрақтылығын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметшілердің кадрлар шеберлігін жетілдіретін мемлекеттік қызмет ұсыну стандарттарын енгізу, Ар – намыс кодексін сақтау кіреді.

Бірінші кезектегі міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметті ұсынудың халықаралық, сервистік тәртібіне көшу. Қатаң бәәсекелестік жағдайында үнемі өз қызметтерінің сапасын арттыратын жеке меншік секторлардан мемлекеттік органдардың айырмашылығы өздерінің даралығынан бұл мәселелерге аз көңіл бөлінді.

Еліміздің заңнамасында «Мемлекеттік қызмет»  және «Мемлекеттік қызметтердің стандарттары» деген түсініктер болған жоқ, сол себепті қызметтерді мемлекеттік органдардың міндеттерімен шатастырады.  Сондықтан Елбасы мемлекеттік органдардың рейтингтік бағалануынан негізгі критерийінің арасынан ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын ерекше белгіледі.

  Мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында ҚР Президенті 2007 қаңтар 13 қол қойған «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың ережелерін іске асыру мақсатын да Үкімет «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы » заң жобасын жедел түрде әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді.

  Заң жобасын әзірлеудің орындылығы азаматтар үшін ақпаратқа қол жетімділік, әкімшілік органдардың қызметінде жариялылық қағидатын мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енгізуді көздейтін әкімшілік реформаны одан әрі іске асыру қажеттілігіне негізделген.

Әкімшілік рәсімдерді жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын мемлекеттік  қызметтердің қол жетімділігі мен  сапасын қамтамасыз ету және олардың  функцияларды жүзеге асыру арқылы әрбір  мемлекеттік органның мемлекеттік  қызмет көрсету стандарттарын қабылдауын болжайды.

Сондай-ақ, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттк қызмет көрсету  жөніндегі қызмет тиімділігін арттыру  үшін мемлекеттік мекемлер мен кәсіпорындардың  мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі  барлық іс-әрекетін мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде нақты регламенттеу болжанады.

Мемлекеттік басқаруды, оның ішінде мемлекеттік  қызметті басқару рәсімдерін жетілдіру  қажеттігіне байланысты осы түсінікті  заңнамалық тұрғыда айқындау көзделеді.

Заң жобасында мемлекеттік органдар азаматтарға мемлекеттік органның қызметіне байланысты ақпараттық қызметтерді ұсыну үшін веб – сайттар құратындығы туралы номаны айқындау, веб – сайтқа орналастыруға тиіс мәліметтер тізбегін бекіту ұсынылады. 

Осылайша  бұл заң жобасының мақсаты  азаматтардың басқарушылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған әкімшілік ету рәсімдерісаласында ақпарат алуға арналған құқықтарға кепілдік беру және оларды қамтамасыз ету тетігін жетілдіру, мемлекеттк орган дардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасын іске асыру теріс әлеуметтік – экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды   және мемлекеттік  бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.     

Мемлекет   Президенті   Нұрсұлтан   Назарбаев   «Қазақстан   Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.  
Жарлықта Мемлекеттік қызметті басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың мынадай негізгі қағидаттары белгіленген. 
1) кезеңдердің біртіндеушілігі мен дәйектілігі; 
2) реформалаудың алға қойылған міндеттерінің кешенділігі және ұсынылып отырған шешімдердің жүйелілігі; 
3) транспаренттілік; 
4) қабылданған шешімдерді іске асырудың тұрақты мониторингі; 
5) жұмылдырылған барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігі. 
2. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі мыналарға негізделсін делінген: 
1) өңірлердің дербестігін сақтау барысында орталық мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларының тиімділігін арттыру; 
2) атқарушы биліктің әртүрлі деңгейлері арасындағы өзара қарым-қатынастарда икемділікті арттыру; 
3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін тәуелсіз сыртқы бағалау/ оның аудиті; 
4) мемлекеттік қызметке неғұрлым дарынды кадрларды тарту үшін жағдай жасау; 
5) мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру;

6) бюджет процесіне жаңа тәсілдер  енгізу; 
7) мемлекеттік менеджменттің соңғы нәтижеге бағдарланған оңтайлы әдістерін енгізу; 
8) сыбайлас жемқорлықты азайту. 
3. Осы кезеңде реформалаудың басымдықтары мыналар болуға тиіс деп белгіленген: 
1) мемлекеттік басқарудың процестері мен рәсімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы жетілдіру; 
2) мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін, тиімділігін және оның үйлесімділігін арттыру. 
4. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 
5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. 
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
1) мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін зерделеу жөніндегі орталық құру жөнінде ұсыныстар енгізсін делінген; 
2) осы Жарлықтың ережелерінен туындайтын заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін; 
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын деп жарияланған. 
7. Мыналардың күші жойылды деп танылған: 
1) “Әкімшілік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 46а Өкімі; 
2) “Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 66 Өкімі; 
3) “Әлеуметтік саланы және құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №72 Өкімі. 
8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін делінген. 
9. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі деп жарияланған.

Біз мемлекеттік қызметті тұтынушылардың мүдделері барынша ескерілетін  мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасайтын боламыз. Мемлекеттік аппарат корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде ең озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Президентінің  наурыздағы Жолдауынан кейін бұл бағытта маңызды құрылымдық өзгерістер жасалды. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қор мен бюджет жаңа ереже бойынша жұмыс істеуде.

“Самұрық” қазақстандық холдингі”  және “Қазына” тұрақты даму қоры”  акционерлік қоғамдары құрылды. Олардың міндеті – мемлекеттік  активтерді корпоративтік түрде басқарудың сапасын халықаралық деңгейге көтеру.

Информация о работе Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы