Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:12, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады.

Содержание работы

Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3
І. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі……………………………………..
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары………………………………………….
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы…………………………………
ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау
2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ……………………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары................
2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын талдау.............
ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы
3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол ашу..........................
3.2. Экономика саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету..................................................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................

Файлы: 1 файл

kz_k_Memlekettik kyzmetti baskaru zhane onyn damu bolas_44.DOC

— 408.50 Кб (Скачать файл)

Осымен  байланысты, қазақстандық экономиканың технологиялық қалып қоюын жою  және құрылымдық қайта құру үшін бірінші  кезектегі мәні бар ғылым салалары үшін ғылыми кадрларды мемлекеттік қолдау мен басым дайындық қажет.

Кадрлық әлеуметті, материалдық-техникалық базаны, инновациялық даму мен құрудың қажеттіліктерін, оның негізінде, ғылыми зерттеулердің  басым бағыттары бойынша ғылыми-білім беру кешендерін ескере отырып ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтармен бірге ел жоғары оқу орындарының интеграциясы үшін нақты жағдай жасау қажет.

Инновациялық  сала үшін мамандар дайындау мақсатында инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі менеджерлерді, инновациялық кәсіпорындар үшін инженерлік-техникалық мамандарды, сондай-ақ республиканың жетекші университеттерінің де, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының базасында да мамандарды қайта дайындауға бағытталған кешенді білім беру бағдарламасын әзірлеу қажет.

Бұл шолуда инновациялық дамуға мемлекеттің  қолдау көрсетуінің шет елдерде  қолданылатын  негізгі қағидаттары, ҒЗТКЖ мен инновациялық қызметті  қаржымен қамтамасыз ету,  ғылым  мен инновация саласындағы  салық саясаты,  инновация саласы үшін  кадрлар даярлау, ТМД елдеріндегі (Ресей Федерациясы мен  Қырғызстан Республикасының мысалында) инновациялық қызметтің  жай-күйі қаралды, сондай-ақ  Қазақстан үшін жинақталған қорытындылар жасалды.

Инновациялық қызметке мемлекеттің қолдау көрсетуінің  негізгі қағидаттары.

Экономикасы дамыған елдердің  практикасы ғаламдық  экономикалық  бәсекелестік  жағдайында  экономиканың  бірқалыпты өсуіне жаңа технологиялар  мен  талдамаларды  өндіріске  енгізудің  жоғары деңгейі негіз болып отырғанын көрсетеді. Әртүрлі бағалар бойынша осы елдерде өндіріс өсімінің  70 проценттен 100 процентіне дейін бүгін таңда инновацияларды пайдалану есебінен  қамтамасыз етілуде.

Экономикасы дамыған  елдерде мемлекет  қажетті экономикалық, қаржылық, ұйымдық және нормативтік-құқықтық  жағдайлар  жасау арқылы  инновациялық қызметтің дамуын көтермелеп отыр.

Экономикалық жағдайларға:

  • инновациялар нарқында  ұсыныстардың өсуіне жәрдемдесетін  салық саясатын және баға белгілеу саясатын  жүргізу;
  • инновация саласында тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  • инновацияларды игеріп және таратып жатқан  отандық кәсіпорындарға қаржымен қолдау көрсетудің, салық және кеден жеңілдіктерінің  әр түрлерін беру;
  • техниканы жаңғыртуға жәрдемдесу;
  • ғылымды қажет ететін өнім лизингін дамыту;
  • кәсіпкерлікті жандандыру;
  • теріс пиғылды бәсекелестіктің алдын алу;
  • инновация саласында  сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту;
  • мемлекеттік инновациялық бағдарламаларға енгізілген  инновациялық  жобалар үшін 
  • кеден жеңілдіктерін беруді қоса алғанда сыртқы экономикалық қолдау жатады.

Қаржылық жағдайларға:

  • инновациялық қызметті қаржыландыруды  қамтамасыз ететін  бюджет саясатын

жүргізу;

  • мемлекет үшін ықтимал маңызы зор, бірақ  жеке инвесторлар үшін тартымсыз 
  • инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін  тікелей мемлекеттік
  • инвестициялар бөлу;
  • инновация саласында  жайлы инвестициялық  ахуал жасау;
  • инновациялық қызметке қатысатын  отандық және  шетелдік  инвесторларға
  • дотациялар,  жеңілдік несиелер,  кепілдіктер беру жатады.

Ұйымдық жағдайларға:

  • мемлекеттік, салалық және аймақтық  инновациялық  бағдарламаларды
  • қалыптастыру және  іске асыру;
  • инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
  • инновациялық қызметті жүзеге асыратын  кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және

олардың біліктілігін  арттыруға  жәрдемдесу;

  • инновациялық қызметке ақпараттық қолдау көрсету (мемлекеттік  инновациялық

саясаттың басымдықтары туралы ақпаратқа, орындалып жатқан және аяқталған 

инновациялық жобалар мен бағдарламалар, инновациялық қызмет үшін негіз болуы

мүмкін аяқталған ғылыми-техникалық зерттеулер туралы және т.б. материалдарға 

емін-еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету);

  • инновациялық салада интеграциялық процестерге, аймақтардың  өзара іс-қимыл

кеңейтуге, осы салада халықаралық ынтымақтастықты  дамытуға жәрдемдесу;

отандық инновациялық өнімнің  дүниежүзілік  нарықтарға ілгері басуын;

халықаралық ұйымдарда  инновациялық қызметтің  отандық  субъектілерінің 

мүдделерін  қорғау жатады.

Нормативтік құқықтық жағдайларға:

  • инновациялық қызмет субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының  құқықтық
  • негіздерін орнату;
  • инновациялық қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделеріне, оның ішінде 

санаткерлік меншік  құқықтарына  кепілдік беру жатады.

  • Инновациялық процестерді реттеу мақсатында  мемлекет  инновациялық қызметке 

тікелей түрде де, жанама түрде  де қолдау көрсетеді.

  • Инновациялық қызметті тікелей мемлекеттік реттеу  ғылым мен  техниканы 

дамытудың  басыңқы бағыттарын таңдау және «осал технологиялардыңң  тізбесін

анықтау, жобаларды  мемлекеттік бюджеттен  нысаналы түрде қаржыландыру және

мемлекеттік емес құрылымдар  іске асыратын  жобалар мен  бағдарламаларды 

қосымша қаржыландыру, инновациялық қызметтің инфрақұрылымын  қалыптастыру

және басқалар негізінде жүзеге асырылады.

  • Инновациялық қызметті көтермелеудің жанама шаралары фискальдық әдістерді пайдалануды (жеңілдікпен салық салу, жедел амортизация, жекелеген  нарықтарды, салаларды  реттеу), зияткерлік меншікті жасау, беру және қорғау саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді, сондай-ақ ғылыми білімдерді  коммерциялауға қатысатын құрылымдардың қызметі үшін  жайлы жағдайлар қалыптастыруды қамтиды.

Дүниежүзілік  тәжірибе көрсетіп отырғанындай, инновациялық қызметті  дамыту үшін  жайлы жағдайлар  жасау  ең алдымен  мемлекеттік  басқару органдарының  міндеті.  Нысаналы  мемлекеттік  инновациялық  саясатсыз  отандық экономиканы бірқалыпты дамытуды қамтамасыз ету  мүмкін емес.  Мемлекеттің рөлі  ең алдымен  ел экономикасының  барлық саласында  инновациялық  процестерді  жандандыру болып табылады.

 

 

ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы

3.1. Мемлекеттік қызметті  басқаруды жаңғырту – болашаққа  жол ашу

 

Мемлекеттік қызмет – әр елдің  барлық даму сатысындағы басты атрибут, ал мемлекеттік қызметшілер –  өзгерістерді негізгі орындаушылар. Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік қызмет және басқару құрылымын жасаудағы Мемлекет басшысының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында “Кәсіби үкіметке” басым бағыт беруі тегіннен-тегін емес.

Мемлекеттік қызмет туралы қазіргі  заңнама мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісіне негіз қалады. 1998 жылғы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының шешімімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және оның аумақтық органдары құрылды, сондай-ақ Президенттің жанындағы мемлекеттік академия былтырғы жылы Президенттің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы болып қайта құрылды.

1999 жылғы 23 шілдеде “Мемлекеттік  қызмет туралы” заң және мемлекеттік  қызмет шеңберін реттейтін заңдық  құқықтық актілер қабылданды.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Достастық мемлекеттері үшін үлгі ретінде  Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметке сәтті реформа жүргізді.

Елбасы Қазақстанның алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіруде және мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарға дейін жеткізу міндетін қойды. 

Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі  менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат қажет.   

Осыған орай, яғни экономикалық және қоғамдық модернизация қажеттілігіне  сай білім реформасынсыз және басқарудың жаңа үлгісінсіз Қазақстанның бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес. Бұл үшін де аз нәрсе істелген жоқ.


Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚМЭБИ құрылды, оны жыл сайын біліктілігі жоғары 200-ден астам маман бітіреді. Президенттің “Болашақ” бағдарламасының жұмыс істегеніне он жылдан асты, оның жолдамасымен талантты жастарымыз дүние жүзінің ең таңдаулы университеттерінде білім алады. Үш таңдаулы оқу орнын – дипломатиялық және сот академияларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет академиясын біріктірген Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың жаңа академиясы жұмыс істейді.

Оқуды өмір бойы жалғастыру әр адам үшін заңдылыққа айналды. Президенттің Жарлығымен бекітілген ережеде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі үлгісі болып табылады.

Аймақтық қайта даярлау және біліктілік көтеру орталығында 2006 жылға облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін 17 млн. теңге қаралған, яғни бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп.      

Жарты жылдың қорытындысы бойынша  Президент жанындағы мемлекеттік  басқару академиясында облыс  бойынша 75 мемлекеттік қызметші, аймақтық  біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында – 514 және басқа да салалық оқу орындарында 126 адам оқыды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда көбірек.

Конкурстық іріктеу негізінде  мемлекеттік қызметке жастардың  түсуіне жол ашылды. Бүгінде біздің облысымызда 779 мемлекеттік орган бар, оларда 7,5 мың мемлекеттік қызметші еңбек етеді, орта жасы – 38.

Мемлекеттік қызмет үшін мамандар даярлауға бағдар ұстаған көптеген мамандандырылған оқу орындары негізінен ғылыми және теориялық білім беруді ұсынады, ал жүйелік түсіну, кәсіби дағды, ұйымдастырушылық қабілетін ұштау білім беру аясынан қалыс қалады. Сол себепті жас мамандар мемлекеттік қызмет барысындағы кездесетін кейбір міндеттерді орындауға дайын емес.

Осы мәселені шешу үшін облысымызда мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік қызметке қайтадан қабылданғандардың және де ЖОО-ның бітіруші курстарының қабілетті студенттерінің практикасы мен сынау мерзімін өткізуді дұрыстау үшін шаралар қолданылуда.

Сондай-ақ саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлар резервін қалыптастыруға баса көңіл бөлінуде. Елбасының Жарлығына сай, облысымыздағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қатарынан саяси лауазымға үміткер 9 кандидаттың барлығы да тестілеуден сәтті өтті. Облыс бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың кадрлар резервіне 217 адам енгізілді, бұлардың көпшілігі бір жыл ішінде жұмысқа орналастырылады.

Жуырда “Мемлекеттік қызмет туралы”  Заңның саяси мемлекеттік қызметшілер  ротациясына қатысты өзгерістер енгізілді, яғни енгізілу жобасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен мақұлданады.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда аппарат басшысы – статс  хатшы  әкімшілік лауазымы енгізіледі. Оның қызметтік міндеттеріне орындау және еңбек тәртібі үшін бақылау мәселелері, аппарат тұрақтылығын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметшілердің кадрлар шеберлігін жетілдіретін мемлекеттік қызмет ұсыну стандарттарын енгізу, Ар-намыс кодексін сақтау кіреді.

Бірінші кезектегі міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметті ұсынудың халықаралық, сервистік тәртібіне көшу. Қатаң бәсекелестік жағдайында үнемі өз қызметтерінің сапасын арттыратын жеке меншік секторлардан мемлекеттік органдардың айырмашылығы өздерінің даралығынан бұл мәселелерге аз көңіл бөлінді.

Еліміздің заңнамасында “мемлекеттік қызмет” және “мемлекеттік қызметтердің стандарттары” деген түсініктер болған жоқ, сол себепті қызметтерді мемлекеттік органдардың міндеттерімен шатастырады. Сондықтан Елбасы мемлекеттік органдардың рейтингтік бағалауының негізгі критерийінің арасынан ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын ерекше белгіледі.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  агенттігінде дайындалған мемлекеттік қызметтердің бірыңғай стандарты 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Осының негізінде әрбір мемлекеттік орган халыққа БАҚ арқылы жеткізілетін стандарттар тізімін даярлайды,  бұл мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күннің басты талаптарының бірі халықтың жаппай компьютерлік сауаттылығына жету және жаңа информациялық технологияларды енгізу болып табылады. Қазір елімізде 2007 жылдың соңында аяқталуға тиісті 2004 жылдың аяғында қабылданған “электрондық үкімет” үш жылдық мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жедел және сапалы болуын, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін  қамтамасыз ету.

Информация о работе Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы