Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 08:12, курсовая работа
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады.
Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3
І. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі……………………………………..
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары………………………………………….
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы…………………………………
ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау
2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ……………………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары................
2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын талдау.............
ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы
3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол ашу..........................
3.2. Экономика саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету..................................................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................
Қоғамда басқару функцияларын орындаумен қатар арнайы адамдар тобы мемлекеттік қызметтің ерекше кәсіптік қызметі ретінде айқын, белгілі қағидаларға негізделеді. Ал қағидалар орындалуын өз кезегінде жалпылай мемлекеттік қызмет институтының қызметімен кепілденген талаптар түрінде түсіндіріледі. Бұның өзінде мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мемлекеттік басқарудың ерекше қағидаларына сонымен қатар лауазымды тұлғалардың кәсіптік қызметінің мағынасын көрсететін мемлекеттік басқарудың ерекше қағидаларына да негізделеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаларға негізделеді:
Осы аталған қағидалардың орындалуы мемлекеттік қызметтің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді. Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қызметшілер ауыстырылғанда қызметтен шығарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік қызметтің мемлекеттік басқарудағы негізгі құзіретіне лауазымдардың топтарға бөлінуін жатқызуға болады. лауазымдар иерархиясы мемлекеттік басқару жүйесінде пирамидаға сәйкес лауазымдардың таралуы барлық елде тараған. Лауазымдардың құзырлығының көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың иерархиялық пирамидаға лауазымдық орны болады және жауапкершілігі жоғары болады. Сондықтан мемлекеттік лауазымдарды иерархиялық дифференциялау объективті заң болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында көрсетілгендей, мемлекеттік қызметкерлер лауазымдары саяси және әкімшілік болып екіге бөлінеді.
Саяси лауазымдарға саяси мемлекеттік қызметке тағайындалуы, қызметтен босатылуы және қызметі саяси сипатта болатын лауазымдар жатады.
Әкімшілік лауазымдарға мемлекеттік қызметте тұрақты қызмет атқаратын лауазымдар жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекетімізде қабылданған арнайы лауазымдар Реестрінде топтар категориясымен жүйелендірілген. А категориясы тобына Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігінің лауазымдары жатады. Ал В категориясы тобына республикалық деңгейдегі (Парламент палатасы аппараты, Премьер – Министр Кеңесі, Конституциялық Кеңес аппараты, Жоғарғы Сот аппараты, Президент Істері Басқармас), С категориясы бойынша Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкіметке, Орталық атқарушы органдарға кірмейтін Орталық атқарушы органдары, Облыстық және аудандық территориялық бөлімдері кіреді. Д категориялары тобына облыс, аудан, ауыл әкімдерінің аппараттары, облыстық ,аудандық мәслихат аппараттары, облыстық, аудандық сот аппараттары жатады. Е категориялар тобына, жергілікті атқару органдары жатады. Осы жоғарыда аталған категориялар өз іштерінде мемлекеттік орган құрылымында алатын орны, әкімшілік лауазымдарына сай тағы бірнеше топтарға бөлінеді.
1999 жылы
23 шілдеде Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызметші – ол заңмен белгіленген қызметті атқаратын, ақысы республикалық немесе жергілікті бюджеттен, не болмаса ҚР Ұлттық Банкімен төленетін мемлекеттік органдағы лауазым иесі және өзінің лауазымына сәйкес мемлекет қызметі міндетін атқаратын Қазақстан Республикасының азаматы. Тек мемлекеттік қызметшілерге техникалық қызметшілер, қызмет етуді қамтамасыз ететін персоналдар кірмейді. Саяси мемлекеттік қызметшілерге министрлер мен олардың орынбасарлары, аудан, қала, ауыл әкімдері жатса, қалған лауазымдар әкімшілік лауазымдарға жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қызметшілер ауыстырылғанда қызметтен шығарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік қызметкер үшін азаматтың біліміне, дайындығына және тәжірибесіне сай қабылдану, тағайындалу конкурс және сайлау арқылы алынады:
Конкурс арқылы әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең құқы бар. Бұл құқық біздің мемлекетіміздің Конституцияға сәйкес демократизациялануының бір белгісі болып табылады. Мемлекеттік қызметке тұруға тең құқық болғанмен, оған әркім тұра алмайды. Алдымен мемлекеттік қызметке тұрушыларға белгілі бір шарттар қойылады. Конкурстық таңдау мемлекеттік қызметке үміткерлер арасында бәсекелестік туғызады, ал бұл болса мемлекеттік қызметке жоғарғы сападағы мамандарды алуға алғы шарттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметке лаудың ескі тәртібіне қарағанда, конкіурс бойынша ваканттық орындары бар мемлекеттік органдар жүргізеді. Бұл конкурстардан өтудің белгілі бір этаптары бар, олардың қатарына:
Мысалы,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттіктің баспасөз қызметінің
ақпараттары бойынша - биылғы жылдың 28-ші
наурызында Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы Зауытбек Тұрысбековтың
төрагалыгымен шетелде біліктілікті жетілдіруге
жіберілетін кандидаттарды іріктеу жөніндегі
конкурстық комиссияның мәжілісі өтті.
Комиссияның шешімі бойынша орталык мемлекеттік
органдардың 22 қызметкерлері, ағымдағы
жылдың сәуір айында, Ресей Президентінің
жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет Академиясына
«Мемлекеттік қызметті және мемлекеттік
басқару жүйесін жаңғырту» тақырыбында
өтетін оқу курсына жіберіледі.
2006 жылы «Шетелдерде мемлекеттік қызметкерлердің
біліктіліктерін жетілдіру» бюджеттік
бағдарламасы аясында АҚШ, Ұлыбритания,
Ресей, Германия, Франция, Сингапур, Нидерландтың
жоғары оқу орындарына 200 қазақстандык
мемлекеттік қызметкерлер мемлекет баскару
саласында тәжірибе алмасуға жіберілген
болатын. Осы сияқты шаралар биылғы 2007
жылында өз жалғасын табады.
Конкурсты өткізуші мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету үшін сол орган өткізілейін деп жатқан конкурс және бос орындар туралы республикалық ақпарат құралдары арқылы жариялауға міндетті. Конкурстық комиссия болса, сәйкес органның басшыларынан құрылады. Содан кейін құжаттарын тапсырған үміткерлердің құжаттарын талдау арқылы таңдау басталады. Жасалған талдау негізінде конкурс комиссиясы үміткерлерді тестілеуге жіберу – жібермеуге шешім қабылдайды. Тестілеу арқылы үміткерлердің білімін анықтау жүргізілген соң ең жоғарғы балл жинағандар әңгімелесуге жіберіледі. Осы арқылы конкурс комиссиясы алдын ала белгіленген критерийлер арқылы үміткерлерді таңдайды. Критерийлерге қабілеті мен білімі, тәжірибесі мен лауазымға сәйкестігін жатқызуға болады. Әңгімелесуден өткеннен кейін қорытындысы айтылады. Конкурс комиссиясы үміткерлердің тапсырған құжаттарына, тест нәтижесіне, әңгімелесу қорытындысына сәйкес үміткерлер арасынан таңдалады.
Қазақстан
Республикасы «мемлекеттік қызмет туралы»
заңының 27-бабына сәйкес әкімшілік
мемлекеттік қызметкерлердің
Қазіргі таңда елімізде осы уақыттың білімімен қаруланған, стратегиялық қабілеті бар мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет туралы заң шығармаларында мемлекеттік қызметтің қоғамға, азаматтарға ашықтығы демократиялық дамуымыздың дұрыс жолда екенін көрсетеді. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялығы, оның қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретін құбылыстардың бірі коррупцияны төмендетуге көмектеседі. Ең бастысы, жаңа демократиялық дәстүр жолында қажырлы еңбек етуіміз қажет. Ол әрине көптеген жылдарды қажет етеді. Соның ішінде ең бастысы шенеуліктердің патриоттық сезімін жоғарылатып, қоғам мен азаматтарға адал қызмет етуін, заңдардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Сыбайлас жемқорлықты азайту керек. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы және әкімшілік реформалар қисынының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған.
Біз әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық “созбұйда” мен шектен тыс тексерулерді қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламыз. Шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеу нормаларын енгізу кезінде де, сонымен бірге оларды жүзеге асыру кезінде де күшейтілетін болады. Бейіндік емес активтер мен мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі жұмыс 2006 жылдың соңына дейін аяқталды.
Көлеңкелі экономиканы қысқарту үшін біз “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” Заң қабылданды. Адамдар құпиялылықтың қатаң сақталатынына сенімді болуы керек. «Өз басым Мемлекет басшысы ретінде бұған кепілдік беремін. Осының алдында жүзеге асырылған қаржыны жария ету тәжірибесі мұны қуаттай алады. Құпиялылықты сақтау мәселесін күшейту және мүлікті жария ету акциясының мерзімін 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.
Қорытындылай келе, мемлекетіміз ешқандай елдің жүйесін көшіріп алған жоқ деп батыл айтуымызға болады, себебі мемлекеттік қызмет дегеніміз - әр елдің өз мәдениетін, тарихын, дәстүрін, ділін ескеретін ерекше бір мемлекетіміздің аясы болып табылады.
Болашақта, енді бізге ең маңыздысы мемлекеттік қызмет туралы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің демократиялық құндылықтарын сақтауын, қоғам мен азаматтардың мүдделерінің сақталуын, қоғам мен азаматтарға адал қызмет атқаруын қамтамасыз ету болып табылады.
Облыс мемлекеттік қызметкерлерінің сапалы құрамының мониторингі
2007ж. 1 қаңтарға облыстың 696 мемлекеттік
органдарында 6937, оның ішінде 291 саяси
және 6646 әкімшілік мемлекеттік
Информация о работе Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы