Учет и аудит заработной платы в БТА

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа

Описание работы

Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной

Содержание работы

Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81

Файлы: 1 файл

изменение 8.docx

— 231.01 Кб (Скачать файл)

Әртүрлі мамандық - біліктілік топтарындағы жұмысшылардың тарифтік ставкалары  мен лауазымдық еңбекақыларын кәсіпорында бекітілген 1 разряд ставкасымен анықтайды, ол үкімет бекіткен кепілді ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек. Сонымен қатар, бірыңғай тарифтік тормен бекітілген тарифтік - біліктілік коэффициенттерімен анықталады. Тарифтік ставка жұмысшылардың еңбек ақысын белгілі уақыт бірлігінде (сағат, ай және т.б.) разрядына сәйкес белгілейді.

Тарифтік - біліктілік разряд жұмыстың күрделілігін, жұмысшының оны орындай алу мүмкіндігін, оның біліктілігін көрсетеді. Жұмыстар мен жұмысшылар мамандықтарының тарифтік - біліктілік анықтамасы - жұмысты тарифтеуге және жұмысшыларға разряд беруге пайдаланылады, ол жұмыс түрлеріне қарай топталған барлық мамандықтардың тарифтік - біліктілік сипаттамаларының жиынтығы болып табылады.

Лауазымдардың біліктілік анықтамасы - лауазымдарды күрделілік деңгейіне қарай және біліктілік деңгейіне қарай дифференциациялайды. Бұл анықтамаларды біліктілік комиссиялары жұмысшыларға біліктілік разрядын беруде қолданады. Ол жұмысшылардың атқаратын жұмыстарын олардың мамандығына, біліктілігіне қарай бөледі. Анықтамалар бір орталықтан бекітіледі, олар бірыңғай және салалық болып бөлінеді. Олардың негізінде нақты өндіріс орнының жұмысшыларына арналған жергілікті маңыздағы анықтамалар құрастырылады.

Тарифтік тор - еңбектің күрделілігіне (біліктілігіне) қарай еңбек ақыны дифференциациялау құралы болып табылады. Ол әртүрлі топтағы жұмысшылардың еңбек ақыларының шкаласы түрінде болады, онда разрядтар саны мен оларға сәйкес тарифтік коэффициенттер көрсетіледі. Қандай да болмасын разрядқа сәйкес келетін тариф ставкасы бірінші разрядты тариф ставкасын қажет разрядтың тарифтік коэффициентіне көбейту арқылы табады. Материалдық жауапкершілікте еңбек ететін адамдар мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы деңгейлерін жақындастыру үшін жаңа Бірыңғай тарифтік тор белгіленді.

Ол экономиканың барлық саласының қызметкерлерін қамтиды. Бұл орайда разрядтар аумағы бұрынғысынша қалды - бірінші разрядтан 21 разрядқа дейін, алайда тарифтік коэффициенттер айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мәселен, 2 кестеге сәйкес  бұрын Бірыңғай тарифтік тордағы бірінші разрядтың тарифтік коэффициенті - 2, ал жиырма бірінші разряд - 13,08 тең болса, жаңа тарифтік тор бойынша олар тиісінше - 1 және 4,24 құрайды.

 

Кесте 2 - Бірыңғай  тарифтік тор

Еңбек ақы төлеудің разрядтары

Тарифтік коэффициенттер

Еңбек ақы төлеудің разрядтары

Тарифтік коэффициенттер

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05

   

Ескертпе. Кесте 13 әдебиет көзі негізінде жасалған.

Бірыңғай тарифтік торда  бірінші разрядтағы жұмысшылардан  басталып, басшылардан аяқталатын, қызметқерлер разрядтарының тарифтік коэффи-циенттерінің мәтіні көрсетіледі.

Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылыктағы жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға  тәуелсіз барлық кәсіпорыпдарға арналған:

1) 1-8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер;

2) 6-15 разрядтар бойынша - сызықтық кызметкерлер;

3) 4-11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандар;

4) 7-15 разрядтар бойынша - жоғары білімді мамандар;

5) 10-20 разрядтар бойынша - кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық кызметтердің басшылары;

6) 9-21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлер.

Жұмысшылардың дәрежесі халық  шаруашылығының барлық саласындағы  еңбек процесінде орындалған жалпы  қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі [8].

    1. БТА АҚ экономикалық сипаттамасы мен есеп саясаты, құрылымы

 

 

1998 жылдың 1 қазанында «ТуранӘлем  Банкі» Жабық Акционерлік қоғамы  «ТуранӘлем Банкі»Ашық Акционерлік  Қоғамы болып өзгертілді. 2003 жылдың 26 қыркүйегінде «ТуранӘлем Банкі»  ААҚ қайта тіркелуіне байланысты  «ТуранӘлем Банкі» Акционерлік  Қоғамы болып өзгертілді. 2008 жылы 7 қараша күні «ТуранӘлем Банкі»  АҚ ребрендинг үдерісі басталғаны  туралы хабарлады. 2008 жылдың қаңтар  айында қайта тіркеу үдерісі  аяталғаннан кейін «ТуранӘлем  Банкі» АҚ «БТА Банкі» АҚ  деген жаңа ресми атауға ие  болды. Қазір банктік өзінде, сонымен  қатар банк конгломератына кіретін  еншілес компанияларда ренейминг  пен ревизуализация жүргізілуде. 

 БТА жаңа логотипі банктік заманға сай және инновациялы екенін бейнелейді. Ашық жасыл түс - бұл адалдық, сәттілік, сенімділік. Алқызыл түс - бұл күштілік мен қуаттылық. Логотиптің пішіні де тегіннен тегін таңдалмаған. Бір ізбен орналасқан төртбұрыштар сенімділік пен тұрақтылықты, олардың қиылысуы қазіргі заманғы банк жұмысының негізгі сапасының бірі - мөлдірлікті білдіреді. Бұл жағдайда да «ТуранӘлем Банкімен» сабақтастық бола алады.

2008 жылдың 24 қаңтарында «ТуранӘлем  Банкі» АҚ ребрендинг жүргізуге байланысты ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтіп, №3903-1900 - АҚ куәлігін алды және «БТА Банкі» АҚ деп аталатын болды. 2007 жылдың қараша айында банк қолға алған Ребрендингті жүргізудің басты алғы шарты табысты банк конгломератын құруға бағытталған жаңа стратегияны қабылдануы болды.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы дегеніміз - алдына қойған мақсаттарына жету үшін, оның әртрлі бөліктері арасында жүзеге асырылатын байланыстарды білдіреді. Бөлшек бизнестік басқарма, ол:

- жеке тұлғалардың ақшаларын салымға тарту үшін жаңа бөлшек өнімдерді ендіреді;

- бөлшек өнімдер бизнесін жүргізу үшін маркетингтік жоспар және концепцияны өңдейді;

- бөлшек бизнеске бағытталған, нарықтың сегментін анализдейді және мақсатты топтарды таңдайды;

- облыстың территориясындағы өнімдерді сату, мерзімдік сату бойынша бизнес жоспарды өңдейді;

- халықты несиелендіру бойынша жаңа жағдайларды енгізеді, бөлшек несиелендіру бойынша ссудалық портфельге мониторинг жүргізеді;

интернет - Банктің дамуын бақылайды;

- банктің барлық құрлымдық бөлімшелері, банктің компетенциясына кіретіндер, инструкциялар, методикалық пособиялар Ережені міндетті қолдануымен өңдейді;

- қауіпсіздік қызметімен бірге кассалық бөлімшелерге бекітілген Ережелермен қауіпсіздендіру норма әрекеті жағдайымен қоса және Банктің ішкі құжаттарын бұзбауына бақылау жасайды.

Несиелік операциялар  басқармасы, банктің барлық несиені  беру бойынша жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ несиелік операцияларды бақылап отырады. Құнды қағаздармен басқару, бұл басқарма банктің жалпы құнды қағаздар бойынша операцияларын орындайды және қадағалайды. Ішкі аудит бөлімі, ол банктің нарық жағдайына байланысты кез келген уақытта ішкі аудиторлық тексеруді жүзеге асырады. Ол ең алдымен банктік операциялардың дұрыстығын және олардың құжаттарда дұрыс және өз уақытында көрсетілуін, сондай-ақ операциялардың сәйкестігін тексерумен айналысады. Кадрлер бөлімі, ол банк персоналдарын қабылдау, қызметінен босату немесе қайта оқытып кадрларды қайта дайындау жұмыстарын ұйымдастырады.

Басты банктің ұйымдастыру  құрылымын қарастыра отырып, оның атқаратын функцияларын да айта кеткен жөн болады. Сонымен басты банктің  негізгі фукцияларына мыналар жатады:

- банктің даму стратегиясын анықтайды;

- негізгі шешімдерді қабылдайды және филиалдар үшін нормативті құжаттар мен жұмыстың методологиясын дайындайды;

- филиалдар байланысының масштабын анықтайды;

- даму жоспарына сәйкес филиалдардың жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін қадағалайды;

- басты банктің ұйымдастыру құрылымын анықтайды;

- облыстың филиалдық мәртебесі мен мүмкіндігін анықтайды.

Жоғарыда аталған басқармалар  мен бөлімшелер өзара тығыз байланыста болады және барлығының бірдей ортақ  мақсаттары бар. Сонымен бірге банк филиалдарының ұйымдастыру құрылымынан  бірқатар айырмашылықтары аңғарылады. Ұйымдастыру құрылымының келесі сатысына коммерциялық бөлімдер кіреді, яғни операционды бөлім. Ол банктің клиенттерімен тікелей жұмыс атқарады, яғни шот ашу, салымдарды қабылдау және тағы сол сияқты операцияларды орындайды.

Несиелік бөлім, банктегі барлық несиелік операциялармен байланысты жұмыстарды жүзеге асырады. Құнды қағаздармен  операциялар бөлімі - ол банктің құнды қағаздарын сату, сатып алу және орналастыру, сондай-ақ құнды қағаздар бойынша әр түрлі операцияларды іске асырады. Ақпараттық технология бөлімі - ол қызметінің автоматизациялануын және басқа банктермен ақпараттық алмасуын қамтамасыз етеді. Валюталық бөлім, валютаны қабылдау, айырбастау және тағы сол сияқты валюталық операцияларды жүзеге асырады. Қауіпсіздік қызмет, ол жалпы банктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және соған жауапты. «БТА Банк» АҚ негізгі операциялары: корпоративтік несиелендірудің барлық түрлері; тұрғындарды және корпорациялардың жұмысшыларын жеке несиелендіру; кіші және орта бизнесті несиелендіру; қаржылық консалтинг және жобалық талдау; сақтандыру бойынша операциялар; әр түрлі қызмет көрсету операциялары; клиенттерден салымдарды теңгемен және шетел валютасымен қабылдау; валюталық, құнды қағаздар және депозиттермен операциялар: инвестициялық және зейнетақы активтері. Банктің функционалды құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады.

Банктің басқару органдары  болып табылады: жоғарғы орган - Акционерлердің жалпы жиналысы; басқару органы - Директорлар кеңесі; атқарушы орган - Басқарма; бақылау органдары - Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі. Басқарма дегеніміз - бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құралған атқарушы ұйым. Ол басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады. Комплаенс қызметі - Комплаенс бақылаушыдан және комплаенс қызметінің қатысушыларынан құрылатын Банктің ішкі қызметі. Оның ерекше құзыретіне Банк қызметінің ҚР заңнамасының талаптарына және банктің ішкі ережелері мен процедураларына ішкі бақылау кіреді. Комплаенс қызметінің қатысушылары, құрылу тәртібі және функциялары ҚР-ң бөлек нормативтік құқықтық актілермен және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.

БТА ТМД ірі жеке меншік банк болуға ұмтылады. Сондай - ақ банк ТМД ірі сауда серіктестіктері саналатын елдерде, атап айтқанда Түркия, қытай және басқа елдерде өзінің қатысуын кеңейту мақсатында Қазақстанның және ТМД басқа елдерінің қарқынды дамып келе жатқан сыртқы сауда ағымдарын ұтымды пайдалануды көздеп отыр. 2015 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, БТА банкі келесі мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлайды: Нарықтағы үлесі бойынша: Қазақстан - 20% кем емес, Ресей - 2% кем емес, ТМД басқа елдері - 5% кем емес; АҚШ долларындағы активтердің көлемі бойынша: 2010 - 42млрд кем емес, 2015 - 50млрд кем емес.

БТА Банкінде бүгінгі күні шамамен 1271442 клиенттері; Қазақстан  бойынша 22 филиалдар мен 279 есеп - айырысу бөлімі; ТМД елдері және алыс шетелдердегі халықаралық өкілдіктер Киев, Минск, Мәскеу, Бішкек, Баку, Екатеринбург, Тбилиси, Душанбе және Шанхай қалаларында орналасқан.

«БТА» АҚ бухгалтерлік есеп жүйесі банк басшысына банкті ұйымдастыруды жоспарлау мен бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында жүргізілетін ақпаратты жүйе. Банк өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады. Бас бухгалтерінің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады. Тауарлы-материалдық қорларға, есеп айырысу және кредиттік міндеттемелерге, ведомостволарға, материалды жауапкершілік туралы келісімшарттарға, төлем тапсырмаларына, ақша қаражаттарын беру және қабылдап алу құжаттарына Бас бухгалтерлер қол қоюға құқығы бар.

Бухгалтерия келесілерді  орындайды:

- бухгалтерлік есеп формаларының құрастырылуын;

- пайда және еңбекақы қорының есебін;

- банк қызметкерлерімен есеп айырысу;

- ақша қаражаттарының қозғалысының есебін.

«БТА» АҚ Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарына сәйкес бухгалтерлік есеп стандарттарының барлық келісілген тәртібі бойынша есебін жүргізеді және қаржылық есептіліктің дұрыс жүргізілуіне жауап береді. Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік. Бухгалтерлік есептің жүру жолы: алғашқы құжаттардың барлығы ведомостволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т.б. арқылы жиналады; есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетілуі керек. Бухгалтерлік есепті жүргізу процесінде «БТА» АҚ өзінің есеп саясатының дұрыс жеткізілуін сақтайды.

«БТА» АҚ есеп саясаты - кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, банктің таңдап алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлк есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығы. Есеп саясаты қаржылық, салықтық және статистикалық есептіліктердің дайындау процесінде құрылады. ҚР нормативтік актілерінде есеп саясатының принципі оның көрсетілмеген, бірақ банкінің практикалық қызметінде қолданылады және күші бар.

Есеп саясатының мақсаты - бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмалау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

 Есеп саясаты мынадай  заңды және басқа да нормативтік  актілерден тұрады:

Информация о работе Учет и аудит заработной платы в БТА