Учет и аудит заработной платы в БТА

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа

Описание работы

Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной

Содержание работы

Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81

Файлы: 1 файл

изменение 8.docx

— 231.01 Кб (Скачать файл)

- ҚР 31.08.95ж. №2444 «ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» заңымен;

- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, №234-III, 28.02.2007ж.;

- Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

- ҚР Инвестициялық қоры туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 575-II заңы;

-Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттары негізінде құрастырылған ;

- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 30 шілдедегі N 275 қаулысы;

- ҚР басқа да құқықтық - нормативтік актілері мен банктің  ішкі нормативтік құжаттары;

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 191 Қаулысы [8].

 Кесте 3 - «БТА Банк» АҚ активті операциялары

 

Активтер

2009 жыл

2010 жыл

Ауытқуы

Сомасы, мың тг

Үлесі, %

Сомасы, мың тг

Үлесі, %

Абсолютті

Салыстырмалы

1

2

3

4

5

6

7

Ақша қаражаттары

78215

4,0

100790

5,3

22575

+28,8

Міндетті резервтер

145

0,007

90

0,004

-55

-38

Сатуға арналған бағалы қағаздар

115784

6,0

82257

4,3

-33527

-29

РЕПО келісімі облигациялары

336339

17,1

388946

20,5

52607

+15,6

Туынды қаржы құралдары

25980

1,3

4795

0,25

-21185

-81,5

Басқа банктердегі салымдар

31444

1,6

25177

1,3

-6267

+20

Клиенттерге займдар

1040773

53,0

787618

41,5

-253155

-24,3

Бағалы қағаздарға салымдар

19019

1,0

28431

1,5

9412

+49,5

Капиталға инвестиция

85088

4,3

90326

4,8

5238

+6,1

Негізгі құралдар

9911

0,5

10664

0,6

753

+7,6

Басқада активтер

37238

1,9

65762

3,5

28524

+76,6

Активтердің жиыны

1968659

100

1895710

100

-72949

-3,7


Ескертпе. Кесте «БТА Банк»  АҚ қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

Осы 3 кесте мәліметтерін талдай келе активтің жалпы мөлшері баланс 72949 мың теңгеге, яғни 3,7 пайызға кеміп отыр. Бұл өзгеріс негізінен банк активтерінің ішінде бірнеше активті операциялардың көлемінің кемуімен байланысты. Оның ішінде міндетті резервтер, сатуға арналған бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, клиенттерге займдар көлемінің кемуі әсерін тигізіп отыр. Активті операциялардың ішінде банктің бағалы қағаздарға салымдары өткен жылмен салыстырғанда 49,5 пайызға артып, көлемі 9412 мың теңгені құрап тұр. Жеке және заңды тұлғалардың салымдарын депозиттік базаға тарту арқылы және ішкі нарыққа Банктің қорлық стратегиясы бағытталды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Банк саудадағы халықтың шұғыл салымдарының 11,4% болды. Ақша қаражаттары 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 5,3% артып отыр. Актив мөлшері бойынша 3 орында (1 994 млрд. тенге немесе 13 519 млн. АҚШ долларын), заңды тұлғалардың депозиттік портфелінің мөлшері бойынша 4 орында (419 млрд. теңге немесе 2 841 млн. АҚШ доллары) және жеке тұлғалардың депозиттік портфелі бойынша ( 255 млрд.теңге немесе 1 726 млн. АҚШ доллары) иеленді. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейінгі Банктің жалпы депозиттік портфельдің жағдайы 2010 жылғы 1 қаңтарына қарағанда 14,6% көбейіп, 674 млрд. тенгені құрады. Банктің депозиттік портфелінің өзгерісі тұрақты өсуімен сипатталып, банкке деген халықтың сенімінің өсуін байқатады.

 

Кесте 4 - «БТА Банк» АҚ пассивті операцияларын талдау

Пассивтер

2009 жыл 

2010 жыл

Ауытқуы

Өсу қарқ.

Сомасы, мың тг

Үлесі, %

Сомасы, мың тг

Үлесі, %

(+,-)

(%)

ҰБ мен Үкіметінің қаржылары

406595

11,1

450025

22,5

43430

10,7

Несиелік ұйымның қаржылары

 

836384

 

23

 

155644

 

7,8

 

-680740

 

-81,4

Туынды қаржы құралдары

3974

0,11

1

0,005

-3973

-100

Клиенттердің қаржылары

655963

18

683301

34,1

27338

4,2

Шығарылған қарыздық құнды  қағаздар

1668602

45,6

672650

33,6

-995952

-59,7

Резервтер

59127

1,6

1192

0,06

-57935

-98

Басқа да міндеттемелер

27834

0,8

37410

1,8

9576

34,4

Міндеттемелердің барлығы

3658479

100

2000223

100

-1658256

-45,3

Жарғылық капитал

515551

26,2

1187023

62,6

671472

130,2

Сатып алынған акциялар

6383

0,3

8260

0,4

1877

29,5

Қайта бағалау резерві

2352

0,12

713

0,04

-1639

-69,7

Меншікті капитал қорытындысы

1689820

84

104513

5,5

-1585307

-93,8

Меншікті капитал мен  міндеттемелер жиыны

1968659

100

1895710

100

-72949

-3,7


Ескертпе. Кесте «БТА Банк»  АҚ қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

Банктің бухгалтерлік балансының пассив бөлігін қарастыратын болсақ, ҚР ҰБ пен ҚР Үкіметінің қаржылары 2010 жылы 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  22,5 пайызға өскен. 2010 жылы 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда сатып алынған акциялар 0,4 пайызға артқан, ал тұтынушылардың қаржылары есепті кезеңде 34,1 артқанын байқаймыз. Жалпы алғанда меншікті капитал мен міндеттемелер жиынының өсу қарқыны 3,7 пайызға кеміп отыр. Жарғылық капитал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда едәуір өскен , 62,6 пайызды құрап отыр. Ал меншікті капитал қорытындысы теріс мәнді көрсетіп отыр.

Кесте 5 - «БТА Банк» АҚ табыстары мен шығыстарына құрылымдық талдау

 

Пассивтер

2009 жыл

2010 жыл

Ауытқуы

 Өсу қарқ.

Сомасы, мың тг

Үлесі, %

Сомасы, мың тг

Үлесі, %

(+,-)

(%)

1. Пайыздық кірістер 

237725

100

196867

100

-40858

-17,2

Банктерге берілген қарыздық салымдар

5756

2,4

7419

3,8

+1663

+29

Клиенттерге ұсынылған несиелер

189523

79,7

147076

74,7

-42447

-22,4

Құнды қағаздар бойынша

2490

1,04

2732

1,4

+242

+9,7

РЕПО операциясы

17213

7,2

23484

12

+6271

+36,4

2.Пайыздық шығыстар, оның  ішінде

257663

100

209382

100

-48281

-18,7

Клиент қаражаттары бойынша

45810

17,8

43794

21

-2016

-4,4

Басқа банктерден алынған  қарыздар бойынша

48047

18,6

19378

9,2

-28669

-59,6

Шығарылған қарыздық құнды  қағаздар бойынша

141611

55

117379

56,06

-24232

-17,1

ҚР Үкіметі мен ҰБ алынған  қарыздар бойынша

22195

8,6

28831

13,8

+6636

+30

Несиенің құнсыздануынан құрылған резервтер

62451

24,2

54596

26,07

-7855

-12,6


Ескертпе. Кесте «БТА Банк» АҚ қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

Банктің жалпы барлық операциялары белгілі бір табыс немесе шығын  әкеледі. Мысалы, активті операциялары табыс көзі болса, пассивті операциялары бұл шығын көзі болып табылады. 5 кесте бойынша есепті жылы кірістер, оның ішінде банктерге берілген қарыздық салымдар 1663, құнды қағаздар 242 өсіп отыр. Пайыздық шығыстар - 48281 азайған, яғни 18,7 % құрап отыр, оның ішінде клиент қаражаттары бойынша -2016, шығарылған қарыздық құнды қағаздар 24232 кеміп отыр. Ал ҚР Үкіметі мен ҰБ алынған қарыздары 30% артып отыр.

 

2 БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ

 

2.1 БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері

 

 

Еңбекақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал (тұтқа). Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкредің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімне анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысаны және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Еңбекақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды еңбекақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбекақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы еңбекақы - алған ақшаға сатып алуғаболатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды еңбекақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Еңбекақы - банктік өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады [10].

Қызметкерлермен есеп айырысу  есебінің негізгі міндеттері:

  1. Еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен еңбекақы қорының пайдаланылуына бақылау жасау.
  2. Объектінің әрбір қызметкеріне еңбекақыны дер кезінде және уақытылы есептеу.
  3. Еңбекақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу.
  4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу.
  5. Есептелген еңбекақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу.
  6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен еңбекақы туралы деректерді алу.
  7. Еңбек және еңбекақы бойынша статистикалық есептемені жасау.

Орындалған жұмыс уақытының  көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға орындалған қызмет не жұмыс өнімділігін есептеуге  және жұмысшылар мен қызметкерлердің  белгіленген мөлшерін (нормасын) орындау  барысын анықтауға, сонымен қатар  жұмыс істегені жайлы статистикалық  көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің  балансын жасауға қолданады. Жұмыс  істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа  келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша табельге алфавит бойынша реттік нөмірі санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.

Табельдерде кәсіпорынның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа  келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына  байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша  жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша  тіркеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  демалысқа шығуы, іссапарда болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі және тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгіленген белгімен көрсетіледі.

Ол үшін әріптік, мысалы:

- іс - сапардағы жұмысшы - қызметкерлер үшін - і

- демалыстағы жұмысшы - қызметкерлер үшін - д

- жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін - с 

және тағы да басқа белгілер қолданылады.

Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын, жұмыс істеудің белгіленген уақытын және тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.

Табельдер мен оларға негіз  болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтау үшін де қажет болып табылады.

Банктік секторда еңбекақы екі түрге бөлінеді:

- негізгі;

- қосымша.

Негізгі - бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен көрсетілген қызмет түрлерінің  саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелінетін еңбекақы. Негізгі еңбекақының құрамына кіретіндер:

Информация о работе Учет и аудит заработной платы в БТА