Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа
Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной
Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81
Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс.
«БТА Банк» АҚ жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 5720 «Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар» деп аталатын синтетикалық, шотта есептеліп жүргізілетінін алдыңғы бөлімде айтып кеткенбіз. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар арнайы қабылданған бухгалтерлік есептің қаржылық есептіліктегі №10 және №10-1 журнал - ордерлерінде көрсетіледі.
«БТА Банк» АҚ жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы банк шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті шығын баптарына апарылуы тиіс. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет.
Сондықтан да рапорттар мен қызмет көрсету тізімдемелері, табельдер және тағы басқа алғашқы құжаттар негізінде әр бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау журнал-ордерлердің № 3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің сол жағында дебеттелінетін шоттар нөмірлері, ал оң жағында қызметкерлірінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады.
«БТА Банк» АҚ қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлік есеп шоттары бойынша жүргізілетін операцияларды қарастыратын болсақ:
Кесте 7 - Кызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді: |
5720 |
2854 |
2 |
Жұмысшыларға кезекті демалыс ақысын есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге резерв құрылған болса): - демалыс ақысынан есептелген әлеуметтік салық сомасы |
5729 |
2851 |
3 |
қызметкерлерге есептелген еңбекақы берілгенде |
2854 |
1001 |
4 |
Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталатын табыс салығы сомасына |
2851 |
1050 |
5 |
Жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік салықтар және зейнетақы қорына ұсталымдар |
2851 |
1050 |
Ескертпе. Кесте «БТА Банк» АҚ мәліметтері негізінде жасалған.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің нормаларына сәйкес кәсіпорын бухгалтериясы немесе жеке кәсіпкер салық агенттері сияқты жұмысшының есептелген еңбекақысынан белгіленген ставкалармен жеке табыс салығын, әлеуметтік салық пен жинақтаушы зейнетақы қорының аударымдар сомасын ұстауға міндетті.
Еңбекақыдан өндіріп алу тәртібін реттейтін бірқатар баптар Қазақстан Республикасының 30 шілде 1998 жылғы № 253-1 «Атқарушылық өндіріс пен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңында (бұдан былай - Заң) бар. Осылайша, Заңның 57-бабының 1-тармағы «еңбекақыдан өндіріп алу мен қарызгердің өзге де табыстары Қазақстан Республикасының заңнмасымен белгіленген есептік айлық көрсеткіштің екі еселік мөлшерінен аспайтын соманы өндіру кезінде мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы шешім орындалған жағдайда немесе өндірілетін соманы толығымен өтеу үшін мүлік жеткіліксіз болған жағдайда өндіріледі».
Осы процедураны жүргізу
үшін сот орындаушысы тағылған соманы
толығымен өндіріп алғанға
Өндіріп алу төмендегілерге салынбайды деген Заңның 62-бабының мазмұнын да ескерген жөн:
1) Қарызгер асыраушыға келтірілген зияндықтар мен денсаулығына келтірілген зардапты, сондай-ақ асыраушысының өлімі үшін алған сомаларды;
2) Қарызгер асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға жәрдемақы ретінде алатын сомаларды;
3) Қарызгер мүгедек балаларға алатын жәрдемақы ретінде алатын сомалар;
4) Қызметтік міндеттемелерді орындау барысында залал (жарақат, жаралану, естен айырылу) алған тұлғаларға және олардың қайтыс болуына (қаза табуына) байланысты отбасы мүшелеріне төленетін сақтандыру сомалары мен бір жолға төленетін жәрдемақыларды;
5) Көп балалы және жалғыз басты аналарға бала тууларына байланысты төленетін жәрдемақылар, ата-аналарын іздестіру кезінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды асырау үшін зейнеткерлер мен бірінші топтағы мүгедектерге төленетін жәрдемақылады;
6) Жәбірленушіге қосымша тамақтануға төленетін сомалар, шипажайлық-курорттық емдеу мен протездеуге және денсаулығына залалдар мен зардап келтірілген жағдайларда оларды күтуге жұмсалған шығындар сомасын;
7) Зиян немесе қауіпті жағдайлара жұмыс жасау үшін өтемақылық төлемдер, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде экологиялық және радиациялық әсерлерден жәбірленген азматтарға төленетін ақшалай сомаларды;
8) Төлеу көзіне қарамастан бір жолғы сипаттағы материалдық көмекті;
9) Жерлеу үшін жәрдемақыны;
10) Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды.
«БТА Банк» АҚ жұмысшының еңбекақысынан ұсталымдардың ерекше ұсталу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік заңнамасымен белгіленген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 707-бабының 1-тармағына сәйкес айыппұлды әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға әкімшілік айппұлдың салынуы туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап, я болмаса айыппұлды салу туралы қаулыны шығарған соттың, органның (лауазымды тұлғаның) жазбаша түрдегі хабарламасы арқылы осы Кодекстің 701-бабымен қарастырылған кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап, төлеуге міндетті.
Әкімшілік Кодексінің 701-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны орындауды бір айға дейін, ал айыппұл салынған тұлғанының материалдық жағдайын ескерген жағдайда үш айға кейінге қалдыруға болады. Егер жоғарыда аталған мерзім аралығында айыппұл ерікті түрде төленбесе, әкімшілік жаза тағайындаған орган өзінің қаулысын аймақтық сотқа жолдайтын болады.Сот ұсынылған материалдарды қарастыра келе, айыппұлды күштеп өндіріп алу туралы қаулыны айыппұл сомасын еңбекақысынан немесе басқа да табыстарынан күштеп ұстап қалу үшін жазаланған тұлға жұмыс істейтін ұйым әкімшілігіне жолдайды. Айыппұл сомасын бухгалтерия алты айдан кешіктірмей ұсталуы керек [16].
Банк шотындағы ақша жеткіліксіз я болмаса мүлдем жоқ болған жағдайда, салық қарызын салық төлеушінің қолма қол ақшасының есебінен күштеп өндіріп алу тәртібі Салық кодексінің 51-бабымен қарастырылған. Салық органы осы баптың негізінде акт құру арқылы салық төлеушінің бухгалтериясында бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша көрініс тапқан қолма қол ақшаны алады.
Түгендеу кезінде жетіспеушлік анықталған жағдайда жұмысшы жазбаша түсініктеме береді. Егер жұмысшы мұндай түсініктемеден бас тартса, түгендеу комиссиясының құрамына кірмейтін екі куәгер қолдарын қоюға тиісті бас тарту туралы акт құрылу қажет. Жұмысшы орын алған жетіспеушіліктегі немесе мүлікке залал келтіргендігінде өз күнәсін мойындаған жағдайда, және өз еркімен келтірген зияндықты өтеуге дайын екендігі туралы мәлімдеген жағдайда, негізінде бухгалтерия еңбекақысынан ұсталымдарды ұстап қалатын тиісті өтінішті жазады. Егер жұмысшы келтірген зиянды өз еркімен өтеуден бас тартса, жұмыс беруші келтірілген зиян сомасын күштеп өндіріп алу туралы өтінішпен сотқа жүгіну тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіпорын әкімшілігі еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдарды өзі шығарған бұйрықтың (өкімнің) негізінде тек төмендегі жағдайларда ғана ұстай алады:
1) Бұл заң актілерімен ұйғарылған (салықтар, зейнетақы салымдары мен т.с.с.) жағдайда;
2) Соттың тиісті қаулысы (шешімі, бұйрығы) бар болғанда.
Өзге жағдайларда, жұмысшының еңбекақысынан ұсталымдарды ұстау туралы заңсыз бұйрықты шығарған жұмыс беруші Әкімшілік Кодексінің 87-бабының 1-тармағына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі, ал мұндай бұзушылық қайталанған жағдайда бір жыл аралығында 15-30 дейінгі мөлшердегі айлық есептік көрсеткішті құрайтын айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылу мүмкін.
Жұмысшының жұмыс берушіге келтірген зияндықты өтеуге ерікті келісімі екі әдістің бірімен көрініс табу мүмкін:
1) Жұмысшы жұмыс берушіге өз еңбекақысынан келтірген зияндықты (қайтарылмаған ақшалай соманы және т.б.) ұстап қалу туралы өтініш жазады.
2) Жұмысшымен оның толық материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша рәсімделген шарт жасалады. Келтірілген зияндықты өтеу шарттары осы шарттың мәтінінде келісіледі.
Егер жұмысшы әкімшілік тәртіпте салынған айыппұлды өз еркімен төлеуден бас тартса, Әкімшілік Кодексінің 709-1-бабымен қарастырылған және мәнісі төмендегіде болатын айыппұлды салу туралы қаулыны орындаудың күштеп орындату тәртібі қолданылады:
1) Әкімшілік жазаны тағайындаған орган (лауазымды тұлға) айыппұлды салу туралы қаулыны осы Кодекстің 703-бабымен белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа жібере алады.
2) Сотқа жіберілген айыппұлды салу туралы қаулы мерзімінен кешіктіріліп жіберілсе, қаулы қайтарылып, ол туралы анықтау шығарылады.
3) Сот айыппұлды салу туралы қаулыны өтініш сотқа келіп түскен күннен бастап, он бес күн аралығында өзі қарастырады.
4) Сот айыппұлды салу туралы қаулының келіп түскендігі туралы құқық бұзған тұлғаға хабарлайды.
5) Соттың айыппұлды салу туралы қаулыны қарастыру кезінде органның айыппұлды салу туралы шешімін қайта қарастыруға құқығы жоқ.
6) Айыппұлды кұштеп салумен байланысты қосымша шығындар шешімді өз еркімен орындамаған тұлғаға салынады.
3 Банктік сектордағы еңбекақы қорының аудиті мен талдау әдісі
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дүрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің
мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі
қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру,
ұйымның активтері мен
Аудиттің мақсаты - аудиторға
қаржылық қорытынды есепті құрудың
белгіленген концептуалдық
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың
мүдделеріне қол жеткізуде
- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету болып табылады [17].
Дүние жүзіндегі қалыптасқан
үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет
тұрғысынан аудит заңы қабылданады.
Сол сияқты біздің елімізде де аудит
жұмысының қажеттілігі
Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бүл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орыңдары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.
Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын рөлі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.
Жалпы аудит туралы, оның ішіңде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығына толық түсініктеме береді.