Учет и аудит заработной платы в БТА

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа

Описание работы

Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной

Содержание работы

Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81

Файлы: 1 файл

изменение 8.docx

— 231.01 Кб (Скачать файл)

 «БТА Банк» АҚ ағымдағы жылда төленетін өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақылар, сыйақылар орташа еңбекақыны есептеу кезінде әрбір айға 1/12 мөлшерінде, өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақыны, сыйақыларды төлеу сәтіне дейін жүргізілген төлемдерді қайта есептеуді жүргізусіз, нақты төлеу сәтінен бастап есептеледі.

Есеп айырысу кезеңіне сәйкес келетін уақыт жұмыспен толық  өтелмеген жағдайларда, сыйлықақылар мен тұрақты сипаттағы басқа  да ынталандыру төлемдері орташа еңбекақыны есептеген кезде есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс істелген уақытқа парапар ескеріледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:

  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем;
  • қызметтік іссапарда болған уақытта төленетін еңбекақы;
  • жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем;
  • жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем.
  • өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге емтихан тапсыратын уақыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем;
  • амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем;
  • ауыл шаруашылық жұмыстарына (егін жинау, мал азығын дайындау және тағы басқалар) қатысқан уақытары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем;
  • жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін төлем;
  • зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу және тағы басқалары.

Жұмыспен өтелмеген уақыт  орташа еңбекақы бойынша төленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29 желтоқсан 2007 жылғы № 1394 Қаулысы негізінде қабылданған орташа еңбекақыны есептеудің бірыңғай Ережесі бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне орташа еңбекақыны есептеудің тәртібі бойынша есептеу үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есептік кезең болып табылады.

Ұйымдар жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде оның қай мерзімге есептелу керек екендігін  белгілеуі керек. Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай  уақыттарға (мерзімдерге) есептеледі:

- жұмысшылар мен қызметкерлерге зейнетақы есептеу үшін зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы соңғы он жыл ішіндегі кез-келген бес жылдың еңбекақысы;

- жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысына баратын уақытына немесе жұмыстан босатылатын және пайдаланбаған демалысы үшін, амалсыздан жұмысқа шықпай қалғаны үшін, еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу үшін және тағы да басқа жағдайларда соңғы он екі айдың орташа еңбекақысы алынуға тиіс.

Еңбек демалысына төленетін  төлемдерді есептеу барысында демалысқа  барар алдындағы он екі айдың  еңбекақысы жартылай сақталған, (ауырған  күні, ауырған адамға қараған уақыты, оқу орындарында оқитын студенттерге берілген демалыс және тағы басқалар) уақыттары алынып тасталады. Осы  жоғарыда айтылғандарды есептеу  кезінде толық бір айда қалмаған жағдайда демалыс үшін төленетін  соманы сол демалысқа барар алдындағы  жұмыс істеген күндерге алған  еңбекақы сомасын жұмыс істеген  күндерінің санына бөліп есептейді.

«БТА Банк» АҚ жұмысшылар мен қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың еңбекақыларының қосындысын 12 бөліп, орташа еңбекақыны анықтайды. Бұл табылған соманы әр жылдың күнтізбелік күндерінің санын (мейрам күндерінен басқа) 12 бөлу  арқылы табылатын коэффициентке (29,75) бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшері ретінде анықталады. Еңбек демалысының күндерінің санына байланысты бір күнге тиісті төлем мөлшері демалыс күніне көбейтіліп, жалпы сома анықталады. егер жұмысшылар мен қызметкерлер есеп айырысу кезеңінде, яғни демалысқа барар алдында 12 (он екі) ай бойы еңбекақы алмаған жағдайда, мысалы: баланы күту үшін  еңбекақы сақталмайтын демалыста болғанда, оның әр жылғы еңбек демалысы үшін төленетін төлемді есептеу үшін осы мезгіл алдындағы 12 (он екі) айдың орташа еңбекақысы алынады [14].

Еңбек пен жалақының жылдық статистикалық көрсеткіштері негізінде  жұмысшылардың біліктілігін, еңбек  өтімін, мамандығын сипаттайтын көрсеткіштерді алуға болады.

Еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыруда  әрбір ұйым мынадай мәселелерді  шешуге тиіс:

- қызметкерлердің есеп айырысу жүйелері мен формаларын анықтау;

- қызметкерлер мен мамандардың лауазымдық жалақыларын бекіту;

- кәсіпорын қызметкерлерне жеке жетістіктеріне төленетін сыйақылардың мөлшерлері мен критерийлерін анықтау  және т.б.

Қызмет көрсетуде бірінші  кезекте еңбектің сапасы мен өнімділігі маңызды орын алады.  Жұмыс орнында  жай қарап отырған үшін, әрине  жалақы төлеуге болмайды. Қызметкердің жалақысы бірінші кезекте оның біліктілігіне, орындай алатын жұмысының күрделілігіне  байланысты болады.

Қызметкерлердің біліктілік деңгейі үш фактормен анықталады, олар: жалпы білім деңгейімен, арнаулы дайындығымен және өндірістік еңбек өтілімен.

Жоғарғы біліктіліктегі қызметкер  әрине жалақыны көбірек алуы керек. Еңбек саны заңды түрде бекітілген жұмыс уақытының ұзақтығымен  анықталады.Ұзақ жұмыс уақыты да жоғары төленуі тиіс. Еңбек ақы деңгейі  қызметкер өзін және өзінің әлеуметтік жағдайын көтеретіндей деңгейде болу керек.

 

Кесте 6 - 2009 - 2011 жылдардағы категориялар бойынша «БТА» АҚ қызметкерлерінің орташа айлық жалақылары

№ р/с

 

Категория

 

Орташа айлық жалақылар

мың теңге

2009ж

2010ж

2011г

пайыз

1

Барлық деңгейлердің жетекшілері

113000

132150

148 947

131,7

2

Жоғары деңгейдегі білікті  мамандар

87590

99651

112 749

128,7

3

Орташа деңгейдегі білікті  мамандар

57829

64406

75044

129,8

4

Ақпаратты дайындаумен айналысатын  және құжаттарды мәзірлейтін кызметкерлер

46942

51734

56324

120

5

Қызмет көрсету саласындағы  жұмысшылар

50963

60111

68349

134,1

6

 Күзет және бақылау,  инкассаторлар

58319

69696

79104

135,6

7

Операторлар , машинисттер   және т. б.

62217

71941

82286

132,2

8

Біліктілігі жоқ мамандар

37147

44638

50213

135,2

 

Банк бойынша барлығы

61765

71912

81121

131,3


Ескертпе. Кесте БТА Банк АҚ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.

Осы кестеге қара отырып біз БТА АҚ еңбекақы мөлшері 10 - 20% өседі деген тұжырым жасай аламыз. 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда еңбек ақы мөлшері 131,3 % өсті. Еңбек ақының өсуі мынаған негізделеді:

  • еңбек өнімділігінің жоғарлауы;
  • жоспарларды жүзеге асыру;
  • елде инфляцияның өсуі.

«БТА» АҚ жұмысшыларының орташа жалақылары кестеде белгіленген. Сонымен қатар, кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек өнімділігіне жұмысшыларды материалдық ынталандырудың деңгейі мен дұрыс ұйымдастырылуы үлкен ықпалын тигізеді. Нарық қатынастарының қалыптасу кезеніңде бұл фактор шешуші рольге ие болады. Жоғарыда келтірілген факторлардың барлығы сандық есептеулерге келеді,сондықтан оларды сәйкес келетін статистикалық көрсеткіштерімен көрсетуге болады.

 

 

2.3 Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар

 

 

Бүгінгі күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы (есеп бөлімі) арқылы ұсталуға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатқызылады:

    • жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерінде);
    • жеке табыс салығы (белгіленген заңдарға сәйкес 10% мөлшерінде);
    • заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл және т.б.);
    • несиеге сатып алынған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленгенсомалар;
    • әр түрлі жарналар (жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияларға, т.б.) төленетін төлемдер;
    • дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін және мүлкін және т.б. сақтандыруға байланысты жарна аудару;
    • жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы;
    • жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар;
    • жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін шаруашылық субьектісінің қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға) балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер;
    • ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.

Осы ұсталымдар «БТА Банк» АҚ жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеу барсында жүзеге асырылады. Яғни ол үшін еңбекақы есебінің талдамалы және жинақтамалы есебін жүргізу барсында аса назар аудару керек.

Еңбекақының талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебіне  келетін болсақ, кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы  сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен  істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап  одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің  табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын  ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу  тізімдемесі деп атайды. Ұйымдарда  бұл тізімдеме әрбір филиалдар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Бұл  тізімдеме жұмысшы - қызметкерлердің аты-жөнін, табельдік нөмерін, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомаларын және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомаларын көрсетін құжаты болып табылады. қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды немесе қызметкерлердің банктік карточкаларына аударылады.

Бұл тізімдеме бойынша біріншіден қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбекақы бойынша есеп айырысудың талдамалық есебі болып табылады, ал үшіншіден осы тізімдеме арқылы қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Кейбір банктік ұйымдарда есеп - айырысу төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі.

«БТА Банк» АҚ бұл есеп айырысу тізімдемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдары есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның еңбекақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдардың саны ұсталынатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны және тағы басқалар) көрсетіледі. Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге (айға, тоқсанға, жарты жылға) ашылғандығына байланысты болады.

Информация о работе Учет и аудит заработной платы в БТА