Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:37, курсовая работа
Бұл методикалық ұсынымдар техникалық нормаларға сәйкес мұнай және газ кен орындарын (шоғырларды) іздеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер кезінде, сондай-ақ жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезінде орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды анықтайды.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайларды
және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау комитетінің
2008 жылғы «20» тамыздағы
№ 33 бұйрығымен
келісілген
Мұнай және газ
кен орындарын іздеу, барлау және
қазу кезіндегі маркшейдерлік-
әдістемелік ұсынымдар
1-бөлім. Жалпы талаптар
1. Бұл методикалық ұсынымдар техникалық нормаларға сәйкес мұнай және газ кен орындарын (шоғырларды) іздеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер кезінде, сондай-ақ жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезінде орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды анықтайды.
2. Маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар және графикалық құжаттама тағайындалады:
1) мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу мәселелерін шешу үшін;
2) мұнай мен газ қорларын есептеу үшін;
3) кен өндіру кәсіпорындарын жобалау және салу; жер бетінде орналасқан ғимараттар мен табиғи объектілерді мұнай және газ кен орындарын қазудың зиянды әсерінен қорғау үшін;
4) тау-кен жұмыстарын және кеме шаруашылығын (теңіз кен орындарына қызмет көрсеткенде) қамтамасыз ету үшін.
3. Маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар кешеніне төмендегілер кіреді:
1) маркшейдерлік-геодезиялық негізді дамыту және жиілету;
2) геологиялық барлау ұйымдары және кен өндіру кәсіпорындары қызметінің территориясы шегінде жер бетінің, сондай-ақ жер үстіндегі, жер астындағы және су астындағы ғимараттар мен коммуникациялардың бедері мен ситуациясын түсіру;
3) ұңғыма сағаларының және басқа кен қазбаларының пландық орнын натураға ауыстыру;
4) ұңғымалардың және басқа кен қазбаларының координаталары мен биіктіктерін анықтау;
5) ұңғымаларды өткізудің, кен қазбаларын үңгілеудің пландық бағыттарының сақталуын және оларды бұрғылау кезінде ұңғымалар осьтерінің кеңістіктік орнын анықтаудың дұрыстығын бақылау;
6) кен, жер және су иеліктерін алуға материалдарды ресімдеу;
7) құрылыс объектілерін жобалау үшін орындалатын, топография-геодезиялық және іздестіру жұмыстарын жүргізу;
8) кен иелігінің үстінде территорияның салынуын бақылау;
9) жер учаскелерінің тағайындалуы бойынша пайдаланылуын және қажеттілік болмағанда немесе оларды пайдалану мерзімі аяқталғанда олардың жерді бұрынғы пайдаланушыларына дер кезінде қайтарылуын бақылау;
10) графикалық құжаттаманы, соның ішінде маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттерінің координаталары мен биіктіктерінің, ұңғымалар сағаларының және басқа кен қазбаларының, ал қажет болған жағдайларда ұңғымалардың өнімді және нысаналы горизонттар қаттарымен қиылысу нүктелерінің каталогтарын құрастыру;
11) жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформациясын бақылау;
12) мердігерлік ұйымдармен орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды бақылау және қабылдау.
Маркшейдерлік-геодезиялық қызмет іздестірулер сатысында, құрылыстың жобаланатын объектілерінің орналасқан орнын келістіруге, сондай-ақ тау-кен-геометриялық құрылыстарға және іздеу мен барлау жұмыстарының нәтижелерін өңдеу кезінде, қорларды есептеу және оларды алудың толықтығын есептеу кезінде, мұнай мен газ кен орындарын барлау және қазу жобаларын құрастыру кезінде есептеулерге қатысады.
4. Маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау үшін мұнай-газ өндіретін кәсіпорындардың, бұрғылау және геологиялық барлау ұйымдарының құрамында инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен жұмысшылардың қажетті штаты бар, тікелей басшылыққа бағынатын, бөлімдері немесе топтары болады. Көрсетілген бөлімдерге немесе топтарға жұмыс істеуге арналған арнайы бөлмелерді, көлік құралдарын, жабдықтарды, геодезиялық аспаптар мен құрал-саймандарды беру ұсынылады.
Көлемі бойынша үлкен жұмыстар кәсіпорындар мен ұйымдардың құрамында ұйымдастырылатын, арнайыландырылған өндірістік бөлімшелермен (конторалар, экспедициялар, партиялар, отрядтар) орындалады.
5. 1-4 класты геодезиялық тораптарды дамыту, барланатын және пайдаланылатын алаңдарды топографиялық түсіру бойынша жұмыстар ҚР Геодезия және картография басқармасымен анықталған тәртіпте орындалады. Тау-кен кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызметінің территориясындағы маркшейдерлік тірек геодезиялық тораптарды және жиілету тораптарын КСРО Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау 1970 жылы 10 ақпанда бекіткен Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша нұсқаулардың талаптарына сәйкес жасайды.
6. Тау-кен кәсіпорындарын жобалау және салу үшін инженерлік іздестірулер кезіндегі, сондай-ақ үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу бойынша салу-жинақтау жұмыстарын орындау, инженерлік коммуникацияларды төсеу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарда қолданылып жүрген нормаларды және талаптарын, сондай-ақ ҚР Мемқұрылыспен бекітілген, құрылыс бойынша басқа нормативтік деректерді («СН» шифры) есепке алып орындалады.
7. Осы методикалық ұсыныста келтірілген жұмыстарды орындау дәлдігінің нормалары орташа, орташа квадраттық және шекті (рауалы) қателермен сипатталады. Шекті қате үшін екі еселенген орташа квадраттық қатенің шамасы қабылданған; орташа (ν) және орташа квадраттық (m) қателер арасындағы ара қатыс m=1,25 ν тәуелділігімен өрнектеледі.
Орындалған жұмыстардың сапасын бағалау алынған үйлеспеушіліктер (айырмашылықтар) олардың рауалы мәндерімен салыстыру жолымен немесе орташа квадраттық қателерді есептеу жолымен жүргізіледі. Сонымен бірге олардың жалпы санына қатысты 5 % артық емес шекті қателердің, үйлеспеушіліктердің немесе айырмашылықтардың пайда болуына жол беріледі.
8. Маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар, соның ішінде келісімдік бастамада мердігерлік ұйымдармен орындалатын жұмыстар, «Мемлекеттік геодезиялық қадағалау туралы нұсқаудың» талаптарына сәйкес бақылау мен қабылдауға жатады.
9. Іздеу, барлау және пайдалану алаңдарының карталары мен пландарын Мемлекеттік геодезиялық қадағалаудың территориялық инспекциясымен келісілген координаталар жүйесінде және Балтық биіктіктер жүйесінде құрастыру ұсынылады.
10. Мұнай-газ өндіретін және бұрғылау кәсіпорындарына тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілген жерлерді есепке алу нысаны өндірістік бірлестіктермен (басқармалармен) бекітіледі және министрліктермен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларымен келісіледі.
11. Маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды сертификатталған аспаптар мен құрал-саймандарды қолдану, топография-геодезиялық жұмыстарда қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды және мұнай мен газ кен орындарын қазу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы орындалады.
12. Мұнай мен газды іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бекітілген техникалық жобалар бойынша орындалады. Жоба-сметалық құжаттаманы қарастыру және бекіту белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
13. Техникалық жобаны құрастырудың алдында объектіде бұрын орындалған топография-геодезиялық жұмыстардың нәтижесінде алынған материалдарды жинайды және талдайды.
14. Техникалық жоба берілген территория шекарасында кен орындарын іздеуді, барлауды немесе қазуды қамтамасыз ету үшін қажетті, далалық және камералық маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар кешеніне құрастырылады және осы жұмыстарды жүргізуге арналған жалпы жобаның құрама бөлігі болып табылады.
15. Техникалық жоба жұмыстардың мақсатты тағайындалуын, түрлерін, мерзімдерін, құнын, қажетті дәлдігі мен көлемін, сондай-ақ оларды орындау әдістемесін анықтайды.
Жоба мәтіндік, графикалық және сметалық бөлімдерден тұрады. Жобаның мәтіндік бөлімінде келесі мәселелер баяндалады:
1) жұмыстардың мақсатты тағайындалуы;
2) жұмыстар ауданының қысқаша физика-географиялық және геологиялық сипаттамасы;
3) жұмыстар ауданының топография-
4) планды-биіктіктік негізді, топографиялық және арнайы түсірімдер масштабтарын салудың қажеттілігін және тәсілдерін, сондай-ақ камералық өңдеу әдістерін негіздеу;
5) ұңғымалар сағаларының және инженерлік объектілердің пландық орнын натураға ауыстыру тәсілдері және оның қажетті дәлдігі, сондай-ақ олардың жоспарлы-биіктіктік орнын анықтау әдістері;
6) жұмыстар жүргізу үшін қажетті уақытты, персоналдың және көліктің санын есептеу;
7) жұмыстарды ұйымдастыру және орындау мерзімдері;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік, өртке қарсы шаралар;
9) жұмыстарды аяқтаған соң тапсыруға тиесілі топография-геодезиялық, картографиялық және басқа материалдардың тізбесі.
Жобаның графикалық бөліміне мыналар кіреді:
1) жұмыстар ауданын іздеу - барлау жұмыстарының шекараларын немесе жобаланатын топографиялық немесе арнайы түсірімдер учаскелерінің кен иелігін және шекараларын көрсету арқылы бастапқы картографиялық және аэрофототүсіру материалдарымен қамтамасыз ету сұлбасын;
2) бұрын дамыған геодезиялық торап пункттерінің орналасу жоспары және оған натураға ауыстыруға тиесілі объектілер түсірілген оны жиілетудің жобалық жоспары.
Техникалық жобаның сметалық бөліміне жобаланатын жұмыстарды орындауға қажетті шығындарды есептеу қосылады.
Жер бетінің, кеуленетін территориялардағы үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезіндегі, жер бетін, үймереттерді, ғимараттарды, табиғи және басқа объектілерді тау-кен жұмыстарының зиянды әсерінен қорғау кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар арнайы нормативтік техникалық құжаттармен регламенттеледі.
2-бөлім. Ұңғымалар салу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық
жұмыстар
1-параграф. Ұңғымалардың пландық орнын натураға ауыстыру
16. Ұңғымалардың пландық орнын натураға ауыстыру бойынша жұмыстардың мазмұнына мыналар кіреді:
1) ұңғымалардың пландық орнын натураға ауыстыруға өкім алу;
2) геодезиялық және картографиялық материалды таңдау;
3) жобаны натураға ауыстыру үшін деректерді дайындау;
4) ұңғымалардың пландық орнын натураға ауыстыру;
5) ұңғымалар жатысының орындарын жергілікті жерде бекіту және оларды бұрғылау жұмыстарын жүргізетін ұйымның өкіліне акт бойынша тапсыру;
6) ұңғымалар жатысы орындарының алдын ала абсолют биіктіктерін анықтау.
17. Ұңғымалардың пландық орнын натураға ауыстыру үшін негіздеме кәсіпорынның (ұйымның) бас (аға) геологымен берілетін, жазбаша өкім (тапсырма) болып табылады.
Жазбаша өкімге геологиялық (немесе басқа арнайы) картамен бірлескен, аса ірі (қолда бардан) масштабты топографиялық планнан көшірме қоса беріледі. Көшірмеде: пландық ұңғымалар, координаталық тор, бұрын бұрғыланған жақын орналасқан ұңғымалар, геофизикалық кескіндер және топографиялық жүктеменің қажетті шығындары белгіленеді.
Планнан көшірмеге маркшейдер және геологиялық қызметтің өкілі қол қояды.
Қажет жағдайларда өкімде қосымша мәліметтерді көрсетеді: пландық және бұрын бұрғыланған ұңғымалар арасындағы ара қашықтық, жергілікті заттар мен бағдарларға дейінгі ара қашықтық. Өкімнің нысаны 1-қосымшада келтірілген.
18. Жергілікті жерде ұңғымалардың пландық орнын ығыстыру ұңғымаларды натураға ауыстыруға өкім берген бас (аға) геологтың құзыреті шамасында, оның жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.
19. Ұңғымалардың жобалық пландық орнын натураға ауыстыру қателерінің шекті мәндері және 1-4 класты және 1, 2 разрядты геодезиялық торап пунктеріне қатысты олардың жатысы орындарының алдын ала абсолют биіктіктерін анықтау 1-кестеде көрсетілген шамалардан артық бола алмайды.
1-кесте
Ұңғымалар категориясы |
Шекті қателер | |
Жоспарда, м |
Биіктігі бойынша (м) | |
I-топ I. Жеке тіректік және параметрлік ұңғыма-лар |
150 |
15 |
II-топ а) Алаңдарда және кескіндер бойынша орнатылатын, құрылымдық және іздеу ұңғыма-лары б) Барлау ұңғымалары |
50 25 |
10 5 |
III-топ Пайдалану алаңдарындағы ұңғымалардың барлық категориялары |
10 |
5 |
Ескерту. 1. Акваториядағы ұңғымалардың жобалық орнын ауыстырудың шекті рауалы қателері 125-тармақта келтірілген.
2. Техника-экономикалық көрсеткіштермен негізделген жағдайларда жобалық ұңғымаларды натураға ауыстыруды 35-тармақтың 2-кестесінде көзделген дәлдікпен орындалады.
20. Ұңғымалардың орналасу жобасын натураға ауыстырудың алдында жұмыстардың ауданын алдын ала байқау және зерттеу болады, оның нәтижесінде: геодезиялық таңбалардың сақталғандығы, қолда бар топографиялық карталардың сапасы анықталады, жобаны натураға ауыстыру тәсілі нақтыланады.