Мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша әдістемелік ұсынымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:37, курсовая работа

Описание работы

Бұл методикалық ұсынымдар техникалық нормаларға сәйкес мұнай және газ кен орындарын (шоғырларды) іздеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер кезінде, сондай-ақ жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезінде орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды анықтайды.

Файлы: 1 файл

М-най ж-не газ кен орындарын іздеу, барлау ж-не -азу кезіндегі м.doc

— 472.50 Кб (Скачать файл)

21. Ұңғымалардың орналасу жобасын натураға ауыстыру, тәртіп бойынша, топографиялық карталарды пайдалану арқылы орындалады, олардың масштабы мен сапасы талап етілетін дәлдікті қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге графикалық не болмаса графоаналитикалық әдістер  қолданылады: ұңғыманың орналасқан орнын жергілікті жердің анық көрсетілген контурымен бірлестіру, контурдың бойындағы өлшеу, сызықтық, тура, кері және құрастырылған қиылыстырулар, тұстамалар әдісі және қашықтық өлшеуіш-теодолиттік жүрістер.

22. Қажетті картографиялық материал болмаған жағдайда ұңғымалардың жобалық орнын натураға ауыстыру бұрыш өлшеуіш құрал-саймандарды және маркшейдерлік-геодезиялық негізгі пункттерін пайдалану арқылы аналитикалық әдістермен жүзеге асырылады.

23. Егер жергілікті жерде жылжытуға арналған шарттар, қолда бар топографиялық картадағы бағдарлардың немесе геодезиялық негізгі пункттерінің тығыздығы мен дәлдігі ұңғыма жатысының орнын талап етілетін дәлдікпен анықтауды қамтамасыз етсе, ұңғымалардың жобалық орнын натураға ауыстыру талап етілетін дәлдікті спутниктік навигациялық жабдықтың (GPS-қабылдағыштар типті) немесе топобайланыстырғыштың көмегімен орындалады.

24. Ұңғыманың орналасқан орнын қосарлы тәуелсіз анықтау арасындағы айырмашылықтарға 1-кестеде көрсетілген, шекті қателердің бір жарымнан артық мәніне жол берілмейді.

Ұңғыма жатысының түпкілікті орны үшін анықталатын нүктенің орташа орны қабылданады.

25. Ұңғымалар жатысының орындары 0,7 м тереңдікке салынатын, ұзындығы 1,2 м металл құбырлармен немесе ағаш қадалармен бекітіледі, олардың маңайында радиусы 0,5 м-1,0 м қопсыту орындалады.

Құбырдың (қаданың) жоғарғы бөлігінде  өшірілмейтін бояумен ұңғыманың нөмірі, ұңғыманы натураға ауыстыру күні және жұмыс жүргізетін ұйымның атауы жазылады.

Бекітілген таңбаға кроктар құрастырылады.

Егер таңбаның сақталуына кепілдік берілмесе (ауыл шаруашылығы  дақылдарын егу, құрылыс алаңдары), оның маңайында осыған ұқсас қосымша таңба салынады. Кроктарда және тапсыру актілерінде ұңғыманың бағытын және жатысы орнының осы таңбадан арақашықтығын көрсетеді.

26. Ұңғымалар жатысының орындары жергілікті жерде бұрғылауды орындайтын ұйымның жауапты өкіліне көрсетіледі және нысаны 3-қосымшада келтірілген акт бойынша тапсырылады.

27. Ұңғымалар жатысы орындарының алдын ала абсолют биіктіктері топографиялық карталар немесе аэротүсірімдер бойынша стереофотограмметриялық тәсілмен анықталады.

Егер қолда бар карталар талап етілетін дәлдікті қамтамасыз етпесе, онда биіктіктер аспаптық әдістермен анықталады.

28. Топографиялық карта бойынша анықталатын, ұңғыманың орналасқан орны биіктігінің күтілетін орташа квадраттық қатесі жуықталған формула бойынша есептеледі:

;

мұнда m1 –топографиялық карта бойынша биіктікті анықтаудың орташа квадраттық қатесі;

mp -геодезиялық негізге қатысты ұңғыманың салынған орнының жоспарлық орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесі;

ν-горизонтальдардың салынуы бойынша анықталатын, жергілікті жердің көлбеу бұрышы.

29. Ұңғымалардың жоспарлық орнын натураға ауыстыру бойынша жұмыстардың нәтижесінде келесі материалдар құрастырылады:

1) ұңғымалардың жоспарлық орнын натураға ауыстыруға өкім (тапсырма) және егер ондай орын алса, оларды ығыстыруға өкім;

2) өлшемдердің далалық журналдары, есептеулер ведомостері;

3) ұңғымалардың орналасқан орындарының кроктары;

4) ұңғымалардың орналасқан орындарын натураға ауыстыру сұлбасы;

5) ұңғымалардың орналасқан орындарының координаталары мен биіктіктерінің тізімі;

6) ұңғымалар орналасуының натураға шығарылған орындарын бұрғылауды орындайтын ұйымға тапсыру туралы акт.

 

 

2-параграф. Ұңғымалар сағаларының жоспарлы-биіктіктік

орнын анықтау

 

30. Ұңғымалар сағаларының-биіктіктік орнын анықтау (ұңғымаларды байланыстыру) геологиялық ұйым басшысының өкімі (тапсырысы) негізінде бұрғылау фонары мен роторын орнатқан соң орындалады (4-қосымша).

31. Ұңғымалар сағаларын байланыстыру бойынша жұмыстардың мазмұнына мыналар кіреді:

1) қажетті картографиялық геодезиялық материалдарды және бастапқы деректерді жинау, алу және дайындау;

2) маркшейдерлік-геодезиялық негізді дамыту (қажет болғанда);

3) ұңғымалар сағаларының пландық-биіктіктік орнын анықтау;

4) жергілікті жерде бағдарлық  бағыттарды бөлу және бекіту  (қажетті жағдайларда);

5) ұңғымалар сағаларының  координаталары мен биіктіктерін есептеу және каталогты құрастыру;

6) ұңғымалар сағаларын (ал қажетті жағдайларда ұңғыма оқпанына тән басқа нүктелерді де) арнайы геологиялық карталарға және маркшейдерлік пландық түсіру.

32. 1-4 класты және 1, 2 разрядты геодезиялық торап пункттеріне қатысты (акваторияларда орналасқан ұңғымалардан басқа) әр түрлі топты ұңғымалар сағаларының жоспарлы және биіктіктік орындарын анықтаудағы қателердің натураға шекті мәндері 2-кестеде көрсетілген шамалардан артық бола алмайды.

 

 

2-кесте

 

Ұңғымалар категориясы

Шекті қателер

жоспарда, м

биіктігі  бойынша (м)

I-топ

Жеке тіректік және параметрлік ұңғыма-лар

 

100

 

5,0

П-топ

1. Алаңдарда және кескіндер бойынша  салынатын, құрылымдық және іздеу ұңғымалары

2. Барлау ұңғымалары

 

 

 

30

12

 

 

 

1,0

0,5

III-топ

Пайдалану алаңдарындағы ұңғымалардың барлық категориялары

 

4

 

0,3


 

33. Ұңғымаларды бір категориядан екіншіге ауыстырғанда, сондай-ақ іздеу-барлау алаңдарын пайдалануға берген кезде, 2-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерін қайта анықтау жүргізіледі.

34. Онда 1-4 класты және 1, 2 разрядты геодезиялық тораптар пункттері жоқ немесе құрылымдық және іздеу-барлау ұңғымаларын (II-топ) байланыстыру үшін олардың тығыздығы жеткіліксіз аудандарда, жұмыстық негіздеу торабы құрылуы мүмкін.

35. I және П-топ ұңғымаларының сағаларын пландық-биіктіктік байланыстыру (2-кесте) аспаптық түсіру арқылы, графоаналитикалық және аналитикалық тәсілдермен, сондай-ақ егер бұл карталар (фотопландар) байланыстырудың талап етілетін дәлдігін қанағаттандырса, топографиялық карталар, аса ірі масштабты фотопландар (фотосұлбалар) бойынша орындалады.

Пайдалану алаңдарына орнатылатын ұңғымалар жұмыстық негіздеу пункттерін есепке алмағанда, маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттеріне аналитикалық әдістермен байланыстырылады.

36. I және II-топтар ұңғымаларын жақында жатқан тұрақты бағдарға немесе ұңғымалардан 250-300 кем емес арақашықтықта орналасқан, бекітілген нүктеге (апаттық лақтырыс, өрт және тағы басқа жағдайда) байланыстыру керек. Ол үшін нүктеден (бағдардан) ұңғыма сағасына дейінгі арақашықтықты 1000 салыстырмалы қатемен және тұрақты затқа және ұңғымаға бағыттар арасындағы бұрышты 30" артық емес шекті қатемен өлшейді.

 

 

2-1-параграф. Ұңғымалар сағаларының пландық орнын топографиялық карталар бойынша анықтау

 

37. Ұңғымалар сағаларын пландық байланыстыру үшін топографиялық карталар пайдаланылады, тәртіп бойынша олардың масштабы (2-кесте) төмендегілерден ұсақ емес болып қабылданады:

1) I-топ ұңғымалары үшін 1:100000;

2) II-топ ұңғымалары үшін (пункт «1») 1:25000;

3) III-топ ұңғымалары үшін (пункт « ») 1:10000.

38. Ұңғымалар сағаларының пландық топографиялық карталар, фотопландар бойынша орнын анықтау сенімді танылған бағдарлардан, картада бар жергілікті заттардан, 23-25 тармақтардағы әдістермен, принциптермен жүргізіледі.

Ұңғымалар сағаларын байланыстыру процесінде кроктар құрастырылады, оларда байланыстыру үшін пайдаланылатын, бағдарлар мен жергілікті заттар, сондай-ақ сызықтардың ұзындығы және бұрыштардың мәндері көрсетіледі; ұңғыма орнының қысқаша сипаттамасы беріледі.

39. I және П-топ ұңғымалары сағаларының жоспарлық орнын анықтауды спутниктік жабдықтардың немесе топобайланыстырғыштың көмегімен графикалық немесе аналитикалық әдістермен, ал егер жергілікті жерде топобайланыстырғыштың жылжуы үшін жағдайлар, топографиялық картадағы немесе маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттеріндегі бағдарлардың тығыздығы мен дәлдігі жоспарлық байланыстырудың талап етілетін тығыздығын қамтамасыз етсе, Ш-топ ұңғымаларын тек талдау әдісімен ғана орындауға болады.

 

 

2-2-параграф. Ұңғымалар сағаларының пландық орнын

геодезиялық қиылыстырулармен анықтау

 

40. Ұңғымалар сағаларының пландық орнын тура, кері, құрастырылған және сызықты-бұрыштық қиылыстырулармен, сондай-ақ навигациялық спутниктік жабдықтарды қолдану арқылы анықтау, маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттерінен орындалады.

Тура және құрастырылған қиылыстырулар-кем дегенде үш пункттен, ал кері қиылыстыру анықталатын пункт алғашқы үш пункт арқылы өтетін шеңбердің жанында болмайтын жағдайда, кем дегенде төрт пункт бойынша орындалады.

41. Әр түрлі берілістер бойынша есептелген ұңғымалар координаталарындағы айырмашылықтар, 2-кестеде көрсетілген, шекті қателердің мәндерінен аспайды.

42. Жергілікті жерде болатын әр түрлі кедергілер бар болғанда сызықтық өлшемдер жүргізу үшін қолайсыз аудандарда, ұңғымалар сағаларын жоспарлық байланыстыру профессор А.И. Дурневтің геодезиялық қиылыстырулар әдісімен орындалады.


Бұл жағдайда горизонталь бұрыштарды өлшеу және жүрістік сызық бойынша рауалы бұрыштық байланыстыруды есептеу теодолиттік жүрістердегі бұрыштық өлшемдерге ұқсас жүргізіледі. Қиылыстыру бұрышы-10° кем, ал бұрыштарды өлшеудің орташа квадраттық қатесі-15" артық емес. Жүрістік бұрышты 1:1000 артық салыстырмалы байланыстыруға жол берілмейді.

 

 

2-3-параграф. Ұңғымалар сағаларының пландық орнын теодолиттік

және тахеометрлік жүрістермен анықтау

 

43. Теодолиттік және тахеометрлік жүрістердегі горизонталь бұрыштарды өлшеу жартылай қабылдаулар арасындағы лимбті ығыстыру арқылы бір толық қабылдаумен орындалады. Жартылай қабылдаулардағы бұрыштың мәндері арасындағы айырмашылық-бұрыштарды дәл теодолиттермен өлшеу кезінде 30" артық емес және бұрыштарды 30-секундтық теодолиттермен өлшеу кезінде I' артық мәнге жол берілмейді.

Жартылай қабылдаулардың біреуінде теодолит лимбін магниттік меридиан бойынша бағдарлайды.

Теодолиттік жүрістердегі бұрыштық үйлеспеушілік- артық емес, ал тахеометрлік жүрістерде артық емес болады, мұнда - бұрыштар саны.

44. Сызықтарды өлшеуіш таспамен екі өлшеу арасындағы айырмашылықтар-екі таспамен өлшегенде бір бағытта немесе бір таспамен тура және кері бағыттарда мыналардан артық емес масштабқа жол беріледі:

1) I-категориялы жергілікті жерде-1:2000;

2) ІІ-категориялы жергілікті жерде-1:1500;

3) IІI-категориялы жергілікті жерде-1:1000.

Жергілікті жер категорияларының сипаттамасы 3-кестеде көрсетілген.

 

 

3-кесте

 

Жергілікті жер категорияларының сипаттамасы

I

II

III

ашық, тегіс, қатты грунтты жергілікті жер

шағын қопалары және борпыл-дақ грунты бар жергілікті жер

қиылысқан, жабық, батпақ-ты немесе құмды топырағы бар жергілікті жер


 

45. Сызықтар ұзындықтарын оптикалық және лазерлік қашықтық өлшеуіштермен өлшеу қашықтық өлшеуіштің типіне, өлшенетін сызықтың ұзындығына және жұмыстардың қабылданған әдістемесіне байланысты I:700-I:2000 салыстырмалы қателермен орындалады.

Қыл жіпті қашықтық өлшеуіштермен қабырғалардың ұзындығы 1:300 салыстырмалы қателермен өлшенеді; 250 м артық сызықтарды бөліктері бойынша өлшейді.

46. 1:1000-1:2000 дәлдік жүрістеріндегі сызықтар кесінділерінің көлбеу бұрыштарын 2°-6° дейін-эклиметрмен, 6° артығын теодолитпен өлшейді. I:300-1:500 дәлдік жүрістерінде сызықтар кесінділерінің 50° дейін көлбеу бұрыштары эклиметрмен өлшенеді.

47. Нүктелердің пландық орнын анықтаудағы шекті қателер (Δш), байланыстыру жүрістерінің ұзындығы (периметрі) ([S]), қабырғаларды өлшеудің рауалы салыстырмалы қателері ( ), өлшеулер жүргізу әдістемесі техникалық жобаны құрастыру кезінде анықталады.

Сонымен бірге мына формулалар пайдаланылады:

Информация о работе Мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша әдістемелік ұсынымдар