Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:37, курсовая работа
Бұл методикалық ұсынымдар техникалық нормаларға сәйкес мұнай және газ кен орындарын (шоғырларды) іздеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер кезінде, сондай-ақ жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезінде орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды анықтайды.
Ұңғыма забойының тереңдігін бұрғылау процесінде, ұңғыманы бұрғылау аяқталған соң және забойлық керндерді іріктеу кезінде-бұрғылау құбырларының көмегімен, ал қалған жағдайларда каротаждық кабельдің көмегімен өлшейді.
68. Бұрғылау құбырларының ұзындығын өлшеуді салыстырғыш болат таспамен немесе болат рулеткамен (20 м кем емес ұзындығы бар) қабылдау көпірінде 1 см артық емес шекті қатемен екі рет жүргізеді. Құбырдың түпкілікті ұзындығы үшін екі өлшеудің орташасын қабылдайды. Әрбір құбырды өлшеу нәтижелерін бұрғылау журналына толтырады, онда құбырлардың ұзындығын оларды ұңғымаға түсіру кезектілігі бойынша жүйелі түрде жазады.
Ұңғыма тереңдігін бақылап анықтауды каротаждық кабель бойынша инклинометрлік өлшеулер кезінде жүргізеді.
Бұрғылау құбырлары және кабель бойынша орындалған, өлшеу нәтижелері арасындағы айырмашылық өлшенетін тереңдіктен 0,1 % артық рұқсат етіледі. Өлшеу нәтижелерін бұрғылау журналында және каротаждық диаграммада белгілейді.
69. Ұңғымалардағы зерттеулердің және жұмыстардың түрлеріне байланысты каротаждық кабельдің көмегімен тереңдікті өлшеуді кабельдегі белгілер бойынша немесе есептеуіш бойынша жүргізеді.
Инклинометрлік өлшеулер кезінде тереңдіктерді есептеуді әрбір 100-200 м кейін кабельдегі белгілері бойынша оның көрсеткіштерін міндетті бақылау кезінде есептеуіш бойынша жүргізеді. Кабель бойынша орындалған тереңдіктерді бақылап есептеуді журналға жазады, оның нысаны қосымшада келтірілген.
70. Кабельдің көмегімен ұңғыманың тереңдігін өлшеуді берілген аспаппен ротор үстелінің бетіне дейін өлшеу нүктесінен жүргізеді. Кабельде қолданылатын аспапқа сәйкес, бірінші белгінің мәнін алдын ала анықтайды және олардың тереңдіктерді есептеу нүктесі (ротор үстелінің беті) арқылы өту шамасына қарай белгілер санын жүйелі түрде белгілейді.
71. Ұңғыма тереңдігін өлшеу кезінде каротаждық кабельдің көмегімен келесі талаптарды сақтау ұсынылады:
1) диаграммада белгіленген көршілес белгілер арасындағы арақашықтықтардың кабельдегі сәйкес белгілер арасындағы арақашықтық ауытқуы диаграмма масштабында 2 мм аспайды;
2) ұңғыманы тереңдіктердің елеусіз интервалдарында зерттеу кезінде диаграммада кабельдің ұзындығын екі немесе одан артық белгілер шамасында көрсетеді.
Ұңғыманың тереңдігін кабельдегі белгілер бойынша өлшеудің дұрыстығын бақылау үшін:
1) кейінгі каротажды басқа кабельмен жүргізеді;
2) кейінгі каротаж кезінде ұңғыманың бұрын каротаждалған интервалын 50 % кем емес өлшемдермен жабады, ал бұл учаскеде анық айқындалған аномалиялар болмағанда жабу интервалын оларды алғанға дейін ұлғайтады; негізгі және қайта өлшеу арасындағы тереңдіктерді анықтаудағы айырмашылықтар 6-кестеде келтірілген шақтамалардан артық бола алмайды;
3) диаграммада баған башмағының тереңдігін белгілейді;
4) кабельде 500-700 метрден кейін негізгі белгіден 0,8-1,5 м арақашықтықта екі жақтан бақылау (сигналдық) белгілерін бекітеді, олар диаграммаларда негізгілермен қатар тіркеледі;
5) каротаждық кабель бойынша және бұрғылау құбырлары бойынша алынған тереңдіктерді салыстыру; салыстыру нәтижелерін каротаждық диаграммаға және бұрғылау журналына жазады.
72. Каротаждық кабельде тереңдіктерді белгілері бойынша өлшеу дәлдігін бағалауды ұңғыманың (немесе ұңғымалардың) каротажбен жабылған учаскелерінде тәуелсіз қосарлы өлшеу нәтижелері жүргізеді.
Бұл өлшемдерді сол және бір шарттарда, бірақ әр түрлі кабельдердің көмегімен жүргізеді. Ол үшін жабылған учаскелер бойынша сол және бір нүктелердің тереңдігін өз араларында салыстырады және олардың арасындағы айырмашылықтарды есептейді. Айырмашылықтардың сандық мәндері 6-кестеде келтірілген шақтамалардан аспайды.
Алаң немесе шоғыр үшін тереңдіктерді өлшеудің орташа квадраттық қатесін қосарлы өлшеулер айырымдары бойынша анықтайды.
6-кесте
Негізгі және қайта өлшеулер арасындағы тереңдіктерді анықтаудағы
жол берілетін айырмашылықтар
Тереңдігі, м |
Жол берілетін айырмашылықтар, м |
1 дейін 1-2 дейін 2-3 дейін 3-4 дейін 4-5 дейін 5-6 дейін 6 жоғары |
1,0 1,5 2,0 2,5 3,0 4,0 5,0 |
73. Тереңдіктерді есептеуіштің блок-балансының ролигі арқылы өткізілген, каротаждық кабельдің ұзындығын белгілейтін, есептеуіш бойынша өлшеуді инклинометрлік өлшеу кезінде жүргізеді.
Тереңдіктерді есептеуіш бойынша анықтау кезінде:
роликтің блок-балансы диаметрінің каротаждық кабельдің типіне сәйкестігін қамтамасыз етеді;
кабельді ұңғымадан көтерген кезде оны шаяды;
қыста жұмыс істегенде, блок науасында мұз болмауын қадағалайды.
74. Тереңдіктерді есептеуіш бойынша және кабельдегі белгілері бойынша өлшеудегі жол берілетін айырмашылықтар өлшенетін ұзындықтың 0,1 % артық бола алмайды. Айырмашылықтар көрсетілген шақтамадан асқан және салыстырылатын тереңдіктер арасындағы айырмашылықтардағы өзгерістерде заңдылықтар орын алған жағдайда, есептеуіш көрсеткіштеріне сәйкес түзетулер енгізеді.
Есептеуіш көрсеткіштері мен кабельдегі белгілері бойынша өлшемдер арасындағы айырмашылықтарды заңсыз өзгерту кезінде есептеуішті түзету немесе айырбастау, содан кейін өлшеуді қайталайды.
3-3-параграф. Инклинометрлік өлшеулер
75. Инклинометрлік өлшеулер кезінде ұңғыма осінің жеке нүктелердегі бағытын сипаттайтын элементтерді белгілі интервалдардан кейін анықтайды.
Сонымен бірге ұңғыма осінің вертикальдан θ ауытқу бұрышын және ұңғыманы өлшеу интервалы арқылы өтетін, вертикаль жазықтықтың магниттік азимутын А т анықтайды.
Дирекциялық бұрыш α мына формула бойынша есептеледі:
α =Ат+(δ-γ),
мұнда Ат-магниттік азимут;
γ және δ-сәйкес түрде, өз таңбасымен алынған, меридиандардың жақындау және магнит нұсқарының бұрылу бұрыштары.
76. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнын жеке нүктелерде (берілген интервалдар арқылы) анықтауды әр түрлі типті инклинометрлердің көмегімен жүргізеді, оларда бір түсіргендегі өлшеулер саны шектелмеген және өлшенетін шамалар кабель бойынша қашықтан беріледі.
Инклинометрлік өлшеулерді инклинометр көтерілген кезде оның өту шамасына қарай ұңғыманың жеке учаскелері бойынша жүргізеді. Өлшеулерді инклинометр толық тоқтаған соң 10-15 секундтан кейін жүргізеді. Бірінші өлшеуді θ<10° ауытқу бұрышында забойдан 5 м артық және θ>10° болғанда 10 м артық емес арақашықтықта жүргізеді.
Кейінгі өлшеулерді ұңғыма осінің тігінен ауытқу шамасына байланысты келесі интервалдардан кейін жүргізеді:
θ<5° болғанда 50 м артық емес;
5°<θ<10° болғанда 20 м артық емес;
10°<θ<20° болғанда 10 м артық емес;
θ>20° болғанда 5 м кейін.
77. Көлбеу-бағытталған ұңғымалар үшін инклинометрлік өлшеулер интервалдарын көлбеу ұңғыма кескінінің учаскелеріне байланысты қабылдайды.
Тік учаскені-10 м кейін, ал сирек жағдайларда-20 м кейін өлшейді; көлбеу учаскені кесу нүктесіне тікелей жақындықта болатын ұңғыманың тік учаскені 5 м интервалмен өлшейді; қисықтықты теру учаскесін 5 м кейін өлшейді; тұрақтандырғышы бар бұрғылау учаскесін ауытқу бұрыштарының шамасына байланысты 10 немесе 5 м кейін өлшейді.
Азимутты соңғы анықтауды шеген құбырлар бағанының башмағынан төмен (10 м кем емес), ал вертикальдан ауытқу бұрыштарын өлшеуді көрсетілген интервалдардан кейін кондукторда жалғастырады. Инклинометрлік өлшеу нүктесінің тереңдігін есептеуіш бойынша анықтайды.
78. Инклинометрлік анықтаулар процесінде бақылау өлшемдерін:
ұңғыма забойының жанында;
әрбір 10 өлшеуден кейін;
ауытқу бұрышы мен азимуттың күрт өзгеретін жерлерінде жүргізеді.
Қайта инклинометрлік өлшеулер кезінде алдыңғы өлшеудің 3 кем нүктелерін жабады. Ауытқу бұрыштарындағы және азимуттардағы айырмашылықтар 7-кестеде көрсетілген шақтамалардан артық бола алмайды.
79. Оларда өлшеулер бөліктер бойынша 4-5 рет жүргізілген, ауытқу бұрыштары 10° артық ұңғымаларда, бұрғылауды аяқтаған соң 10 м кейінгі интервалмен және бұрыш пен азимуттың күрт өзгеру учаскелерінде нүктелерді 5 м дейін жиілетумен барлық ұңғыма бойында инклинометрмен өлшеулер жүргізеді.
80. Тігінен және азимуттардан ауытқу бұрыштарының негізгі және қайта мәндері арасындағы айырмашылықтар 7-кестеде келтірілген мәндерден артық бола алмайды.
7-кесте
Тігінен және азимуттан ауытқу бұрышының рауалы айырмашылықтары
Тігінен ауытқу бұрышы |
Жол берілетін айырмашылықтар (градус) | |
тігінен ауытқу бұрышы: |
азимуттың | |
2° 2-5 5-Ю Ю-50 50 жоғары |
1 I I 2 4 |
- 20 10 10 10 |
81. Негізгі және қайта инклинометрлік өлшеулер деректерін ауытқу бұрыштарын және ұңғыма діңі бағытының азимуттарын өлшеу журналына енгізеді.
82. Өлшеулер нәтижелерін өңдеудің алдында қайта өлшеулер деректерін пайдаланып, олардың дәлдігін бағалауды мына формула бойынша жүргізеді:
m =
m-жеке өлшеудің орташа квадраттық қатесі;
d-қосарлы өлшеулер арасындағы айырмашылық;
n-қосарлы өлшеулер саны.
83. Жоғарыда келтірілген талаптарды қанағаттандыратын, инклинометрлік өлшеулер деректерін далалық журналдан инклинометрлік өлшеулерді өңдеу журналына көшіріп жазады (8-қосымша).
Негізгі және қайта өлшеулер деректері бар учаскелер үшін, журналға олардың орташа мәндерін жазады. Онда азимуттарды өлшеуді жүргізбейтін, ұңғыманың саға маңындағы учаскесінде (кондукторда), азимут кондукторға жақын нүктелерде екі өлшеудің ортаңғысына тең мәнін, ұңғыманың көрсетілген интервалының төменгі жартысына таратады.
Ұңғыма учаскесінің жоғарғы және төменгі шекараларындағы өлшеулер бойынша әрбір интервал үшін ұңғыма осінің және азимутының ауытқу бұрышының орташа мәндерін анықтайды.
84. Тереңдіктерді және тігінен ауытқу бұрыштарын өлшеу деректері бойынша ұңғыма оқпанының тігінен ауытқуы үшін түзетуді және ұңғыманың тігінен тереңдігін есептейді.
Ұңғыманың жеке интервалының тігінен ауытқуы үшін түзетуді (Δi) мына формула бойынша есептейді
Δi=li-li cosθ,
мұнда l i -интервал ұзындығы;
θi -интервалдың вертикальдан ауытқу бұрышы.
Ұңғыма осінің вертикальдан ауытқуы үшін түзетуді тігінен ауытқудың 1° артық бұрышы кезінде есепке алады.
Δi түзетулерін инклинометрлік өлшеулерді өңдеу журналына және онда көрсетілген тереңдіктеріне сәйкес каротаждық диаграммаларға жазады.
Ұңғыма осінің тігінен ұңғыманың белгілі тереңдігіне ауытқуы үшін түзетуді ΔLi интервалдық түзетулерді қосындылаумен мына формула бойынша анықтайды
n
ΔLi = ∑Δli
1
85. Ұңғыманың кез келген нүктесінің оның сағасынан тік тереңдігі (Н) екі тәсілмен анықталуы мүмкін:
1) ұңғыманың сағасынан берілген нүктеге дейінгі учаскесінің өлшенген L ұзындығынан ұңғыма осінің тігінен ауытқуы үшін жиынтық түзетуді ΔL шегеру жолымен:
Н= L – ΔL = L - ∑Δli
2) интервалдық тік құраушыларды мына формула бойынша қосындылаумен:
n
H = ∑ hi
1
мұнда H-өлшеу интервалының тік проекциясы;
n-өлшенген интервалдар саны.
3-4-параграф. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнын анықтау
86. Ұңғыма оқпанының горизонталь проекциясын (инклинограмманы) инклинометрлік өлшеулер нәтижелері бойынша салады. Инклинограммалар салуды 1:100, 1:200, 1:500, 1:1000 және 1:2000 масштабтарында жүргізеді. Инклинограмма масштабын жоспарда тігінен ауытқыған ұңғыма интервалдарының проекциялары 0,3 см кем емес болатындай есеппен таңдайды. Инклинограмма координаталарының басы үшін ұңғыма сағасын қабылдайды.
2° кем ауытқу бұрыштары бар ұңғымалар интервалдарын тік деп санайды.
Инклинограммаларды келесі тәсілдердің біреуімен салады:
1) дирекциялық бұрыштар (αi) және ұңғыма интервалдарының горизонталь жазықтыққа проекциялары (Si) бойынша геодезиялық транспортирдің және масштабтық сызғыштың көмегімен; горизонталь проекцияның шамасын (Si) мына формула бойынша есептейді Si_=li sin θi немесе кестелер бойынша анықтайды.