Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:37, курсовая работа
Бұл методикалық ұсынымдар техникалық нормаларға сәйкес мұнай және газ кен орындарын (шоғырларды) іздеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер кезінде, сондай-ақ жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезінде орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды анықтайды.
(а) формуласы-геодезиялық негізгі пункттері арасындағы жүрістер үшін, ал (б) формуласы-тірек және тораптық нүктелер арасындағы жүрістер үшін, тораптық нүктелер немесе жұмыстық негіздеме пункттері арасында салынатын жүрістер үшін.
48. Байланыстыру жүрістеріндегі үйлеспеушіліктердің абсолют шамалары шекті қателердің қосарлы мәнінен артық бола алмайды, ал салыстырмалы үйлеспеушіліктер, артық емес:
1) теодолиттік жүрістерде 1:500-1:2000 (сызықтық өлшеудің анықталған дәлдігіне сәйкес);
2) тахеометрлік жүрістерде-1:300.
2-4-параграф. Бағдарлы бағыттарды бөлу
49. Жергілікті жерде бағдарлы бағытты ротор центрінен бекітілген нүктеге дейін бөлу және оның магниттік азимутын немесе дирекциялық бұрышын анықтау ұңғымаларды көлбеу бұрғылау кезінде орындалады. Бағдарлы бағыттар ретінде ротор үстелінен жақсы көрінетін тұрақты заттарды таңдау ұсынылады.
50. инклинометрлерді тексеру үшін бағдарлы бағыттар инклинометрлерді партия базасынан ұңғымаға дейін тасымалдау оның сенімді жұмысын қамтамасыз етпеген жағдайларда ғана (үлкен ара қашықтықтар, нашар жолдар) ұңғыманың жанында бөлінеді.
Бағдарлы бағыттарды инклинометрдің магниттік жүйесіне металл ғимараттардың әсері болмайтын жерлерді бөледі.
Бағдарлы бағытты бөлу уақытша центрді салудан тұрады, одан теодолиттің дұрысталған буссолінің көмегімен жақсы көрінетін жергілікті затқа магниттік азимут анықталады.
2-5-параграф. Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау
51. Ұңғымалар сағаларының (ротор үстелінің жоғарғы жазықтығы мен жердің) биіктіктері геометриялық, тригонометриялық, барометрлік нивелирлеу әдістерімен немесе топографиялық карталар бойынша анықталады.
Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау әдісі төмендегілерге байланысты анықталады:
1) биіктіктерді анықтаудың талап етілетін дәлдігіне;
2) байланыстыру жүрісінің ұзындығына;
3) жергілікті жер жағдайларына және жұмыстарды жүргізу шарттарына;
4) құрал-саймандардың бар болуына.
52. Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтауды техникалық нивелирлеумен орындайды. Техникалық нивелирлеу үшін электрондық (цифрлық) және оптикалық нивелирлерді және берілген дәлдікті қамтамасыз ететін рейкаларды қолданады.
Техникалық нивелирлеу жүрістерін алғашқы реперлердің арасында тура және кері бағытта төсейді; тура және кері бағыттарда аспалы жүрістерді төсеуге рұқсат етіледі. Рейкаларға дейінгі ара қашықтықтарды, мүмкіндігінше, тең етіп, 150 м аспайтындай қабылдайды. Рейкалардың қызыл және қара қабырғалары бойынша немесе аспаптың екі горизонты кезінде анықталған биік айырымдардың айырымы, 5 мм артық емес. Жүрістің рауалы үйлеспеушілігі мына формула бойынша есептеледі:
мұнда L-жүрістің шекті ұзындығы (км)-мына формула бойынша:
L=
мұнда Δш -ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтаудың шекті қатесі. 1 км жүріске станциялардың саны 25 болғанда жүрістегі үйлеспеушілігі мына формула бойынша есептеледі:
f=10
мұнда n-жүрістегі станциялар саны.
Үйлеспеушіліктердің абсолют мәні ретінде белгіленген шекті қателердің қосарлы мәнінен артық емес мәніне рұқсат етіледі.
53. тригонометриялық нивелирлеуді орындау кезінде оптикалық және электрондық теодолиттер және 30" төмен емес есептеу дәлдігімен тік дөңгелегі бар тахеометрлер пайдаланылады.
Жүріс нүктелері арасындағы тік бұрыштар тура және кері бағыттарда анықталады. Төселетін жүрістің дәлдігіне байланысты тік бұрыштарды шағылыстырғышы бар және шағылыстырғышы жоқ электрондық аспаптармен, сондай-ақ оптикалық аспаптармен-әрбір бағытта бір-біріне 5 м жақын емес орналасқан рейканың бір маркасы немесе екі маркасы бойынша өлшейді.
Тура және кері жүрістегі биік айырымдар арасындағы немесе рейканың екі маркасы бойынша алынған, биік айырымның екі мәні арасындағы айырмашылықтар, арақашықтықтың әрбір 100 м сайын 4 см аспайды.
54. Аспаптан рейкаларға дейінгі арақашықтықтарды аспапты қыл жіпті немесе лазерлік қашықтық өлшеуішпен анықтайды. Қабырғалары 250 м артық болғанда олардың ұзындығын бөліктері бойынша анықтауға болады.
Жергілікті жердің 10° дейінгі көлбеу бұрыштарында тригонометриялық нивелирлеу жүрістерін аспапты нүктеге қою арқылы төсеуге рұқсат беріледі. Егер көлбеу бұрыштары 10° жоғары болса, онда биік айырымдарды тура және кері бағыттарда өлшейді.
55. Аса жоғары класты нивелирлеу таңбаларының арасындағы тригонометриялық ниверлирлеу жүрістерінің немесе тұйықталған полигонның есептік шекті ұзындығын (Lш, км) және рауалы үйлеспеушіліктерді мына формулалар бойынша анықтайды:
1) рейканың екі маркасына өлшенген, көлбеу бұрыштары бар жүрістер үшін
2) рейканың екі маркасына өлшенген, көлбеу бұрыштары бар жүрістер үшін
L1 -жүрістің ұзындығы, км; Δпр.см-биіктіктерді анықтау қателерінің шекті мәндері.
56. Электрондық тахеометрлерді пайдалану арқылы төселетін, тригонометриялық нивелирлеу жүрістерінің ұзындығын 10 км артық емес етіп қабылдайды; тура және кері жүрістегі биік айырым айырмашылығының-0,01 l артық емес, ал үйлеспеушіліктің 0,01 L артық емес болуына жол беріледі, мұнда l-қабырғаның ұзындығы, м, ал L-жүрістің ұзындығы, км; n-қабырғалар саны.
Нивелирлік жүрістердің шекті үйлеспеушіліктері 2-кестеде көрсетілген, ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау қателерінің екі еселенген мәндерінен артық бола алмайды.
57. Ұңғымалар биіктіктерін геодезиялық қиылыстырулар және триангуляциялық құрылыстар қабырғалары бойынша тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықтау келесі талаптарды сақтаумен орындалады:
1) биік айырымдарды екі екі қабырғалыдан немесе үш бір қабырғалыдан кем емес бағыттар бойынша анықтайды;
2) қабырғалардың ұзындықтары-дәл оптикалық және электрондық теодолиттермен және тахеометрлермен жұмыс істегенде 10 км артық емес және дәлдігі аз (30") аспаптармен жұмыс істегенде 5 км артық емес болып қабылданады;
3) тік бұрыштарды дөңгелектің екі қалпында екі тәсілмен өлшейді;
4) станцияда нөл орнының ауытқуы 30" аспайды;
5) II-топ ұңғымалары үшін (2-кесте) жеке берілістерден алынған биіктіктердің айырмашылықтарына барлау ұңғымалары үшін 1,0 м артық және алаңдарда және кескіндер бойынша орнатылатын, құрылымдық іздеу ұңғымалары үшін 2,0 м артық өлшемге жол берілмейді;
6) аспаптың және көздеуіш нысананың биіктігі екі рет таспамен, рулеткамен, лазерлік қашықтық өлшеуішпен немесе аналитикалық тәсілмен өлшенеді; екі нәтиженің айырмашылығы 10 см аспайды.
58. Топографиялық карталар талап етілетін дәлдікті қамтамасыз етпеген, ал басқа геодезиялық әдістер экономикалық аз пайдалы болатын жағдайларда, ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау үшін барометрлік нивелирлеу қолданылады.
Барометрлік нивелирлеудің негізгі тәсілдері мыналар болып табылады:
1) бір станцияға тірегі бар полигондар тәсілі;
2) жылжымалы станция тәсілі;
3) тірек станциялар тәсілі.
59. Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін анықтау үшін барометрлік нивелирлеу геофизикалық барлау кезінде топография-геодезиялық жұмыстарды жүргізу бойынша қолданылып жүрген нұсқаудың талаптарына сәйкес орындалады.
60. Ұңғымалар сағаларының биіктіктерін топографиялық карталар бойынша анықтау, карталар масштабы және бедердің горизонтальдармен қиылысуы жобамен талап етілетін дәлдікті қамтамасыз еткен жағдайда орындалады.
Ұңғымалар сағасының биіктігін анықтаудың орташа квадраттық қатесі 30-тармақта келтірілген формула бойынша есептеледі.
61. Бұрғылау жабдығын бөлшектеу кезінде ротор үстелінің жоғарғы жазықтығының биіктігі тригонометриялық, геометриялық нивелирлеумен немесе арақашықтықтарды рулеткамен екі мәрте өлшеумен фланецке және жерге 1 см артық емес қатемен беріледі.
Рулеткамен өлшеуді бұрғылау шебері және геолог орындауы мүмкін және бұл жағдайда актімен ресімделеді (5-+қосымша). Актінің бір данасы ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорын маркшейдеріне жіберіледі.
62. Анықталған талаптарды қанағаттандыратын ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерін каталогқа енгізеді (6-қосымша). Ұңғымалар сағаларының жоспарлы-биіктіктік орнын (35-тармақ) қайта анықтаған кезде координаталар мен биіктіктер мәндерін түзету себебін көрсетіп, каталогқа қайта енгізеді.
Сондай-ақ каталогқа забойдың орналасқан орны туралы деректерді (дирекциялық бұрыш, арақашықтық) және қажет болғанда негізгі өнімді қаттарды (горизонттарды) енгізеді.
63. Ұңғыма сағасының планды-биіктіктік орнын анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесінде келесі материалдарды беру ұсынылады:
I) ұңғыма сағасын байланыстыруды орындауға өкім (тапсырма);
2) маркшейдерлік-геодезиялық негіз пункттері түсірілген, ұңғыманы планды және биіктіктік байланыстыру сұлбасы;
3) далалық өлшеу журналдары, ал графикалық байланыстыру тәсілінде-кроктар;
4) бағдарлы бағыттарды бөлу мен бекітуге арналған материалдар;
5) орындалған жұмыстардың дәлдігін бағалау арқылы координаталар мен биіктіктерді есептеу және теңестіру ведомостері;
6) ұңғыма сағасының координаталары мен биіктіктері;
7) техникалық есеп (объектідегі жұмыстар аяқталған соң).
3-параграф. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнын анықтау
3-1-параграф. Негізгі талаптар
64. Ұңғыма осіне тән нүктелердің кеңістіктік (жоспарлық және биіктік) орнын анықтау бойынша жұмыстар төмендегіден тұрады:
1) ұңғыма тереңдігін, ұңғыма осінің вертикалдан ауытқу бұрыштарын өлшеуден және азимуттарды өлшеуден;
2) ұңғыма діңінің вертикальдан ауытқығаны үшін тереңдікке түзетулерді, ұңғыма интервалдарын тігінен және көлбеу құраушыларды, ұңғыма діңінің жеке нүктелерінің жоспарлы және биіктіктік орнын, сондай-ақ тау жыныстарының бұрғыланған қатқабатын құрайтын, нысаналы және басқа горизонттардың ұңғымамен қиылысу нүктелерін анықтау үшін аналитикалық есептеулерден және кестелік салулардан.
Көрсетілген жұмыстар ұңғыманы өткізу процесінде де, бұрғылау жұмыстары аяқталған соң да орындалады.
65. Ұңғыма діңіне тән нүктелердің биіктіктік белгілерін және жоспарлық орнын анықтаудың сағаға қатысты рауалы қателері 4 және 5-кестелерде келтірілген.
Ұңғымадағы тереңдіктерді, тігінен ауытқу бұрыштарын және азимуттарды өлшеу сенімділігін бағалау рауалы айырмашылықтармен екі және одан көп мәрте өлшеу арасындағы айырмашылықтарды салыстыру жолымен жүргізіледі.
66. Ұңғыманы өткізудің дұрыстығын бақылау бұрғыланатын ұңғыма оқпанының нақтылы орнын өлшеуден тұрады.
4-кесте
Ұңғымаға тән нүктелердің белгі
жол берілетін қателері
Ұңғыма тереңдігі, км |
Жол берілетін қателер, м | |
Платформалы облыстар |
Қатпарлы облыстар (қаттарының көлбеу бұрыштары 20º артық болғанда) | |
I дейін |
1,6 |
1,8 |
1-2 |
2,3 |
2,5 |
2-3 |
2,9 |
3,2 |
3-4 |
3,6 |
4,0 |
4-5 |
4,2 |
4,6 |
56 |
5,6 |
6,0 |
6-жоғары |
7,2 |
7,6 |
5-кесте
Ұңғымаға тән нүктелердің планд
жол берілетін қателері
Ұңғыма № |
Жол берілетін қателер, м | ||
Платформалы облыстар |
Күрделі дислокациялар болмағандағы қатпарлы облыстар |
Тұзды-күмбезді және күрделі дислокацияланған қатпарлы аудандар | |
10,0 14,0 16,0 18,0 20,0 22,0 24,0 |
6,0 8,0 10,0 12,0 14,0 16,0 18,0 |
5,0 7,0 9,0 10,0 12,0 14,0 16,0 |
3-2-параграф. Ұңғыма тереңдігін өлшеу
67. Ұңғыма тереңдігін өлшеуді бұрғылау процесінде кезең сайын жүргізеді: забойлық керндерді іріктеу, каротаж жүргізу, инклинометрлік өлшеулер жүргізу, температураны өлшеу, грунттарды бүйірлік грунт тасығыштармен іріктеу және басқа жұмыстар кезінде.