Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:37, курсовая работа
Бұл методикалық ұсынымдар техникалық нормаларға сәйкес мұнай және газ кен орындарын (шоғырларды) іздеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер кезінде, сондай-ақ жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезінде орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды анықтайды.
18) қауіпті геомеханикалық және геодинамикалық процестердің мүмкінді айқын болу шекаралары және оларды ескерту бойынша шаралар.
130. Геодинамикалық полигонның жобалық құжаттамасы төмендегілерді қамтамасыз етеді:
1) геодинамикалық полигондарды (бақылау станцияларын) салу және деформациялық процестердің маркшейдерлік-геодезиялық мониторингін қою жолымен зерттелетін нүктелерде ығыстырудың горизонталь және вертикаль құраушыларын сандық бағалауды;
2) кен массивінің динамикалық тепе-теңдігі бұзылған кезде гравитациялық және магниттік өрістердің өзгеру заңдылықтарын зерделеуді;
3) кен орындарының
геологиялық құрылысын және
4) коллектор қаңқасының және оны сыйыстырушы тау жыныстарының және қысушы кернеулердің тең компонентті емес өрісіндегі шоғыр үстіндегі кен массивінің барлық қатқабатының кернеулі-деформацияланған күйін зерделеуді;
5) гидрогеологиялық зерттеулерді.
131. Реперлерді бақылаулар сызықтары бойынша салу жиілігін 300-500 м тең етіп қабылдайды. Болжанатын тектоникалық бұзылыстар аймағында реперлерді 100 м кейін салады. Жер астындағы коммуникациялар дәлізінің бойындағы реперлер арасындағы интервалды 100 м тең етіп белгілейді.
132. Кен орнын қазу тоқтатылған соң және қауіпті деформациялар кезеңінен кейін орындалған, соңғы екі-үш өлшеу бойында горизонталь және вертикаль жылжымалардың мәндері өлшеулер қателіктерімен өлшемдес болғанда, бақылауларды тоқтатады.
133. Геомеханикалық және геодинамикалық процестерді орындалған бақылаулар бойынша материалдарға мыналар кіреді:
1) бақылаулар торабы пункттерінің координаталары мен биіктіктерінің каталогы;
2) далалық нивелирлеу журналдары, сондай-ақ бұрыштарды, сызықтар ұзындықтарын және тұстамалық байқауларды өлшеу журналдары;
3) бұрыштарды және сызықтардың ұзындықтарын нивелирлеудің, өлшеудің атқарушы сұлбалары; есептеу журналдары;
4) биіктіктердің абсолют мәндерінің, өлшенген арақашықтықтардың, тұстамалық айырымдардың, горизонталь бұрыштардың жазылған мәндерімен әрбір кескіндің сызық бойынша масштабтандырылған сұлбалар;
5) техникалық есеп.
Тапсырушыға берілетін материалдардың тізбесі техникалық тапсырмамен нақтылануы мүмкін.
___________________