Мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша әдістемелік ұсынымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:37, курсовая работа

Описание работы

Бұл методикалық ұсынымдар техникалық нормаларға сәйкес мұнай және газ кен орындарын (шоғырларды) іздеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер кезінде, сондай-ақ жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезінде орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды анықтайды.

Файлы: 1 файл

М-най ж-не газ кен орындарын іздеу, барлау ж-не -азу кезіндегі м.doc

— 472.50 Кб (Скачать файл)

Дөңгелек номограммалардың көмегімен-инклинометрлік өлшеулер интервалдарының шамалары (li,), дирекциялық бұрыштар (αi) және тігінен ауытқу бұрыштары (θi) бойынша;

2) мына формулалар бойынша есептелетін, ұңғыма осі нүктелерінің       (Х, У) координаталары бойынша:

                                                                           к                            к

Xк = X0+∑Δхi  = X0+∑Si cosαi

                                                                           i =1                       i=1

 

    к                        к

Ук0+ ∑Δуi  = У0+∑Si sinαi

  i=1                 i=1

мұнда Х0, У0 -ұңғыма сағасының координаталары; Δхi, Δуi-координаталар өсімшелері; Si-ұңғыма интервалының горизонталь жазықтыққа проекциясы;         αi-дирекциялық бұрыш.

87. Инклинограммада абсциссалар және ординаталар діңінің бағытын сағаның екі жағынан 10 см кем емес етіп көрсетеді; инклинограмма масштабын және ұңғыма забойының горизонталь жазықтықта ауытқуын көрсетеді; ауытқудың дирекциялық бұрышы.

Инклинограммаға оны құрастырушы, партия бастығы және кәсіпшілік-геофизикалық ұйымының бас (аға) геологы қол қояды.

Оқпанның тік проекциясын 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабтарында салады.

Ұңғыманы бұрғылауды жобалық мәнге тең немесе одан елеусіз шамаға (8° дейін) ерекшеленетін азимутта жүргізген жағдайларда, ұңғыма осінің вертикаль проекциясын ұңғыманың қисаю жазықтығында салады.

88. Ұңғыма осінің вертикаль проекциясын салуды мына формулалар бойынша есептелетін, ұңғыма интервалдарының жиынтық, вертикаль (Н) және горизонталь (S) проекциялары бойынша жүргізеді:

                                                   n            n                                              n          n

Н = ∑h i = ∑ li cos θi ;        S = ∑Si = ∑ li sinθi

                                              1              1                                           1             1

Егер нақтылы азимут жобалық азимуттан едәуір ерекшеленсе, горизонталь проекция шамасына, онда проекцияларды салу шешілген жазықтық азимутының және ұңғыманың берілген нүктедегі нақтылы азимуты арасындағы бұрыштың ω косинусына тең түзетуді енгізеді. Онда горизонталь проекцияға арналған формула мына түрді қабылдайды:

Si =li sinθi cos ω i

Кескінді салу жазықтығының азимуттық орны, ұңғыманың және аршылатын мұнай қатының өзара орны ең аз бұзылатындай етіп таңдалады.

89. Құрылымдық карталарды, мұнай жапсарының карталарын салу үшін және шоғырларды геометрияландырумен байланысты, басқа міндеттерді шешу үшін ұңғымалардағы геологиялық қимаға тән нүктелердің белгілерін анықтайды. Ұңғыма осіне тән нүктелердің белгілерін (Z) мына формула бойынша анықтайды:

Z = Z у-(L - ΔLi ),

 

мұнда Z у-ұңғыма сағасының белгісі, м;

L-ұңғыманың сағадан берілген нүктеге дейінгі тереңдігі, м;

ΔLi-ұңғыма осінің тігінен берілген тереңдікке ауытқуы үшін жиынтық түзету, м.

 

 

 

 

3-5-параграф. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнының

қателерін анықтау

 

90. Барлық ұңғыма бойында көп мәрте тәуелсіз өлшеулер бар болғанда пландық орынды (Мпл) анықтау қатесін әрбір инклинометрлік өлшеу нәтижелері бойынша алынған жеке нүктелер орнының ортаңғы (ықтимал) орнынан ауытқулары бойынша есептейді. Оқпан нүктесінің ықтимал орны былай табылады:

1) нүктені екі мәрте анықтау кезінде-екі өлшеу деректері бойынша алынған, екі нүктені қосатын кесіндінің ортасында;

2) көп мәрте анықтау кезінде-көп мәрте анықтау нәтижесінде алынған нүктелерді тізбекті қосқан кезде құрылған фигураның ауырлық центрінде.

91. Ұңғыма осіне тән нүктелердің пландық орнын (Мпл) анықтау қатесі ұңғымадағы өлшеу қателерімен (Мпл.өлш) және ұңғыма діңінің горизонталь проекциясын графикалық салу қателерімен (Мпл.гр) себептеледі және мына формула бойынша анықталады:

Мпл.=±

 

Ұңғымадағы өлшеулер қателерімен (Мпл.өлш) себептелген, ұңғыма осіне тән нүктелердің пландық орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесі мына формула бойынша анықталады:

 

Мпл.өлш.=∑ li2 cos θi mθ2+∑ li2 sin θi2 m2А ,

 

мұнда li-инклинометрлік өлшеу интервалы;

θi-ұңғыма діңінің вертикальдан ауытқу бұрышы;

mθ; mА -сәйкес түрде ауытқу бұрышын және азимутты өлшеудің орташа квадраттық қателері, радиандармен өрнектелген.

Пландық орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесінің шамасын Мпл.өлш арнайы номограмма бойынша, сәйкес түрде: ұңғымаға тән нүктенің тереңдігі, өлшеу интервалы және ұңғыманың зерттелетін учаскесінің вертикальдан ауытқуының ортаңғы бұрышы бойынша анықтауға болады           (9-қосымша).

92. Планды графикалық салу қателерімен (Мпл.гр.) себептелген, ұңғыма осі нүктелерінің жоспарлық орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесі мына формулалар бойынша есептелуі мүмкін:

геодезиялық транспортирдің және масштабтық сызғыштың көмегімен салу кезінде

М пл.гр. = ± 0,4 мм N

;

дөңгелек номограмманың көмегімен салу кезінде

Мпл.гр.= ± 0,7 мм N

,

мұнда N-масштабтың бөлгіші;

n-салу интервалдарының саны.

Мпл.гр. шамасы номограмма бойынша (10-қосымша) салу интервалдарының саны және масштабы бойынша.

Координаталар бойынша инклинограмманы салған кезде ұңғыма діңінің кез келген нүктесі орнының орташа квадраттық қатесін (Мпл.гр) мына формулалар бойынша есептейді:

1) ЛБЛ немесе Дробьшев сызғышының көмегімен тіктөртбұрышты координаталық торды салған кезде

Мпл.гр..=±0,2 мм

N:

2) миллиметрлік қағазда инклинограмманы салған кезде

Мпл.гр.=±0,4 мм N .

93. Геологиялық қима нүктелеріне тән жоспарлық орынды анықтаудың орташа квадраттық қателері 6-кестеде көрсетілген, рауалы мәндерден жоғары бола алмайды.

94. Жиынтық вертикаль құраушының және жиынтық горизонталь құраушының бөліну қателерімен себептелген, тік проекцияның кез келген нүктесін салудың орташа квадраттық қатесі салу тәсілі мен масштабына байланысты болады және мына формула бойынша есептеледі:

Мв.гр. = ± α

,

мұнда α-бір шаманы (Н немесе S) салу дәлдігі.

Сызбалық қағазда масштабтық сызғышты пайдалану арқылы вертикаль проекцияны салған кезде "α" шамасы-0,2 мм тең, миллиметрлік қағазда-           "α" 0,4 мм тең етіп қабылданады.

95. Ұңғыма діңіне тән нүктелердің белгілерін анықтаудың орташа квадраттық қатесін (Мz) берілген алаң үшін мына формула бойынша есептейді:

Мz=

,

мұнда mzy-ұңғыма сағасының белгісін анықтау қатесі;

mL-тереңдікті анықтау қатесі;

mш.-тау жыныстарын каротаждық диаграмма бойынша бөлу шекарасын шыңдау қатесі.

mL және mш қателерінің мәндерін барлық аудан үшін берілген аудан ұңғымаларының жалпы санынан 3-5 % құрайтын, ұңғымалар саны кезінде ұңғымалардағы өлшеулер негізінде, бірақ кем дегенде 5 ұңғыма бойынша анықтайды.

mzy қатесін ұңғымалар сағаларының биіктіктік орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесіне тең етіп қабылдайды.

mL қатесін негізгі және қайта өлшеулер арасындағы айырмашылықтар бойынша есептелген, жеке ұңғымалардағы тереңдіктерді өлшеудің орташа квадраттық қателерінің мәндерінен орташасы ретінде анықтайды.

mотб. қатесін төмендегі формула бойынша анықталатын, жеке ұңғымалардағы нысаналы горизонтты шыңдаудың орташа квадраттық мәндерінен орташасы ретінде есептейді:

mотб.=

δ-каротаждық диаграммаларда тереңдіктің орташа мәнінен зондтардың әр түрлі типтерімен тіркелген, нысаналы горизонт тереңдігінің ауытқуы;

n-зондтар саны.

Ұңғыма діңіне тән нүктелердің белгілерін анықтаудың шекті қатесі                4-кестеде келтірілген шақтамалардан жоғары бола алмайды.

96. Ұңғымадағы геологиялық қимаға тән нүктенің белгілерін анықтаудың орташа квадраттық қатесі номограмма бойынша ұңғыма тереңдігіне, өлшеу интервалына және ұңғыманың зерттелетін учаскесінің вертикальдан ауытқуының ортаңғы бұрышына сәйкес, 6 және 7-кестелерде келтірілген, ұңғымадағы өлшеулерге қойылатын талаптарды орындау шартында                 (11-қосымша) анықталуы мүмкін.

97. Берілген алаңның геологиялық тілігіне тән нүктелердің жоспарлы-биіктіктік орнын анықтау дәлдігін бағалауды бірдей тереңдігі мен кескіні бар әрбір топтың кем дегенде үш ұңғымасы бойынша жүргізеді. Алаңда 10 кем ұңғыма бар болғанда барлық  ұңғымалар бойынша анықтау жүргізеді.

 

 

3-тарау. Мұнай мен газ кен орындарын қазу кезіндегі

маркшейдерлік жұмыстар

 

98. Кен орындарындағы, жер астындағы көмірсутек шикізаты қоймаларындағы, барлау алаңдарындағы немесе жеке учаскелердегі маркшейдерлік жұмыстар кешенін ұйым жетекшісімен бекітілген және анықталған тәртіпте келісілген, техникалық жобаға немесе жұмыстар бағдарламасына сәйкес орындайды.

99. Маркшейдерлік картографиялық құжаттамада мыналарды көрсетеді:

1) бедерді, гидрографияны, елді мекендерді және тағы басқа;

2) геодезиялық тораптарды;

3) барлау, өндіру ұңғымаларын және тағы басқалар;

4) магистральдық құбырларды;

5) инженерлік коммуникацияларды (план жүктемесіне байланысты);

6) компрессорлық станциялар және мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша өзге объектілер;

7) геологиялық ақпаратты (кен орнын қазу кезінде есепті талап ететін, геологиялық бұзылыстар мен ерекшеліктердің бар болуы).

Қажет болғанда планда забойды және ұңғымалар оқпандары діңдерінің горизонталь проекцияларын, қазу объектілерін бейнелеуге болады.

100. Кен орындарында болған барлық ағымдағы өзгерістерді тоқсан сайын маркшейдерлік-геодезиялық жоспарларға енгізеді.

Егер жергілікті жердегі топографиялық ситуация оның қолда бар кескінімен салыстырғанда 35 % артық өзгерсе, онда жаңа маркшейдерлік-геодезиялық түсіру жасайды. Картографиялық құжаттаманы толықтыру әуеде және жер үстіндегі лазерлік сканерлеу, аэрокосмотүсірімдер материалдары бойынша карталар салу негізінде жүзеге асырылатын болады.

101. Заттар планында түсірімдік негіздеудің жақын пункттеріне қатысты дәл кескіндері бар жергілікті жер контурлары орнының қателіктері-0,5 мм, ал жабық, қол жеткізу қиын болатын, таулы аудандарда 0,7 мм артық бола алмайды. Күрделі және көп қабатты құрылыс бар территорияларда нүктелердің өзара орналасуындағы шекті қателіктер 0,4 мм артық рұқсат етіледі.

102. Пландар мен карталардың дәлдігін контурлар орнының, горизонтальдар бойынша есептелген нүктелер биіктіктерінің айырмашылықтары бойынша бақылап өлшеу деректерімен бағалайды. Шекті ауытқулар қателіктердің үш еселенген мәнінен артық бола алмайды және бақылап өлшеудің жалпы санынан 10 % артық бола алмайды.

103. Кен-графикалық құжаттама қабылданған картографиялық проекцияларды есепке алғанда, мемлекеттік координаталар жүйесінде жүргізіледі. Жергілікті координаталар жүйесін пайдалану кезінде жергілікті координаталар жүйесінің кем дегенде үш пунктін мемлекеттік жүйеге байланыстыруды қосқанда, оны мемлекеттік торапқа келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмыстарды орындайды. Кен-графикалық құжаттама кешеніне 8-кестеде келтірілген материалдар кіреді.

 

 

8-кесте

 

Графикалық құжаттаманың атауы

Масштабы

Мазмұны

Жұмыстар жүргізу үшін қажетті көлемдерде кәсіпорын қызметі территориясының топография-геодезиялық зерделенгендігінің картограммалары

1:2000 000-1:50 000

Зерделенгендік шекаралары, мемлекеттік геодезиялық торап пункттері

Кәсіпорын қызметі тер-риториясының топогра-фиялық карталары

1:100 000-1:10 000

Топографиялық ситуация

Ұңғымалар сағалары мен забойларының орналасу пландары

1:50 000-1:2 000

Кен және геологиялық иеліктер, ұңғымалар сағалары мен забойлары, топографиялық ситуация

Қазылатын кен орындарының  маркшейдерлік-геодезиялық пландары

1:25 000-1:2 000

Геологиялық және кен иеліктері, жер учаскелерінің шекаралары, ұңғымалар, кен қазбалары, бақылау станциялары, ауыл шаруашылығының шекаралары

Коммуникациялар пландары, сұлбалары (қажет болғанда)

1:100 000-1:2 000

Геологиялық және кен иеліктері, жер учаскелерінің шекаралары, ұңғымалар, кен қазбалары, бақылау станциялары, ауыл шаруашылығының шекаралары

Өнеркәсіптік объектілер, өнеркәсіптік аймақтар және тағы басқа пландары

1:2 000-1:500

Деформацияларды бақылау үшін бақылаушы және тіректік реперлер

Фотопландар және аэрокосмотүсірімдер

   

Информация о работе Мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша әдістемелік ұсынымдар