Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:37, курсовая работа
Бұл методикалық ұсынымдар техникалық нормаларға сәйкес мұнай және газ кен орындарын (шоғырларды) іздеу, барлау және қазу процесінде бұрғылау ұңғымаларын салу кезінде, теңіздік кен орындарын қазуды қосқанда, маркшейдердік түсірімдер кезінде, сондай-ақ жер бетінің отыруын және үймереттер мен ғимараттардың деформацияларын бақылау кезінде орындалатын, маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстарды анықтайды.
104. Ұңғымалар сағаларының координаталары жобалық құжаттамамен негізделеді. Көлбеу ұңғымалар үшін әрбір өнімді горизонттың төбесі бойынша забойлардың координаталарын қосымша анықтайды.
Ұңғымалар сағалары мен забойларының жобалық координаталары жобалық құжаттамаға берілетін жеке қосымшаға енгізілуі мүмкін.
105. Ұңғымалар сағаларының орналасқан орнын натураға ауыстыруды, көлбеу ұңғымалар үшін забойды ығыстыру бағыттарын бөлуді және бекітуді жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізеді.
106. Ұңғымалар сағаларының жобалық орнын натураға ауыстыру бойынша жұмыстарға мыналар кіреді:
1) топография-геодезиялық, маркшейдерлік-геодезиялық және аэроғарыш материалдарын іріктеу;
2) жобаны натураға шығару үшін алғашқы геодезиялық деректерді дайындау;
3) ұңғымалар сағаларының жобалық орындарын натураға ауыстыру және жергілікті жерде бекіту;
4) кен орны ұңғымаларының сағаларын беруді құжаттандыру.
107. Ұңғымалар сағаларының жобалық орнын натураға ауыстырудың рауалы шекті қателері мемлекеттік геодезиялық торабының пункттеріне және жиілету тораптарына қатысты 1-кестеде келтірілген мәндерден артық бола алмайды.
108. Ұңғымалар сағаларының жобалық орнын натураға ауыстыру бойынша құжаттамаға мыналар кіреді:
1) ұңғымалар сағасының жобалық орнын натураға ауыстыруға арналған шешім, ал оның жобалық орнын ығыстырған кезде, бұл ығыстыруға рұқсат беретін құжат;
2) ұңғыманы бұрғылау үшін бөлінген алаңның маркшейдерлік планы, немесе ұңғыманың шығарылған және бекітілген сағасының абрисі;
3) ұңғымалар сағалары жатысының натураға ауыстырылған орындарын тапсыру құжаты;
4) далалық өлшеулер журналдары, есептеулер ведомостері, ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерінің каталогтары.
109. Ұңғымалар сағаларын пландық және биіктіктік байланыстыруды бұрғылау қондырғысын жинақтаудан кейін жүргізеді.
Координаталар мен биіктіктерді есептейді және ұңғымалар сағаларының координаталары мен биіктіктерінің каталогтарына енгізеді. Ұңғымалар сағаларының есептелген координаталары бойынша маркшейдерлік-геодезиялық жоспарларға түсіреді.
110. Ұңғымалар сағаларының пландық және биіктіктік орындарын анықтау қателіктерінің шекті мәндері мемлекеттік геодезиялық торап пункттеріне және 1 мен 2 разрядты жиілету тораптарына қатысты 2-кестеде келтірілген мәндерден артық бола алмайды.
Таулы және қиын қол жеткізілетін аудандарда 2 және 3 топ ұңғымаларының сағаларын анықтаудың шекті қателігі 50 % ұлғайтылуы мүмкін.
Ұңғымалар сағаларының бұтасын бұтадағы әрбір жеке ұңғыманың беру дәлдігін қамтамасыз ететін қателікпен жергілікті жерге ауыстырады.
111. Бұтадағы барлық ұңғымаларды бұрғылау аяқталған соң атқарушы түсіруді жүзеге асырады.
112. Ұйымның бас маркшейдері кем дегенде жылына бір рет ұңғымалардың жобалық бағыт бойынша өткізілуін таңдап бақылау жүргізеді.
Таңдап бақылау кезінде бір жылда бұрғыланатын ұңғымалардың жалпы санынан кем дегенде 5 % тексереді.
Таңдап бақылау нәтижелерін құжаттандырады.
113. Бұрғылау мұнарасын салу кезінде бақылап өлшеулерге мыналар жатады:
1) бөлу діңдерінің бекітілуін бақылау;
2) іргетастарды пландық және биіктіктік тексеру;
3) тіректік конструкцияларды (іргетас арқалықтарын, дизельдік агрегаттарының және басқа конструкциялардың рамаларын) жоспарлық және биіктіктік тексеру;
4) жабдықтарды пландық және биіктіктік тексеру;
5) шахталық бағыттың тіктілігін тексеру;
6) бұрғылау мұнарасының, ротордың және шахталық бағыттың діңдестігін тексеру.
114. Ұңғыма тереңдігін бақылап анықтауды каротаждық кабель бойынша инклинометрлік өлшеулер кезінде жүргізеді.
Бұрғылау бағанының ұзындығын анықтау кезінде және каротаждық кабель бойынша орындалған өлшеулердің нәтижелері арасындағы айырмашылық ұңғыманың оқпан бойынша өлшенген тереңдігінің 0,1 % артық емес рұқсат етіледі. Өлшеулер нәтижелерін бұрғылау журналында каротаждық диаграммада белгілейді.
Негізгі және қайта өлшеулер арасындағы тереңдіктерді анықтаудағы рауалы айырмашылықтар 6-кестеде келтірілген.
115. Ұңғыма оқпанының добалық кескін бойынша өткізілуін бақылауға мыналар жатады:
1) ұңғыма оқпанының бағытына тапсырма;
2) ауытқығышты бағдарландыру;
3) кеңістіктегі ұңғыма оқпаны осінің ағымдағы орнын тексеру (оны өткізу процесінде;
4) ұңғыма оқпаны осінің жобалық трассадан ауытқуын тексеру.
116. Мұнай-газ өндіру ұйымының бас (аға) маркшейдері тоқсанда бір рет инклинометрия журналын және ұңғымалар оқпанының дің нүктелерінің кеңістіктік орнын анықтау қателіктерін бағалаумен координаталарды есептеу материалдарын таңдап бақылау жүргізеді.
Кем дегенде жылына бір рет ұңғымалар инклинометриясын орындаған геофизикалық бөлімше және технологиялық бұрғылау қызметі өкілінің қатысуымен, ұйымның бас маркшейдері басқаратын комиссия, ұңғымалар оқпандары діңінің кеңістіктік орнын анықтау бойынша жұмыстарды таңдап бақылауды жүзеге асырады.
Бақылау нәтижелерін құжаттандырады.
117. Кен-геометриялық құрылыстарға мыналар жатады:
1) ұңғымалар сағалары мен забойларының пландары;
2) геологиялық кескіндік қималар, құрылымдық карталар;
3) көлбеу құрылымдық карталар; қаттардың вертикаль жазықтыққа проекциялары;
4) әр түрлі қалыңдықты, техногенді деформациялар, коллектордың кернеулі-деформацияланған күйінің және олардың үстіндегі тау жыныстары массивінің карталары.
118. Стратиграфиялық горизонттар, литологиялық жаралымдар беттерінің, стратиграфиялық үйлесімсіздіктің, тектоникалық айырылымдардың, каротаждық горизонттардың, сейсмикалық барлау кезіндегі шағылыстырушы горизонттардың изогипстердегі және басқа көрсеткіштердің графикалық кескінін білдіретін, құрылымдық карталарды кен орындарын игеру бойынша жұмыстардың барлық сатыларында құрастырады. Сондай-ақ техногенді деформациялар карталарын салады, оларға коллектордың тығыздалу, қысылу, сондай-ақ жер бетінің жылжу және олардың деформацияларының карталары жатады.
Барлық ақпаратты маркшейдерлік құжаттама негізінде (бірыңғай координаталар жүйесінде) көрсетеді.
4-тарау. Теңіздік мұнай және газ кен орындарындағы
маркшейдерлік жұмыстар
119. Теңіздік мұнай-газ кәсібіндегі маркшейдерлік жұмыстарға мыналар жатады:
1) жобалық ғимараттардың осьтері мен нүктелерін натураға шығару;
2) қалқымалы бұрғылау қондырғыларын бұрғылаудың жобалық нүктелеріне шығару;
3) құрылыс аяқталған соң кейіннен атқарушы түсіру арқылы теңіздік мұнай-газ кәсіптерінің құрылысын қамтамасыз ету және бақылау;
4) теңіздің мұнай-газ кәсіптері ғимараттарының деформациясын бақылау.
120. Теңіздегі пландық орнын анықтаудың негізгі құралы спутниктік радиогеодезиялық аппаратура болып табылады, ал теңіз түбін топографиялық түсіру және биіктіктік байланыстыру кезіндегі тереңдіктер өлшемдері эхолот болып табылады.
Тереңдіктерді өлшеудің орташа квадраттық қателері төмендегілерден артық емес болуы мүмкін:
1) 0,3 м-30 м дейінгі тереңдіктерде;
2) өлшенген тереңдіктің 1 % 30 м жоғары тереңдіктерде.
121. Теңіздік маркшейдерлік-геодезиялық тірек торап жағалауда, аралдарда, су бетінде және сулы қатқабатта, теңіз түбінде және гидротехникалық ғимараттарда дамытылады.
122. Жер үстіндегі тірек және теңіз пункттерінің координаталары, сондай-ақ спутниктік технологиялардың көмегімен алынатын координаталар алғашқы деректер болып табылады.
Оған тереңдіктердің барлық өлшемдері келтірілетін, өлшемдік горизонт тереңдік нолі болып табылады. Жағасынан шықпаған теңіздердегі, сондай-ақ жағасынан шыққан теңіздердегі тереңдіктер нөлі үшін жағасынан шығудың 50 см кіші орташа шамасында көп жылдық орташа деңгейді қабылдайды. Жағасынан шығудың 50 см тең немесе одан артық орташа шамасында, төмен теориялық деңгейді қабылдайды.
123. Теңіз кәсіптеріндегі мұнай мен газды іздеу, барлау, өндіру және тасымалдау кезінде объектілердің пландық орнын анықтаудың орташа квадраттық қателігі есептік карта (план) масштабында 1,0 мм артық емес рұқсат етіледі.
Күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жұмыс істегенде орташа квадраттық қателік есептік карта масштабында 1,2 мм дейін ұлғайтылуы мүмкін.
124. Теңіздік мұнай-газ кен орындары ғимараттарының деформацияларын бақылауды белгіленген тәртіпте келісілген, ұйым басшысымен бекітілген жоба (бағдарлама) бойынша орындайды.
Бақылаулар нәтижелерін құжаттандырады.
5-тарау. Жер бетінің ығысуын және мұнай мен газ кен орындарын
қазу кезінде үймереттер мен ғимараттардың
деформацияларын бақылау
125. Үстіңгі бет объектілерінің отыруын және деформацияларын бақылауды жобалық құжаттамаға сәйкес орындайды, онда мыналарды көрсетеді:
1) бақыланатын үймереттер мен ғимараттарды (үймереттер мен ғимараттар бөліктерін);
2) тірек пункттерінің және бақылау (деформациялық) реперлердің (маркалардың) орналасу сұлбасын;
3) бақылаулар кезеңділігін;
4) талап етілетін дәлдікті;
5) есептік құжаттар тізбесін.
Жол берілетін және сындық деформациялардың мәндері үймереттер мен ғимараттарды жобалаудың сәйкес нормаларымен, ғимараттарды және табиғи объектілерді кен орнын қазудың зиянды әсерінен қорғау ережелерімен, жабдықтарды техникалық пайдалану ережелерімен немесе жобалауға арналған тапсырмамен анықталады.
126. Бақылаулар нәтижелері бойынша төмендегілер ресімделеді:
1) техникалық есеп;
2) өлшеулер журналдары, есептеулер және дәлдік бағасымен теңестірулер ведомостері;
3) деформациялық маркаларды, алғашқы реперлерді, пландық таңбаларды орналастыру жоспары;
4) деформациялардың сандық мәндерін есептеу ведомостісі;
5) деформациялар кестелері;
6) отырудың изосызықтарының жоспары.
127. Объектілер деформацияларын бақылауды ығысу процесінің даму сатысына және өлшенген ығысулар мен деформациялардың сандық мәндеріне байланысты бақылаулар жиілігін мүмкіндігінше түзету арқылы жылына екі реттен сирек емес орындайды.
128. Маркшейдерлік жұмыстарды орындаудың техникалық жобасына (бағдарламасына) геомеханикалық, геодинамикалық процестерді бақылау жүйесін (геодинамикалық полигондарды) құру бойынша негіздеу және техникалық шешімдер кіреді.
129. Бақылаулар жүйесін құруға арналған жобалық құжаттаманы кен-геологиялық негіздеу негізінде құрастырады, оған мыналар кіреді:
1) кен орнының қысқаша геологиялық және кен-техникалық сипаттамасы; геодинамикалық полигонды құрылымдық салу;
2) жоғары дәлдікті жоспарлық және биіктіктік геодезиялық өлшемдердің кезеңділігін қосқанда, әдістемелер;
3) бақылаудың фотограмметрлік, геофизикалық және басқа әдістемелері; жалпыланған смета-қаржылық есептеу;
4) бүрғылау деректері, аэроғарыштық, сейсмикалық, магниттік және гравиметриялық түсіруді геологиялық дешифрлеу деректері бойынша оған түсірілген құрылымдық элементтері бар кен орнының геологиялық картасы;
5) өнімді қаттардың және жоғарыда жатқан барлық қатқабаттың геологиялық сипаттамасы бар кескіндік сызықтар бойынша қималар;
6) нақтылы бар және жобалық ұңғымалардың барлық қорын сипаттау арқылы кен орнын қазу картасы;
7) жылдар бойынша көмірсутектерді және сұйықтықтарды алу туралы деректер, сондай-ақ кен орнын қазудың басынан бастап қат қысымының ағымдағы сипаттамасы;
8) кен орнын 1:2000-1:10000 масштабтарда салудың маркшейдерлік-геодезиялық жоспарлары және топографиялық карталары;
9) оларға түсірілген елеулі объектілерімен, мемлекеттік және ведомстволық жоспарлық және биіктіктік геодезиялық тораптарды қосқанда, геодинамикалық полигон және тиесілі аудандар алаңының геодезиялық зерделенгендігінің 1:10000-1:100000 масштабты топографиялық карталары;
10) инфрақұрылымның басқа объектілерін де салу;
11) оған жобаланатын объектілер түсірілген, топографиялық карта (план) (1:25000-1:10000 масштабтарда);
12) кен орындарының 1:25000-1:100000 масштабтардағы геологиялық және құрылымдық карталары;
13) оған қолда бар және жобаланатын салу объектілері түсірілген топографиялық карта (план) (1:25000-1:10000 масштабтарда);
14) құрылымдық карта масштабындағы геологиялық қима; геодинамикалық полигонның жалпы сұлбасы;
15) грунтты сулардың деңгейін бақылау үшін су өлшеу постыларының (станцияларының);
16) гидрогеологиялық зерттеулер бағдарламасы;
17) тау жыныстары массивінің және жер бетінің деформацияларын, осы шамалардың өзгеру жылдамдықтарын сипаттайтын, ығысу векторларының горизонталь және вертикаль құраушыларын сандық бағалау;