Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

        - жеке балалармен арнайы жұмыс жургізу процесінде;

       - балалар тобымен  арнайы жұмыс жургізу процесінде;

       - тәрбиелік  іс-шаралар бағытында;

       - баланың ата-анасының  және басқа туыстарының қатысуын  қажет ететін  формада өткізуге  болады.

  Ауытқулармен  бұзылулар орталық жүйке жүйесінің  немесе психологикалық аурулардың  ағзалық зақымдануы болып табылмайтын  жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары  жүзеге асырыды және саралау  диагностикасының барысында белгілі  болатын  әкімшілік – тәрбиелік  сипаттағы қатаң  шараларды  қолдануды  талап  етпейді. Айқын ауытқулар  кезінде,  көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық  жақтары  жақтары  немесе ашық байқалғанда және  де психолог хабардарлығының  шекарасынан асып кеткен  жағдайда  ол тек сарапшы немесе кеңесші  ретінде сәйкес салалардағы  мамандармен  тартылады.

           Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне  әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі  салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің  арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.

 

2.2. Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі,  ғылыми-әдістемелік ұсыныстар.

1. Эксперименттік   зерттеу бөлімі:

Жоғары сынып оқушыларының  психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін зерттеу

Мақсаты: Оқушылардың психологиялық-педагогикалық даму  ерекшеліктері зерттеуде    әртүрлі әдістер жүргізу.

Жүргізілген орны: Алматы қаласының қазақ тілін дамыта оқыту гимназиясы мен 81мектеп оқушылары.

Зерттеу обьектісі: 14-16 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары.

 

 Әдістеме:   

    1. Педагогикалық зерттеулер ( сауалнама).
    2. Тейлер сауалнамасы (оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу тесті).
    3. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің деңгейін анықтау шкаласы (Ч. Спилберген және О.Л. Ханин бойынша)
    4. Тұлғаның А типін диагностикалайтын сауалнамасы.

             5. «Өзін-өзі тану» тренингі

 

 

Зерттеу пәні: Оқушылардың даму ерекшеліктерінің даму жағдайлары

Зерттеу мерзімі: 25 сәуір 2007 –10 наурыз  2007 ж

Зерттеудің  міндеттері:

        1. 14-16 жас 9-11 сынып оқушыларына зерттеу жүргізілді.
        2. Индивидувалды мәліметтерді өңдеу
        3. Зерттеу қорытындысын топтастыру және өзара салыстыру.
        4. Қорытынды.

 

Эксперименттің жүргізілу жолы:

1. Жалпы және этникалық  педагогика кафедрасының әдістемелік  кеңесінен бітіру жұмысы тақырыбы  "Қазіргі мектептегі педагог-психологтың қызметі "  бекітілгеннен кейін кафедра жолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының ғылыми зерттеу орталығына зерттеу жұмысын жүргіздім. Бірінші ғылыми жетекшіммен зерттеу тәжірибесінің бағдарламасы құрастырылды. Содан соң аталған білім мекемесіне барып аталмыш мәселе жөнінде ақпараттар жинап, кәсіби мамандығыма деген қызығушылығым туындап, осы проблемманы тыңғылықты зерттеуге шабытым туындады, әрі ізденуге мүмкіндіктер де туындады. Сонымен қатар төмендегі  ( сурет 3) бағдарлама негізінде іздену жұмыстарын атқардым. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу орталығында біздің проблемамызға жақын мәселелермен айналысатын бірнеше ғалымдармен және оларпдың еңбектерімен тереңірек танысып, сараптай келе өзіндік пікір қалыптасқанан байқадық.

 

БАҒДАРЛАМАСЫ              (сурет3)

 

Жұмыстың аталуы

Жүргізілу әдістері

Жүргізілген орны мен уақыты

1

 

 

Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының ғылыми зерттеу орталықтарымен танысу.

Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу орталығының мамандарымен, лабораторияларымен және кітапханасымен танысу.

 

2

Бітіру жұмысы алды практикасының мақсат міндеттерімен танысу.

Бітіру жұмысының мақсатымен танысып, ғылыми аппаратын құру үшін отандық әлемдік ғалымдар еңбегінің тізімін құру.

 

3

Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА-ның лаболаторияларының іс-әрекетімен танысып, бітіру жұмысының тақырыбына сәйкес бөлімдерге бөлу.

"Қазіргі мектептегі педагог-психологтың қызметі " атты бітіру жұмысы тақырыбына сәйкес ғылыми еңбектерді қарап, сараптау. 

 

4

Ғылыми зерттеу жұмысының  тақырыбына сәйкес секторлар мен отделдердің құжаттарымен танысу.

Зерттеу жұмысына сәйкес құжаттар мен тұжырымдамалармен танысу.

 

5

ҚБА-ның кітапханасында библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істеу.

Бітіру жұмысының тақырыптарына сәйкес ғылыми еңбектер мен қатар авторефераттар қарап зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын өңдеу.

 

 

 

6

Бітіру жұмысының тақырыбы негізінде теориялық бөлімінің материалдарын жүйелеу.

Зерттеу жұмысы негізінде теориялық бөлім бойынша ізденушілік қызмет атқарып, материалдар жинап, конспекті жасау.

 

7

Бітіру жұмысының эксперименттік бөліміне сәйкес материалдар қарау.

Зерттеу жұмысының эксперименттік бөліміне материалдар қарай отырып, айқындаушы эксперименттің жоспарын құру.

 

8

Бітіру жұмысының тақырыбына сәйкес келетін секторлар бойынша тәжірибелік материалдар жинау.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөліміне (айқындаушы және қалыптастырушы)  эксперименттер жүргізуге материалдар  қарап тізімін түзу.

 

9

Бітіру жұмысын қаншалықты деңгейде орындалғандығы жөнінде есеп құрастыру.

Зерттеу жұмысының теориялық және эксперименттік бөлімдеріне қаншалықты материал жинақталғанын сараптау.

 

10

Бітіру жұмысы алды практикада атқарылған іс-әрекеттер негізінде құжаттар дайындап, папкаға тігу.

Жиналған материалдарды өңдеп, сараптап, мазмұнын қолжазба күйінде алқашқы варианттын дайындау.

 

       Теориялық білімімізді басшылыққа ала отырып, эксперименттер жүргізуге көштік.

Біріншіден біз проблема етіп алып отырған жоғары сынып оқушыларының мазасыздану мәселесіне көз жеткізу үшін психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтауды жөн көрдік.

Оқушылардың даму ерекшеліктерін анықтау - тұлғалық қасиетері  үшін, ерекше маңызды, бұл қасиеттер   көптеген  субьектінің  мінез-құлқын шарттандырады. Әсіресе сессия кезеңінде студенттерде мазасыздану процесі басым болады. 

Мазасыздану деңгейінің анықтамасы  тұлғаның ерекше іс-әрекет табиғи және міндетті белсенділігі. Әр адамның  өзіндік  белсенділігі, ниеті, үрей деңгейі бұл қажетті мазасыздық деп саналады. Ситуативті және реактивті үрейді күй ретінде субьективтің бастан кешірген  эмоцияларымен  қысым, мазасыздық,   бойкүйездік, самарқаулықпен сипатталынады.  Бұл күй стрестік  ситуацияға эмоционалды  реакция ретінде туындап уақыттың интенсивтілігі мен динамикасының әртүрлілігіне байланысты болуы мүмкін.   Тұлға жоғары мазасыздық категорияларына тиісті, өзінің бағалауына, кең деңгейдегі өмір сүру әрекетіндегі   диапазондардағы  қауіптерді қабылдауға бейім, қысыммен көңіл аударып, мазасыздық күйімен айқындалады.  Егер психологиялық тесте зерттелуші  тұлғалық мазасыздықтың жоғары  көрсеткішін көрсетсе, мұның негізінде  әртүрлі ситуацияларда  мазасыздық  күйі бар компетенттілігін бағалайды.  Көптеген  белгілі әдістемелерде  мазасыздықты  өлшеу, тұлғалық мазасыздықты болмаса, мазасыздық күйін арнайы реакцияларда бағалайды.  Мазасыздықтың айырмашылығын өлшейтін, тұлғалық қасиетін, күйін  анықтайтын  Ч. Д. Спилбергер ұсынған әдістеме. Орыс тіліне оның шкаласын бейімдеген Ю. Ханин. Спилбергтің  өзіндік бағалау шкаласы 40 сұрақ пікір, 20 оның  ситуативті мазасыздықты бағалауға, 20-тұлғалық мазасыздыққа арналған.

Жұмыстың реті: Зерттеу жұмысын жеке немесе топқа жүргізуге болады. Зерттеуші  зерттелінушілерге нұсқауға сәйкес  жауап беруді ұсынады, зерттелінушілер өз бетінше жұмыс істеуі тиіс. Әр сұраққа интенсив дәрежесіне орай төрт жауап мүмкіндігі  бар.

Тейлор пікіртерімі (Қорқыныш қалпы және күйзеліске деген ыңғай анықталынады)

1978 жылы  Тейлор ұсынған. Мұнда негізгі екі компоненттерді  анықтайды. Физиологиялық реакциялар  мен қорқыныш күйін анықтайды.   Адам өзінің күйінің бағалауы  арқылы өзіндік бақылау және  өзіндік тәрбие жүргізеді.  Тұлғаның  қорқынышына тұрақты сипаттама  беріліп, субьектінің  үрейленген  бейнесі және жекелей тенденцияларды  қабылдай кең мағынада, ситуациялық  жағдайда  белгілі реакцияларына  жауап береді.   Тұлғалық қорқынышын  бейімділік белсенділігі   қабылдауда  белгілі стимулдарға  бағаланған  арнайы ситуациялардағы  өзін-өзі  бағалау,  өзін-өзі бақылау т.т. болады. Жалпы сұрақ саны-60.

Жұмыстың реті: Зерттеу жұмысын жеке немесе топқа жүргізуге болады. Зерттеуші  зерттелінушілерге нұсқауға сәйкес  жауап беруді ұсынады, зерттелінушілер өз бетінше жұмыс істеуі тиіс.

Сауалнама сұрақтарына жауап ,,Иә,, деп жауап қайтаратын сұрақ нөмірлерінің астын белгілеу.

   Тұлғаның А типін диагностикалайтын тест

Тұлғаның А типін диагностикалайтын тест. Негізін салушылар  Майер Фридман және Розенман. Тұлғаның қауіптілік  көрсеткішін анықтайды. Тип А - қалыпты жағдайда қорқыныш қалыптасқан.  Олар бір істен екінші іске  асығып ауысады,  қауіптенушілігі басым,  басқа адамдарға сенімсіз. Жеке ерекшеліктеріне байланысты сипаттама беріледі. Жалпы сұрақ саны 16.

Жұмыстың реті: Зерттеу жұмысын жеке немесе топқа жүргізуге болады. Зерттеуші  зерттелінушілерге нұсқауға сәйкес  жауап беруді ұсынады, зерттелінушілер өз бетінше жұмыс істеуі тиіс. Берілген сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беру керек.

Стьюдент әдісі.

 Стьюдент әдісі  тәуелді және тәуелсіз топтарға  арналған  жеке есептеу тәсілдерін  ұсынады.  Стьюдент әдісінде  сандық  шамалармен  жұмыс істелінеді.  Тәуелсіз таңдау тобы көрсеткіші-бұл әртүрлі екі топтан алынған мәліметтер. Тәуелді таңдау тобы мәліметтері – бұл бір ғана топтың  эксперименталды  әсерге дейінгі және кейінгі көрсеткіштері.  Стьюдент  әдісі екі таңдау тобы көрсеткіштерінің  ортаңғы  мәндерінің   арасында айырмашылықтың  болуы  немесе болмауы  жөніндегі гипотезаны  анықтауға бағытталған. Тәуелсіз таңдау тобы  үшін  орта мәннің  айырмашылығын  есептелді. (Қосымша Е).

Жоғары сынып оқушылары арасында сабақтан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттары, коррекциялау (қайта түзету), диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу), психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау) және т.б. педагогикалық-психологиялық сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері жөнінде зерттеулер жоқтың қасы. Осы орайда оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, адами-құндылық қасиетерін, педагог-психолог қызметі оқушыларға қажеттілігін анықтауда сауалнамалар, тестік жұмыстар жүргізіліп алғашқы кезеңі анықталды. (1 кесте).

 

1 кесте Алғашқы кезең, 2006-2007 оқу жылы (% есебімен)

 

Білімдік-тәрбиелік

Эксперименттік топтар

Бақылау топтары

Р/н

Көрсеткіші

Гимназия оқушылары

81 мектеп оқушылары

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей

Гимназия оқушылар

о81 мектеп қушылары

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей

 

Жоғары

55

190

42,7

23,3

34

73

85

44,4

28,3

27,23

 

Орта

55

190

42

34

24

73

85

40,6

32,9

26,5

 

Төмен 

55

190

41,9

26,2

31,9

73

85

43

29,7

72,7

 

Жалпы

55

190

42

27

31

73

85

41

28

30


 

Осындай  мәселелерді ескере келе, жоғары  сынып оқушылары мен студенттердің  теориялық және практикалық білімдерін жетілдіруге байланысты.

Оқу әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымын, оқушыны дамытудағы атқаратын қызметін тану керек. Оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерінен ерекшелігі оқушының үнемі “жаңа дүниеге енуімен”, әрбір жаңа әрекет компонентттерін игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты,- деп қарастырды зерттеуші Д.Эльконин [150,Б. 26]. Бұл оқушылардың психикасының тез дамып жетілуіне, оның рухани дүниесінің, іскерлік-дағдыларының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мектепте жүргізілетін оқыту процесінде оқушы мұғалімнің басшылығымен ғылыми түсініктерді ұғынып, оқулық көлеміндегі мағлұматтарды меңгереді. Әр оқушының сана-сезіміне, танымдық қабілетіне байланысты болады. Бірақ сол түсініктерді меңгеру арқылы оқушының ойы, түсінігі қалыптасады және танымы, сана-сезімі дамиды. Бұл сабақ немесе сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі.

Адам әрекетінің субъективтілігі оның ішкі қажеттерімен, эмоцияларымен, түрткілерімен, танымдық қызығушылық бірлігінен көрінеді. Бұлар білім алуға ұмтылысын, белсенділігінің деңгейін танытады. Оқушы әрекетінің орындау табандылығы оған итермелейтін түрткілер мазмұны мен қызығушылықтар сипатына байланысты. Себебі түрткі түпкі мақсатқа жетудің жолдарын саралауға көмектеседі, осы жолда кездесетін қандай қиындықтарды да жеңуге ұмтылдырады [151,Б.26].

Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесі” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.

Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:

1. Тәрбие  жұмысын үйлестіріп отыру;

2. Сыныпта  оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын  ұйымдастырып, оған бағыт беру;

3. Мектеппен отбасының байланысын жасау;

Тәлімгер ұстаздың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазір оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады. Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, биімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жұмыс жүргізетін сынып жетекшісі.

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі