Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

Жоспар да істелетін жұмыстардың айқын мақсаты, нақты шаралары белгіленуі қажет. Жоспар бір тоқсанға немесе жарты жылға арнап жазылады. Оның кіріспесінде сынып сипаттамасы, оқушылардың жалпы саны, білім деңгейі, үлгерімі, тәртібі бейнеленеді. Сыныптағы оқушылардың сабақтарының сапалы өтуіне, дұрыс тәрбие алуына, ата-аналарының бала өмірінің дұрыс ұйымдастыруына басшылық бағдар жасауды педагог-психолог ұйымдастырып отырады.

Оқушылардың өздігінен білім алуы осы таңда өзекті мәселе екенін анықтауда, оны зерттеп, өзіндік мәнін ашу, өздігінен білім алуға үйренудің қазіргі кезде аса қажет екендігін айқындауда зерттеушілер, педагог-ғалымдар өз үлестерін қосуда. Әрбір оқушының өзіндік проблеманы зерттегенде өз бетінше сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың атқаратын қызметін жөнінде мектеп басшылары мен оқушылардың түсінігі  аз екені, әлі де терең зерттеуді қажет ететіні байқалады.

Ол үшін сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлап, оның сапалы өтуіне мән беріп, әр түрлі тақырыптар бойынша тәрбие жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың ақыл-ойын арттыруымыз керек.

Әр оқушы қоғамның және жеке адамның алуан түрлі қажеттілігін өтейтіндігін түсінуі керек. Адамның қажеттілігі практикалық, материалдық және рухани деңгейде болуы мүмкін. Практикалық қажеттілігін өтеу арқылы адам тіршілігін сақтайды. Материалдық қажеттілікті өтеу арқылы өндірісті, ғылымды техниканы дамытады. Рухани қажеттілігін өтеп, ақыл-ойын және эстетикалық талғамын өсіреді.

Негізінде оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше екендігін біздің жүргізген ғылыми жұмысымыз дәлелдеп отыр. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізудің сан алуан жолдары мен түрлері бар. Мұндай әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыра білу оқушылардың дамуына  өз нәтижесін беріп, оқушылардың өзін қоршаған ортаға жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға көмегін тигізеді.

Мектепте оқушыларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде оқушылардың даму үрдісінің  мынадай көрсеткіштері байқалады:

  • қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
  • білім алуға және оны меңғеруге тырысу;
  • таным үрдісі мен танымдық іс-әрекеттің эмоционалдық көрінуі;
  • танымдық іс-әрекеттің еріктің болуы;
  • бос уақытын пайдалана білу сипаты;
  • танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
  • жаңаны білуге ұмтылысы;
  • мектепке және оқуға жағымды қатынасы;

   Психологиялық – педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізу барысын II кезеңге бөлуге болады.

  I кезең.

  Жоғары сынып оқушыларының дарындылығын мынадай психологиялық тестер жүргізу арқылы айқындауға болады.

  • тілге бейімділігі. «Айзенктің вербальді қасиеттерді зерттеу» тесті;
  • математикалық бейімділіктерді анықтау Аштахуэрдің алгоритмдік және арифметикалық қабілеттерін зерттеу субтесттері;
  • оқушының сыни тұрғыдан ойлау ерекшелігі П. Торренс субтесттері бойынша;
  • оқушының интеллектуалды даму деңгейлерін анықтауға Л.Ф.Тихомирова ұсынған «интеллектуалды қабілеттерді анықтау» әдістемелері, ровен шкалалары В.Н.Бузин «қысқаша іріктеу» тесттері, тағы да басқа интеллектуалдық, танымдық тестерін пайдалануға болады.

  II кезең.

  • педагогикалық – психологиялық диагностика жүйесіноқып үйрену;
  • оқушының жас ерекшелігін, қабілеттерін ескере отырып, дифференциялды оқыту мазмұнын, түрін және әдісін анықтау;
  • мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған психологиялық қызыметті ұйымдастыру;
  • таңдамалы пәндерді енгізуді жалғастырып, тереңдетіп оқытуды  ұйымдастыру;

    Осындай  жүйелі зерттеу қорытындысы бойынша  сыныптағы жалпы және арнайықабілетті  оқушылар анықталады.

    Тек  қана өз бетімен оқу, өз білімін жетілдіру, өз қасиетін түзету арқылы ғана жоғары нәтиже алуға болады. Өз жұмысына талдау жасау арқылы, жүйелі жұмыс нәтижесінде оқушы:

1. Таным есептерін  тез және дәл орындауға.

2. Қалыптан  тыс есептер шығаруға үйренеді.

   Бағдарламаны  толық меңгерген оқушыөзін-өзі дамыту бағдарламасын құрады.

 Қабілеттік  дарын иесінің арнайы білімге мұқтаж болуы, табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәлім-тәрбие берудіңалғы шарты дарын иелерін жастайынан талдай, таңдай білуге жетілдіру,олардың құқығы мен мұқтаждарын қорғаудың басты мақсаты болып табылады;

  Оқушының  анымдық белсенділігінің қалыптасуы  жоғары деңгейде дамуы оны  шығармашылық әрекетке әкеліп тірейді.

Содан кейін жоғары сынып оқушысы тұлғасының педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттеп, мінездеме беру үлгісі.

1. Оқушы туралы  жалпы мәлімет: (тегі және аты, туған күні, класы, жалпы физиологиялық  дамуы, денсаулығы, жанұя жағдайы, жанұя  тәрбиесінің ерекшеліктері)

2. Оқу іс-әрекеті:

    а. Оқу үлгілері: (басым бағалары  т.б.)

    б. Жалпы ақыл-ой дамуы: (дүниетанымы, сөздік қоры, хабардарлығы, өз ойын  ауызша және жазбаша білдіре  алуы т.б.)

    в. Танымдық процестер сипаттамасы:

- Оқу  материалын қабылдау ерекшелігі;

- Зейіні (ерікті зейіннің даму деңгейі, оның тұрақтылығы, шоғырлануы, бөліну  қасиеті);

- Ой ерекшеліктері (заттар мен құбылыстарды ажырата ала ма, салыстыру, талдау, жалпылау және өз бетімен қорытынды шығару, оқу материалын ұғыну шапшандығы)

- Қиялдың  дамуы (бамым қиял түрі)

    г. Оқу қабілеті:

- Оқу процесінде өз бетімен жұмыстануы;

- Оқуға  қатынасы (танымдық қызығушылығы, бағаға, мадақтауға, не мұғалім, ата-анамен сыныпта қатынасы, негізгі оқу мотивациясы)

- Оқу  қабілеті (күн режимін сақтау, жоспарлай  білу, оқу іс-әрекетінде жинақтылығы мен тәртіптілігі, кітаппен жұмыстана білуі, оқу іс-әрекетін бақылай білу әдістерін меңгеруі т.б.)

3. Еңбекке  қатынасы: (еңбектене біле ме, әлде  еңбекке немқұрайлы қарайма, еңбекке  икемділігі, еңбектенгенде жинақтылығы  мен тәртібі, қандай еңбек түріне икемді, үйде және мектепте еңбектің әрекетін орындауы)

4. Қоғамдық  жұмыстарға қатынасы: (класс өміріне қатынасы, қоғамдық тапсырмаларды орындауы, кластастарымен бірігіп іс-әрекет етуі, белсенділігі мен инициатившілідігі)

5. Кластас  жолдастарымен қарым-қатынасы, мектепке қатынасы: (кластағы орны, кластастарына көз қарасы, кіммен дос, кластастарымен дау-жанжал бола ма, оның себебі, мектепке көз қарасы)

6. Тәртібі  мен мінезі:

- Мектепте  және үйдегі,тәртібінің жалпы  мінездемесі (өзін байсалды және  ұстамды немесе тынымсыз және  қозғалғыштығы)

- Күн режимін сақтауы, мұғалімдер мен ата-ана талабын орындауы

- тәртіпті бұзуы

7. Оқушы тұлғасының  бағыты, мінезі, темпераменті және қабілеті.

- Қажеттіліктері  мен қызығушылықтары (алуан түрлілігі, тереңдігі, оқуға т.б.)

өзіне және қоршаған ортаға қатынасы ерекшеліктері: мейрімділігі, қарапайымдылығы, ұжымшылдығы, өзімшілдігі, көмектесуі, шынайлығы, адалдығы т.б.

  • мінезінің жағымдығы және жағымсыз қасиеттері;
  • Темперамент типі және ерекшелігі
  • көңіл-күйі (көңілді, көңілсіз, түсінкі) тұрақтылығы немесе ауыспалылығы
  • белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі және оның көрінуі

8. Жалпы түйіні:

    -  оқушы тұлғасының негізгі жақсы  қасиеттері және кемшіліктері, иінезіндегі (егер болса( ауытқушылығы себебі.

оқушы тұлғасын дамытып, қалыптастыруға бағытталған негізгі тәрбие жұмыстары.

Мектеп құрамындағы оқушылардың мінез-құлықтары әр түрлі болғандықтан педагогтармен жұмыс жасағанда келіспеушілік жағымсыз қатынастар пайда болуы мүмкін. Мұғаліммен қарым-қатынас сипаты оқушының әсіресе жеткіншек оқушының психологиялық келбетінің қалыптасуына, мектепке бейімделуіне, әлеуметтенуіне, оқушылармен қарым-қатынасы орнауына, іс-әрекеттерге қатысты қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі деп кезінде Д.Н. Исаева көрсеткен.

Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады»

Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.

  Педагогикалық-психологиялық  қызыметте кеңес беру бағыты  бойынша қызыметкерлер нақты  мынадай міндеттерді шешеді:

    1. Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,

ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.

    1. Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,

ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.

    1. Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,

 әдістемелік  бірлестіктерге, жалпы мектептік  және кластық ата-аналар жиналысына  қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық  өкілдердің психалогиялық мәдениетінің  жоғарлауына септігін тигізеді.

    1. Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие

мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.

    1. Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар

мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.

Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.

Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда  педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы  және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды,  дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.

Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.

  1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және  жеке тұлғаның толықтай  дамуына  бағытталған бағдарламаларды өңдеп жузеге асырады.

  2. Психолог  баланың   психикалық дамуында ауытқуларды  болдырмау  бағытында  түзету  бағдарламасын  өңдеп жузеге асырады.

  3. Жетілдіру  және педагогикалық- психологикалық  түзету жұмыстарының  бағдарламасына  психологикалық және педагогикалық  бөлімдері   кірістіріледі . Психолог  психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді  мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен  бірігіп өңдейді және оны психолог  көмегімен жоғарыда аталған адамдар  орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына  ересек балаларды, қоғамдық өкілді  және т.б. адамдарды кірістіруге  болады.

  4. Жетілдіру  және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі  бағыттар бойынша кірістіруге болады:

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі