Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41


2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69

Файлы: 1 файл

Х.Есенжанов Көп жыл өткен соң.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)

        «Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі»

 

       

 

 МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты

1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6

1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35

1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41

 

 

2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы

2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56

2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи  тұлғалар бейнесі................................63

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кіріспе

 

        Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді. Олар қазақ елінің түрлі тарихи кезеңдеріндегі ұлттық дәстүр, ұлттық болмысымызды әлемге паш еткен туындылар болды.

Бүгінгі орта, заман, қоғам бір басқа, бірақ біздің әрқашан өзіміздің түп тарихымызды, тамырымызды, ұлттық құндылықтарымыздың бастауын, сонымен қатар оларды сақтауға, дамытуға зор үлес қосқан аға буын өкілдерін ұмытпауымыз керек екендігі - бұл ешбір дау туғызбайтын аксиома. Қазақ рухани әлеміне небір өнер мен әдебиет дүлдүлдерін сыйлаған киелі Ақ Жайық өңірінің, қасиетті Нарын құмының қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығында ерекше орын алатыны сөзсіз. Өйткені ақынды, жазушыны тану арқылы біз рух және руханияттың тылсым сырына үңілмекпіз. Олардың тілі – бір ұлттікі болғанымен, жазғандары, көкейдегілері – адамзаттыкі. Осы жерде қазақтың талантты ақын ұлдарының бірі, бұл өмірден ерте баз кешкен, отыз алты жыл ғана  ғұмыр жасаған (1948-1984) Сағат Әбдуғалиевтің «Хамза Есенжанов» атты өлеңіндегі зұлмат жылдардың құрбаны болған қаламгердің бұралаңға толы өмір соқпақтарын айта келе, «Жампоздарды жаратқанда нар етіп, Жасық итке тумысынан тар етік», «Ақ қарындай өзің басқан Сібірдің, Шашыңыз да ерте кетті ағарып», «Залалы ащы зауалдардың зәуінде, Аға сені отырамын үлгі етіп» [1] деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.

       Өз шығармалары арқылы өмірлік тәжірибелеріне қоса деректі материалдарды өнегесі мол көркемдік шындыққа айналдырған қазақтың көрнекті жазушылардың бірі – Хамза Есенжановтың ұлттық әдебиетіміздің қомақты жүгін арқалағаны белгілі. Сондықтан қаламгердің шығармаларын талдап, ондағы ұлттық идеяны халықтың тұрмыс-тіршілігі, тағдыры, болмысы арқылы зерделеп, бағалау – диплом жұмысының негізгі талабы.

        Жалпы ұлттық әдебиет – ғасырлар куәсі, бабамыз бен кейінгі ұрпақтың жан сыры, келбеті. Ұлттық болмыс, ұлттық рух, эстетикалық күрделі құбылыс кейіпкер сипатына елеулі әсер етті. Әдебиетімізге ұлтжанды кейіпкерлер тобы келіп жетті. Ғалым С.Нұрмұратовтың пікірінше: «Ұлтжандылық - әрбір халықтың ішкі халықтық психологиясынан туындайтын құбылыс. Ол – жеке адамның (тұлғаның) өз халқына, жеріне жанашырлықпен, патриотизммен қараушылығынан туындаған көзқарастар мен іс-әрекеттердің жиынтығы» [2,11],- болы келеді. 

        Осы тұрғыдан Хамза Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесін талдап, зерделеп беру ұлттық идеяға көз жіберу, идеялық-көркемдік ізденістермен өскелең прозамыздың даму жолын көрсету аясын айқындау – диплом жұмысының өзектілігін танытады.

 Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы және қолданбалы мәні:     Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясы арқылы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген жалпы қазақ зиялыларының бейнесін танытуға тырыстық. Сонымен қатар жазушы шеберлігімен шыңдалып шыққан кейіпкерлер бейнесінің жасалу жолы ғылыми тұрғыдан сараланды. 1967 жылы Мемлекеттік сыйлық алған «Ақ Жайық» трилогиясының логикалық жалғасы саналатын «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы С.Сейфуллиннің, Б.Қаратаевтың көркемдік бейнелері ашылды.

         Х.Есенжановтың прозалық туындыларына, соның ішінде «Көп жыл өткен соң» дилогиясына назар аудара отырып, дәуірлік құбылыстарға сай адамның ішкі эволюциясын, санасындағы өзгерістерді, қоғамның рухани-адамгершілік мәселелерін қозғаудағы ойлар ашылды.

        Жазушының стильдік өзгешеліктері негізінде оны шығармашылығындағы жалпы көркемдік-идеялық ерекшеліктер айқындалды.

        Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романындағы қазақ зиялыларының бейнесін ашу болып табылады. Сол арқылы көркем туындыдағы ұлттық идеяны, кейіпкердің бойындағы қазақ зиялысына тән бейнені бүгінгі күн талабымен зерделеу. Ол үшін мынадай нақты міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:

  • Х.Есенжанов шығармашылығындағы қазақ зиялысы бейнесінің жасалу түп-тамырын анықтау, оның жетілу мен жаңғыру кезеңін көрсету;
  • ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы прозалық шығармаларда, соның ішінде Х.Есенжанов туындыларындағы қазақ зиялылары бейнелерінің негіздерін бағаалау, жазушы қолтаңбасына тән көркемдік әдіс-тәсілдерді саралау;
  • Қаламгер туындыларындағы басты тұлғалардың жан дүниесіне үңілу, бейнені ашудағы терең иірімді көркемдік арналар: деталь, мінездеу, кейіптеу, пейзаж, ішкі монолог, диалог, авторлық баяндау, ой ағымы, композициялық үйлесімдерді анықтау;
  • Сол кездегі кеңес әдебиетінде ресми идеология тарапынан мойындалған социалистік реализм әдісі мен 1950-1960 жылдары жарық көрген таңдаулы қазақ прозалық шығармаларының арақатынасымен салыстыру, арқылы жазушының өзіндік қолтаңбасын анықтау;
  • Шығармашылық қылаптасудағы өмірбаян мен дүниетанымның маңызы қарастырылады;
  • Жазушының «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясының әдеби ортада қабылдануы әдеби зерттеулер мен сын-пікірлер негізінде айтылады.
  • Х.Есенжановтың творчестволық-стильдік даралығы анықталады;
  • Х.Есенжанов прозасындағы дәстүр жалғастығы баяндалады;

Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы, «Көп жыл өткен соң» дилогиясы жұмыстың зерттеу нысаны ретінде алынды.

          Хамза Есенжановтың шығармалары туралы өз кезеңінде де, кейін де, қазір де әдебиеттану ғылымының зерттеу айналымынан шет қалмаған.

         Сондықтан Хамза Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романындағы қазақ зиялыларының бейнесін жан-жақты талдап таразылау барысында З.Қабдолов, Ш.Елеукенов, Р.Бердібай, М.Атымов, З.Серікқалиев, Б.Майтанов, З.Бисенғалиев, т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектері жұмыстың дереккөздері болып табылады.

         Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Жұмыстың  тұжырымдары, қорытындылары мен нәтижелерін қазақ әдебиеті тарихына арналған пәндердің семинар, практикалық, ОСӨЖ  сабақтарында студентердің кәдеге асыруына болады. Сондай-ақ, студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында жасалар баяндамалар мен реферат, бақылау, курс жұмыстарында да қолдануға жарайды.

         Диплом жұмысын жазу барасында қолданылған әдістер: Жұмыс барысында жүйелі сипаттау, салыстырмалы талдау әдіс-тәсілдерін қолдандық. Сондай-ақ әдебиеттанудағы көркем шығарманы талдаудың идеялық-образдық бірліктің табиғатын зерттеу, жекелеген туындыны қарастыруда пішіннің мазмұндық сипатын анықтадық.

         Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты

1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы.

 

Қазақ әдебиетінде роман жанрын одан әрі өрістеуге елеулі үлес қосқан аса талантты суреткер әрі көркемдік қиял-қуаты мен ой кемелдігі ауқымды қаламгерлердің бірі әрі бірегейі ─ Хамза Ықсанұлы Есенжанов Оның «Ақ Жайық» роман-трилогиясы – XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тұрмыстық, рухани-мәдени өміріміздегі елеулі өзгерістерге алып келген уақытты, қоғам мен санадағы күрт өзгерістерді биік дәрежеде суреттеген айтулы туынды. Рас, кеңестік дәуірдің өз тарихы бар. 1917–1991 жылдар арасында, яғни ресми түрде 74 жыл өмір сүрген кеңестік жүйе белгілібір қоғамдық ой-сананы қалыптастырды, нығайтты. Тарихта еңбекшілердің билігін үстем етті. Олардың мүддесін қорғады. Әдеби-рухани әлемін жасақтады.

           Екінші жағынан, қатаң жүйе өзінің шеңберінен әрі қарай аса алмады. Дінді мансұқтады. Ұлтты ұлықтамады. Өзіндік рух, өзіндік қасиет өгейліктің ащы өнегесін татты. Әйтсе де, кеңестік жүйе кезеңінде көркем әдебиетімізде сөздің құнары, ой кемелдігі және ұлттық тектің жоғалып кетпегендігін атап айтуға тиіспіз. Оған бірден-бір дәлел – жазушы Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» атты көркем шығармасы.

  Роман-трилогия тұтастай алғанда, жылға жетер-жетпес уақытты қамтиды. Дәлірек айтқанда, 1918 жылдың наурыз айы мен 1919 жылдың қаңтар аралығы. Кеңес өкіметінің еліміздегі батыс өңірінде енді-енді орнап жатқан кездегі қоғамдық-саяси, әдеби-рухани, мәдени-тұрмыстық өмірдегі аласапыран күрес, бітіспес майдан әлемі шығармаға арқау болған. Кеңестік жүйенің дүниеге келуі әлемді екіге бөлді. Тарих төріне тап күресі деп аталатын екі топтың өкілдері келді. Бұл күрес түптің түбінде капиталистік, нарықтық жүйенің пайдасына шешілді. Дүниені ең алдымен, нарыққа негізделген экономика билейтіндігі қазірде баршаға аян. Әлем бүгінде, шындығын айтқанда, бәсекені меже тұтқан. Кім білімді болса, өркениетке қадам басса, жаңа инновациялық технологияларға негізделген адам капиталын тиімді пайдаланса, сол ел, сол халық көштің басында болатындығын бүгінде адамзат баласы жақсы ұғына бастады.

         Ал біз өзіміздің зерттеу және талдау, ой сараптау тақырыбы ауқымына көз жіберсек, Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» роман-трилогиясының рухани өмірімізде алған елеулі орнына соны әрі тың көзқараспен қарау қажет дер ек. Қалай десек те, аталмыш туынды әдеби-рухани әлемімізді байытты, кеңейтті. Халқымыздың өз тарихын, өз перзенттерін танып, білудегі танымын ұлғайтты.

          ««Ақ Жайық» романының 1-кітабы «Төңкеріс үстінде» 1957 жылы, 2-кітабы «Шыңдалу» 1960 жылы, ал 3-кітабы «Тар кезең» 1967 жылы жазылған. 1967 жылы осы кітаптары үшін жазушы республиканың мемлекеттік сыйлығына ие болған»[3].

 Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» роман-трилогиясы кезінде оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген қуаты мол, құнды шығарма. Роман-трилогиядағы кейіпкерлер әлемінің үлкен шоғыры өмірде болған тұлғалы жандар. Шығармада сонымен бірге күрделі де кесек дүниені суреттеуге байланысты автордың қиял әлемінен туындаған кейіпкерлер де жеткілікті. Бұл – көркем шығарма үшін, әсіресе, роман жанры өте қажет ететін ерекшеліктердің бірі десек те болады.

          Роман-трилогия қоғамдық өмірде және қоғамдық санада аласапыран уақыт басталған шақты суреттеуден басталады. Елдегі өтпелі кезең, ақшаның да құны кете бастаған шақ. Жас Хакімнің алға қойған арманы мен үміті, жас қыз Мүкараманың ішкі ой-армандары саябыр таппай жатқан мезгіл. Кітапта Хакімнің бейнесі де көркем берілген. «Хакімнің толқынданған ұзын қою шашы, ер келбеті аққұба жүзі толыспаған, бірақ, тік ұзын бойы, формалы қарамауыт бешпет-шалбары, киімі де, пішіні де – бәрі тұтас келді.»[4, 15]. Жас Мүкараманың көз алдына келген Хакімнің бейнесін жазушы осылайша  суреттейді.         Роман-трилогия күрделі роман жанрына сай, оқиғалар барысы бірін-бірі алмастырумен ерекшеленеді. Келесі екінші тарауда Орынборда құрылған кеңес өкіметі басшыларының бірі Яковлев пен оның әріптестері арасындағы пікірталас пен оқиға бірте-бірте дами түседі. Яковлев казактардың атаманы Михеевпен келіссөз жүргізуге аттанады. Михеевтен ол өз әскерін қашан тарата алады деген шартқа нақты жауап есітуін күтеді. Бірақ Михеев те оп-оңай шағылатын жаңғақ емес. Ол: «Бізге шарт  қоймаса да түсінеміз ғой; шарт деген түсінбейтін, қасарысқан адамдардың, жә келіспеген екі жақтың арасында болады» [4, 26] деп өзара түсінісудің маңыздылығына назар аударады.

Адам психологиясының саналуан қырлары мен терең иірімдерін, күрделі қалтарыстарын жазушы романынан өте көп кездестіруге болады. Қарымды қаламгер кейіпкерлер дүниесінің жан сарайын көркем тәсілдермен бере білген. Соның бірі – диалог арқылы анық көрінеді. Атап айтқанда, казактардың атаманы Михеев пен Орынбор кеңес депутаттары басшыларының бірі – Яковлев арасындағы өзара аңдысу, бірін-бірі білісу, кімнің кім екендігін пайымдау қаламгерлік шеберлік, өмірлік бай тәжірибе арқылы берілген. Сөйлесу кезіндегі тәсіл де ерекше. «Бұлармен күш теңелген кезде ғана сөйлесу керек, оның бергі жағында керегі: «Сіз де жақсы, біз де жақсы» деген саясат» [4, 28].

Сондай-ақ, роман-трилогияда кейіпкерлердің ой-пікірлері сонылығымен айрықшаланады. «Бір ақылдан екі ақыл жақсы, бірақ тіл тиексіз, естігенді ол сақтай бермейді.» Бұл – сөзге ұтымды, сырт көрінісі салмақты, айтарын айтып салатын, ойлағанын тез істейтін, мінезі күйгелектеу Меңдікерейдің сөзі. Меңдікерейдің студент баласы Әмірге айтқан тілектері де әкенің балаға деген қамқорлығын танытқандай әсерде қалдырады. Романдағы Хакім Жүнісов те Әмірдің жолдасы.

Сөз сөйлеп, әңгіме арасында қарсылас жағының күшін, амал-тәсілін біліп алу – Михеевтің басты бір ерекшелігі. Орынбордан шығатын әскердің рота ма, әлде полк па екендігін білмек болғанда, Яковлев отряд деп аңдаусызда айтып салады.

Роман-трилогия ел өміріндегі аласапыран оқиғаларды дамыта, өмір шындығын шынайы суреттеуімен де құнды. Жайықтың арғы бетіндегі елді мекендердің бірінде билік аумалы-төкпелі болып тұрған кезде салық салғаны үшін кеңес депутаттары билігінің өкілі Игнатий Быковтан кек алу үшін атаман Остап Песков Меңдікерей мен екеуін ат шанасы үстінен аударып, қатты соққыға жығады. Бұндай жағдай сол кезең үшін ауыр да болса, ащы шындық еді. Қарсылас екі жақ бірін-бірі аямай, тіпті, өлімге қиғаны тарих деректерінен де жақсы мәлім екендігі көзіқарақты оқырманға етене таныс.

Роман-трилогияда еліміздің тарихында елеулі орын алған заңгер Бақытжан Қаратаевтың бейнесінің суреттелуі де елеулі мәнге ие. Автор оның алғырлығын, білімдарлығын, сергек ойы мен ақылын шындыққа сай көрсеткен. Оның өз халқының тарихы мен мәдениеті және рухани дүниесінің тым тереңде жатқаны жөнінде айта білуі де сенімді. Кеңес өкіметінің өкілі Дмитриевке қазақ өмірін жете білуі керектігін де түсіндірген жандардың бірі – Бақытжан Қаратаев. «Шығыс елдерінің  өмірі маған ертегі сияқты көрінеді. Шынында да, сахараның көп жайлары жұмбақ; тұрмысты жете білмесе, жақсылап ұқпаса, қате басып, теріс түсініп қалуға да әбден мүмкін» деп Дмитриевтің мойындауы да сөзіміздің айғағы.

Роман-трилогияда суреттелетін XX ғасырдың басындағы, яғни 1917 жылғы қазан төңкерісінен соң, қазақ даласындағы азамат соғысы, оның бітіспес күрес майданына айналуы секілді оқиғалар оқырмандардың көз алдынан тізбек-тізбегімен өтеді. Кеңестік жүйенің біржолата орнамауы да, тарихи шындық. Дондағы Краснов көтерілісі, атаман Дутовтың текетіресі, Маңғыстауда генерал Толстовтың қарсылығы, шет ел интервенциясы, мінеки, бұлардың бәрі де кеңестік жүйеге қарсы бой көтерген ірілі-ұсақты оқиғалар үдерісі.

Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі