Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41
2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69
Зерттеуші З.Серкікқалиев бұл туралы былай келтіреді: «Біз де бір сын салтын аттап кеттік. Анауы – жақсы, мынауы – жаман деп «Көп жыл өткен соң» романы бойынша таразының басын теңгермей–ақ қойдық. Осы біздің әдебиетіміз – қазақ прозасы соңғы кезде қандай характерлер әкелді? Бір сәт жадырап, жайнап, тек жақсылығымызды–ақ айтып көрейікші деп ізгі сауалға жауап іздегенде көңілге оралар ондаған қызық, күрделі характерлердің қатарында Құныскерей мен Әділбек те тұрады.
Шығарманың жалпы көркемдік көрінісін негізгі кесек бейнелердің бойынан іздеп, оларды өз ортасымен, араласатын, бетпе–бет келетін сабақтас қарастыруымыздың мәні бар. Өйткені «Көп жыл өткен соң» роамнын тану да – ең алдымен осы характерлер шындығына орай ел өзгерісін, заман құбылысын танудан басталады.
Жазушыны жете тану оның – бүкіл еңбегін жан–жақты талдап, өзіндік ерекшелігін тану; кемшілік–жетістігін, үйрену, іздену үлгілерін тану; әдебиет ғылымының өз сөзімен айтқанда, бұл – стилін тану. Бұл – жазушының жалпы шығарма жазу мәнерін, тынысын, қалам тартқан игеру ерекшеліктерін, өзіндік қолтаңбасын, өзіндік әуенің, көркемдік тәсілдерін жете зерттеп түсіну деген сөз» [7,10].
Алдымызда төрт кітап жатыр. Жеке–жеке мақалалары мен әңгімелерін, көркем аударма саласындағы азды–көпті еңбегін қоспағанда, әзірше Х. Есенжанов туындыларының шоқтығы негізінен осы «Ақ Жайық» трилогиясы мен «Көп жыл өткен соң» романынан тұрады. Бұл аз байлық емес. Ендеше, біз шығармаларын талдап, сөз етіп отырған жазушымыз – қаңдай жазушы, сөз жоқ, осы арада белгілі дәрежеде ортақ бір пікірге келуге толықтай мүмкіндігіміз бар. Жеке жазушының стилі деген ұғым біздің түсінігімізде, ұлылық үлгілерімен ғана сабақтас. Қай жағынан, қай компонеттер байыбынан барламаңыз, тек өзіндік стиль әдебиет әлемінде сирек құбылыс, бұл ұлы таланттардың аса дарынды жазушылардың шығармаларында ғана айқынырақ мүсінделмек.
Ал Х. Есенжановтың өзіндік мәнері, шеберлік қолтаңбасы халықтық характерлердің бітімінен лшығады. Характер – «Ақ Жайық» романдарының кұретамыры. Болмысты өзінше сезінуі, өмір шындығын, заман рухын қаз қалпында табиғи көркем бейнеленуі оқушысын сүйсінткенімен, талай–талай тамаша жанды тұлғаларды мөлдіретіп алдымызға тартқанымен, жазушының стилі теп–тегіс, таза стиль емес. Бұл – әлі жете ұшталмаған, жете қалыптаспаған стиль. Бұл – алақол стиль.
«Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы кейбір тұстарда сыншылардың назарынан да тыс қалмаған. Мәселен, сыншы З.Серікқалиев «Ақ Жол» сын-зерттеулер еңбегінде былай келтіреді: «Автордың өмір шындығын суреттеуі, жазу мәнері – негізінен әдеби байырғы үлгілер дәстүрінен тарап жатыр: бұл – кең тынысты баяндау формасы. Кейде бейнелі бояудан гөрі, информациялық характері басып кетеді. Айталық, шығарманың тілі қаншама айшықты, бояулы, көрікті десек те, оның синтаксистік құрылысы, лексиконы, ою–өрнегі бастан–аяқ қылаңсыз, тек автордың бірыңғай өзіндік ерекшелігімен ғана жарқырап тұрған жоқ. Композициялық құрылысынан да тамаша шеберлік үлгілерін көп көре бермейміз.
Сондықтан да біз стиль деген әдебиеттің тұрақты ұғымын Х. Есенжанов қаламына қатысты қолданғанда, мұны негізінен жазушы шығармаларының өзіндік сыпаты, сыры, жазылу мәнері, осылардың біртұтас бітімінен танылар шеберлік үлгілері мен кемшілік көріністері деген мағынада ғана аламыз»[7, 156].
Х. Есенжанов талантының табиғатын тану – оның бүкіл шығармаларының өн–бойынан шығатын қадір–қасиеттерін, өз даусын ажырата білу; өзіндік нотасын, нақышын, ою–өрнегін тап басу.
Әдебиетке тек Есенжанов алып келген жаңа халықтық характерлер қандай жолдармен жасалған? Жазушының мүсіндеу үлгілері қандай?
Біз жоғарыда да айырықша мән беріп отырдық, қаламгердің характер ашу өрісі – авторлық баяндау, бейнелеу, мінездеу, әсірелеу, портрет, сезім құбылысын жеткізу жүйелерінің бәрін қамтығанымен, қаһармандардың қатынасы, дара келбеті, өмірлік принципі, мінез–құлқы, сезім күйі көбіне бетпе–бет келіп, тілдесу үстінде, бірін–бірі сынай сөйлеп, жұмбақтап сыр тартатын шешендік сөз орайында, диалогтарда тереңірек көрінеді.
Жүніс қажы шешен. Ол сөйлегенде қазақтың дархан, кең жазира пейілі оқушыға төгіліп жетеді. Шұғыл қиянатына қарсы қаһарында құдіреті көрінген: «Қален сенін жесіріңді алып, желіңді кескен жоқ. Бармақ көтерсең – жұдырық бар, қамшы үйірсең – қада дайын» [14,215]. Құлмырза бимен кездесуінде де әділет шартын алдына тосып отыр: «Сұраусыз ұл жоқ, бос жатқан пұл жоқ» [14, 222]. Жүніс пен Құлмырза – терезесі тең адамдар. Бірін–бірі толықтырады. Құлмырза: «Толқымалы құбатал да емес, қолыңа жаңылыс қурай ұстап шыққан екенсің, оқыс сүйенген жерде сынып қала бермесе игі еді» [14, 225]. Жүніс: «Сапсыз сүңгі – құр ұнғы. Мен сүңгі болсам, соның нақ қолға ұстар жері сенсің... Бөлтірікті іннен суырып алуға менің өз әлім де жетеді» [14,226].
Мұндай шешедік сөз орайын, афоризмге айналып кетер көрікті тіркестерді, жұмбақтап, тұспалдап сөйлеу үлгілерін біз талай жерлерден көреміз.
«Көп жыл өткен соң» романында Хакім әдейі сыр тарту үшін айдалада дауылпаздан жасқанып, көліне қона алмай, босқа ойқастаған сары қауырсын әккі қазды тұспалдап сөз еткенде, Құныскерейдің енді бұған жауабын қараңыз: «Бұл жалғанның күзеген тайдың құйрығындай шолақ төріне біреу күндей күркіреп шығамын деп әлек болады, біреу жыланша жорғалап жетемін деп пұшайман, біреу боқ аударған қоңыздай жинап–теріп мехнаттанумен күні зая. Бәрінің де барар жері тереңдігі кісі бойы қол ұсынымға жетер–жетпес қуыс» [15,178]. Құныскерей трагедиясы, міне, осы өз философиясымен өзектес.
Жазушының тіл байлығы, әсіресе, диалогтерді бергенде халықтың сөздік қазынасынан не үлгілерді бойына дарытып, жалпы сұлулық бедері ауыл тіршілігіне тән, қазақылық байырғы талай–талай көріністерді қаз қалпында жеткізген. Шаруашылық–кәсіп, тұрмыс–салт дәстүрлеріне орай, көзі түскен құбылыстарды, өмір шындығын ауыл адамы, айталық, алдындағы төрт түлігінен туатын түсінігіне балап алуы Х. Есенжанов романдарында мейлінше мол ұшырайды. Әкесін нарға балай отырып, Сүлейменнің өзін күл жастанған жапырақ атанға теңейтін Құныскерей қалжыңында көп сыр жатыр.
Ал енді кім–кімді де мұқатумен мұратыма жетемін деп ойлайтын Шұғыл болыстың өз әйелімен арбасқан мына бір ащы уытына назар аударыңыз: «Таптым! Сенің неге ұқсайтынынды таптым. Сен бе, сен... сен аумаған біздің ала саулықсың! Қой оңға жайылса, ол солға кетеді. Қазір сиырға кететінді шығарды. Қайырайын десең – таныған адамша көзі боз быламықтанып тұрып алады. Солпиған сүдіні тап сенің сүдінің сияқты. Көзі де сенің көзіндей, әппақ ноғала жауып кеткен. Және ең ғажабы: миына түк кірмейді–ау, түк кірмейді. Айдасаң өзіңе қарап «»мә, мә, мә!» деп созып маңырап тұрып... шорылдата бастайды»[15, 215].
Шұғыл сарказмы Шұғылдың бар болмысын, бүкіл табиғатын ашып тұр. Бұл – тек Шұғылдың сөзі ғана.
Ауылдың салпы етек өсекқор еспелері Мәуім мен Қадиша да өз тілімен сөйлейді. Әлі күнге дейін байымыздың бетіне қарауға ұяламыз деп ұялмай қылымситын адамдар Хакім, Зағипа орай өсек айтқандай ерні–ерніне жұқпайды.
Ал Ахметшенің әр сөзінде бұйығып үлкен қулық жатыр. Ақыл мен есепке құрылған қулық. Өте сыпайы сөйлейді. Бірақ езуін жинап алғанда ар жағынан тістенген жымсық ызасын, тілін шайнаған ішкі кек, өшпенділігін сезбей қалуыңыз мүмкін емес. Жалпы, Ахметше – Х. Есенжановтың қаламгерлік кең өресін танытқан кесек характерлердің бірі. «Жас тоқтатқаны бомалмаса, барып тұрған Көксерек. Жығылып жатып, шайнап жататын жау. Езуді, мәдениетті қанауды көкірегіне қатты түйген философияның темір қазығы... Ахметшенің сақтығы түлкі сақтық емес – қабыландікі. Керек жерінде философ, керек жерінде ғалым, керек жерінде шаруа, адвокат, керек жерінде түнмен тыныстап, түн қойнына сіңіп кететін бес қаруы түгел ұры» [15, 289].
Шығарманың композициялық құрылысында диалог – тек характер даралау белгісі ғана емес, жалпы өмір суретін айқындар тәсіл ретінде де көрінеді. Мұндайда диалог көбінесе монологқа ұласып кетеді. Ауыр тұрмыс, бай қазақтардың балықшыларды басынуы, адамдар тағдыры Бәйес әңгімесімен бірінші кітапта әсерлі баяндалған, тарихи шындықтың ащы көрінісі ретінде беріледі. Малдыбай, Қайыпқожа тағдырын баяндау, әлі де рахым күтуге бар қара халықтың көңіл–күйі, тұтанғалы тұрған өрт, ақыры бір пәлеге ұласқан берекесіз қыр көрсету талай сырдың шет–жағасын сездіреді. Малдыбайдың үрім бұтағын шұбыртып, ояздың өзін тықсырып алатын, халық қаһарымен өзектес Жүністің әділет істерін біз алғаш осы арада білеміз. Әбдірахманды құлшындыратын оқиғалар да Бәйес әңгімесімен сабақтас.
Мінезіне қарай – сөзі. Диалог – Х. Есенжанов романдарында оқушының алар сыршылдық әсерін құбылтып отыратын жол айырығы отыратын жол айырығы тәрізді. Бірде ойландырып, көкірегіңе сұсты сезім ұялтса, біррде жадыратып, сейілтіп жібереді. Жазушының жып-жылы юморы тек мінездеу, бейнелеу тәсілдерінде ғана емес, диалогтерінде де айқын танылады.
Өзінің Шұғылын асқар таудай көретін жылқышы Аманқұл қандай: «Әй, сен қайдан келесің, Шұғылдың сумақай тазысы?!» - дейді маған, «амаңбысың» деудің орнына. Мен бір сүтін арамдап кеткендей-ақ» [15,246]. Бұл – Аманқұлдың Жүнісқажыға өкпесі. Ақ көніл жігіттің тұла бойы толған қуақылық. Бір әйелді азсынар шолжаңдаған бай тұқымның тасуына бола, өзінің жоқшылық қолын байлап, үйлене де алмай жүргенін наз қыламын деп Алпысбай қойшы Амаңқұлдың «торына» қалай тұтылғанын білмей қалады. Аңғалдықпен аңдаусыз шығып кеткен бір сөзіне бола, Аманқұл қылжықтап оны әлкек-тәлкек қылған: «Әй, шамалы жарым-жарты қатын да жетер еді дейсің бе? Қалай жарты қатын жетеді? Бір қатынды екіге бөліп жартысын аласың ба, әлде біреумен бірлесіп ортақтасып аласың ба? Егер екеу ара бір қатын алатын болсаң, сен менімен бірлес. Саған мен қиянат қылмаймын, ұпайың кетпейді [15, 247], - дейді сықылықтап, суырылып.
Сүлеймен сөйлегенде әр хикаяның өзі онан сайын қоюланып, қомданып бара жатады. «Көп жыл өткен соң» романында өткел басында желпініп сөйлеп, асмшылық көрсетіп алатын Сүлекең кейін тілдескен қазағы Құныскерей екенін білгенде қалай-қалай жорғалайды. Оның шалқуы мен абыржуын бір түрлі жылы жымиыспен оқисыз.
«Ақ Жайық» романдарында диалогтің жүгі – салсақты, диалогтің тынысы – кең. Бірақ сөйленген сөздің бәрі шетінен төгіліп тұрған жоқ. Бірде сәтті үлгілерімен сүйсінтсе, бірде сырдаң, ұзақ-сонар қарадүрсін диалогтер жалықтырып жібереді. Халықтық характерлердің қақтығысы, пікір сайысы, тұспалдан сыр тарту сәттеріндей емес, әсіресе, оқыған, ойлы азаматтардың, белгілі революционерлердің әңгімелерінде жадағай, жалаң хабарлар жиі кездеседі-ақ.
Дмитриевтің мына бір сөзі тым желдіріп, жалпылама жеткен: «... жеңіп шығудың басты айғағы сана – сезімнің оянуы. Партияның күші – жеңімпаз идеясында. Халық өз бақыты үшін күресетінің өзі білсе, оған ешбір жау төтеп бере алмайды. Алайда революцияны контрреволюциядан құр қолмен қорғап қалуға болмайды: «»Мына ақ қазақтардың ниеті Совдепті жою, қанды өктемдік орнату, жұмысшы табына бас көтертпестей әлек салу. Бүкіл ақ армияның қалдықтары, оған дем беріп, қару-жарақ, азық-түлігін төгіп жәрдем беріп жатқан шетел капиталистері тегіс жиылып келсе де, бүкіл қара ниеті орындалмақ емес...» [16,214]. Осылай тізіп кете береді. Тарихты баяндау басым.
Жалпы, Дмитриевтің мұнымен жалғас сөздерінде де (Черкяковпен әңгімесі) баяндама сарыны, іс-қағаз стилі жеңіп кетеді.
Әбдірахманның партия мүшесі еместігіне ыңғайсыздануы мен Дмитриев, Червяковтардың қолпаштау кеңестері шығармада жасанды берілген. Партия қатарына алынарды Әбдірахманның «қобалжуы», «көңілі босауы» автордың тек жалаң ремаркасымен жетеді. Қарадүрсін, жалпылама, шұбалаңқылық деген көркем туындыда сезімді осындай сырдаң баяндаудан шығады.
Бұл арада біз жалпы «Ақ Жайық» циклының көркемдік шешімімен, композициялық кемшіліктерімен сабақтас біраз жайларды аңғарамыз.
Меңдігерейді қылышпен турайтын қатерлі сапарда жанында онымен бірге соққыға жығылған Быков бар еді. Оқушы осы қайғылы халді өз көзімен көретін. Бірақ кейінгі эпизодта жазушы мұны Быковтың семьясына жұмбақтап жеткізген. Алдын ала біліп алған соң, бұл онша әсер қалдырмайды. Быковтың әйелі Дмитриевтің қабылдауында болатың сәтті бергенде де Х. Есенжанов қалай танысып, қалай амандасқанына дейін шұбалаңқы баяндаған. Бұл – оқиғаны рет-ретімен тәптіштеп түсіндіруден туып отырған ақаулар. Шығарманың композициялық желісінде бұл арада сезімді қоюлатар шеберлік үлгісін көре алмаймыз. Жау қолына түскен күйеуінің халі не боларына көзі жетпеген әйелдің көңіл-күйі де тым жайбаратқан.
«Кірме әңгімелер мен естеліктердің трилогияда талай-талай орынды сәттері бар. Ақырзаман аңызын – Қожанасыр аңызын Дмитриев айтқанда жарасып тұрады. Ол мұны Б. Қаратаевтан естіген. Бірақ Әйтиев пен Дмитриевтің осы арадағы әңгімесі тым жадағай. Лениннің халықты қаруландыра беру мәселесіне орай пікірі, соны талдау шығармада қарадүрсін шыққан. Әрі кейін не болатыны ерте шешіліп қояды»[17]. Оқып отырғанда оқиғаның ешқандай сезім туғызбайтындығы, көкірегіндегі әсер қалдырмайтындығы жазушының тек жеңіл-желпі, жалпылама суреттегендігінен ғана емес, жалпы шығарма композициясының жайылыңқы, босаңдығынан да. өзара іштей астасып, жігі бөлінбей, жіптіктей созылып жатқан шымыр желі жоқ.
Басталаған істің, әрекеттің қорытындысын кейде тіпті оп-оңай, іле-шала көріп қоямыз. Бірінші кітаптың алғашқы бөлімі Әбдірахманның артынан құғыншы шығып, бір дүрбелеңмен бітетін. Бірақ соңғы сөйлем түйіліп, келе жатқан үрейді сейілтіп жібереді: «Отряд бастығы Айтқали Абылаев Абдірахманды Үйректі көлден табам деп ойлайды; Ханкөлі арқылы көпірлі Аңқатыға кетеді деп ол ойлаған да жоқ» [18,254]. Жазушы өзі айтты да, өзі шешіп тастады. Әбдірахманның қолға түспейтінің біліп отырасыз. Мұндай ашық баяндаулар Есенжанов романдарында аз емес. Осыдан барып сезім жеңілдігі туыда.
Шығарманың сюжеттік желісін, әр қилы адамдар қатынасын, күрес-тартыстардың дамуын қадағаласаңыз, ойланар мәселе жеткілікті. Генерал Михеев пен Яковлевтің бірінші кітаптағы келіссөзінде заман аңысынан, әлеумет жағдайларынан біраз сыр аңғарылатын. Михеев Яковлевті алдарқатып отырып, қызылдардың соғыс күшін біліп алады. Бәрін өз мүддесіне шешті. Елшілікке барып отырып, өз картасын ашып қоятын Яковлевтің де арғы түкпірі белгілі. Ал Михеевтің қулық есебі оның ауа жайыла сөйлеуінен айдай анық сезіліп тұр. әйткенмен, мұнын бәрі біркелкі әсер қалдырғанымен, әркімнің мақсат-мүддесін жазушы тұп-тура ежіктеп кететіні бар. Кейін Яковлевтің қылмысын түсуні де тез.
Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі