Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41


2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69

Файлы: 1 файл

Х.Есенжанов Көп жыл өткен соң.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)

Роман-трилогияның тұтас арқауы автордың кең танымы мен талантын танытады. Романның үш кітабы да шырғалаң уақытта өмір сүрген, сол кезеңнің ауыр да қасіретті трагедиясын бірге арқалаған кейіпкерлер қақтығысы терең әрі жан-жақты суреттелген. Олардың тұлғалық деңгейдегі тағдырлары  қаламгерлік шеберлікпен ұтымды берілген.

Халқымыздың қара сөзінің ең күрделі жанры – роман-трилогияны дүниеге келтірген Хамза Есенжанов төл әдебиетіміздің тарихын осынау шығармасы арқылы байыта түсті. Сол үшін де қарымды қаламгердің «Ақ Жайық» роман-трилогиясы терең әрі жан-жақты талдауды қажет етеді. Роман-трилогия ауқымы жылға жетер-жетпес уақытты қамтығанымен, арқалар жүгі, айтар ойы өте салмақты, байыпты да бағасы тым жоғары.

Тағдыр талқысына түскен уақыт та, тұлғалар да, жай қатардағы көптің бірі де сол кезеңдерде тарихи таңдау алдында тұрғаны анық еді. Қай тараптың жағына өту, кімнің сөзін сөйлеу, қандай іс-әрекет жасау, ертеңгі күнің қалай болады, ұрпақ мәселесі қалайша шешіледі, мінеки, осы жағдаяттар кімді болса да толғандырды, тіпті, сол кездегі орын алған аса мәртебелі уақыт, шіркін, олардың өздерінің жеке тағдырын мүлдем басқа арнаға салып жібергені де жасырын болмаған-ды. Ендеше, тарихтың өтпелі кезеңіндегі алмағайып та, аласапыран шақ ешкімді аямады, тағдырдың толқынды қазанына  толғамай тоғытты.

          Әрине, уақыт өткен соң, оған баға  беру, ой елегінен өткізу оңай. Ал дәл сол кезеңдегі тағдырмен бетпе-бет текетірес пен талқыдан өту – әрбір тірі жанға, кітап кейіпкерлеріне оңай болған жоқ. Автор сол кезеңді қайтадан тірілтті, оқырманды оқиғалар барысымен және де қауыштыра білді. Сол үшін де қаламгердің қуатты ой-қиялына, парасаты мен суреткерлік шабытына бүгінгі ұрпақ  тағзым етеді.

Роман-трилогияда өмір шындығы нақты, деректі оқиғалармен өрілген. Шығарманың негізгі кейіпкері боларлық Меңдікерей тағдыры трагедиялы әрі азапқа тола. Казактар оны шауып тастайды. Бірақ ол әупірімдеп аман қалады. Бұндай жәйттер көп-ақ. Бұл – заңды да. Өйткені қоғамдағы аласапыран уақыт, қоғамның екідай жүйеге, бір-біріне қарама-қарсы, бітіспес айқасқа түсуі – соның нәтижесі екендігіне еш күмән қалмайды. Кешегі кеңестік жүйенің құрбандыққа жиі-жиі баруы, сол қоғамның оңайлықпен орнамағандығының айқын дәлелі де.

Ресейден ығыстырылған ақ казактар Оралда күш жинап, сол жердегі кеңес өкіметі мүшелерін бір түнде қырып-жоймақ болады. Олардың қимылын екі күзетшінің өзара диалогы арқылы автор бейнелі түрде, орамды сөз тіркестері арқылы бере білген. «Жылан құйрығын басқанда ғана қайырылып, шағып алады ғой; бұлар да сондай... Мына казачествоны айтамын»[4, 28], - дейді күзетші Мартыныч.

Қазірде ел тәуелсіздігіне қол жеткен кезде кеңестік жүйедегі басқару институттары, қоғамдық-саяси ұйымдар, олардың атаулары архаизмге айналды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін сол кезеңдегі ұғымдар арнайы түсініктемені қажет ететіндігі де белгілі. Мәселен, сондай көне сөздер қатарына «Ақ Жайық» роман-трилогиясындағы мына сөздерді жатқызуға болады. Олар: жұмысшы комитеті, совдеп, коммунистік жұмыс, еңбекшілердің революциялық санасын ояту, комиссар және т.б. Бұл сөздер мен тұжырымдар кеңестік жүйенің бөлінбес атрибуттары болды және соған қызмет етті.

Қоғам екіге бөлініп, билікке таласқан шақ та шығармада шынайы көрсетілген. Бірін-бірі аямай, өлтіруге даяр, ешнәрседен тайынбау – сол кездегі өмір шындығы. Басты кейіпкерлер болуға тиіс романдағы бейнелер шығарма түгесілмей-ақ, өлім құшып жатады. Бұндай жағдайды қызылдар мен ақ казактардың билік үшін болған күрестегі қанды шайқастарынан айқын көре аламыз. Жаңа кеңестік үкіметтің орнауы, ақ казактардың қарсылығы, жергілікті кеңестік басқару жүйесін құлатуы, соған сай қалада тәртіп орнағанша, соғыс кезіндегі жағдайға көшіруі, көшелерде ілінген ақ казактар үкіметіне қарсы үндеу, жарлық және хабарландырудан тазарту секілді жұмыстар сол кезеңдегі уақыттың қым-қуытқа тола болғандығын аңғартады. Ыстық жүректі жастардың жаңа үкіметті қолдап, көшеге шыққан шеруі, олардың қозғалысын таратуы, кінәлілерін таба алмай, атамандардың оларды бет әлпетіне, түріне ғана қарап, тергеусіз-ақ қамауға алуы, бәрі-бәрі де аласапыран уақыттың көріністері еді.

Соған қарамастан, көрінген адамды қойша тоғытып, түрмеге жабуы, адами қарым-қатынастың болмауы, орынсыз жекіп сөйлеуі қарапайым халықтың тарапынан тойтарысқа ұшырайды. Заңның аяққа тапталуын да көркем шығармада Мартынычтың айтқан мынадай сөздерінен байқауға болады. Ол былай дейді: « – Ех, адвокат, алтын сөзің зая. Бүгінгі заманда закон дегенің бір шымшым насыбайға да тұрмайтын болды...» [4, 116].

Аласапыран кезеңдегі адамдардың психологиясының өзгеруі, білсе де білмегенсуі, шындық пен өтіріктің араласып кетуі секілді жәйттерді көрнекті жазушы шебер көрсете алған. Мәселен, бұндай психологиялық ситуациялардың өзгермелілігін төмендегі диалогтан сезе аламыз:

– Осы қалада көрінеді әлігі қазақтың ішінен шыққан ала аяқтар... – деді Һарон қазақ революционерлерін ыммен меңзей тамағын кенеп.

– «Ала аяқ»  деп сіз сұлтан, Аязбай ұрыны айтасыз ба? – деп оп-өтірік білмегенсіді Құрбанов.

Екі кейіпкердің өзара сөз алмасуы. Өзара пікірі. Іштей шарпысуы. Әйтсе де, Һарон мен Құрбановтың осы сөздерінен-ақ замана тынысын, адамдардың ой-сезім иірімдерін айқын аңғаруға болады. Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге, оқиғаларға өз түсінігі, байламы болса да, түсінбегендей сөйлесуі шындыққа сайма-сай келеді. Бұндай ерекшелік – қаламгердің өмірде тәжірибені көбірек жинағандығынан деп ұғынуға болады. Оның үстіне Құрбанов сауданың адамы. Ал сауда адамына саясаттан гөрі өз қалтасының қалың болғаны бесенеден белгілі екендігі түсінікті.

Кеңес үкіметінің жергілікті өкілдерін тұтқынға алған ақ казактардың іс- әрекетіне Орал сотының прокуроры атақты Барон Дельвигтің қызметтік бағыт-бағдары да екі түрлі. Ол былай дейді: «прокурор санкция бермей тұрып, тұтқынға алу, әрине, заңсыз, бірақ болған нәрсенің бәрі дұрыс. Мен емес, Гегель солай дейді», - деп өз ісінің әділдігіне атақты неміс неміс философының айтқанын уәж етеді.[4, 129]. Бірақ санкциясыз тұтқынға алынған студент-оқушыларды босатар алдында шыбықпен ұрып, бес рет дүре соққанын, бұл ақылды қылық емес» деп теріс айналады. Дельвиг – күрделі бейне.

Роман-трилогияда студент Хакімнің түрмеден шыққан кезіндегі көңіл- күйі мен бейнесі, әсері де өзгеше әрі шынайы. Тар қапаста езілген жанның әп-сәтте бостандыққа шығуы, әрине, емін-еркін ауада ұшқан құстың хал- ахуалын еске түсіреді. «Түрменің сыртқы қақпасынан қалай шыққанын Хакім дұрыстап жадына түйе алмады. Жалғыз-ақ оның сезгені: бықсық түтін толған үйден қашып шыққан адамдай көзі жарқ ете түсті; жанды елітерлік бір тәтті ауа оның өн бойына құйылып кеткендей болды; аяғы жерге тимей бейне қалқып жүзіп келе жатқандай, өзін үкіден де жеңіл сезінді. Ол артына қараған жоқ – көздері жан-жағы мен алдындағы дүниені: сонау көкті, көкжиекті, көз жетерлік жердегі қарасынды, үйлерді, адамдарды, жанды- жансыз нәрсенің бәрін біржола шолып өтті. «Өңім бе, түсім бе?» деп ойлады ол. Бәрі өңі: анау козлодағы шіренген атшы да, көшевкеде отырған чиновник те кәдімгі адамдар; қақпа алдында күрек ұстап тұрған іргенің суын жырып ағызып жатқан адам да, әлденеге асыға, аяқтарын тез-тез басып жүріп бара жатқан әйелдер де тірі жандар; темір қиықты үйлердің үстіндегі қары еріп жоғарыдан су сорғалап тұр; тұрбалардан жіңішкелеп шығып көмескі көгілдір түтін әлсіз көтеріліп жатыр...» [4, 133].

         Шығармадағы  осынау үзіндіден қолмен қойып қойғандай тіршілік атты өмірдің нақ өзінің табиғи да шынайы суретін көзбен көргендей сезімге бөленесің. Адам жанының бостандықты аңсай күтуі, сол сәттегі көңілі мен ой дүниесінің әлемі, әрине, ешбір салыстыруға келмейді. Кеңестік дәуірде қуғын-сүргінді бастан кешкен қаламгердің сөзден сурет салуы тегін емес. Өмірде көргені, түйгені мел қаламгер роман-трилогияны жазу барысында осындай оқиғаларды өте шеберлікпен ой және қиял елегінен өткізе білген. Ақ казактардың түрмесінен азаттыққа шыққан Әмір де еркіндіктің бағасын жақсы сезінеді. Оның сол сәттегі көңіл күйін суреткер әрі ойшыл қаламгер былайша бейнелейді: «... бостандық дегенің адамға тамақтан да артық нәрсе екен ғой, жүргенде көшенің тасына аяғым тимейтін сияқты.»[4, 139].  

Аласапыран уақыт, билік үшін күрес шығарма кейіпкерлерін де оқиға дамуы барысында ширата түседі. Шығарма кейіпкерлерінің бірі – Әбдірахман да бұрын қаншама сабырлы, салмақты, ойлап сөйлеп, қысылмай, емін-еркін өзгелерді тыңдай білсе де, күндер өте сақ болуға, әрбір сөзді анығырақ түсінуге, көздерін қадай қарауға үйрете бастайды.

Ақ Жайық бойындағы балықшы, шаруа ауылдарды өздері балық аулап күн көретін өзенінен, өз иеліктеріндегі мінетін аттарынан айырып, ақ казактардың тізе батыра беруі жандарына аяздай батады. Мінеки, осынау ауыр кезеңде, ақтар мен қызылдардың өзара қырқысуы, соның нәтижесінде елдің жүдеп-жадауы, қиын тағдыры роман-трилогияда ауқымды суреттеледі. Оқырман сол бір кезең жайлы мол мағлұмат алады. Ішкі әлемі, көркемдік дүниесі кеңи түседі. Шынында да, өз шаруасына жарар жалғыз атын зорлап алып, өзін өлермен халде ұрып-соғып, жер соқтырып кетуі секілді оқиғалар шығарма кейіпкерін ғана емес, оқырманның жанын да жаралар, шындыққа суарылған оқиғалар тізбегі. Дәл осындай трагедиялық және жан түршіктірер суреттер қазақ аулының соншалықты зәбір көргендігін айна-қатесіз көрсетуімен құнды әрі мәнді.

Елдің шетінде, жаудың өтінде жатқан Жайық өңірінің қазақтары үшін дұшпан аз болған жоқ. Ақ казактар мен олардың атамандары жергілікті халықты малы үшін жайылатын жайылымы мен балығы өскен өзен, көлдерден тысқыра қуса, екінші жағынан, рухани қысым мен қыспаққа ұшыратты. Өз үстемдігін орнатып, қазақы қасиеттен айыру саясатын жүргізе бастағаны айдан-анық еді. Жайық бойы қазақтары ұлттық намыстың аяқасты тапталуына төзген емес. Сөзімен де, нақты іс-әрекетімен де қиянат пен қорлыққа бас имей, адал пейілі мен мәрт мінезін бір сәтке де жоғалтқан жоқ. Шығарманы оқи отырып, осындай сезімге бөленесің.

Роман-трилогияда әкесі яки туған-туысы немесе баласы өлгенде естірту дәстүрі қаламгер назарынан тыс қалмаған. Шынында да, көне замандардан бастап-ақ, өлімді лезде, бірден-ақ айтпаған. Тіпті, Жошы ханның баласы аңға шығып, құланнан қаза болғанын домбыра арқылы естірткені көзіқарақты оқырманға жақсы таныс. Сол секілді Әмірдің әкесінің ақ казактардың қолынан қаза болғанын Әбдірахман әңгіме ретінде арыдан бастап, ой толғай айтады. « – Ащы мен тұщыны татқан білер, жақын менен алысты жортқан білер, дейді қазақ. Көпті көрген, ұзақ жасап, өмірдің соқпақты жолдарымен аршындап адымдаған, өзі дана, тілге шешен, ойға жүйрік Жиренше би деген би болыпты. Жиренше бір жолы алыс сапардан қайтып келсе, үйінде елдің не жақсы адамдары жиылып отыр екен. Олар биді қарсы алып, осы сапарда жүргенде оның басына түскен үлкен ауыр халді естіртуге кіріскен...»[4, 146].

Мінеки, халқымызда өзгенің басына түскен ауыр қайғыны дәл осылайша,сабырмен, жайлап-жайғастыра, ақылға сала, сезімге селкеу түсірмеф, орнықты жеткізуге күш салған, Көрнекті жазушы осынау дәстүрді өз туындысында шебер пайдаланған. Әмір де Әбдірахманның меңзей сөйлегенін тез түсініп: « – Арғы жағы түсінікті, Әбдірахман аға. Асқар тауым құлағаны... – деп Әмір жүресінен отыра кетті»[4] дейді өз ойын түйіндеген шығарма кейіпкері.

Қазақ әдебиетінен берік орын алған шешендік сөздер үдерісі де роман- трилогияда өзінің заңды жалғастығын, сабақтастығын тапқан. Мысал келтірелік: «...Ия, жігіттің әкесі өлсе не болар» дегенде, Жиренше шешен: «Жігіттің әкесі өлсе, асқар тауының құлағаны!» – депті... бірақ, Әміржан, әке түрлі-түрлі. Өзі өлсе де, аты мәңгі өшпейтін әке бар. Өмірі мен ісі өз баласы түгіл өзгеге үлгі болатын әке бар. Жер бітіп, су аққалы адам баласының қарай-қарай көз талған әділдік заманына қол созған кемеңгердің бірі – Меңдікерей еді, ол сол жарық дүниенің біліне бастаған таңында жазым болып кетті... Ол менің жолдасым, әрі ақылгөй ағам еді, сенің әкең еді, мына мерейі уақытша үстем болып тұрған жаудың әлегінен ол күннің шыққанын көре алмай кетті, көп үшін көксеген күнді көре алмай кетті... Тұр жасыма! – деді. [4, 146].  Роман-трилогияда «Мұз жарылды» деген күй шығарған сыбызғышы Қайыпқожаның өмірі де трагедиялы. Үй-іші тірлігімен, бала-шаға асырау ниетімен өзі, Малдыбай және Кенжекей ақ казактардың балық аулайтын жеріне аязды түні барады. Ау салып, мұзды ойықтан бір шана балық ұстайды. Бірақ ақ казактардың қолына түседі. Олар бұларды аямай, қақаған аязда киімдерін шешіп, ойықтағы дене қарыстыратын суға түсіреді. Сай сүйегін сықырлататын судан кейін, олар ауруға ұшырайды. Үшеуінің бірі – Кенжекей ғана аман қалады. Малдыбай үйіне жетіп жығылады да, содан біржолата орнынан тұрмайды. Опат болады. Сыбызғышы Қайыпқожа көкірек ауруына ұшырайды. Сөйте тұра, «Мұз жарылды» күйін дүниеге әкеледі. Сыбызғыдан сықырлай шыққан сары аяз үні, сатырлай соғылған мұз дауысы, қатты қарыған мұздай су, бәрі-бәрі де адам жанына әлемтапырық көңіл- күйімен әсер етеді. Автор көркем сөз құдіретімен өнер атаулысының адам психологиясына тигізер әсерін тамаша тілмен жеткізе білген.

Ел ішінде көптің хал-ахуалын ойлап, мүддесін қорғаған, көкейкесті мәселелеріне назар аударған ерлер болады. Соның бірі – Жүніс. Ол – көптің адамы. Ел қорғаны. Құрбан айт күні ел-жұрттың ақ казактардың қорлығына шыдамай, бай-манаптардың өзенге құрған аулары мен торларын, балықтарын жаппай қолға түсіреді. Бірақ ақ казактар сол үшін жазалыларды тергемек болады. Сонда Жүніс ақ казактардың басшысына жазалы адамдар ретінде қысты күні өзеннің ойығына батырған Малдыбайдың жесірі мен екі кішкентай баласын ояздың үстіне кіргізеді. Шалқар өзенінің үстінде бүлік шығарған осылар деп, оларды мықтап жазалау керек деген Жүніс қажының  сөзіне алғашқыда ояз шамырқанып қалады. Бірақ ел ішіндегі жағдайдың өте қиын екендігін осы үшеуінің түрлеріне қарап-ақ байқауға болатынын ескерткен Жүністің сөзіне ояз иланғанымен, мәселені шешпейді. Шалқар өзенінен балық аулау жағдайы сол бүліктен соң, одан бетер күрделене түседі. Ендігіде алпауыт ақ казактар Шалқар өзенінің сағасына темір торды кесекөлденең құрып тастайды. Сөйтіп, балықты кәсіп етіп, күнелтіп жүрген ауыл адамдары көлдің ірі балығына зар болып қалды. Зорлық жасаудың амал-айласын асырған алпауыттарға деген өшпенділік одан әрі асқына береді. Қоғамдағы әлсіздік, күш көрсету, олардың алдын алмау секілді оқиғалар күн санап, ел ішіндегі алпауыттарға деген текетіресті күшейте түседі. Бұлардың барлығы да роман-трилогияда тарихи роман жанрына сай терең әрі  психологиялық тұрғыда жан-жақты суреттелген.

Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі