Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41
2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69
Хакім мен жесір келіншек Шолпан арасындағы жылт ете қалған ыстық сезімге шығармада нүкте қойылады. Оған дәл солай шешім шығарған –Шолпан. Хакімнің ой-қиялында әдемі де қылықты, ару да жас Шолпанмен ойнап, күлу секілді ойдың болғаны рас. Шолпанның өзі қар астынан басы қылтиып шыққан қызғалдақ болғанымен, тағдыр талайымы рақымшылық танытпай, таптап тастағанын, ол гүлді жерден Хакімнің көтеріп алмайтындығын, көтерсе де, ол баз-баяғы қызғалдақ гүл емес екендігін айтып, оның ой-қиялын кінәлағандай болады. Сабырмен, ой тоқтата айтқан Шолпанның сөзі Хакімнің ыстық арынын бірден-ақ басады. Өзінің бақытсыз хал-ахуалын бір кездері өзі куә болған бес-алты айлық бұзауды құрақ арасында белінен талап еткен азулы қасқырдың сұрапыл тірлігіндей санаған. Бірақ сол үшін Шолпан Хакімді кінәламайды. Тағдыр солай шығар дегенге саяды өз ойын.
Жымпиты билеушілерінің өкілі Маймаков пен жанындағы мықты қараның қаруын тартып алып, жаяу жіберген соң, Нұрым да, Хакім де үрейлі күйде жүреді. Орал қаласында қараптан-қарап қолға түскенін есіне алған ол, ендігіде сақтық жасау қажеттігін түсінеді. Сөйтеді де, күндіз пішеншілер арасында жүреді де, түнде ағасы екеуі далада түнегенді дұрыс санайды. Алайда, арада бір жұма өтеді. Хакімді де, Нұрымды да ешкім іздемейді. Бірақ бір күні екі әскери жігіт Хакімнің үйіне келіп, оны ұстауға келгенін білдіреді. Хакімді алып кетеді. Өзеннен қайықпен өткізбек болғанда, Шолпан ерге тән мінезімен, өткір де тапқыр сөзімен ерекшеленеді. Қайықты қалтылдатып, аудармақ болып, әлгі екі әскери жігітке қаруларын суға тастауын бұйырады.
Қазақ
даласындағы
Бастапқыда әпербақан тірліктердің етек жая бастағанына кіжіне бастаған ел, бірте-бірте бірлесіп, старшиналар мен болыстарға қарсылық көрсету үшін ұйымдаса, ұжымдаса түсті. Жайықтың кең алқабында теңдік үшін күресуге ұмтылған дүбір ұлы қозғалысқа ұласты. Бұл – азат болуға, еркін өмір сүруге деген ой-ниеттен туған еді.
Жазушы шығармасында кейіпкерлер әлемі саналуан. Олар бір-біріне ұқсамайды. Тұлғалық деңгейге көтерілген бейнелер. Бұндай бейнелерді өзге көркем әдебиеттен де ұшырата алмайсың. Жазушының осы орайда 1956 жылы орыстың әйгілі қаламгері Михаил Шолоховтың «Тынық Дон» атты романының бірінші және төртінші кітаптарын аударғанын атап өткен лазым. Аударма ісі де шығармашылық тәсіл. Сол кітаптағы казактар, олардың өмірі мен тіршілігі, кескін келбеті, тұрмыс салты Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» роман-трилогиясының «Шыңдалу» атты екінші кітабында менмұндалағандай болады. Бірақ бұл көшірме емес, шығармалық ізденістен туған қазақ әдебиетіндегі соны көрініс деуімізге болады.
Роман-трилогиядағы кейіпкерлер бейнесі тарихи көркем шығармадағы оқиғалардың дамуы әрі күрделене түсуі барысында тұлғалана түседі. Олардың жеке қасиеті де даралана, толыға бастайды. Бұндай үдерістің нәтижесінде туынды кейіпкерінің оқырман жадында жатталып қалуы да заңды. Мәселен, кеңестік жүйені қолдап, оның мүддесі үшін жанын салып жүрген Парамонов бейнесінен де сондай ерекшелікті байқауға болады. Атап айтсақ, ол ер мінезділігімен, сөзді кесіп-кесіп сөйлеуімен біргелікте, сөйлер алдында, әсіресе, бір нәрсеге ерекше мән берер алдында, мойнын соза, жұтқыншағын бір қозғап қоятын әдетімен тұлғаланады. Оның болмысындағы өзгелерден бөліп тұратын даралықтық бірі – осы әдет. Жазушы бұны жіті психологиялық тәсіл ретінде шебер пайдалана білген. Осы орайда кейіпкерлер әлемінің бір-біріне ұқсамас саналуан әрі санқырлы болуы қаламгердің көркемдік танымы мен дүниеге көзқарасы тынысының кең ауқымдылығын аңғартады. Әрі әрбір кейіпкердің, оның бейнесінің жанды іс-әрекетімен оқырманға әсер ететіндігімен айшықталады.
Кеңестік жүйенің орнығуына Жайық бойында өз үлесін қосқан Парамоновтардың, Әйтиевтің ұйымы және олар өткізген мәжілістер дәл сол бір жылдары үлкен бір армияның штаб мәслихатындай өтуі – өмір шындығы еді. Сондай-сондай бас қосулар ортақ іске өз әсерін тигізгені де тарихтан белгілі. Мұнда ұсақ-түйек деген мәселелер атымен жоқ. Елде төменнен жоғарыға қарай қызмет атқарған бүкіл билік жүйесі тірі организм секілді үйлесімді іс-әрекет етуге бейімділік танытқандай сыңайлы. Оның оң нәтиже бергендігін тарихтан білетініміз секілді, жазушы туындысында да көркем әрі деректі түрде жан-жақты, терің әрі мол қамтылғандығы сезіледі.
Роман-трилогияда бүкіл болмысы мен дүниетанымын қазіргі қоғамдағы басты дерт – араққа жеңдірген бейне де бар. Ол бір жағынан сау кезінде ақкөңіл, ақпейіл, адал көрінгенімен, арақты ауызға алған сәттен бастап, нағыз езбе, сөзқұмар, бейәдеп, бәдік жанға лезде айналатындығын шығарма кейіпкерлерінің өздері-ақ сезіп, одан жеріне бастағанын тап басып, дәл өрнектей алғаны көзге бірден шалынады. Мәселен, хорунжийдің бейнесі – дәл сондай бейне. Ақ казактардың капитаны Белов та хорунжийді алғашқыда бір стакан самогон ішуге шақырғанымен, одан құтылуға асығады. Ол іштей былай деп ойлайды: «Мына парасатсыз маскүнем неме істің жайына бір көз жүгіртіп ойлай ма екен сірә?! Ар, абырой, қызмет бабы мұны ешбір толғандырмайтын шығар. Бойдағы бар күш-қуатын араққа жеңдірген әлжуаз шіркін!» [3, 48]. Әрине, Белов өзінің ішкі сырын оған ашып айтпайды. Дегенмен, тымырсық мінезді Белов өзінің психологиялық табиғатына сай сол ретте де үн-түнсіз қалады. Бірақ қаламгер-суреткер бұндай психологиялық хал-ахуал мен ой-түйткілді автор кейіпкердің ішкі монологы арқылы оңтайлы бере алған. Жазушы сондай-ақ, самогонды жандырма деген сөзбен де алмастыра отырып, сөздің синонимдік, әрі аударма қатарын орынды түрде қолданысқа енгізгенін құба-құп санаймыз.
Роман-трилогиядағы әрбір
Жазушы шығармасындағы іс-әрекет пен қимыл, адам психологиясындағы терең иірімдер, сондай-ақ, табиғаттың айшықты мезеттері өте-мөте шебер суреттелген. Сөз және сөз орамдары нағыз суреткердің қолынан шыққан үйлесімді бояулардың түсіндей көзге де, түйсікке де мықты әсер етеді. Мысал үшін мына бір үзіндіні келтіре кетелік: «Саратан түнінің бір күрмеуге шақ келетін тұсаудай-ақ кезі еді. Белов отрядының бір-біріне қоспай ап-сап еткенше, қара көк аспан мен қоңыр жердің шығыс беттегі түйіскен жиегі сарғыш тартып, құлан иектеніп қалыпты.» [5, 53]. Және де: «Тап сол күні Аңқатыдан шыққан жолаушылар Теректідегі үлкен бір селоның шетіне төніп келгенде, сіркіреп ақ жаңбыр жауып өтті де, електің бетіндей бұжырланып жол шаңы шөгіп қала берді». [5, 61].
Тағы да бір үзінді келтірелік: «Он екі орақшы тырна тізбекпен үлкен жылғаның бойын екі рет оралып шыққанда, көл-көсір жерді күлтеленген қалың шөппен жауып салды. Ертеңгі кездегі көп шалғының дауысы тұп- тұнық ауаның көзге ілікпейтін бір пернесін үзіп басып, үзіп басып құлаққа шамырқанарлық күңгірт шыңылды дыбыс құйып жатқандай. Жылғадан нәзік самал есіп, жас шөптің қалампыр иісін өрге қарай ысырып жайып бара жатқан сияқты. Жағымды дыбыс, сүйкімді иіс, көз тояттарлық алқара көк көрініс шалғы ауарлығын білдірер емес...»[5, 81] Қысқа түндегі әскери іс-әрекет және табиғат құбылысы мен тіршілік көрінісі тұтастай толыққанды сурет күйінде көз алдымызға тұнып тұра қалғандығын осы орайда айтпай кетпеске болмайды.
Роман-трилогияда аласапыран кезеңдегі адамдардың қоғамдық-саяси көзқарасының орнықты бола алмауының хал-ахуалы айқын көрінеді. Жайық өңірінде билік үшін күресте бірде казак үкіметі, бірде киргиз ( Алашорда – Н.Қ.) үкіметі, бірде кеңес үкіметі бітіспес шайқас жүргізіп жатқанда, Ресейден көшіп келген шаруалар мекендейтін Богдановка селосының тұрғындары олардың ешқайсысына да болысуды ұйғармайды. Тек өздерін тыныш қоюды талап етеді. Бұл, әрине, теориялық тұрғыда мүмкін-ді. Әйтпесе, олардың қай-қайсысы болсын, майдан үшін өз мүдделеріне сай астық та, қару да, адам да, ат та алуға құмбыл еді. Сондықтан да белгілі бір билік иелерінің үкімет басына келмеуі, бірін-бірі алма-кезек алмастыруы қарапайым тұрғындардың өзіне де, тұрмыс ахуалына да қолайсыз тиді. Ел басындағы қиын-қыстау осынау шақ жазушы шығармасында ашық әрі шынайы суреттелген. Кеңестік жүйенің бастапқы кезеңіндегі сүреңсіз өмір, адам тағдыры, жазушылық лабороторияның көркем де, тағылымды елегінен аса жоғары шығармашылық деңгейде жүзеге асқан.
Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда сауда адамының саясаты, негізінен алғанда, қалай болғанда да өзіне пайдалы болуымен ерекшеленеді. «Сауда адамына дос та, дұшпан да бір, тек тауарын алса болғаны» деген пәлсапаның тура екендігі Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» роман-трилогиядасындағы мына бір эпизодтан да көрінеді. «– Бәйес Махмедович, мен сені жақсы білемін. Сен сауда ісіне жетік адамсың. Акчуриндердің бәрі де іскер, деловой кісілер... Саған, маған сауда мен егіншілік жұмысынан өзге керек болмайды. Солай ма? Біз басқаны білмейміз, дұрыс айтамын ба?.. Оның сөзінен Бәйеске «саудагерсің, саған сенуге болмас» деген ілік танытқандай үн байқалды.» [5, 65].
Роман-трилогия саналуан кейіпкерлер әлеміне аса тола. Ақкөңіл, аңқау, алдауға көніп, еңбегі зая, тұзы сор болған Бақының өлімі де оқырман көңіліне қаяу түсіреді. Өзгелерге жақсылық жасамаған, өзі дегенде өршіл Шұғылдың бір тайын да бермеймін деп, ешнәрсені ойламай, жаудан сақтанбай, ажалдың арандай аузына өзін-өзі тастауы, енді бұл – құны арзан өлім. Осы трагедиялық оқиға да оқырманға үлкен ой тастайды.
Ел басына түскен аласапыран кезең, алма-кезек арпалыспен бірнеше рет алмасса да, ел тағдырын талқыға салған қиын да күрделі уақыт еді. Алмағайып ауыр шақ, әсіресе, ауыл адамдарына зілмауыр салмағын тигізді. Қарапайым шаруалар ел ішіндегі дүрбелең тірліктерге үрке қарады. Дәл осындай психологиялық ауыр сәтті ауылдан ұзап шықпаған, жамандық атаулысын құлағы есітпеген, көзі көрмеген момақан шаруа бастан кешеді. Ол өзінің тұйыққа тірелген тағдырын бір-ақ сөзбен білдіреді. Ол мынадай сөз еді. «Бұл, бұл, бұл қалай болғаны?» Мінеки, осынау сауалға Уәли жауап таба алмайды. Заманының өзі де дәстүрлі жолынан, қолындағы тәспісінен жаңылған сыңайлы.
Жүніс қажының
соңынан ерген ауыл жігіттері,
айтқанын екі етпейтін Жүніс
қажының елді біріктіре
Роман-трилогияда Шұғыл қажының тұлғалық бейнесі әр қырынан суреттеледі. Өзінің байлығы саналған малы үшін ол жанын беруге бар. Бұл дұрыс та. Өйткені, ғұмыр бойы сол байлығының сетінемеуі үшін ол сергек болды. Кем ұйқылы тіршілік етті. Ендігіде малының басы кемімеуі үшін өзгелерге қатал көрінуі, әрине, заңды да. Ол сонымен бірге өзінің көңіл- қошы келмеген сәтте және жаратпаған адамына тілін жыланша қадап алатын күрделі бейне. Мін таққыш қасиетке де ие. Роман-трилогиядағы саналуан кейіпкерлер болса, солардың бірі – старшина Жолды – Құлағын қайырған тазы, Уәлиді – Көкқұтан, Бақыны – Есек құлақ, өзінің қойшысын Мысық мұрын, өз баласын – Мырық деп ат қойып, айдар таққан да жалғыз өзі.
Тіпті, тоба қыл, шүкіршілік ет, құдай бергенінен жаңылмасын, балалар аман болсын, бастан мал садаға деп басу айтатын өте байсалды, аса сабырлы кемпірі Айтолыштың өзіне мін тағады. Айтолыш қашанда күйеуі Шұғыл қажыны баса сөйлейтін, сабырға шақыратын, қатал тізгінін тежеп ұстайтын, мінезіне келбеті сай, жасы ұлғая бастаса да, еңкейе қоймаған, ұзын бойлы, ірі денелі, қайратты, ұстамды, ақылды бәйбіше атанған-ды. Кішірек келген, шағын денелі, епті де пысық, тесе қарайтын өткір көзді, бірақ ашушаң, тілі у мен заһар Шұғыл қажыға қарағанда мүлдем кереғар сипатта суреттеледі.
Кемпірі Айтолышқа мін таққанда, оны қой ішіндегі өзінің ақ саулығына теңеп, сөзбен тұқыртады. «Сен бе, сен... сен аумаған біздің ала саулықсың! Қой оңға жайылса, ол солға кетеді. Қазір сиырға еріп кететінді шығарды. Қайырайын десең – таныған адамша көзі боз быламықтанып тұрып алады.» Шұғыл қажыны жасы келіп алжасқан деуге болмайды. Сөзі мірдің оғындай. Оны кемпірі Айтолыш та жақсы түсінеді. Түсініп қана қоймай, сөзбен салғыласуға әсте бармайды. Ол – ірі мінез адамы. « – Мейлі, мені не десең де, боларым болып, бояуым сіңген. Әйтеуір, басқаға орынсыз тиіспесең болғаны» деп сабырлы болмысынан ауытқымайды. [5, 175].
Шынайы да, қайталанбас бейнелер әлемі көрнекті жазушының «Ақ Жайық» роман-трилогиясында өте көп екендігіне, іс-әрекеттер мен сөйлеу мәнерінің қилы-қилы суреттелетіндігіне оқырманның көзі жете түседі. Жазушы суреткерлігі, шеберлігі роман-трилогияда аса мол-ақ. Кемел қаламгердің талғампаздық танымы мен қарым-қабілет деңгейі өте жоғары екендігіне қаныға түсесіз. Мал баққан ауыл адамдарының сөздері де мығым, қолмен қойғандай әрі кестелі, орамды да өрнекті. Қарапайым әйелдердің ішкі ой иірімдері кесек әрі терең. Өзінің күйеуі Бақының қаза болғанын естімеген әйелі Шүйке қолды болған екі ат пен қасқа айғырды көрер көзге алдарына салып әкеткен озбырлардың іс-әрекетінен ғана хабардар еді. Ал қой сауатын екі әйел қозыларды көгендеп жатып, еркек атаулысының Бақының өлімін ауызға алмай, Шұғыл қажының айғырын тамсана, таңдайларын қаға айтқан сөздеріне түсіне алмай, дал болады. « – Осы еркектер де қызық қой. Аттан жығылып, ессіз-түссіз арғы беттегі қажының үйінде өлім халінде жатқан Ермектің әкесін де ауызға алмайды. Қажының ырысы кететіндей, бәрінің тамсанып, таңдайын қаққандары баяғы бір айғыр, – деді жасы үлкендеу сары бұжыр әйел.» [5, 176].
Адам жанына үрей туғызатын сөзді жайлап, сыпайылап жеткізу де әркімнің қолынан келе бермес өнер. Жылқышы Аманқұлдың Уәлиге айтқан сөзін Бақының әйелі Шүйкеге айтқан сөзімен салыстырсақ, иірімі терең ойларға қаныға түсеміз. Мәселен, ол Шүйкеге: « – Жеңеше, ештеме емес. Сен, мұқым, үрейленбе. Аттан құлаған кісінің бәрі мертіге береді деймісің. Бір қазақ аттан көп құласа, мендей-ақ құлар. Әлігінде де қырда биеме міне бергенде ері ауып кетіп, оң жамбасымнан жалп етпесім бар ма!» деп тіл қатады. Әйтпесе, Бақының аттан құлағандағы жағдайы жайлы ол Уәлиге: «Бақы ессіз-түссіз жатыр дейді. Әлі тілге келмеген көрінеді. Адам болмас білем, сірә» деп сырлап, безеп асырып айтқан сөзін енді жаймашуақ қатерсіз әңгімеге айналдырды.»[5, 177]. Халқымызда орын алған ауыр жәйтті жұбату пейілімен айту үрдісі сақталғанын осынау сөздерден анық байқаймыз. Ашықтан-ашық бетке айтып салу есітер құлаққа да, жұмсақ жүрекке де ауыр тиетінін данагөй халқымыздың ұрпақтары жақсы білген-ау, шамасы.
Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі