Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41
2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69
Халқымыздың бір туар азаматы, ақын Әбу Сәрсенбаев жазушы Х.Есенжановтың өмір мен шығармашылығы туралы айтқан бір естелегінде «Көп жыл өткен соң» роман-дилогия туралы өз ойын былайша өрбітеді: «Ал енді романның толық нұсқасымен емін-еркін танысыңыздар да, осының бәрін ойша бір салмақтап қарауға да болады.. Төбе шашың тік тұрып қолжазбаны тістене жұлмалайтындай нендей сұмдықпен табысқан екенбіз. Тек лажсыздан уақыт құрбандығы болып, енді ғана тірлігінен тұтас нышан беріп отырған бұл тараулар бірдемені бүлдіріп алмайық деп аяқты байқап басар кешегі аса сақтық, «қырағылық» заманында өздері сызылса да, жақсы жігіттер жұмысынан қуылмай, балашаға несібесі үшін, баспа редакторы жан сақтай тұруы үшін, күні бүгінге дейін архив қазынасында сарғайып, сәтін күте беруге еріксіз мәжбүр болған. Қаламға өріліп, қағазға құйылғаннан кейін енді өзінің ешқашан құрымайтының, ғұмыр жасының ұзақтығын сезінген қасиетті мұра жабулы қазан жабулы күйінде, осындай жым-жырт тыныштығымен-ақ тірілерді кәдімгідей жебеп келген. Мұны мен, әрине, тек сөз орайына қарай айтып отырмын. әңгіме жалғыз-ақ «Жүнісовтер трагедиясын» өндіріске дайындаған редакторлар үрейіне ғана тіреліп тұрған доқ, гәп – біз бастан кешкен әкімшілік, билеп-төстеушілік кезеңінің ойлы сөзбен өштескендей өзеленген өктемшілік жатыр.
Бүгінгі жадыра-жай жариялылық тұсында бүкіл Одақ бойынша талай ондаған жылдар тұмшаланған қыруар қылмыс жүзін жалаңаштап, пәренжесін сыпырып, әлеуметтік әділеттілік ақ желкенін көтерген мынау тазару, айығу шеруінде романға қайта бір көз жіберсеңіз, шегің туйіліп шошыну емес, керісінше, жазушының заман шындығын риясыз дәл жеткізуге тырысқан қаламгерлік мұратында мейілінше ризашылық сезіміне бөленесің.
Соншалық терең суреткерлік шеберлік тұрғысынан табына бермеспіз. Ал бірақ автордың кезең көрінісін, адамдар тағдырын мүмкіндігінше қаз-қалпында көз алдыңа келтірер, толғандырар, тебірентер шыншылдық ерлігіне бас имеске амалың жоқ» [10,12].
Біз назар аударғалы отырған соңғы тараулардың бірінде талшық дәм үшін елінен, жерінен – атамекенінен безуге мәжбүр болған босқын елге айту үшін, Ақтөбеге сапар шешкен әйгілі ақын Сәкен Сейфуллин даналық шежіресіндей халқының аяулы бір қариясымен – Бақытжан Қаратаевпен жүздеседі. Тоз-тозы шыққан азалы өңірдің сұрықсыз сұмдығын Хакім Жүнісов екеуі аралап көріп, өзі атынан, үкімет атынан үндеу тартып, қайыршы халықтың бетін бір қайырмаққа жолға шығар алдында Сәкен бүкіл «Ақ Жайық» романдары оқиғаларының күретамыр тарихи арқауы – атышулы юриске сәлемдесуге, ақылдасуға келіп отыр. Бірер сағаттық сұхбат егіз ел арысының жанын сыздатқан тіршілік қасіреті, асыра сілтеушілік шолақ белсенділігінің ащы сорын жұтқан ауыл адамдары аянышты хәлі орайында сырласуға жол ашып береді. Байырғы ұзын бойлы, жұмыр денелі адамның торғайдай бүріскен, көзге қораш құрт құбылысын тек төрелігін мықтап дарытқан кәрілік шартымен түсіндіре алмас едік. Өткенге салауат айтып, лұғат ойларын қорытып, болашақты бағдарлар тарихи шолу ғаклияларын жазып жатқан дана қарттың қадірлі қонағына шәйнек ілдіруге де шамасы келмеген жұпыны, жадау тұрмысы көп шындықтан хабардар еткендей.
Көрнеткі жазушы, белгілі сыншы Т.Ахтанов «Көкейкесті» еңбегінде: «Роман қазірдің өзінде өбіміз жете біле біраз деректерді алға тартады. Бақытжан Қаратаев – ғасыр бастауында, революция жылдарыңда халқы үшін игілікті жұмыстар атқарғанын, бәрін-бәрін былай қойғанда, 1868 – 1872 жылдардағы Кіші жүз қазақтарының бас көтеруі жайлы ұзақ өмірінде өзі көрген, естіген, тарихи әдебиеттерден көңілге түйген қыруар мағлұматтарды қағазға түсіріп кеткен адам. Кейінгі марксистер, Хакім Жүнісов сияқты жаңа кезең мамандары үшін, әсіресе келешекте заң, соның ішінде сот құрылысының тарихы жазыла қалса, соларға бір пайдасы тие ме деп өз ойларын, топшылауларын жеткіншек ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Әділеттік жолдағы исі қазақтың қашан да тірілер қазығы - әдет-ғұрып заңдары, билер сөзі, құн, барымта деген не, оның төрелік байлам-шешімі, бүгінгі заман тынысымен тоғысатын тұстары... – о, біз талдап, кәдеге асырар қаншама мәселелер қозғалған деңіз мұнда», [11, 147] – дейді.
Қазақ үкіметін, қазақ автономиямын құруда аянбай еңбек сіңірген, жиырмасыншы жылдарда үкімет тәртібін қалыптастыру, сот құрылысын ұйымдастыру, жаңа заманның жаңаша қағидасында лайық қазылық жүйесін қаз тұрғызу жауапкершілігін абыройлы атқарған тәжірибелі юристі мақтаныш тұта отырып, Сәкен Сейфуллин ғадет-ғұрып заңдарының тегін тексеруге кіріскен ойлы шалдың ізгілік-еңбегі сәтті аяқталуына ақ тілегін қосқан, сенім артқан.
Жазушы Хамза Есенановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде журналист Бисен Жұмағалиевтің жазушы Х.Есенжанов шығармаларының кешегі кеңестік жылдарда жарыққа шығуда көп кедергілерге ұшырағандығына қатты нали отыра жазған бірнеше мақаласы жарық көрді. Солардың бірінде мынадай жолдар бар: «Қайда енді сол еңбек? Ол өзі суреткерлік сезім жобалаған жазушы қияланың жемісі ме, жоқ әлде кәдімгідей түрін түстер тірі еңбек пе, бар еңбек пе? Бар еңбек! Біз оның А. С. Пушкин атындағы Орталық мемлекеттік кітапхананың сирек қолжазбалар қорытында қазір қандай күйде жатқанын да жақсы білеміз. Егер алда-жалда біздің иман жүзді айтулы мамандарымыз әйгілі юрист зерттеулерін жарыққа шығаруға пейіл білдіре қалса, мұндай қамқорлыққа Хамза Есенжановтың да, оның өлмес мұраларының да баяғыдан-ақ тікелей қатысы болғанын ескермей кетуге тиіс емес. «Жүнісовтер трагедиясы» романы күн тәртібіне қойған тарихи бір проблема, міне, осы өрістен де қара шалдырып жатыр [12, 5].
Елінің ежелгі асыл сөзі мен дәстүрін, ғадет-ғұрпын түптеу арқылы жаңа заманның әділдік, адамгершілік принциптерін негіздеуге тырысқан ақылман дарияның азаматтық мұратына табына отырып, ақын Сәкен романда бір сәт алды-артын ойламай, көсегем енді көгерер дегенде халқын қан жылатып, қиянат-зорлықтың совет заманында зұлымдық, зымияндық бір көріністерін заңдастырып алған шолақ белсенділер туралы тебірене толғап кетеді. Отызыншы жылдардағы ел күйзелісі төркінін халықтан қол үзген әпербақан басшылардың, сал сойылдардың жексұрындығынан, жаңағы Бақытжан Қаратаев жазған асыл дәстүрлі елдің өзіндік, хас өзгешілік салтын елемей, аяқасты еткен көрсоқылығынан іздестіреді. Босқын елді мекеніне қайтару, жүздегенге азық, тарыққанға жәрдем беру – дүркірей көтерілген адайды, құмға тығылған Ырғызды, Тайсоған, Бүйректіден бастап, Ойыл, Маңғыстау, арал бетін түгел аталы сөзге жүгіндіру, сабасына келтіру қаншалықты күшке түсерін біз осы тұстарда, сөз жоқ, сезіне аламыз.
«Жүнісовтер трагедиясы» - шын
мәнінде шырғалаң дәуірдің
Ақырғы аккорд – көзден
ғайып қайран Жайық жоқтауы
мен «Қайран шешем» тақырыбы
бір. Мұң-зардан арылу үшін домбыра
сарнай берсін. Ал радио ағайынды
Жүнісовтер ең кенжесі – ата
қонысынан амалсыз жұрт
«Көп жыл өткен соң» романындағы кейіпкерлер әлемі туралы тоғанған бір мақаласында жазушы Сәбит Досанов: «Жазушы мүмкін сырқат мендеткен соңғы жылында көсіліп, кеңірек толғауда жағдайы болмаған шығар, мүмкін оқушыны зар илетіп езе бермейін деді, әлде де қолымызға түсіре алмаған жеке көріністер қалқасында қалып қойды, - әйтеуір тек эпилогта ғана Хакім қаза тапқанын, оның соңынан Оралға барамын леп машинадан құлап, Меңдіқыз да мәңгілік дүниеден өткенін білеміз. Бірақ ғасырлар бойы атажан балаға жалғасқан Жүнісовтер әулетінің шаңырағы біржола шайқалып, оты өшпегеніне көзің жетеді. Революцияға қазақ интеллегенциясының келу жолын баянды еткен, талай бастан кешсе де, заман жалынан бүкіл бір ұрпаққа адамгершілік, әділдік, тазалық ырыздығын сыйлап кеткен Хакім мен Меңдіқыздың жалғыз көзі – бес жасар Нариманы Гүлжиһанның бауырында қалыпты. Осы бір келін боп түспей, тірі жесір атанған дәрігер қыздың ғариб-қасерлер үйінен болса да жоғалтқан асылын - Әлібегін тауып, жан азабынан сауықтырар аялы алақанға, аналық мейірімге айнала еш күдігің қалмайды» дейді [13,16].
Хамза Есенжановтың И.Тургенев, М.Шолохов, И.Шухов шығармаларынан көркем аудармалары, әдеби сыңдары біздің төл игілігіміз болғанымен, жұртшылық сарабынан өткен романдары В. Дудинцев, А. Ананьев, В. Новиков, Г.Бельгер, И.Шеголихин аудармалары арқылы Одақ оқырмандарымен баяғыда-ақ бауырласып кеткен. Халық пен халықты табыстырар мұндай ізгілік сапарының бір қанатында келешекте «Жүнісовтер таргедиясы» романы да түндігін көтерсін деп тілейік. Ол үшін ең алдымен өз ана тілімізде қолымызға тиген осы толық нұсқасын тереңірек тану, насихаттау жұмысына белсене араласатын болайық. Сонда ғана біз жазушы аманатын бір мұратына жеткіздік деп білеміз.
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы
Жазушы Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық», «Тар кезең», «Көп жылдар өткен соң» романдары қазақ әдебиетінің айтулы туындылары қатарына қосылады. «Ақ Жайық» роман-трилогиясы үшін автор Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Қазақстандағы революция жылдарының, азамат соғысы кезінің, ауылды кеңестендіру дәуірінің көп оқиғалары, сол заманда өмір кешкен сан қилы тағдырлы адамдар ықыласы мен арманы, парасаты мен қайшылығы бұл шығармада кеңінен көрінген еді.
«Ағайынды Жүнісовтер» Х.Есенжановтың осы кітаптарының, соның ішінде «Көп жылдар өткен соң» романының табиғи жалғасы. Кейіпкерлер қатары бұрынғы кітаптан «ауысқан» таныс бейнелер болса да, шығарманың сюжеттік арқауы мен сипаты тың. Қаһармандар жаңа жағдайда, соны байланыстыра тұсында әрекететеді, мінез-келбеттері сомдана, нақтылана түседі. Сонымен қатар «Ағайынды Жүнісовтер» жеке-дара алғанда да құрылыстық пішіні толық, өзіне лайық жүк көрген шығарма.
Академик Р.Бердібай жазушының «Көп жыл өткен соң» романы туралы мынадай пікір білдіреді: «Бұл романды оқып шыққанда, бірер мәселе ерекше ойландырмай қоймайды. Соның бірі – Қазақстанда кеңестік құрылыстың жеңуі, кездескен кедергілер, қиындықтар, асыра сілтеулер бүкіл аумағымен, нағыз диалектикалық ақиқатымен әдебиетімізде әлі де болса жеткілікті көрінбей келе жатканы. Қазақ ауылындағы әлеуметтік тартыс, жаңа идеяның бірте-бірте жүзеге асу жолдары С. Мұқановтың отызыншы жылдарда жазылған «Теміртас», Ғ. Мұстафиннің елуінші жылдардағы туындысы – «Дауылдан кейінде» біршама айтылғанын білеміз. Әсіресе «Дауылдан кейін» өзінің көркем тілімен, шыншылдығымен бүгінгі қауымға жиырмасыншы жылдардағы қазақ ауылының алуан ақиқатын, адамдарын елестете алған еді»[14,126].
Сонда да болса ауылды кеңестендіру оқиғаларының әлі де ашылмаған қыры мен сыры көп секілденеді. Әсіресе ірі байлардың жерін, мал-мүлкін тәркілеу, колхоздастырудың алғашқы жылдары кезіндегі ахуал көп жағдайда көтерілмеген тың тәрізді.
Ғалым Р.Бердібай бұл мәселеге де қатысты өз ойын былай деп тұжырымдайды: «Бұған түрлі себептер бөгесін болуы мүмкін. Ең алдымен, аталған дәуірдің шытырман оқиғаларын, қат-қабат байланыстыратын анық білу, құбылыстардың шындығына жету оңай емес. Бүгінгі жас буын қаламгер сол кездің архив құжаттарын оқып, танысуда қиындық көреді. өйткені жиырмасыншы жылдардағы қазақ баспасөз материалы түгелдей араб әрпімен, ал отызыншы жылдар жазба дерегі латын таңбасымен берілген. Осы екі алфавиттің «тсоқауылынан» өтіп, архивті меңгеремін деген кісі белгілі дәрежеде зерттеушіге айналуға тиіс. Бұндай «бейнетке», әлбетте, екінің бірі қол ұра бермейді. Ал жиырмасыншы, отызыншы жылдардың саяси-әлеуметтік, мәдени жағдайын өз көзімен көрген, кезінде түрлі дәрежеде қызмет атқарған адамдардың жазылған естеліктері де көп емсе. Шыныда да, сол дәуірдің куәгері болған жандардың келтірген фактілері мен байқаулары, бағалы пікірлері тарихи шындықты бүкіл аумағымен танып-білуге көмектесер еді. өкінішке қарай, бізде мұндай мемуарлық деректер тапшы» [13, 87].
Аталған дәуірді азды-көпті зерттеп, еңбек жазатындарға кездесетін тағы да бір ілгешек бар. Ол - әдебиетімізде өмір қайшылықтарын батыл ашатын шығармаларға жатырқай қарайтындығымыз. Біздің мейілінше шыншыл, көркемдігі кемел шығармаларымыздың көбінесе тарихи тақырыпқа арналып келгендігі дебұған мысал болса керек. Әдебиетіміздің неғұрлым биік жетістігі – «Абай жолы», «Өмір мектебі», «Кездеспей кеткен бір бейне», «Қан мен тер» сондай туындылар.
Жиырмасыншы жылдар мен отызыншы жылдардың бас кезінде қоғам өмірінде сан түрлі қайшылық кедергілер де көрініс беретін. Міне, өмірдің осындай күрделі шындығын айтуға үлкен саналы азаматтық ұмтылыс қажет. Дәуірдің орасан өзгешелігін сезбеген, түсінбеген қаламгер шындықтың бетін ғана шарпып өтуі мүмкін. Қиындықты да, жеңісті де бірыңғай тізген шығармалардың сенімсіз болатыны сондықтан. Әдебиетімізде аталған кезең әлі де өзінің толық келбетін толық таныта қоймады дегенде, біз осындай жағдайларды есте тұтамыз.
Х. Есеңжановтың «Ағайынды Жүнісовтер» - байлардың мал-мүлкін тәркілеу мен ұжымдастырудың алғашқы кезеңі жайында жазылған сирек те батыл шығарманың бірі. Ең бағалысы сол – мұнда автор тарихи кезеңнің оқиғалар тізбегін беріп қоймай, құбылыстардың мәнін адам тұлғалары арқылы суреттеуге ұмтылған.
Өмірдің ақиқат ағысы мен мінез шындығын бірлестіре өру, қиыншылықтарды аттап өтпеу, тартысы ақырына дейін жеткізу «Ағайынды Жүнісовтер» романын елеулі көркем жинақтау дәрежесіне көтерген. Бұл принциптердің жүйелі жүзеге асқанын шығармадағы бірнеше қаһарман іс-әрекеті арқылы айқын аңғарамыз.
«Ағайынды Жүнісовтердің» кейбір қысқартулармен басылған екінші жазушы өте күрделі мәселені – ұжымдастыру жылдарының алғашқы аяқ алысын, елдің тарыншылыққа ұшырап, ауыр ахуалды бастан кешіргенін айтпақ болған тәрізді. Кеңес өкіметін орнықтыру үшін барлық білім, қайратын жұмсап келген Хакім Жүнісов асыра сілтегіш біреулердің кесірінен жұмыстан босап, жазаға тартылу қаупіне ұшырағаны, тек Совнарком бастығы Ораз Исаевтің араласуымен ғана әділетсіздік іске аспағаны хабарланған. Бұған кінәлі кім екені белгісіз күйінде қала береді. Қазақ халқының ардақты ұлы Сәкен Сейфулиннің ел басына түскен қиын халді түзету керек деп өктем үн қатуы халық тілегі болып естіледі. Ал ағайынды Жүнісовтердің кейінгі тағдыры көрінбеуі жазушы шығармасының толық логикалық шешіміне жетіп аяқталмауынан болуы да мүмкін. Мал – мүлкі тәркіленіп, өзі Жетісуға, жер аударылған Ахметше байдың Саратовқа оқуға аттанған сұлу қызы – Гүлжиһанның жағдайы да осы айтқанға қарайлас.
«Ағайынды Жүнісовтер» романының қысқартылып басылуы немесе жеріне жетпей қалуы өз алдына бір мәселе. Осы шығарманың әдебиет үшін басқа да ғибраты бар. Ол – көркем шығармаға, суреткерге батылдық керек екендігін, кеңестік дәуірдің өзіңде қаламға ілінбеген, жете айтылмаған тақырыптың молдығын ұқтыруы, тек шыншыл, үлкен азаматтық ойлармен нұрланған шығармалар ғана әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өркен жайдыратынын, әдебиет тәжірибесінде орын теуіп келген кейбір схемашылықты, жалтақтық пен жалғандықты ысыруға көмектесетінін дәлелдеуі.
Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі