Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41


2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69

Файлы: 1 файл

Х.Есенжанов Көп жыл өткен соң.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)

Оқиғалардың өрбу тәртібін, жалпы «Ақ Жайық» романдарының көркемдік бітімін тұтас шолып қарасақ, әсіресе, бірінші кітапта шұбалаңқы, жалпылама баяндаулар көбірек көзге түсер еді. Жеке-жеке адамдар мінезі берілгенмен, терең тағдырлар тебіренісі жетпей жатыр. Кесек халықтық характерлердің табиғи, жан-жақты кқрінісі – негізінен екінші кітапта. «Тар кезеңде» төтенше әрекет, ерен қимыл басым. Ал «Көп жыл өткен соң» романы ел, заман өзгерісін санамен сезіну. Бұл – мейілінші лирикалы. Жазушы Құныскерей әрекетін түнгі жортуыл, ұры-қарылық, қарақшылық жорықтары үстінде көрсетпей, өз трагедиясына орай іштей бір ойланған, сезім арпалысы сәттерінде беруі осыдан. 

Х. Есенжанов қаламынан туған кейіпкерлер портретінің бояуы да әр қилы. Бірде жазушы оқушының алдына тосқан адамын тура бейнелейді. Бұл – қаһарманның бет әлпеті, дене бітімі, сыртқы келбеті. Енді бірде оқиғаның өрбу желісінде кейіпкерін «құпия» қадалағап, көңіл-күйі, жан сарай құбылысы, қимыл-қозғалысымен сабақтас көз алдыңа кескін-келбетін айнытпай алып келеді.

Ауру меңдеткен, ажал аузындағы сыбызғышы Қайыпқожанның портретіне үңіліңіз: «Дауыл жығып, кеуектеніп, өзгінен мүжілген теректей, сұнғақ дененің қазір сиқы қашқан, екі иініне екі кісі отырғандай жалпақ жауырын мен еңселігі екі елі ер кеуде еттен ада; қара сұр, атжақты бетте рең жоқ; аумағы ортайып, әлі де тоғы сөнбеген көздердің қоңырқай қарашықтары әріден қарайды; екі ұрт ішке кусырылып, шалғысы күнге күйіп бозғылт тартқан, бірақ кәрілік қырауы шалмаған мұрт селтиіп тұр» [19, 261].

«Тынысы тарылып, жарық дүниеден қоштасып бара жатып күй қайырған Қайыпқожаның дүлей кескінін жазушы дәл бейнеленген: «Шеке тамырлары да жарылып кетерліктей тырсиып, самай терісін керіп тұр» [20, 264].

Адамның психологиялық кейпін көз алдыңа әкелетін осындай жолдар – «Хакімнің жазық және қартыссыз сұлу маңдайы сәл жиырылып кетіпті де, жағын таянып отырғандықтан түйілген қабағы онан әрі қыртыстанып тұр» [21, 271] - деп баяндаудан гөрі оқушыға анағұрлым әсерлі жетеді.

Портретпен, кейіпкер сөзі диалогпен, көркемдік жарасыммен жұптастырып, жазушы әр қилы характерлердің талай-талай мінез-құлық мінездемелерін берген.

Старшина Жолдың да адамдарға құратын өз «данатолық» торы бар. Жолдың жымысқы пиғылы, сайқы кулығы, мықтысынып адамсуы, қорқыта, күш көрсете сөйлеуі, алас-қапас оспағы, суырпақтап әлде кімдерден сыр тартуы, ошақ басылық, дүние қоңыздық құлқын-құмарлығы – көбіне жазушының мінездеу шеберлігімен ашылады.

Жеке характерлерді мінездеу – жалпы ел заман жағдайын мінездеуге ұласқан. Қуанышты, қасіретті жеткізу үшін жазушы ел тіршілігін табиғат құбылыстармен астастыра отырып, ежелгі әдеби дәстүрлер бойынша психологиялық параллелизмге жүгінеді.

Сахарада аяқ астынан жыны бетіне теуіп, құтырынып шыға келетін қара құйынды суреттей отырып, ақ қазақтардың тұтқиыл қимылын, қанды бүліншілігін осы алапат дүлейге балау, сарша тамызда бұрқ етіп тұтанғанқызыл жалынды жойқын халық құдіретіне теңеу – психологиялық параллелизмнің сәтті суреттері.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Сыздықова: Х. Есенжановтың тілі – бай, бояулы. Осы еңбегіміздің ұзын-ырғасында біз шығармадан қаншама үзінді келтірсек, соның бәрі жазушы лексиконың, тілдік қорының тамаша мүмкіндіктерін, бейнелеу мәдениетін әр қырынан жан-жақты танытып тұр. Сөйлемдердің синтаксистік құбылуы-фигуралар мен бейнелі, ауыспалы мағыналы көркем тіркестер – троп, афоризмдердің талай үлгілері көз алдымызға келеді. «Ақ Жайық» туындыларының тілі дегеніміз сол.

Шығарманың кез келген жерінен алынған мына суреттерге де назар аударыңыз: «Көше бойының іркілген қызғылт-сарғылт суы шалпылдап ат бауырыңа соғады да, тіктеп тиген тұяқтар сусыз жердің көк соқта қарын шеңгелдеп лақтырады», «Кішкене құс ары садақтың қозы жауырын оғындай өрге сызды» т.б. [22, 57].

Әрқайсысы өз алдына жеке-жеке кітап ретінде сөз болғанымен, Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» романын «Ақ Жайық» трилогиясынан бүтіндей бөліп қарауға болмайды. Өйткені бұл – жоғарыда бір тоқтала кеткеніміздей негізінен, оқушыға аныс халықтық характерлердің жаңа белесі, логикалық жалғасы.

Сыншы ғалым З.Серікқалиев өзінің 1990 жыл жарықа шыққан «Ақ жол» атты еңбегінде жазушының «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы туралы былай дейді: «Романда жер, су иелігіне енді-енді қолы жетіп, ауылдағы тап тартысының әлеуметтік сырын жете түсіне бастаған еңбекші бұқара өмір өзгерісінің бел ортасында ересен құдірет күшке айналған. Өмір бақи Ақметшеге аузын ашып көрмеген, бай есігінде туып, бай есігінде өтуді тағдыр тартқан сыйы деп иманындай сенетін жалшы Таңқыбай екеш, Таңқыбайға дейін ащы тер, адал еңбегінің құнын талап ете алатындай дәрежеге жетіпті. Ол енді күңдік тауқыметімен итшілеп емес, теңдік алған басқа өз тұстастарындай еркін өмір сүруге жаңа замада Ақметшеден гөрі моралдық правосының үстемдігін сезінген.

Қазақ даласында әліде ізгілікті сүліктей сорып жатқан бай-феодалдарды біржола жер аударып, қосшы кедейлерді біріктіру, коллективтендіру дәуірінің қарсаңында жарлыдан шығып, ел игілігіне өз игілігіндей еркін араласқан жандар жалғыз жарыс емес. Олардың артында күрес туын көтерген байырға сырлас Хакім Жүнісовтер тұр»[9, 79].

Ал бұл оқиғаның тарихын жазушы Х.Есенжанов Оралда жерлестерімен болған кездесуде былай деп айтып береді: «1868 жылғы «Дала Низамына» қарсы көтерілген халықты патша өкіметі күшпен көндірмекші болғаннан кейін, ел «Тескен тау» өтіп кетеміз деп ата қонысты тастай үдере көшеді. Қуғыншылар мен үркушілер арасында қанды шайқастар болады. Осы «істе» өзгеше қаталдық көрсеткен Акутин отрядын Орал  бойының қазағы Сеңгірәлі батыр садақшы ағайындары Бегімбет  пен Тұрымбеттің және басқалардың күшімен жоқ етеді. Алайда бұл көтерілісті күшпен басу Ресей патшалығына аса қиынға түспесе  керек. Тұс-тұстан шыққан қарулы қол үріккен елді кері қайтарып  еліне әкелгеннен кейін «кінәлілерді» жазалау ісін қолға алған. Сонда қара халықпен бірге болған Батыс өлкесінің көп сұлтандары да қолға түскен. Қаратай Нұралыұлының, әсіресе, Орман Нұралыұлының Күсепғалиынан өрбіген Ахметше, Шәңгерей, Сәлімгерей, Әділгерей, Сахыпгерей, Жүсіптер жер аударылған. Күсіпғали өзі Дондағы Ростовта, бірқатары Екатеринбургте өліп, тірі қалғандары 12 жылдан кейін Азнабай Тайпақтағы мекенжайларына оралды.  Ал елдің ержүрек батырлары мен от сөзді билері, найзагерлері мен садақшы мергендері, топтап айтқанда, 400-ден астам адам ату мен асу жазасына және каторгаға айдалу жазасына ілігеді.- Акутинді кім өлтірді? - деген тергеушілер сұрағына:- Жүніс бидің сөзі, Сеңгірәлі батырдың өзі! – деген жауаптар болыпты…Сөйтіп, бабаларымыз Сеңгірәлі батыр  өлім жазасына кесіліп, Жүніс би каторгаға айдалып,  он жылдан кейін, 68 жасында атамекеніне оралған.Тарихта адам ойлап таппайтын жайлар да мол: 1919 жылы Бірінші қазақ атты әскер полкінің бөлімшесі тұтқындаған қанды қол генерал Акутин баяғы Сеңгірәлі батыр жоқ еткен капитан Акутиннің немересі деседі…«Ел ауа» жайында аңыз әңгіме көп. Сол көп әңгіменің тағы да бірі «Тесік таудан» өтіп кеткен 40 жігіт»:Бас болып Жолмұхамбет тама кетті Қосшы боп батыр Шора және кетті, - деген жырмен басталады. Аңыздың желісі болған уақиғаға байланысты Ишан Ихлас Досов деген кісі «Ел ауада» кері қайтпай, 40 үйді бастап, сол кеткеннен  көшіп, Түркияға өтіп кеткен. Бақытжан Қаратаевтың материалдарына қарағанда бұл бір топ қазақ ауылы Шам шаһарының түбінде орын тепкен. 1908 жылы Меңдіқыз Шығаева дейтін атақты әйел Меккеге барған сапарында сол Шам шаһарының (Дамаск) түбіндегі жерлестерін тауып, көріп-көрісіп, қонақ болып қайтқан. Бәкең Меңдіқыз Шығаевамен жүздесіп, сөйлескен. Мұнан 100 жыл бұрын қоныс аударған қазақтардың ұрпақтары қазір де бар – бір тайпа ел болыпты деседі…Жоғарыдағы тарихи шайқастың кейбір көріністері «Ақ Жайық» романының үшінші кітабында («Тар кезеңде») өлім жазасын күтіп отырған ақ генералдар қолындағы Бақытжанның ойы арқылы шетпұшпақтап суреттелген болатын. 

«Ақ Жайықтың» бас қаһармандары қандай десек: Оралда 1918 жылы бірінші облыстық совдеп құрған жандар. Олардың басшысы Петр Дмитриев – Орал гимназиясының оқытушысы, Петроград пролетариаты, уәкілі. Бірнеше жыл каторгада болып, айдалып келген большевик. 1861 жылы құлдықтан құтылған ресей   қарашекпенінің баласы. Бірі – юрист Бақытжан Қаратаев. Үшіншісі – Доссордың жұмысшы мектебінде мұғалім болып қызмет істейтін Павел Черняков. қарапайым еңбек адамы. Петр Парамонов, Меңдігерей Ипмағамбетов, Әбдірахман Әйтиев, солдат Иван Белан…

Хакім бейнесі жөнінде әңгіме басқарақ. Ол – жеке бір адамның өмірінен алынбаған, яғни көп адамдарда бар қасиеттерден  құралған жиынтық кейіпкер. Бұлай ету – хакімнің романда көтеретін «жүгі» аса зор болғандықтан. Хакім бейнесін сөзбен кестелегенде, автордың көз алдында төрт адамның кескін-келбеті тұрды. Олардың аса елеулісі – Сермұқан Бекбатыров. Бұл азамат – қайратты, саналы, білімді юрист Екінші – Қадір Матжанов. Уездік прокурор болған. Кейін Аягөз ауданының партия комитетінде бірінші хатшы. Аса адал, өнегелі жан еді. Үшінші – көп жыл уезде сот пен прокуратурада жауапты қызмет атқарған, өзімді тәрбиелеп, үздіксіз оқытқан әкемнің кенже інісі Хайыржан Есенжанов. Төртінші – прокурор Қазкен Ақжаров. Осы төртеуінің ісі, өмір жолы ішкі рухани көркі мен сыртқы сипаттары Хакім бейнесін жасау үстінде, үй салғанда керекті кірпіш тастай қалана берді.

«Ақ Жайық» романы жөнінде пікір айтқан жолдастар өте көп. 1958 жылғы Мәскеудегі Қазақ әдебиетінің онкүндігі кезінен бері қарай жүздеген арнаулы мақалалар жазылды. Мұның басым көпшілігі – ізгі ниет-пікірлер мен әділ бағалар.

Роман қазақ тілінде, орыс тілінде де Алматы мен Мәскеуде үш рет басылды [23,56].

Көркемсөздің көрнекті шебері Хамза Есенжанов бізге ең алдымен «Ақ Жайық» трилогиясымен, сосын «Жүнісовтер трагедиясы» дилогиясымен қымбат. «Ақ Жайық» кей жағдайда «Тынық Донмен» үндес шығарма. Михаил Шолохов Нобель сыйлығын алған атақты эпопеясын 14 жыл  жазды. Хамза Есенжановта ондай мүмкіндік болған жоқ. Сонда да ол «Ақ Жайық» трилогиясын 4 жыл жазды. М. Шолоховтың Қазақстан жазушыларының съезінде айтқан: «Асығыстықтан ақаулы бала туады», деген мысқылға толы уытты сөзін біле тұра асықты. Егер Хамза Есенжанов шығармаларында әлдебір жетімсіздіктер болса, сол асығыстықтың салдары. Әйтсе де ол үшін оны айыптаудың қажеті жоқ. Өйткені, оның асықпауға шарасы жоқ еді. Оны асықтырған қиын тағдыр – суық Сібірдің сыз түрмесінде желге ұшқан, зая кеткен 17 жыл.

«Ақ Жайық» пен «Тынық Донда» біраз үндестік бар деп біз жоғарыда айттық. Ең алдымен атап, қадап айтарымыз бұл екеуі де кең құлашты, көп салалы әлеуметтік роман эпопея. Бірі ақ Жайықтың, екіншісі тынық Донның перзенттері өз өлкесін, өз өзенін жырлаған. Революциялық және таптық күрестің оқиғаларын шығармаларына өзек еткен. Бас кейіпкерлер Григорий Мелехов, Аксиния мен Хакім Жүнісов, Мүкараманың тағдыры мен жан дүние иірімдері де үндесіп, үйлесіп тұр. «Тынық Донның» беташарындағы ескі казак әні: «Жерімізді жыртқан соқа емес, аттың тұяқтары; егін емес, казактардың бас сүйегі тұқым болып себілген; Дон бойының көркі кілең жесір ғана, гүлі өңкей жетім бала; толқындары ата-аналар көз-жасы»,– деп төбе шашыңды тік тұрғызар ащы шындықты ашына жырлайды.

Жиырмасыншы ғасырдың басында Жайық өзенін жағалаған, оны айтасыз, кең байтақ қазақ жерін мекендеген халықтың халі де Дондағыдай қайғылы болатын. Ресей империясы мен қазақтың ұлы даласында кең қанат жайған революция мен азамат соғысы жазықсыз, жазықты жандардың қанын судай ағызды. Дон казактары сияқты Жайық қазақтары да қақ айырылды. Замана дүрбелеңімен екіге бө­лінген бір халық бірін-бірі аяусыз қырды. Олардың арасында Ресейден ентігіп жет­кен, ақтар мен қызылдар болып алысқан орыстар да бар. Адам мен ажал беттескен сол топтың ортасында «Ақ Жайықтың» кейіпкерлері жүр. Жай жүрген жоқ, оқты күндер мен отты түндерде жандарын шүберекке түйіп атысып, шабысып жүр. Трилогияның үшінші кітабындағы бірінші сөйлемнен сөйлетсек: «Тартыс тас қамаудың ішінде де жүріп жатты».

Атыс пен айтыстың бір жағында ағайынды Жүнісовтер – қажының ұрпақтары Хакім, Әлібек, Әділбек және Мәмбет, Нұрым, Бақытжан Қаратаев, Мүкарама, Быков, Қален Көптілеуов, Шолпан, Белан, Дмитрев, Кәрімғали, Меңдікерей. Қарсы топ, қарсы бетте Халел, Жанша Досмұхамбетовтер және төтенше әскери соттың төрағасы Емуганов, сұлтан Арон Қаратаев, ақ генерал Михаев, аяу білмес Абылаев, жазалау отрядының бастығы Акутин. Осылардың бәрі де көркемдік жүк көтерген, Хамза Есенжанов талантымен сомдалған сом бітімді бейнелер.

«Тынық Дондағы» сияқты бір отбасы тағдыры негізгі желі болып тартылған «Ақ Жайықтың» үш кітабындағы алты бөлім, елу тарау, екі жүзге жуық эпизодта шашау шыққан шашыраңқылық жоқ. «Төңкеріс үстінде» деп аталатын бірінші кітапта ақтардың Орал қаласын басып алуы, «Шыңдалу» есімін иеленген екінші томда халық санасының оянуы мен күреске шығуы, «Тар кезең» атты үшінші шығармада Совет өкіметінің орнауы баяндалады. Жай ғана баяндалмайды оқиғалар мен кейіпкерлер тағдыры арқылы кең тыныс, кемел оймен суреттеліп, кестелі тілмен көмкеріледі.

«Ақ Жайықтың» бас кейіпкері – үш кітапта бірдей көрінетін, жай ғана бой көрсетіп қоймай бедерлі бейнеленіп, мінсіз мүсінделген Хакім. Трилогия оқиғасы реальное училищеде оқитын Хакімнің сүйген қызы Мүкараманы ойлап, онымен сүйіскен тәтті шақтарын еске алумен басталып, балаң бозбаладан күрестің от-жалынында шыңда­лып, революционер дәрежесіне жеткен жігіттің сүйіктісі Мүкараманың қан жұтқызған қазасына тап болған қайғылы оқиғамен, сонан соң Бақытжан Қаратаевтың халық алдында жалынды сөз сөйлеуімен аяқталады.

          Қанішер  Абылаев басқарған елу офицердің «түнде төсекте бейғам жатқан» екі жүз жасақшыны қырып салған Ащысайдағы қанды оқиға оқушының сай сүйегін сырқы­ратады. Сол қаралы түнгі қанды өртте Хакімнің Мүкараманы жаны ышқынып іздеген, сәлден соң оның өлі денесін көрген сәті трилогияның ең бір көркемдік биікке көтерілген тұсы. Сөзіміз жалаң болмас үшін бір ғана үзінді келтірейік: «Хакімнің тілі байланып қалды. Ол аппақ қудай болып кетті. Көзінен жас, аузынан үн шықпады. Ол тек аулаға шығарып көгендеген қозыдай қатар салған қанды өліктің ішінен адам іздеді... Ол тапты. Шеткі төбесі ортасына түсіп, қопарыла құлап қалған үлкен үйдің жанында Нұрым жатыр еді. Нұрымның қасында Орақов. Екеуінің де басы кесілген, Хакім Нұрымның бассыз кеудесіне төніп, тізелей, мойырыла отыра кетті. Біраз уақыт өтті... Оның ойына бір кез үрейлі нәрсе сап етті. «Мүкарама қайда? Жау қолында!.. – дей берді ол іштей. О, тәңірі! Неге өлмеді жауға олжа болғанша! Неге қанға көміліп жатпады ақ дене! Неге!.. Неге!..» – Бұл тілек пе, әлде ашынған ащы қасіреттің елесті үні ме? Оны Хакім білмеді. Тек: «Неге! Неге мына жерде жатпады! Неге жау қолында қор болды! Неге! Неге!” дей берді. Ол бір сәт назарын Нұрымнан басқа жаққа аударғандай болды. Қасында қопарылған үйдің астынан бір топ ауыл адамы өлік шығарып жатыр екен. Хакім мағынасыз көзін сол жердегі үй астынан шыққан өлікке бұрды. Ол бірте-бірте орнынан тұра бастады. Әйел өлік... Жас әйел. Келіншекті екі адам көтеріп шетке шығарып салды. Тағы әйел... Оны да көтеріп келіншектің қасына әкелді. Кәрі әйел. Бір кез... о, тәңірі... бір әйел... бір бала... қыз бала... әйел емес. Шашы төгілген... аппақ... Қағаздай аппақ жүз... Жаңағы қысқа тілек! Жаңағы тар тілек қабыл болғаны ма?.. Хакім ұмтылып келіп өліктің басын құшақтай алды. Өлік Мүкарама еді...» [15, 154].

Трилогияның сюжеттік желісі мен композициялық құрылысын сымға тартқандай сұлу тізген автор бас кейіпкер Хакімнің жандүниесіндегі күйзелісті тамыршыдай тап басып, тамаша бейнелеген. «... Сүйген жардан, тел өскен бауырдан. Бірге оқыған жолдастан айырылып, аз күнде өлік жандай қуқыл тартып кеткен Хакімнің тек өңі емес, іші де қуқыл, дене жансыз, кеуде бос қуыс, ой мұздай, көңілі суып қалған» [15,127].

Әртүрлі әлеуметтік топтардың тартысын шебер суреттеген жазушы әр кейіпкердің жан дүниесін жарқыратып ашумен қатар олардың іс-әрекетіне оқушыны сендіре біледі. Бір ғана мысал. Етегін жел ғана желпіген, тәні де, жаны да таза ауыл қызы Зағипаның ақтардың әскері зорлап, абыройы ашылғаннан кейін ашынып, у ішіп өлуі де, жаратылысынан қатыгез Абылаевтың жауыздық іс-әрекеттері де олардың бітім-болмысына сай сенімді суреттелген.

Жазушы, халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты С.Досанов жазушы мерейтойына байланысты жариялаған бір мақаласында Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы диалогтар серпінді де сенімді әрі кейіпкер табиғатына сай екенін айта келіп, соның мыңнан бір мысалы мынау дейді:

« – Қойшы әрі, – деді Мәулім жұлып алғандай. – Сүйіскені несі, сүйісу былай тұрсын өзіміздікі бетімізден өбіп көрген жоқ.

Осы сөзді бүгінде көшедегі ағылған халықтың көзінше, тапа-талтүсте көзіңді бақы­райтып қойып көрінген жерде үлкенді-кішілі еркекпен жаласып жататын бойында иман, бетінде ұят жоқ жалаңбұт қыз-қырқын айтса күлкілі болып шығар еді. Өткен ғасырдың басындағы қаймағы бұзылмаған қазақ ауылындағы әйел затының дәл осылай сөйлері хақ.

Енді мына бір шағын да шалымды диалогқа зер салып көрейік:

- Сен де айта білесің-ау, қаншама орыс болып кетсе де Барқынның баласы Барқынның қызын алмас.

- Ойбай-ау қыз алыспайтын енді  не қалар дейсің?

- Қойшы әрі, соншама діннен безіп  кетті дейсің бе?

Бұл да ақылға қонымды, уақытқа сыйымды сөздер. Анасы ұлына тұрмысқа шыққан, күйеуі әйелін ақша үшін жезөкшелер тобына қосқан бүгінгі күні айтылса, әрине ақылға сыймас еді. Хамза Есенжановтың кейіпкер аузымен айтқан бұл сөздері бір емес, бірнеше міндетті мінсіз атқарып тұр.

Шығарманың ажарын ашатын теңеулерді де автор сәтімен таба білген. Аз ғана мысал: «Үлкен тас көшенің бойы домбыраның шегіндей дыңғырлап тұр». «Қала ауру жандай сұлық жатыр». «Аттың тағасындай дөңгелек шұқыр сай...»

Бұлар дилоогияның тек бірінші томынан теріп алынған теңеулер. Екінші томды сүзсек, олардың көлемі ғана емес, көркемдігі де арта түсері анық.

Адам – табиғат ананың перзенті. Көркем шығармада адам мен табиғатты тығыз бірлікте суреттеу жазушы шеберлігіне сын. Хамза Есенжанов бұл тұста да сүрінбейді. Мәселен, дилогияның бірінші кітабындағы: «Күн сәске түс. Ыстыққа арқасын қыздырып, шөп арасынан өрмелеп, бидайықтың басын да бота тірсек сарыала шегіртке бебеу қаға шырылдап тұр», деп басталатын, оған жалғас Хакімнің көзімен берілетін табиғат көріністері автор қаламының қарымын толық танытады» [24,11].

Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі