Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41


2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69

Файлы: 1 файл

Х.Есенжанов Көп жыл өткен соң.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)

«Ақ Жайық» трилогиясының тақырыптық жалғасы «Көп жыл өткен соң» мен «Жүнісовтер трагедиясында» азамат соғысынан соңғы Орал өңірінің өмірі бейнеленіп, халық шаруашылығын қалпына келтіру баяндалып, Батыс Қазақстандағы ұжымдастыру жылдарының көркем шежіресі жасалған. Автор мұнда да «Ақ Жайықтағыдай» кейіпкерлерін қалың оқиғалар ортасында бейнелеп, олардың жан дүние иірімдерін оқушының көз алдына алып келеді. Бұл дилогияда ерекше есте қалатын кейіпкердің бірі де, бірегейі де – кесек қимылдарымен кескінделген Құныскерей. Аз көрінсе де есте қалатын бедерлі бейнелер де аз емес. Олар Сталин, Мирзоян, Сәкен, Ғабит.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы

2.1. Ағайынды Жүнісовтердің  тарихи-көркемдік бейнесі

 

Ағайынды Хакім, Әлібек, Әділбек Жүнісовтер бейнесі қазақ әдебиетіне сонылық әкелгені жазушының бұрынғы кітаптарынан да байқалып, әдеби сында атап өтілген. Бұлардың «тегі мен өмірбаяны» тың ізденіске негізделіп, өмірде болған адамдар тағдыры мен тәжірибесіне сүйеніп жасалғаны мәлім. Атағы аймағына жайылған Жүніс қажы балаларының елді кеңестендіру кезеніңде кешкен жолын көрсету жеңіл міндет санлмаса керек. Біз әдеби шығармалардан бұл кезеңге дейін көп ретте бір-біріне қарама-қарсы екі таптың – үстем тап пен езілуші тап өкілдерінің күресін көріп үйренген едіе. Хамза романының ортақ кейіпкерлері – белгілі діндар, кезінде ірі байлармен, билеушілермен иықтас болғанадамның ұлдары. Жазушы суреткерлік міндеттің үдесінен шыға білген. Оның кейіпкерлері іс-әрекеттің жалпы бағытын объективтік шындық белгілесе, нақтылы жағдайда өздеріне тән мінез ерекшеліктері айқындайды. өмір шындығынан көркемдік шындыққа көтерілу осылайша табиғи шешілгенін көреміз.

Өмірдің тәжірибесінен үйренген, заман ағымын жақсы аңғарған, табиғатында әділдікке бейім, парасатты, әрбір мәселені ақылға, адамшылыққа салып шешетін заң қызметкері Халкім дәуірінің ең алдаңғы қатарлы саналы азаматы ретінде көрініс береді. Інісі Әлібектің бай қызы Гүлжиһанға үйленуі нендей шырғалаңға соқтыратынын оның күнілгері сезіп, іштей бұлай болмауын тілейтіні, бірақ шын іңкәрлік бойын билеген інісінің көңіліне дақ түсірмеуге, төтелей-тиым салмауға тырысуы – әрбір әрекеті нанымды. Өмірдің, табиғат әсемдігін жырлауға бейім, қиялдауға, асқақ ойларға қабілетті, ақынжанды Әлібектің тұлғасы да сендірмей қоймайды. Ол Хакім секілді жаңа құрылыс үшін күрескер болып шындалмаған, саяси оқиғалар мен жеке жағдайлар зандылығын түсіне бермейтін, көз қарасы толық қалыптасып болмаған жан. Ал Хакімнен де, Әлібектен де кіші Әділбек пысық, өткір болып көрінеді. Ол тәркілеуге ілінген байдың қызы Гүлжиһанға тиісті мал-мүлкінен ағасы Әлібектің құралақан қалмауын көздеп, қатты әрекеттенеді. Оның дүниені жақсы көретіндігі өзінің түсінігіне, өскен ортасына, мінезіне сай. Сөйтіп, ағайынды үш жігіт – Хакім, Әділбек, Әлібек үш түрлі құлықтың адамы болып бейнеленген. Суреткер өмір толқынында қаңбақша қалқыған адам тағдырын кең реалистік арнада байыпты көрсетеді.

Енді біз өз тізгіні қолында, туып өскен жеріне игілігім деп өзімсініп қарайтын жаңа адамның жан дүниесі көрінген бір – жар характерді төңірегімен, ортасымен сабақтас сөз етуіміз керек. Тарихи заман шындығы мен шығарманың көркемдік шешімінен бірқатар мағлұмат танытар біраз сыр осы арада ашылады.

«Көп жыл өткен соң» романының басталысында прокурор Хакім мен інісі Әлібек ұзын жолдың бойында келе жататын. Арқа беттегі елдерді орай өтіп, қара жолдың бойымен қос қаракөкті көсілтіп, салтанатпен тартып отырған күймені осы сыйлы жолаушылардай болмаса да, қалқанды қисық арбаның кең төсінде кең даланың қожасы өзім дегендей, өгіз жеккен өктем жеккен бір қазақ Хакімдер сонау Құныскерей мен қиянда кенет кездесер тұста қиялымен көк тіреп бара жатты. Бұл ағайынды Жүнісовтердің ең кенжесі, Хакім мен Әлібектің інісі - Әділбек. Көк шөпті жамбасынан нығарлай басып, шынтақтап шірене шалқаюында да бір өрлік, мықтылық бар. Күн қақты көнетоз бөркін жыпырайта қондырып мүйізқараның шығыршығын санайды. Өз тірлігіне ден қойып, іштей тойып кең даланың мархабатына рахатқа кенеліп, әлденелер ойлап жатыр: шаруа қамы.

Көкірегі ашық, көңілі таза, әзілімен – ақ алдыңды он орап алып, екі аяғыңды бір етікке тығар от ауыз жігіт жол жөнекей тынысы тар, тіршілігі тымырық бай ауылына шығыс дәстүрімен қошемет күтіп, ізеттілік жолымекн келгент жоқ. Ұзын жолдың бойындағы бүкіл өмірге өзімсініп,еркінси енді.

Қалғып кетіп, қапыда бұрылып жолдан шыққан иісшіл, есті өгіздерін бір суарып алайын деп, шөліреген шөлге ғана дәру іздеген қазақы жігітті бай ауылының бетпақ пиғылы бетінен тырнап алды. Шақырусыз келген көзге қораш, бесеубет беделсіз қонақты өгізімен қоса сыбап, сыйын сыйласпай жатып – ақ бір шайпауыз таяқ тастам жерден табыс еткен.

Әділбектің жігіттігі ұстап кетті. Қос үйді қоса қондырмайтын бақырауық бәйбішемен жағаласып, жер болатын жайы жоқ. Үйдей пәледен үндемей құтылмақ еді, сөйлеп қалған ауыз – Дабыл байдың түндігін тік көтерген сүйреңдеген сүйрік тіл түріп айдап бара жатқаннан кейін өзгеге есесін жібермейтін Жүніс қажының кіші баласы да тізгінді қоя берді. «Бәйбіше, сыр қарауға көз тоқтатарлық ақ орда көрінгеннен кейін жолаушы аялар табақты ауыл екен деп бұрылып ем. Жаңылдым, айқайы мен қамшысын көтеріп қарсы алатын таяқты ауыл екенісіз. Өзіме шалап бермесеңіз де өгізіме сыңар шелек суыңызды құярсыз, қауға беріңіз, құдығығыңыздан көлік суарайын» [17,19].

Бас – аяғына қарап алмай, жорға жекен мырзалардай шіреніп, бай ауылды басына сөйлеген бетпақ баланыңи қылығына Дабыл байдың әйелі Қалампыр жарылып кетті. Тілі мен жағына сүйенген «көргенсіз» жолаушыға айқайлап шақырып, әлдекімді айдап салмақ еді.

Бұған тосылып жатқан Әлібек жоқ. Өзінен өзі күйініп, жынынан булыққан долы бәйбішенің намысына одан сайын от тастап жіберді: «Тышқақ өгізді бұл жерде де жегетін көрінеді. Анау жатқан өгіз қамыт пен жармалы арба жорғаларға деген салтанатты жабдық болмас. Күйеу, күйеу деп қақылдайсыз. Майлық орамал орнына жұмсайтын күшік күйеуіңіз бар – ау шамасы. Шықсын, шақырыңыз, шақырыңыз»[25, 20].

Бетіне ешкім бұрын соңды жел болып тимеген безбүйрек бәйбішеге бұл атқан оқтай қадалды. Бала жігіт бай ауылының іргесінен сығалаған бүкіл тірлікке түңіле қарады. Көрші – көлем, ниеттес, бауырлас жандардығ ықылас пейіл, қонақжайлық, көңілдес қарым- қатынасының адамгершілік сыпатын оқып үйренген жоқ. Ол көріп өскен. Шығыс мәдениетінің бір мұрасы – бұдан мыңдаған жылдар бұрын жазылып, салт санағаи сіңіп кеткен шежіре кітаптың арнаулы курсын да өтпеген. Тек атажұрттың байырғы дәстүрі, ұрпақтан ұрпаққа қала беретін әдет – ғұрыптың сыпайгершілік үлгілері ғана мұнымен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатыр.

«Әділбек ежелгі гректердің бауырмал, ақ пейілін - өз үйінде ең алдымен өзгенің тыныштығын ойлайтын Телемахты да білмейді. Үнді халқының тамаша дәстүрін құдірет тұтқан әйгілі Ману заңының бір тірегі «қонағын күтпей, ең әуелі өз құлқынын күйттеген кісіде ес жоқ» дейтін айбарлы жолдарды да жатқа айта алмас. Бірақ, ол әйтеуір өз ортасының, қазақтар тіршілігінің қонақжайлық ғұрпын бар бүге – шегесіне дейін «тәңірінің» өзі табыс еткендей түсінеді. Қажының баласы-дәстүрге мойынсұнатын жігіт әдептілік инабатының бразын ата-бабалардан келе жатқан осы адамгершілік, сыпайыгершілік үлгілерінен табады» [17, 189].

Мысыр елінде өзіне деген ықылас-пейілге Эфиоптың разы болғандығы соншалық, негрлер жұртының дәм-тағамы ретінде адам дәті шыдамас қандай қойыртпақ табыс етіліп жатса да, бәрін де бас изеп құп ала беретін. Әділбек ондай сыпайыгершілікке бара қоймауы мүмкін. Көңіліне жақпаса, әдептілік сақтап, сырын бүгіп қала алмайды. Ұнамаса-ұнамады деп айта алар еді. Өйткені, оның табиғаты солай- туоа, бір сөзді. Көңіліңе келіп қалады деп ойламайды. Жүзбе-жүз келгенде сөзін жұтып, іштей бүгіп, сырттай күбірлегеннен гөрі осынысы дұрыс.

Бұл кездесуде ол тегін адаммен тіл қатысқан жоқ еді. Қалампыр - Айтан тергеушінің өзін кеңкілдетіп, сөзбен шырмап алатын нағыз сайқалдың өзі. Табиғаты жағынан Ә. Нұршайықовтың «Қан мен тер» романындағы Қарақатын тақылеттес. Бірақ онан бір өзгешілігі – Қалампыр анағұрлым сымбатты, әзіл – қалжыңы да сыпайы, шебер. Дарақы өсек-аяңның отаны емес, Қарақатыннан «мәдениеті» бір саты биік. Бұның «кредосы» қулық пен қылымсуда жатыр.

Өгіз арбамен келген күйсіз қонақты шаттығып қарсы алған Қалампырдың бейтаныс бала Жүніс қажының бауыр еті, кәдімгі Хакім прокурордың інісі екенін білгеннен кейінгі табан астында өзгеріп сала берген сайқы мінез құбылысы қандай. Өз-өзінен бәйек болып, әңгіменің сәні кілт өзгеріп кетті. Қазақтың байырғы «танымасын сыйласын» дәстүрімен жуып - шайып жатыр.

Қалампыр кіммен қалай сөйлесерін біледі. Ішкі есебі мықты.

Әділбек те пенде. Дәл осы жерде оның да бір жібі босап кетті. Дәулетті Дабыл байдың аулындағы беделді, би бәйбіішенің майысқақ мінезіне орай бұ да жұмсарып, жылы шырай бере бастап еді. Қалампырдың күйеу баласы Рақымғалидың табалдырығынан аттап, шаңырағының астына басын сұққаны сол-ақ, күшік күйеудің қытымыр әйелінің алдында жыбырлап басып, жым болған бейшара  жүзін көргенде Әділбек абыржып қалды. Қалампыр Қалампыр ма, қарына тартпағанның қары сынсын, онымен ұялас Зейнептің пиғылы туған апасынан асып түспесе де кем емес. Үйіне көлденең көк аттыны түсіріп көрмеген көргенсіз келіншек пен түңіле тілдесті Әділбек. Ант бергеннің адамның өңіндей ажарсыз шаңырақты мықтап бір іштей тілдеп алды да, ауызды қу шөппен сүрткен шық бермес сараң бай ауылдың дәм-тұзын татпастан құда бала келген жолымен тартып отырды.

Рақымғалидың бүйрегі бұра пыш-пыштап жеткізген бір-екі ұсынысы ғана оған әр түрлі ой салған. Балдызымды айттырам деп бозбаланың басын білдірмей, бұлдыратып жіберген Рақымғалидың сәуегей бауырмалдығы бұл.

«Алтын көрсе періште жолдан таяды». Жол-жөнекей кетіп бара жатып та әлсін-әлсін есіне орала беретін жын-шайтан Әділбекті кеу-кеулеп билеп алды. Оның бойындағы пендешілік, бір осалдығы осында. Бұл Әділбектің таза шаруақой табиғатынан туып жатыр. Өз ортасының бел баласы. Тұрмыс тіршілік тиянағын, қиянаты болмаса, хал- ақуал қазынамен қлшеп-пішуге іштей көп қарсы емес. Осы бара жатқанның өзінде де ол қалаға құр сейілмен жол тартқан жоқты. Косилка мен фургон алып қайтпақ. Кәдімгі қарабайыр шаруа қамы.

Әділбектің қалада - Хакімнің үйінде ортаншы ағасы Әділбектің қазақшылық жолымен жасында атастырылған қалыңдығы Гүлжиханмен тұңғыш тілдесуі де қызық. Хакімнің жұбайы Меңдіқыз жиеншарлық, о бастан да өзара туыстық қарым-қатынаспен бауырындай іш тарта таныстыруы-ақ мұң екен, «өзімнің кәдімгі жеңешем екн ғой» беті ашылмаған ұялшақ жас қыздың- Гүлжиханның қолын қысып-қысып қалады. Ауыл-аймағының саулығын сұрап, бірден билеп-төстеп кимелеп кетеді. Гүлжиханды бұлай ұялтуға болмайтындығын бетіне басып, Меңдіқыз ескерту жасағанда да тосылып жатқан Әділбек жоқ.

Баяғы жасында «Ақ жайық» романында Шұғылдың қара бурасын да алдап ұратын, ертелі-кеш су жағасынан шықпайтын кішкентай Әділбек арада жылдар жотасын қалдырып, енді міне өзінен мүшел жас үлкен Шолпанмен де терезесі тең сөйлесіп отыр. Қалжыңға бұрамын деп жаны жаралы жандарды қалай қинап жібергенін өзі де сезбей қалады. Күйеуңне билетпейтін би бәйбішелерге балап, теңін таппай тұрмыс құрған бақытсыз Шолпанның үйіндегі отағасы - Айтан тергеушінің адресіне де бір-екі ұпайды қыстырып қойды.  Әділбектің ойнаса да ойындағысын айтқан әділет сөзі елін, жерін сағынған қамкөңіл  Шолпанға кейінде қалған күңгірт өмірдің  күнгей жағын қайта бір еске алуға мәжбүр етті. Бәшекең көлінің жағасындағы балалық шағын, Аңқатыны, бұрынғы бақытсыз енесі Күмісті, сәби Сарыны ойлады. Бұл- Айтан отағасымен отасқан он жылдың көңілсіз көп күндерінің бірінде ерлі-зайыпты екеудің ортақ тіл табыса алмай, қызғаныш пен күндестік көлденеі тартылған күйкілжің бір шақпен сабақтас жатқан.

Өзі араласқан жерде Әділбек жұрттың бәрін ойлантады. Сенің әйелің қандай болар екен деп тамсанған келіншектер қалжыңына да қияс жауап қайтарады. Бірақ қылау жоқ сөзінде, шыны сол. Әділбектің өз талғамы, өз өлшемі бар. Адамдар туралы үкімін ол өз түсінігі тұрғысынан ғана жеткізеді. Әдемі болып кетіпсің деп Шолпанды қолпаштап, көтермелеп қояды да, ағасы туралы да, ағасы туралы да, Гүлжиһан туралы да.

Қара жұмыстан хабары жоқ бойкүйездігіне бола өз түсінігі тұрғысынан ерсілеу қалжыңдағанымен, шынында да ағасы Әлібек - әлі бүкіл азаматтық келбеті айқындалмаған, құдірет күші, әрекет бастауы ашылмаған, ел ішіндегі үлкен бетжыртысулардан шеткері, балаң характер. Ол әзірше жастық, албырт көңіл – күймен тыныс алады. Оның бүкіл натурасы осындай. Осындай жігіт туған жер, адамдар туралы шалқыма әсер, елжерімпаз тәтті қиялмен шектеліп қала берген. Ол әлі үлкен іс-әрекет үстінде көрінбейді. Қомданып, тым әріден ашылып, енді-енді етек жинап келе жатыр. Бұл – оның жазушының келесі кітапқа дайындауы.

Әлібектің ауыл қызына ғана ғашықтықпен шектеліп, ал ішіндегі іргелі оқиғаларға араласпай, шеткері қақас қалып келе жатуы – оның әлі іштей өксіп, толысып біте алмағандығынан: Дәуір дүбірін, тарих салмағын, уақыт тынысын бүкіл дүниесімен танып, өзінің ең қажет жерін әлі жете сезіне қоймағандығынан.

Ол тек ел ырыздығын алып келді. Ал ел ырыздығына өзінің қосары жоқ. Әзірше тек арманның, таза сезімнің мөлдір бастауы ғана.

Әлібектің бұлай бейнеленуі жазушының Әлібек характерінің табиғатын тани білгендігі. Ағасы Хакімнің ата жауы – Ақметшенің қызы Гүлжиһанға қарай ол батыл бір қадам аттауға да арада үлкен бөгеттер тұр. Шығармадағы тартыстың шиыршық атып көрінетін бір арнасы бұл.

«Көп жыл өткен соң» романындағы ағайынды Жүнісовтердің ең кенжесі –біз арнайы сөз етіп отырған Әділбек, міне, осы фонда, ос оқиғалармен бауырлас, сабақтас көрінеді. Бұның өзі сол кездегі өмір шындығының, белгілі адамдар тобының айшықты келбеті, өмірлік болмысы қаз қалпында көрінген тұтас қу тіршілік. Жастайынан үлкен шаңырақтың иесімін деп еркін сезінген от мінез жігіт ойына алғанын ертеңге қалдырмайды, алған бетінде-ақ ойсарып тастайды. Темірді дәл қызған бетінде басады.

Әділбекті Қалампырмен алғаш таныстарғанда Рақымғали текке қара тер боп мақтаған жоқ. Заман бет алысынан хабары бар. Дабыл байдың қызын айттырам деп ишарат білдіріп, Жүніс қажы балалларының бірінің аяғын мықтап шырмаса жарады. Күріш арқасында күрмек су ішеді, заман әлдеқайда болып кетер, жұлдызы жанып тұрған шаңырақпен сыйластықтың зияны жоқ. Бірде болмаса, бірде шапағаты тиіп жатса, жаман ба екен. Рақымғалидың ішкі есебі осы. Әділбектен аяр ештеңесі де жоқ: Қызыл тілді шешен, әрі әнші, әрі өлеңші, әрі палуан. Сегіз қырлы бір сырлы. Қара шаңырақта қалған бала...

Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі