Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41
2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69
Тағдыр финалы, әрине, ашық қалды. Жазушы Құныскерейге кесілер қарғыс-үкімді өз аузымен айтқызып, өзін-өзі атамекен тіршілік думанынан талақ еткізгендей тәлкегімен сауал шешімін оқушының өз төрелігіне тапсырады.
Құралайды көзден атқан мерген, ақылды да алайлы, дұшпаға мейірімсіз, досқа дал, қандай қысылтаяң жағдайда да мағынысыз қаталдыққа бара бермейтін ұры Құныскерей бейнесі қалай айтсақ та бірегей. Мұның аты ұры демесең, намыс, сезімі терең жатқан кесек мінезді жан. Құныскерейді дұрыс жолға түскен жерінен қайта шошытқан ауыл белсенділері екен. Оның ұрлық, кек жолына түсуі бір есептен амалсыздықтан, бассауғалау әрекеті болып көрінеді. Ол соңындағы үздіксіз қуғыннан жалтарып, жасырынын жүріп, айлар бойы ошағынын басын көрмейтін кезі болады. Құныскерейдің қылмысын үдетіп, өсіріп көрсетушілер көп те, «бұл неге мұндай күйге түсіп жұр?» – деп мейірім, шапағат ойлаушылар жоқ. Ол істеген қылмысына әділқазылық етуші болса, райынан қайтқандай. Демек оның жүрегінде адамшылық ұрығы жеткілікті. Бірақ «бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қанның» кері келіп, Құныскерей жаман атақтан арылмайды. Ақырында ол туып – өскен Орал оңірін тастап, Қарақалпақ жеріне беттейді. Бір кезде жақсы лебіз білдірген Хакімді Құныскерей іштей қадір тұтады. Сол қадірлі адамды атып өлтіріп кеттім бе деген ой оны көпке дейін мазалап жүреді. Міне, осындай сипаттары Құныскерейді тек «ұры» деген жалаң, бірбеткей ұғымның уысына сыйғызбайды. Бір есептен ол А. Нұрмановтың «Құланның ажалындағы» Құланға ұқсас. Қалай болған күнде де, Құныскерей біздің әдеттегі ұнамды деп бөлетін шартты жіктемемізге дәл келе бермейді, бөлек, ірі қабілетті адам. Оның көркемдік табиғаты тереңдеп, әлем әдебиетінің сан – салалы, кең көлемді тәжірибесімен салыстыра қарауды қажет етеді.
«Көп жыл өткен соң» романында ағайынды Жүнісовтердің – үш бірдей азаматтың өмір жолымен астасып, тұтас бір тірлік тынысы жатыр. Ел шындығын арқалап, жеке-жеке адамдар әлемі жатыр. Шаршы топқа салғанда бірден көзіңе түсіп, көкірегіңе ұялайтын, бірақ әдебиет сынында әлі күнге дейін көптің қосағында аталып, лауазымы, қоғамдық орны басым абыройлы мінездердің қалқасында қала беретін бір характерді жоғарыда кеңірек талдағанбыз. Ол – Құныскерей еді. Құныскерей тағдырымен сабақтас Ахметше, Хакім характерлерінің көрінісін, жаңа өмір жолындағы күрестің құрбаны Таңқыбай мен Шыңғалиев трагедиясының сырын Жолмұқан тапқан айдын жолды сарапқа салып едік.
Шығармадағы тартыс арнасының ерекшелігі туралы Қ.Мұхамеджанов: «Жазушы үлкен әлеуметтік проблемаларды кейіпкерлер характерлерінің арасындағы кереғарлықтан емес, көбіне көп кейіпкер характері мен кейіпкер тап болған ситуацияның арасындағы кереғарлықтан іздейді» [37].
Құныскерей – трагедиялық тұлға. Оның жаңа өмірге бетбұрысы ой, сезім арпалысы үстінде қылаң берді де, оқушысын ойлантып кетті.
Елбасы Н.Назарбаев: «Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді» [38, 29], - деп жазды. Ендеше, ұлттық мәдениет пен өнердің, әдебиеттің тарихына, оның әрбір көрнекті өкілінің мұрасына жауапкершілікпен қарап, шынайы бағасын беру – келешектің игілігіне бағытталған жұмыс болуы тиіс.
«Ақ Жайық», Жүнісовтер тағдыры Хамза Есенжановтың ұзақ ой елегінен өткізіп, екшелеп келген тақырыбы. Көп уақыт ойланыс, толғаныс әдеби ортаға кешігіп оралған жазушының М.Әуезовтің тілімен айтқанда «творчествоға ашқарақтықпен келіп»[39] кірісіп өнімді қызмет істеуіне мүмкіндік берді. Ол «Ақ Жайықтың» үш томын, «Көп жыл өткен соң», «Ағайынды Жүнісовтер» романдарын не бары он-он бес жыл ішінде жазды. Әсіресе соңғы жылдары ол денсаулығы мазаласа да , шығармашылық қызметін үзбеді. Мұның өзі – жазушының азаматтық ерлігінің белгісі тәрізді еді.
Есенжанов романдарының тақырыбы – Ұлы Октябрь революциясы, азамат соғысы, ауылды советтендіру кезіндегі қазақ ауылының өмірі болғандығы да жасырын емес. Алайда, жазушы осы бір тарихтық кезеңді дәуіріндегі халықтың азаттық жолындағы күресінің эпикалық кең суреттерін бере алды.
««Жүнісовтер трагедиясы» - Х.Есенжановтың бұрыннан белгілі «Ақ Жайық», «Көп жыл өткен соң» атты романдарының жалғасы. Кезінде ол осы атпен бөлек шығармса боп жазылып, «Көп жыл өткен соң» романының екінші кітабы ретінде ұсынылған. Бірақ жарық көрер тұста сол дәуірдің саяси ұғым-талаптарына байланысты шығармаға көптеген сын-ескертпелер айтылып, жарияланбай қалған болатын. Сонымен роман жазушының тірі кезінде жарық көре алмады. Тек Х.Есенжанов қайтыс болғаннан кейін оның шығармаларының алтыншы томына «Жүнісовтердің трагедиясы» деген аты алынып қалып, «Көп жыл өткен соң» романының екінші кітабы болып басылды»[40].
Х. Есеңжановтың «Ағайынды Жүнісовтер» - байлардың мал-мүлкін тәркілеу мен ұжымдастырудың алғашқы кезеңі жайында жазылған сирек те батыл шығарманың бірі. Ең бағалысы сол – мұнда автор тарихи кезеңнің оқиғалар тізбегін беріп қоймай, құбылыстардың мәнін адам тұлғалары арқылы суреттеуге ұмтылған.
Өмірдің ақиқат ағысы мен мінез шындығын бірлестіре өру, қиыншылықтарды аттап өтпеу, тартысы ақырына дейін жеткізу «Ағайынды Жүнісовтер» романын елеулі көркем жинақтау дәрежесіне көтерген. Бұл принциптердің жүйелі жүзеге асқанын шығармадағы бірнеше қаһарман іс-әрекеті арқылы айқын аңғарамыз.
Біз осы диплом жұмысымызда ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында әдебиетке келіп, проза саласында өнімді еңбек етіп бастаған, кейін тотолитарлық жүйенің құрбанына айналып, өмірінің көп бөлігін елінен тыс, шеткеректе өткізген қазақтың көрнекті жазушысы Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы, ондағы қазақ зиялыларының бейнесі тақырыбына арнаған едік.
Жалпы жұмыстың жазылу барысында біз төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік деп айтуға болады:
Х.Есенжанов романдары – туған әдебиетіміз қорын байытқан, халқымыздың революцияға келу жолы, Азамат соғысы, коллективтендіру дәуірі, жаңа іргесін қалаған азаттық ерлерінің ауыр да азапты тағдыры, сұсты, сұрапыл жылдар, тап тартысы қаз-қалпында бейнеленген тарихи таным шежіресі.
Х. Есенжанов талантының табиғатын тану – оның бүкіл шығармаларының өн–бойынан шығатын қадір–қасиеттерін, өз даусын ажырата білу; өзіндік нотасын, нақышын, ою–өрнегін тап басу.
Академик С.Қирабаев: «Көп жыл уақытын, жас кезін, нағыз талантының жанып тұрған уақытын қамауда өткізді. Соған қарамастан қайтып келгеннен кейін де романдар жазды. Хамза совет үкіметінің тұсында қызмет істегенмен ол Советтік саясатты бірыңғай мақтай бермегенін сол заман қайшылықтарын көркемдік тұрғыда әдемілеп ашқандығын оның романдарынан айқын түсінуге болады. Сондықтан да Хамза өлмейді, өткен ғасырдағы қазақ әдебиеті де өлмейді деп ойлаймын»[41], - дейді.
Әдебиет – қоғамдық-әлеуметтік дамуға байланысты үнемі өзгеру, жаңару үстіндегі танымдық-эстетикалық категория. Сондықтан әдебиеттің өркендеуіне үлес қосқан суреткердің тұлғасын, шығармашылық даралығы мен көркемдік ізденісін, дүниетанымын зерттеу сол дәуір әдебиетінің дамуын тануда маңызды саналады.
Х.Есенжанов романдары – туған әдебиетіміздің қорын байытқан, халқымыздың төңкеріске келу жолы, Азамат соғысы, ұжымдастыру дәуірі, жаңаша өмір іргесін қалаған азаттық ерлерінің ауыр да азапты тағдыры, сұсты, сұрапыл жылдар тартысы қаз-қалпында бейнеленген тарихи таным шежіресі.
Қорыта келгенде, халықтың ұлылығына суарылған шығарма, ұзақ жасайтын шығарма.
Хамза Есенжановтың ХХ ғасырдың 50-60 жылдардағы әдебиетін, мәдениетін биікке көтерген сан алуан қыры әлі де әдебиеттану ғылымының зерттеу объектісі болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ұлттық энциклопедия. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы 3 том. -Алматы, 2001ж. -589 бет
2. Есенжанов Хамза: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.- 250 б.
3. Есенжанов Х: ӛмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / Құраст.:
С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-146-147 б.
4. Есенжанов Х. Ақ Жайық: трилогия. Т.1.-Алматы, Жазушы. 1978.-348 б.
5. Есенжанов Х. Ақ Жайық: трилогия. Т.2.-Алматы, Жазушы. 1978.-343 б.
6. Есенжанов Х. Ақ Жайық: трилогия. Т.3.-Алматы, Жазушы. 1979.-376 б.
7. «Жалын» альманагы. 1989 жыл, №4. -221 бет
8. 40-50-60 жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы. -Алматы, 2002ж. – 325 бет
9. Серікқалиев З. Тағдыр/ Кітапта: Есенжанов Х. Жүнісовтер трагедиясы. –Алматы: Жалын, 1990
10. Әдібаев Х. Уақыт және суреткер. – Алматы: Жазушы, 1967.
11. Ахтанов Т. Көкейкесті. -Алматы: Жазушы 1985
12. Жұмағалиев Б. Қазақ әдебиеті. 2008 жыл, 20 қыркүйек
13. Досанов С, Қалам құдіреті,- Алматы: Жазушы, 2001
14. Бердібаев Р. Роман және заман. -Алматы: Жазушы, 1967
15. Бердібаев Р. 5 томдық шығармалар жинағы.ІІІ том. Алматы, 2005 ж. -325 бет
16. Есенжанов Х. Төңкеріс үстінде: роман. І-кітап.-1968.-352 б.
17. Есенжанов Х. Шыңдалу: роман. ІІ-кітап.-1968.-340 б.
18. Есенжанов Х. Тар кезең: роман. ІІІ-кітап.-Алматы, 1965.-348 б.
19. Есенжанов Х. Көп жыл өткен соң. -Алматы, Жазушы, 1974ж. – 387 бет
20. Есенжанов Х. Ағайынды Жүнісовтер трагедиясы. -Алматы, 1990ж. -325 бет
21. Кемел жас, жарқын талант// Қазақ әдебиеті. 21 қараша, 1972 ж.
22. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 1997ж. – 412 бет
23. Қабдолов З. Арна. – Алматы: Жазушы, 1988
24. Қаратаев М. Ізденіс іздері. Әдеби сын. –Алматы: Жазушы, 1984
25. Шығарма арқауы – шындық. Әдеби-ғылыми және сыни зерттеу. – Алматы. «Баспаөнімдері» ЖШС. 2011, 51 бет
26. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы: Жазушы, 2004
27.Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. Ф.ғ.д., ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. -Алматы, 1997 ж. – 46 бет
28. Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы: Жазушы 1998 ж. – 298 бет
29. Елеукенов Ш. Қазақ романы және қазіргі дәуір. – Алматы: Жазушы, 1968
30. һttp//www.kazakstan.kz/kaz/
31. Кенжебаев Б. Шындық пен шеберлік. -Алматы, 1966ж. – 265 бет
33. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. -Москва, 1975ж. -145 бет
34. Ахметов, З.А. Таңдамалы/ Зәки Ахметұлы Ахметов.- Алматы: Ана тілі, 2008.- (Мерейтойлық әдебиеттер.).
35. Смағұл Р. Қайсар қаламгер. BAQ.KZ ақпараттық порталы. 13 желтоқсан 2011
36. Әдебиеттану терминдер сөздігі. Құрастырған: З.Ахметов. Алматы, 1998ж. -156 бет
37. Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығрармалар 2-томдық. -Алматы. Жазушы 1978.
38. Назарбаев Н. Туған елім – тірегім. Астана, 2004ж. -132 бет
39. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962
40. Қазақтың 100 романы./ Оқу құралы./ Құраст.: Р.Нұрғали. –Астана: Фолиант, 2004
41. Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Том 2. - Алматы : Жазушы, 1992. - 424 б.
Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі