Мектептегі проблемалық оқытудың тереңінен зерттеп,мағлұмат алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 15:32, курсовая работа

Описание работы

Проблемалық ұғым - жекелеген заттар мен құбылыстардың неғұрлым мәнді белгілерінің жеке қасиеттерінің қорытылуы ретінде қалыптасады. Проблемалық оқыту: проблема, проблемалық сұрақтар, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдай деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдерін меңгереді.
Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар міндеті- білімді ғылыми негізде колдану болып табылады. Бала берілген тапсырмаларды тек тыңдап, не болмаса сезім арқылы түсінеді. Проблемалық оқыту ұғымының тұжырымдамалық ережелерін Д.Дьюи ұсынды. Дж.Дьюи өз зерттеуінде оқушылардың белсенділігі дамуына басты назар аударды.

Содержание работы

1 Бөлім
1.1 Проблемалық оқыту туралы ұғым.
1.2 Проблемалық оқытудың мәні.
1.3 Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері және оның дәрежесі.
1.4 Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытуда проблемалық әдістердің тиімділігі.
2 Бөлім
2.1 Проблемалық оқыту және пәнаралық байланыс.
2.2 Проблемалық оқыту технологиясы.
2.3 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері.
2.4 Проблемалық оқыту негізінде оқушылардың таным белсенділігін қалыптастыру. 2.5Проблемалық оқыту – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

курсавой педагогикадан.docx

— 108.64 Кб (Скачать файл)

                              Мазмұны

1 Бөлім                                                       

1.1 Проблемалық оқыту туралы  ұғым.                                                             1.2 Проблемалық оқытудың мәні.                                                                1.3 Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері және оның дәрежесі.    1.4 Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытуда проблемалық әдістердің тиімділігі.                                

2 Бөлім                                                                                                                 

2.1 Проблемалық оқыту және пәнаралық байланыс.                 2.2 Проблемалық оқыту технологиясы.                                    2.3 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері.                                       2.4 Проблемалық оқыту негізінде оқушылардың таным белсенділігін қалыптастыру.          2.5Проблемалық оқыту – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары                                                                                       Қорытынды.                                                                                Пайдаланылған әдебиеттер.                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе                

Курстық жұмыстың мақсаты:Мектептегі проблемалық оқытудың тереңінен зерттеп,мағлұмат алу.                          Проблемалық ұғым - жекелеген заттар мен құбылыстардың неғұрлым мәнді белгілерінің жеке қасиеттерінің қорытылуы ретінде қалыптасады.  Проблемалық оқыту: проблема, проблемалық сұрақтар, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдай деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдерін меңгереді. 
Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар міндеті- білімді ғылыми негізде колдану болып табылады. Бала берілген тапсырмаларды тек тыңдап, не болмаса сезім арқылы түсінеді.       Проблемалық оқыту ұғымының тұжырымдамалық ережелерін Д.Дьюи ұсынды. Дж.Дьюи өз зерттеуінде оқушылардың белсенділігі дамуына басты назар аударды.          Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:                                                         - оқушылардың білімдер жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызметтің тәсілдерін меңгеру;                                                                                                   -оқушылардың танымдық дербестігі мен творчествалық қабілетін дамыту;                                  -мектеп оқушыларының коммунистік дуниетанымының негізі ретінде олардың дидактикалық материалистік ойлауын қалыптастыру;  Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндай бермей, олардың алдына белгілі проблемалық міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау.                 Проблемалы міндет дегеніміз – проблемалы жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін проблема.         Проблемалық оқыту оқушыларды дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына үйретеді. Проблеманы шешу проблемалық сұрақ-тапсырмаларға байланысты жүретін үрдіс болып табылады.                                                                                         

 

 

 

 

 

1 Бөлім: Бастауыш мектептерде проблемалық оқытудың маңызы зор.Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды.   Проблемалық оқыту оқушыларды ақыл-ой әрекеттеріне жаттықтыруға әкеп соқтырады. Проблемалық оқытудың барлық міндеттері ішінен аса маңызды екі міндетті бөлу қажет.          Біріншісі - оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру.      Екіншісі – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.  Проблемалық оқыту арқылы өнімді,тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл,нақты қоя білудің де маңызы зор.Оқушылар проблема шешуде қиындыққа кезіксе,мұғалім оларды жетелеп,әдіс-тәсілдерін ұсынады.        Тәжірибеде проблемалық оқытудың тиімді процесінің жаңа білімдерді меңгеру немесе бұрынғы білімдерді жаңа ситуатцияда қолдану кезінде оқушылардың интеллектуалдық қиындықтарының да,сондай-ақ олардың танымды белсенділігі мен дербестігінің де әртүрлі дәрежесін тудыратынын көрсетеді.              Проблемалық оқыту оқушының танымдық көкжиегін кеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады.Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жұмыс жасалынады. Қойылған проблеманың шешімін шәкірттің өзі табуы, ізденуі білімні санасында қалуы тиіс.       Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды Проблемаларды өздігінен шешу жөніндегі қызметті іске асыра отырып,оқушылар ұғымдардың қалыптасу процесін меңгереді,оқып үйренілетін ұғымның мәнін ашатын интелектуалдық әрекеттің тәсілін меңгертеді.                                                                              
                  

  1.1  Проблемалық оқыту туралы ұғым

Проблемалық оқыту-ғылыми дүниетанымды  қалыптастырудын негізгі тәсілі, адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұсынылады. Дүниетаным білімдердің, практикалық тәжірбиенің және идеялық-эмоциялық бағалардың

                                                                                                                                   1

жоғарғы синтезі ретінде анықталады.     Проблемалық,оқыту ұйымдастыру оқытудың өзара байланысты проблемалық ситуацияларды пайда болуына алып келетін және мектеп оқушыларының тиісті оқу методикасының қолдануын алдын ала белгілейтін әдістері мен методикасын қолдануды қажет етеді. Алайда ситуациялар      мен оқушылардың проблемалық ізденіс іс-әрекетінің пайда болуы кез-келген әрекетінің ситуатцияда мүмкін болмайды.                 Әдетте,оқушылардың оқу танымдық іс- әрекетінің типтік емес дайын есептерді шығару,  есептер құрастырып,  оларды шығару тексті логикалық талдау,оқушы зерттеуі-шығарма,өлең шығару, рационализация мен өнер табыс,конструкциялау жұмбақтар шешу,шахмат есептері мен кросфорт шығару, ойын және тағы басқа сияқты түрінде болуы мүмкін.    Проблемалық оқыту: проблема, проблемалық сұрақтар, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдай деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор.Ойлау методикасына үйрету туралы айтқанда бұл арадағы басты міндет-жол жобаға үйрету емес,қайта алгоритмдік эврестикалық және басқа процестерді,яғни міндеттерді шешуге көмектесетін операциялар жүйесін қалыптастыру екендігін ескерген жөн.Жол жобаларға үйрету болса ,осы процестерді қалыптастырудың құралы ғана.            Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар ізденісі баршылық. М.И.Махмутов, Н.Н.Скаткин, В.Оконь, Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатов, Ә.Дайырова сынды ғалымдар мен қоса белгілі ұстаз Қ.Бітібаева еңбектерін айтуға болады. Проблемалық оқыту негізінде проблема жататынын ғалымдар ізденісінен түсінуге болады. Жүйелі түрде ұзақ жылдар бойы оны зерттеген көрнекті ғалым М.И Махмудов. Ғалым проблемалық оқыту негізінде оқу проблемасы жататындығын, ал ол проблема оқушылар бұрын меңгерген білім мен берілетін жаңа білім арасынан туындайтынын сөз етеді. Ғалым проблемалық оқытудағы проблемалық ситуацияның орнын сөз етеді. Оны шешуге оқушыларды жұмылдыру, көмек беру, мәселесіне тоқталып  ең бастысы проблеманы таба білу, оны ұсынудың маңызын айқындайды. Ғалымдар пікірін талдап, саралағанда ортақ бір тұжырым шығады. Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды.                                           Сөйтіп ,психологтар педагогтарға мектеп оқушыларын жалпы  ақыл-ой      

                                                            2

әрекеттеріне емес,қайта ойлаудың нақты методикасына үйретуді,оқушыларда алдымен алгоритмдік міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастырып бұл дағдыларды біртіндеп эврестикалық методтарға дейін күрделендіре беруді ұсынады. Таным теориясы мен психология даралық таным процесінің негізгі заңдылығын ашып көрсетеді. Бұл заңдылықты принципі арқылы бейнелеуге болады.Ол оқушы ойынын білмеуден білуге қарай,дәл емес,толық емес жүруінің ішкі логикасын көрсетеді.                                                    Бұрынғы оқыту теориясын бұл принципті білмеген еді және оны оқыту процестерін шындық құбылыстары ретінде оқып үйрену кезінде де,ол                                                                                                                 принципті құрудың заңдылықтарын түсіндіру кезінде де,басшылыққа алған              жоқ. Басқаша айтқанда,дәстүрлі дидактика ұғымдары жүйесінде проблемалық ситуатцияны,оқу проблемасы,гипотеза,проблемалық принципі және тағы басқа сияқты ұжымдар болмайды.  Бұларды оқу процесін зерттеуге және оны түсіндіруге қолдану жаңа дидактикалық жүйе –қазігі проблемалық,оқыту теориясы жасауға алып келді. Сондықтан мұғалімнің оқушылардың творчествалық оқу қызметінің әр-алуан түрлерінде проблемалық ситуатцияда тізбектерін жасалуы мен олардың оқу проблемаларын өздігінен (немесе коллектив болып) шешу жолы – мен жаңа бөлімдер алу жөніндегі ойлау (ізденіс) әрекетін басқаруы проблемалық оқытудың мәнін құрайды. Творчествалық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау болып табылады.                                                                                             Проблемалық оқытудың барлық міндеттері ішінен аса маңызды екі міндетті бөлу қажет.            Біріншісі - оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру.      Екіншісі – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.  Проблемалық оқыту кезінде оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру програмаға ашылған жаңалықтар туралы материялды ендіру мен ғана,   ғылым негіздері мен ғылымның логикалық құрылымдардарын жақындату мен ғана емес,сондай – ақ оның таным қайшылықтарын шешуге бағытталған методикасын оқып үйрену мен де қамтамасыз етеді.Жаңа құбылыстың мазмұны мен мәні оның элементтерінің өзара байланысы ғылымда        зерттеу процесінің бірізді кезеңдерін бақылау ,сипаттау ,түсіндіру , болжау, жүзеге асыру барысында ашылады.Оқушылардың білімдерді меңгеруінің ғылыми дәрежесін арттыру екі тәсіл арқылы қамтамасыз етіледі.                                                                                                                          Бірінші тәсіл-мұғалімнің түсіндіруін күшейту, әңгіме дәстүрлі оқыту, проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге                             

                                                                                                                                            3

көшу туралы болып отыр.         Мұғалімнің негізгі міндетті түсіндіру жаңа сапаға ие болады.Бұл сапа мыналармен сипатталады,мұғалім;                                                                                              а)  өзі жасаған проблемалық ситуатция аясында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді.                                                                                                                ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын,логикасын көрсетеді.  Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші тәсілі – сабақ берумен                     оқудың жаңа қатынасын белгілеу,ал атап айтқанда, мұғалімнің              түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп , оқу проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды өздігімен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл тәсіл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады,өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін оқушылардың өздері   продуктивтік, творчествалық қызмет барысында ашады.Оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктерімен дағдыларын қалыптастырады.                                                                   Ал білімдерді «бір ғана зердемен емес,өз ойының күш салуымен» алады. Сөйтіп бір жағынан, мұғалім неғұрлым күрделі және өздігінен оқып үйрену үшін шама жетпейтінін жаңа ұғымдарды түсіндірудің сапасын арттырады.Екінші жағынан жеке өзінің түсіндіруінің санын азайтып,оқу проблемасынан тұратын,сол дәрежеде білім алған оқушылардың шамалары жететін ұғымдарды өздігінен оқып үйрену процесін ұйымдастырады.                                                                                                                                           Бұл процесс сапалы және берік есте қалдыру үшін оқу материялын жеңілдету жолымен емес, қайта оқу процесін біртіндеп күрделендіру арқылы интелектуалдық қиындықтар жүйесін жасау жолымен жүруге тиіс.Бұл дамыта оқытудың басты бағыты және білімдерді саналы, терең әрі берік меңгерудің шешуі шартты болып саналады.                                                  Л.В Занковтың зерттелуін көрсеткеніндей бастауыш сыныптарда оқушылардың шамасы келетін қиындық дәрежесі жоғары сабақтар өткізу,олардың ақыл ойының даму процесін тездетеді.Оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру кейде оқу материялын қиындату мен байланыстырады.                                                                             Бұл әрине оқушылар үшін өзінің шамасы жетерлік болу дәрежесін төмендетуге және артық ауыртпалыққа әкеліп соғады.Біз артық ауыртпалық түсірумен сабақ берудің ғылымилық дәрежесіне арасына, процесуалдық пен мағыналық қиындық арасында тиімділік белгісін қоюға негізі жоқ деп есептейміз. Математикадағы алғашқы қадам үшін алгебраның арифметикалық                                                                                                 

                                                           4

элементтеріне қарағанда көбірек лайықты болатынын және бұл жағдайда бастауыш білім беруді төрт жылда емес, үш жылда аяқтауға болатыны теориялық және практикалық жақтан анықталған. Егер мұғалімнің әрекеттері оқушының танымдық  қажеттерін қалыптастыруға  және неғұрлым жоғары дәрежеде қорытылған білімдерді  меңгеруді қамтамасыз ететін оның ойлау қызметінің құрылымын өзгертуге бағытталса ,оқытудың ғылыми дарежесі артатыны туралы тұжырым жасауға негіз береді.                                                                              Проблемалық ұғым өзінен  өзі пайда болмайды,ол жекелеген заттар мен құбылыстардың неғұрлым мәнді белгілерінің жеке қасиеттерінің қорытылуы ретінде қалыптасады. Судыратып жаттап алған білімдер мектеп оқушысының дүниетанымын қалыптастыруға әсер ете ме?Сөз жоқ әсер етеді.Оқушы білімдерінің,ұғымдардың мазмұнына сенеді.Ол мұғалімнің сөзіне авторына сенеді.Өйткені оқушы олардың ақиқаттығын дәлелдей алмайды.Оны дәлелдеуге үйретпеген.            Терең орнықты білім меңгерген білімдерді теориялық дүниетанымдық жоспарды қорыту негізінде ғана қалыптасуы мүмкін.         Дүниетанымды қалыптастыру- ең алдымен интеллектуалды белсенді жеке басты қалыптастыру. Проблемаларды өздігінен шешу жөніндегі қызметті іске асыра отырып,оқушылар ұғымдардың қалыптасу процесін меңгереді,оқып үйренілетін ұғымның мәнін ашатын интелектуалдық әрекеттің тәсілін меңгереді.                                                                    Демек ғылыми дүниетанымды тиімді қалыптастырудың бірінші аса маңызды шарты оқушының  ұғымдар жүйелерін меңгеру жөніндегі белсенді интелектуалдық ойлау қызметі.Маркстік-лениндік таным теориясы заттық дүниеде адам тек ойлаудың көмегі арқылы ғана емес,сонымен бірге барлық сезімдердің  көмегі арқылы да қалыптасады деп үйретеді.Сондықтанда дүниетанымның мазмұны ұғымдармен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес,сенімдер жүйесі.Сенімдер тек қана білімдер емес,сонымен бірге сезімдер,эмоциялар да болып табылады.Дәлірек айтқанда,ол білімдер мен шындық болмыстың талассыз бейнесі ретіндегі білімдерге деген ерекше қарым-қатынастың бірлігі.        Сенімдердің эмоциялық жағы оларды терең сезінумен байланысты. Сенімдер жүйелері ретінде дүниетанымды қалыптастыру оқу тәрбие процесінде интеллектуалдық,эмоциялық ерік және пәрменді практикалық факторлардың бірлігінсіз мүмкін емес.Демек,ғылыми дүниетанымды тиімді қалыптастырудың екінші шартты адамның сезімдері мен эмоцияларына ықпал жасау,оның білімдерін сенімге айналдыру.

                                                            5

Информация о работе Мектептегі проблемалық оқытудың тереңінен зерттеп,мағлұмат алу