Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа
Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.
Уилям Килпатрик (1871-1965) – Джон Дьюдің шәкірті, оның ой –пікірлерін насихаттаушы және жобалық әдістің авторы.
Ол Мерсеровск университетінде математиканы меңгеріп, оқуын Дж.Хопкинстің университетінде жалғастырды. Мұғалім болып қызмет атқарып, тарих және білім беру философиясына қызығушылық танытады да, Колумбия университетінің мұғалімдер курсын аяқтайды. Сол жерде Дж.Дьюмен танысады. Оның негізгі қосқан ғылыми үлесі- жобалар әдісін өңдеуі болып табылады. Бұл әдістің мәні оқушы ұсынысы мен міндеттердің шешімімен сипатталады және оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, бұл шешімдерді жүзеге асыру жоспарын құрған. Міндеттері зерттеушілік және пәнаралық сипатқа ие. Осылайша, жобалар әдісін қолдана отырып, әлемнің серпінді өзгермелі жағдайында оқушыларды жаңа міндеттерді шешуге дайындауға болады.
Жобалар әдісі
Педагогика теориясында тәрбиелеу әдістері мәселесін зерттеу барысында педагогикалық тәжірибелердің кейбір туыстас түрлерін біріктіру қажеттілігіне көзім жетті.Осы мақсатта жетелейтін түсінік табатыныма үміттендім.Меніңше ол оқушы іс-қимылдарын анық көрсете алатын,айқын түсінік болуы керек еді.Сонымен қатар мұндай түсінік оқыту заңдарын қажетті қолдану үшін лайықты орын тауып және тәрбиенің этникалық қасиеттер элементтері үшін де орын беруге тиіс. «Тәртіп қасиеттері» түсінігі қоғамдық орта мен жеке ерекшеліктеріне бірдей түрде қатынасы бар.Жоғары да айтылғандар мен қатар,тәрбиенің өзі өмір деген түсінік сияқты аса маңызды жалпы ережеден тұруы міндетті сияқты.Бірақ барлық осы ережелерді біріктіретін түсінікке кіргізу мүмкін бе екен?Мүмкін болса ол үлкен табыс болар еді.Ондай біріктіретін сәтті түсінік табылған жағдайда тәрбие теориясын мазмұндау жеңілдей түсер еді;сондай-ақ аса жетілдірілген әдістерді тарату ісі де дамитыны анық.
Сонда жалпы түсінікті табу мүмкін бе еді? Міне мектеп ұйымдастырылуының ғасырлық мақсаты осы.Осы сұрақтар ойымды мазалағаннан бері мен ізде