Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2015 в 15:26, курсовая работа

Описание работы

Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.

Файлы: 1 файл

мемлекет дамуы.docx

— 113.16 Кб (Скачать файл)

Өзін-өзі басқарудың бұл екі типі бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, үлкен айырмашылықтарға ие болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері Қазақстан Респубикасының 89 статьясында негізделген: «Қазақстан Республикасында жергілікті мәні бар сұрақтарды халықтың дербес шешуін қамтамасыз ететін жергілікті жергілікті өзін-өзі басқару мойындалады». Бұл қоғамды демократизацияландыру жолында үлкен жетістік болып табылады және тәжірибе жүзінде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі жағдайлары мен механихмін құру мақсатындағы жұмыстардың одан әрі дамуының құқықтық негізін қамтамасыз етеді. [1]

Мұндай жобаларға ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы», «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «ҚР тұтыну кооперациясы туралы» және тағы басқа заңдарында бекітілген құқықтық нормалар ықпал етті.

Бұдан басқа, зерттеулердің алғашқы этапында өзін-өзі басқарудың англосаксондық типін (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия); француздық немесе континентальдық типін (Франция, Италия, Бельгия, Испания және Латын Америкасының, Таяу Шығыстың бірқатар елдері) және аралас типі тән (ГФР, Жапония және тағы басқа елдер) басқа елдердің тәжірибелері мұқият зерттелген. Бірақ олардың ешқайсысы біздің елдегі өзін-өзі басқару моделін құруға дайын рецепттер бермейді. Осыны және елдің унитарлығын ескере отырып біз жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке өзіндік жүйесін қарастыруға талпыныс жасадық.

Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық-құқықтық және әлеуметтік-саяси мәселелерінің жетілмегеніне байланысты қазіргі кезге дейін нормативтік базасы жоқ.

Жергілікті өзін-өзі басқару жеткілікті экономикалық дербестікке ие, корпорация ретінде муниципалитет статустына ие, коммерциялық, жеке және мемлекеттік құрылымдардан ерекшеліктерге ие болады және мемлекеттік-коммерциялық сипатқа ие.

Толықтырушы ерекшеліктері болып территориалдық негізделуі болашақтағы және компактті өмір сүруші халықтың мүддесін көздейтін әлеуметтік бағытталуы.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік сипаты ең алдымен Қазақстанда ҚР Заңдарында жергілікті деңгейде басқару республикалық және аймақтық басқару деңгейінде мойындалғандығымен анықталады. Ол мемлекттің бастамашылығымен құрылған ережелер бойынша қалыптасады және жергілікті қоғмдық мүддесіне сай мемлекеттің кепілдігімен және қадағалауымен жұмыс істейді, сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына сәйкес құрылады және қызмет етеді.

Жергілікті жерлерде мемлекеттік саясатты жергілікті өзін-өзі басқару органы жүзеге асырады. ҚР Конституциясының 89-бабының 2 пунктіне сәкес «жергілікті өзін-өзі басқару халықтың сайлауы жолымен жүзеге асырылады». [1]

 Әлемдік және өзіндік  тәжірибелерге сүйене отырып, ҚР  жергілікті өзін-өзі басқарудың  негізінде келесі қағидаларды  атап өтуге болады:

  • Жергілікті өзін-өзі басқару компетенциясы және жергілікті мәні бар мәселелерді шешуде өз компетенциясы шегінде салыстырмалы дербестікке ие, сонымен қатар өз территориясында халық мүддесін көрсетуде жауапкершілікке ие және бұл жағдайда дербестікке ие болады. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық қатынастардың халықтың аумақтық ұйымдасуы, билік құрылымдарының араласуынсыз жергілікті мәселелерді шешуге байланысты біртұтас жүйесін көрсетуі керек.

  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың бірлігі ретіндегі территориалды тип.  Бұл Қазақстанның поселоктері мен ауылдарындағы адамдардың жиынының тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптарын және құндылықтарын ескереді.

  • Мемлекеттің барлық халқы  қоғам басқаруындағы жергілікті өзін-өзі басқару желісімен қамтылғандықтан, жергілікті өзін-өзі басқару конституциялық тәртіптің негізінің бірі болып табылады және мәні бойынша қазіргі заманғы демократиялық қоғамды ұйымдастырудың негізін құрайтын принцип болып табылады.

  • Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын құру мемлекеттіліктің одан әрі дамуының «фундаменті» болады. Ол сонымен қатар қоғамның өздігінен жоғары ұйымдасуының азаматтық қоғамының құрылуының әлеуметтік негезінің пайда болуы және республиканың бүтіндігін нығайтуды ескере отырып мемлекеттің өзінің тиімділігін жоғарылатудың негізі болып табылады. Бұл үшін мұнда мемлекет пен оның аумақтық қоғамдастықтарының мүдделерін сәйкестендіру механизмі мен мемлекеттік билік, аймақтық және жергілікті басқару құрылымдарының, ал ең алдымен нақты жергілікті территориалдық қоғамдастықтардың мүдделелін қанағаттандыратын басқару жүйесі жасалған.

  • Жергілікті өзін-өзі басқару институты барлық елді оны заңмен қамтамасыз етуді қамти отырып, рыноктық инфраструктураның жүйесінің құрылуының базасы болады және дамушы мемлекеттік саясаттың нақты күнделікті кері байланысы болады.

  • Қоғамдық басқарудың бірыңғай жүйесін құрудың негізгі проблемасының бірі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқарудың бөлінуі және сонымен бір уақытта олардың органикалық үйлесімі механизмін іздестіру болып табылады.

Мұндайдың жоқ болуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды заңды мойындауға қарамастан, ол жергілікті мемлекеттік басқарудың жалғасы болып табылады. Бұл үшін мемлекеттік минималды шығындар заң жобасына келесідей шараларды қосу қажет.

  • Мемлекттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерін нақты бөліп көрсету 

  • Заңның жоғары тұруы

  • Мемлекет минималды шығындар мен анықталған әрбір жақтың өз міндеттері мен жауапкешіліктерін қатаң орындауы

Бұл қағиданың, яғни мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы қызметтердің заң жүзінде бөліну қағидасының орындалуының күрделілігі – жергілікті өзін-өзі басқару қызметтеріне араласпаудың кепілі болып мемлекеттің өзінің болуы табылады. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару институты мемлекеттің өзінің маңызды қажеттілігіне айналу механизмі қажет. Бұл норманы варианттардың бірі ретінде электораттың территория халқы өкілетті сайлап алынған билік орындары мен сайланған әкімдердің кері байланыстық жүйесі арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қызметтері:

  • жергілікті қоғамдастықтың кодексін жасау және қабылдау

  • жергілікті қоғамдастық шекарасы мен территория құрамын белгілеу

  • ҚР Үкіметімен жергілікті қоғамдастықтың меншігіне берілген қоғамдық меншікті басқару

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтау, олардың өкілеттіліктерінің мерзімі мен қызметін бөліп көрсету

  • заңға сәйкес мүлік және қаржы туралы қабылданған ережелер негізінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүргізу

  • жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетінің қалыптасуы мен шығындары тәртібін қабылдау

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды қызметкерлерін заңға сәйкес сайлау ережелерін қабылдау

  • ауыл немесе поселок халқының мүдделерін жоғары басшылық органдарына, басқа жергілікті органдарға және шаруашылық субъектілерге көрсету және қорғау

  • жергілікті қоғамдастық территориясында білім беру денсаулық сақтау мекемелеріне және әлеуметтік-мәдени сферасын қолдау және дамуына ықпал ету

  • жергілікті қоғамдастық территориясын қамтамасыз ету және әл-ауқаттылығы бойынша шаралар ұйымдастыру: парктер, көшелер, су қоймалары, демалыс орындары және тағы басқа

  • халыққа транспорттық қызмет көрсетілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету

  • коммуналды қызмет пен бірінші қажеттілікті товарлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

  • жергілікті қоғамдастық территориясында ветеринарлық қызметтер ұйымдастыру

  • жергілікті қоғамдастық территориясында кәсіпкерліктің дамуына және заңды және экономикалық кеңес беруді дамытуға ықпал ету

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаулысын қабылдау.                                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ЖЕГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН  ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3.1 Қазақстандағы  жергілікті басқару механизмі

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңында анық көрсетілмеген, 2001жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға сәйкес комуналды меншік және жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық негізі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін жергілікті қауымдастықтың мүлкі және оның территориясындағы жанұялардың жеке үй шаруашылықтары құрайды.

Жергілікті өзін-өзі экономикалық механизмінің мақсаты – үй шаруашылығы мен территориалардағы халықтарды қызметтер мен алғашқы қажеттілік тауарларымен жеке жанұя экономикалық жағдайын есепке ала отырып рыноктық бағадан жоғары емес бағамен қамтамасыз етуі болып табылады.

Өзін-өзі тауарлар мен қызметтер ұсынысы (көлемі) үй шаруашылығының берген өтінімі (қажеттіліктер) негізінде құрылады. Бұлар қоғамдық бастамаларда жұмыс істейтін товарлар мен қызметтер түрі бойынша Кеңеспен өңделеді. Мұндай өтінімдерді жинау және оларды өңдеуді Жамият қызметкерлері жүргізеді. Комиссия өтінімдерді Кеңеске ұсынады, ол кейіннен оларды жергілікті қоғамдастық жиынында бекітеді. Олар қабылдаған жұмыс көлемдері үй шаруашылығы кооператив иелерінің оның құрылымдық бөлімшелері үшін жұмыс түрлері бойынша (жылу, құрылыс-жөндеу жұмыстары) және тауар түрлері бойынша (нан, шұжық, т.б) өндірістік артельдер үшін бағдарламалар болып табылады. Жұмыс көлемдері нақты уақытқа құрылады (жыл, квартал, ай, декада және т.б).

Үй шаруашылығына (халыққа) тауарлар мен қызметтерді өткізу «модельдің» жылжуына байланысты 2 вариант арқылы жүзеге асырылады.

1-модель. Шерудің алғашқы  этапында – кооперативті сауда  орталығы арқылы (копторг).

2-модель. Несиелік серіктестік  арқылы және кооперативті сауда  орталығы.

Өндірістік артельдер (құрылысшылар дайындаушылар және т.б.) өндірістік цехтар (нан пісіру, шұжық пісіру және т.б.) КСДХ-ң шаруашылық есебі статусымен жұмыс істейді немесе КСДХ-пен бекітілгін дербес кооператив ретінде жұмыс істейді. Шаруашылық субьектілерінің жергілікті өзін-өзі басқаруға кеткен шығындар олардың қызмет етуіндегі ережелер мен нормаларды құрастыруға кеткен шығындар жергілікті қоғамдастық бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен, жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық құрылымы 3 ірі горизонтальды блоктар және экономикалық биліктің 3 деңгейлі иерархиясынан тұрады. Бірінші блок Жамият және Кеңеспен іске асырылатын қажеттіліктердің көлемінің құрылуы; екінші блок үй шаруашылығы меншік кооперативі және оның құрылымына бірінші қажеттілік тауарлары мен коммуналдық қызметтерді ұсынудың шаруашылық блогы; үшінші блок – жергілікті қоғамдастық бюджетін құрастыру және орындау жүйесі.

Көлденеңінен: жоғары экономикалық билікке жергілікті қоғамдастық Жиыны ие болады, ол үй шаруашылығы басшыларынан тұрады. Кеңес негізінен бақылау-ревизиялық және жоспарлық қызметті жүзеге асырады, сонымен қатар Жамият КСДХ-мен бірігіп, орындаушы-шаруашылық қызметті іске асырады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық механизміне келсек, бұл - өмірді қамтамасыз ету, тұрып жатқан территория шегінде коммуналды қызметтер мен тауарларды ұсыну мен тұтыну процесінде пайда болатын үй шаруашылығы (халық) мен қоғамдастық субъектілері арасындағы қаржылық қарым-қатынас жүйесін сипаттайды.

Информация о работе Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні