Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.
КІРІСПЕ .....................................................................................................3
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10
XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68
Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы
ӘОЖ
КЕНЖЕГАРИНА АРАЙЛЫМ ЗАУЗАҚЫЗЫ
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар
13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
Көшербаева А.Н.
педагогика ғылымдарының
докторы, профессор
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
1
1.1
1.2
1.3
2
2.1
2.2
2.3
|
КІРІСПЕ ..............................
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ..............................
XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың
Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы
мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік
идеяларға әсер ету факторлары....................
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды
талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар
мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар....................
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың
мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны.......................
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шығармаларында Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы
азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке,
елжандылыққа тәрбиелеу идеясы........................
Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат
жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы........................
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы
тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие
үдерісіне ендіру жолдары.......................
ҚОРЫТЫНДЫ .............................. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................. ҚОСЫМША ..............................
|
|
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.
Осылайша, ұлттық құндылығымызға негіз болып табылатын тарихи тұлғаларымыздың педагогикалық идеялары мен тағылымдық мұраларын жастар тәрбиесіне пайдалану қажеттігіне түрткі болар ойларды басшылыққа аламыз. Тәлім-тәрбиелік идеяларға бай, оқырмандарын өз туындылары арқылы тәрбиелеуге ықпалды жазушыларымыздың қатарында Әзілхан Нұршайықовтың да өзіндік орны бар. Осы тұрғыда оның шығармаларына шынайы баға берген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «...Кездесуде маған «Махаббат, қызық мол жылдарды», «Халиманы» сыйға тарттыңыз. Біріншісін бұрын да оқыған едім, екіншісін қолыма алған бойда бас көтермей оқып шықтым. Тәлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. Сіздің шығармаларыңыз – ел қазынасы. Өміріңіз – үлгі!» [2] деген пікірі жазушының өмірі мен шығармашылығының бүгінгі күнгі жастар тәрбиесіне ықпалы мен құндылығын баса көрсетеді.
Расында, Ә. Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялар өмірді, адамды сүюден бастау алып, жастарға Отанды қорғау, ерлік пен батырлықты дәріптеу, еңбекті сүюге, өз еліне сүйіспеншілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуге, адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттау, сана-сезімді жетілдіріп, ұлттық рухты көтеруге бағытталған.
Педагогика тарихындағы көрнекті өкілдер мен тарихи тұлғалар, ақын-жазушылардың педагогикалық идеялары мен ой-пікірлерін зерттеп-зерделеген ғылыми-зерттеу жұмыстары біршама. Оларды жүйелеп атап өтер болсақ:
- ғылыми еңбектерде тарихи тұлғалардың ішінде дала ойшылдары: әл-Фарабидің (А.К. Көбесов) [3-4], М. Қашқаридің (К. Қалиева) [5], Ж. Баласағұнидің (Т.Ә. Ахметов, Ә. Көшербаева, Ұ. Жамирова) [6, 7, 8] шығармаларындағы педагогикалық идеялар мен көзқарастары;
- қазақтың белгілі ақындары А. Құнанбаевтың (И.Р. Халитова, К. Шаймерденова) [9, 10], Ж. Жабаевтың (М.Б. Көккөзова) [11], Ш. Құдайбердіұлының (А.М. Құдиярова) [12], Д. Бабатайұлының (Ш.Жұматаева) [13], С. Сейфуллиннің (К. Камалиева) [14] Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының (Н.С. Асенова) [15], М. Дулатовтың (Р. Мұратханова) [16], М. Әлімбаевтың (М.С. Елубаева) [17] тарихи-педагогикалық мұралары мен тағылымдық ой-пікірлері;
- шығармашылық пен ағартушылықты қызметін қатар алып жүрген Ы. Алтынсариннің (Ә.С. Сытдыков, К.Р. Калекеева) [18, 19], С. Торайғыровтың (К.Қ. Шалғынбаева) [20], М. Жұмабаевтың (Р. Көшенова, А. Жұмабаева, Қ.Қ. Қоянбаева, С.Т. Сеңкібаев) [20, 21] педагогикалық қызметі мен идеялары;
- қайраткерлігі мен
- қазақтың көрнекті жазушылары С
Аталмыш ғылыми зерттеу жұмыстарының барлығы заман талабына сай зерттеп-зерделеніп, педагогика ғылымына қосылған еңбектер екені анық. Дегенмен, зерттеу жұмыстарының арасында қазақ жазушыларының шығармашылығындағы педагогикалық көзқарастар мен тәлім-тәрбиелік идеялардың зерттелуі көп қолға алынбай отырғандығы байқалды. Сонымен қатар, ұлттық әдебиетімізге жаңа жанрлар қосып келе жатқан қаламгер, қазақстанның халық жазушысы, тамаша аудармашы, ең бастысы жастардың көңілінен орын алатын, әлі күш-қуаты сарқылмаған жазушы Әзілхан Нұршайықов мұрасының да педагогикалық зерттеу нысанына айналмай отырғандығын көрсетті.
Аты аңызға айналған, өзі ақиқаттың ақ туындай биік тұрған, алайда, кеңестік жүйенің әділетсіз таразылауынан уақытында лайықты бағасын ала алмаған қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының атағын асқақтатқан, оқырманына табиғи күйінде таныстырған жазушының «Ақиқат пен аңыз» атты роман-диалогтан тіпті шағын мәтіннің мектепте оқылмауының себепсіздігіне де мән берілмей келеді. Сондай-ақ, жазушының бай әдеби жанрдан тұратын шығармалары мектептің бастауыштағы «Ана тілі» немесе «Әдебиеттік оқу» қосымшаларына орта буын мен жоғары сыныптағы «Әдебиет» оқулығына бірде бір шығармасының енбеуінің бір себебі педагогикалық тұрғыда зерттелмеуінде жатса керек. Әйтпесе, миллиондаған оқырмандары бар, шығармалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған жазушының туындылары адам тәрбиесіне қатысты қызықты сюжеттерге де, тағылымдық идеяларға да бай.
Сонымен қатар, жазушының шығармаларындағы басты идеялар тарихи шығармаларымыз Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі Тоныкөк пен Күлтегін жазбаларынан бастап, әл-Фараби, Қорқыт, Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи, т.б. ғұламаларымыздың ойларымен мұраттас екендігін философиялық, филологиялық, педагогикалық тұрғыдан да негіздеуге нақты мысалдар табуға болады.
Өмірден түйгені мол, ел басына түскен ауыр жылдармен тағдыры тығыз байланысқан, қиындықтың түрлі сынағынан өткен жазушы оқырмандарына тағылымдық идеяларын көркем шығармалары арқылы ұсынып, оқушыларды мектеп партасынан тыс, кітабымен-ақ, жеке-жеке тәрбие кеңістігіне ертеді: жақсылыққа уағыздайды, жамандықтан түңілдіреді, ерлікті сипаттайды, батырлықты үлгі етеді, дұшпандарды жек көруге, батырларға бас июге шақырады. Сондай-ақ, оқырманды адами асыл қасиеттерге күштемей, үгіттемей, жағымды суреттеумен-ақ насихаттайды. Жазушылық шеберлігі мен педагог шеберлігінің ара-жігі білінбей оқушыға тәрбиелік сипатта шынайы жетеді.
Осы аталмыш тақырыпты ғылыми-зерттеу жұмысында өзекті мәселе етіп қарастырып, философиялық, тарихи, филологиялық, тарихи-педагогикалық, психологиялық еңбектерге, докторлық, кандидаттық диссертацияларға жасалған талдау Әзілхан Нұршайықов шығармашылығы тек қазақ әдебиеттану ғылымы тұрғысынан ғана қарастырылғандығын дәлелдеді. Атап айтар болсақ, әдеби тұрғыдан Ә.Ыдырысов [34], З. Шашкин [35], М. Дүйсенов [36], Р. Тұрысбек [37], А.Шералі [38] Ә. Нұршайықовтың шығармашылығы туралы еңбектер жазып, жан-жақты пікірлерін білдірсе, филология саласы бойынша әр жылдары өз ғылыми зерттеулерінде ғалымдар: С.Ә. Қалқабаева «Ә. Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер» [39] (), Қ.У. Нұрымова «Ә.Нұршайықовтың «Махабббат, қызық мол жылдар» романының шығармашылық тарихы» (2006 ж.) [40] тақырыбында кандидаттық диссертациялар қорғаған.
Алайда, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы, әлі де бұқаралық ақпарат құралдарынан айтарын тауыспаған данагөй ақылман қария ретінде үнемі үн қататын Әзілхан Нұршайықовтың педагогикалық ой-пікірлері мен оның шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың ғылыми тұрғыдан зерттеліп, оған қатысты теориялық тұжырымдар мен ұсыныстардың нақты көрсетілмегендігі, арнайы педагогикалық зерттеуді қажет етеді.
Аталмыш тақырыпты зерделей келе, біздің қарастырып отырған тақырыбымыз бұл саладағы алғашқы ғылыми еңбек болып табылатындығына, зерттеуіміздің бүгінгі күн талабынан туындап қоғамға қажеттігі проблемаларды көтеретіндігіне және оның маңыздылығына да көзімізді жеткіздік.
Ұрпаққа адамды сүюді, еңбекті сүюді, мейірімділікті, арлылықты, ерлік пен батырлықты, елжандылықты, отаншылдықты насихаттаудың қазақ елінің ұрпағын тәрбиелеуде жеке тұлғаның қалыптасуына әсері зор деген идеяны басшылыққа алатын Әзілхан Нұршайықовтың әдеби мұралары мен естеліктерін, күнделіктері мен хаттарын педагогикалық мақсатқа пайдалану үшін зерттеу, қоғамдағы кейбір шешілмей жүрген күрделі тәрбие мәселелерін шешуге, педагогика ғылымын байытуға игі ықпалын тигізіп, аталмыш ғылымның әрі қарай даму жолдарын болжауға мүмкіндік туғызады.
Осылайша, көтеріліп отырған мәселенің жастар тәрбиесінің рухани сұраныстарына жауап беретіндігі мен өмірлік қажеттілігі, педагогика ғылымының даму тарихына қатысты қоғамдық сұраныстарға орай, Ә.Нұршайықовтың бай мұраларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың зерделенбеуі және ғылыми жүйеленбеуі, олардың жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне қажет бола тұрып, ғылыми-педагогикалық айналымға енгізілмеуі, сондай-ақ, болашақ ұрпақты қазақстандық елжандылық, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, махаббат тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттарында тәрбиелеуде өз деңгейінде пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар бар. Зерттеу барысында анықтаған қарама-қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіру зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындайды.
Аталмыш проблеманың өзектілігі мен ғылыми-педагогикалық тұрғыда тәлімгер-жазушының тәлім-тәрбиелік идеяларының қарастырылмауы ғылыми жұмысымыздың көкейкестілігін нақтылай түсті, сондықтан, зерттеу тақырыбын «Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы.
Зерттеу пәні: Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялар.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделіп, білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үдерісіне ендірілсе, онда қазақ жастарының сана-сезімін ұлттық құндылықтармен байытуға, адамды сүю арқылы адамзатты сүйетін адами ізгі қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі тәрбиелеу мен әлеуметтендіруге құштар, махаббат пен ерлікті бағалайтын, елжанды, ұлтжанды, отаншыл тұлға қалыптастыруға ықпалын тигізетін мүмкіндіктер туады, өйткені Әзілхан Нұршайықов шығармаларының тәлім-тәрбиелік идеялары педагогика ғылымы тұрғысында сипатталып, оқушыларды заман талабына сай тәрбиелеудегі әлеуеті айқындалды.
Зерттеудің міндеттері:
1. Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға қажет педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдарды анықтау.
2. Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды педагогика тарихын зерттеудегі әдіснамалық ұстанымдар арқылы талдау.
3. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы педагогикалық идеялар жүйесін жасап, мәні мен құрылымын және мазмұнын анықтау.
Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар