Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Шығармашылығына тәлім-тәрбиені басты идея етіп алған Әзілхан Нұршайықов тағылымдық мұрасының басты қағидалары:

  • Ерлік пен батырлықты жас ұрпақтың елжандылық пен ұлтжандылық сапаларын дамытуға үлгі ету;
  • Жас ұрпақты өмірге дайындауда адамгершілік идеяларын басшылыққа алудың қажеттілігі;
  • Ұлттың тарихи тұлғаларының өнегелі істерін сабақтастықта дәріптелуі;
  • Адамды жан-жақты, үйлесімді дамытуға өнердің ықпалы және эстетикалық тәрбиені басшылыққа алу;
  • Жастардың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне үлкендердің үлгі болуы, қамқорлығы;
  • Туысқандық қарым-қатынастардың – ұлттық дәстүрге, мәдениетке кепіл болатындығын жеткізу;
  • Ұлттық құндылықтарды ұлттық тәрбиенің негізі ету идеясын басшылыққа алу;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін арттыру;
  • Достыққа адал, махаббатқа берік болу, жастарды махаббатқа тәрбиелеу, т.б.

Жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының басшылыққа алған аталмыш қағидалары зерттеу тақырыбының мазмұны мен мәнін ашуға тиек болады.

Әрине, жазушы педагогиканы шығармашылығына басты мақсат етпегенін білеміз, алайда, жазушылық бейнесі адами абзал қасиеттерден өрілген азамат, ойы мен сөзін өзінің адамгершілік кеңістігінде тоғыстырады. Өмірді сүю арқылы адамзаттың бәрін жақсы көретін қаламгерлерге тән адами ізгі сапалар Әзілхан Нұршайықов дүниетанымына негіз болғандығын байқаймыз. Өзінен бұрынғыларды құрметтеу, өзінің замандастарын сыйлау, кіші буынға ізет білдіру сияқты азаматтық ұстанымдары арқылы жалпы оқырмандарын жақсылыққа үндейді, ізгілікке шақырады.

Қорыта келгенде, тәлімгер-жазушының шығармашылығындағы тағылымдық идеяларының мазмұны – жалпы адамзаттық құндылық идеяларын басшылыққа алып, адамгершілік пен ізгілікке негізделген мінез-құлқы және іс-әрекетін мәдениет деңгейіндегі қарым-қатынаста көрсететін ұлттың ұрпағын тәрбиелеу.

Халыққа танымал жазушының қарастырған тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердегі ұрпақ тәрбиесінде дәріптелер аталмыш жоғары сапалар шынайы адамгершілік қатынастарға: достық, сыйластық, адалдық, инабаттылық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, салауаттылық, т.б. адами қасиеттерге негізделуін көздегендігі байқалды.

 Жоғарыда айтылған Әзілхан  Нұршайықов шығармашылығындағы  тәлім-тәрбиелік идеяларды зерттеп-зерделей, талдап-саралай келе, түйетін тұжырымды  ой:  жас буынды өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат-міндеттерге қызмет ету жолында адамгершілік пен ізгілік аясында тәрбиелеуді басты ұстаным етіп, адамды сүюді басшылыққа алу – жазушы шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяның негізі мәні.

 

1-кесте – Әзілхан Нұршайықов  шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының құрылымы

Құрылымның құрамды бөліктері

Мазмұндық сипаттамасы

Заңдылықтар

  • Жазушы – бүгінгі және болашақ ұрпақтың да ұстазы.
  • Ұяттан именіп, арды ардақтаған адам – асыл азамат.
  • Әділдік пен адалдық – адамның ең қымбат қасиеті.
  • Отбасы – азаттықтың, әділдіктің, адамгершіліктің Отаны.
  • Ана үлгі береді, ата нұсқа қалдырады.
  • Ұлың өз ұрпағыңды ұластырады, қызың – адамзат ғұмырын жалғастырады.
  • Даналығы жоқ дәреже – тұл;  білімі жоқ білгіштік – тұл.
  • Еңбекшіл ұрпақ қана Отанын өркендетеді.

-    Махаббат кәріні жас, алысты жақын ететін ұлы күш.

- Талпыну, талаптану – таланттың  сүрлеуі.

Қағидалары

  • еңбекті сүю, еңбекшіл тұлғаны үлгі ету, дәріптеу;
  • жетістікке өз еңбегіңмен жету;
  • Отанды сүю, Отанды қорғау;
  • Жер-Ананы қастерлеу;
  • ерлік пен батырлықты, елжандылықты үлгі ету;
  • жақсылық жасау, қамқор да мейірбан болу;
  • достық пен махаббатқа адал болу;

Негізгі идеясы

жас буынды өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат-міндеттерге қызмет ету жолында адамгершілік пен ізгілік аясында тәрбиелеуді басшылыққа алу

Мақсаты

жастардың заман талабынан қалмай өмірдің мәніне түсініп, адами құнды сапалармен үндесе дамуына бағыт-бағдар беру;

Міндеттері

  • ақыл-ойды үздіксіз дамыту;
  • өзін-өзі тану;
  • өзін-өзі жетілдіру;

-   өз ісіне есеп беру;

  • өмірді шынайылықпен тану.

Мазмұн

жалпы адамзаттық құндылық идеяларын басшылыққа алып, адамгершілік пен ізгілікке негізделген мінез-құлқы және іс-әрекетін мәдениет деңгейіндегі қарым-қатынаста көрсететін ұлттың ұрпағын тәрбиелеу. 

Құралдары

  • бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, теледидар, радио, интернет);
  • өнер мен ғылымның өзара сабақтастығы;
  • поэзия, прозалық көркем тіл;
  • кітаптар.

Әдістері

өсиет, насихат қалдыру;

сынға алу;

үлгі ету, мадақтау;

үйрету, тәлімгерлік жасау;

үндеу, шақыру.

Нәтиже

ГУМАНИСТІК ИДЕЯМЕН ҚАРУЛАНҒАН, ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН  ТҰЛҒА.


 

Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тағылымдық ой-пікірлердің мәнін педагогикалық тұрғыдан ашып, оның гуманистік идеяға негізделгендігі – білім мазмұнына жаңаша гуманистік парадигмалар енгізу барысында ескерілер нәтиже болады деген ойдамыз.

Сондықтан да Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мазмұндық сипаттамасы кеңінен қарастырылады да оны оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің жолдары ғылыми педагогикалық-тәжірибелік тұрғыдан көрсетіледі.

Қорытындылай келгенде, Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялары қалыптасуын тарихи-педагогикалық негіздеріне:

  • Генетикалық ерекшелігі, отбасы мен Абайдың ақындық мектебін дамытқан аймақтың әлеуметтік институт ретінде ықпалы;
  • Еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдайдың жаңа тұрпатқа көшіп, кеңестік идеологияның үстемдік етуі;
  • Ұлы Отан соғысына қатысуы арқылы Отаншылдық, елжандылық, ерлікке үндеу, батырлықты дәріптеу шығармаларының тууына әсері;
  • Білім ордаларындағы ұстаздары мен ойшыл-ағартушылардың, әлем классиктерінің шығармалары және әдебиет кеңістігіндегі ұстаздары мен замандастарының ықпалымен үздіксіз ізденісі, жетілуі, шыңдалуы;
  • Қайта өрлеу жылдарында еңбекті ту ету, көп ұлтты еліміздегі достық пен ынтымақтастыққа қалам тартуы, адамгершілік, еңбекшілдік, достық, махаббат идеяларының насихатталуы;
  • Қазақстанның дербес, тәуелсіз ел болуына байланысты жаңа буынның болашағына деген жауапкершілік, ұлттық мәдениетті құндылық деңгейіне көтеру, ұрпақтар арасындағы сабақтастық мәселелері жатады.

Осы қоғамдық-тарихи және саяси-әлеуметтік идеологиялар шығармашылығына арқау болып, тәлім-тәрбиелік идеяларының тууына басты негіз саналады.

2. ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

2. 1 Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы

Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік тұрғыдан дамуы, дербес мемлекет ретінде өзіндік келбетінің қалыптасуы барысында өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беруді рухани ұлттық дәстүрлерге сай жетілдіру, ұлттың тарихи тұлғаларының батырлық бейнесін үлгі ету – көкейкесті мәселенің негізі.

Жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру ісінің мемлекеттік міндеттерге кіруі ұлттық сипатқа ие болып отырғандықтан, тәрбие үдерісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізуді талап етеді.

«Отансүйгіштік», «елжандылық» ұғымдары өз алдына дербес қаралып жүргендігімен ғылымда ол «патриотизм» категориясы арқылы сипатталып, тереңірек мағына береді.

«Патриотизм» терминіне философиялық, педагогикалық, психологиялық, тұрғыда төмендегідей сипаттама берер болсақ:

  • философиялық тұрғыда «Патриотизм – адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс, адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі»;
  • педагогикалық тұрғыда «Патриотизм, әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балалардың Отан-анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип»;
  • психологиялық тұрғыда «Патриотизм тұлғаның бойында – Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау дінін, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды».
  • қазақ тілінің сөздігінде «Патриотизм – өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік, барша күш-қуатын Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім» деп анықтама беріледі.

Демек, патриоттық сезімдер біздің тіліміздегі отаншылдық пен елжандылық үйлесетінін білдік. Әр ғалым өз ғылым тұрғысынан өзінше байытып, мәнін тереңдей ашуға тырысатындығына да дәлелдер бар.

Профессор М. Қозыбаев «Өркениет пен ұлт» атты монографиясында: «отанжандылық – ұлтшылдық емес, ұлтын сүю, оған табыну ғана емес, ұлтына еңбек ету» - деп анықтама берген. Ғалым М. Қозыбаевтың пікірінше «отанжандылық» Қазақстанды Отаным деп сезінетін, оның жетістіктері мен жеңістеріне қуанатын, дамуына үлес қосатын, қажет жағдайда қорғай білетін, отансүйгіштік рухы мықты тұлғаның бойында болады.

Отансүйгіштік, елжандылық пен ұлтжандылық мәселесі ерлік пен батырлыққа ұштаса келіп, оның тәрбиеге деген ықпалы майдангер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты роман-сұхбатындағы Бауыржан Момышұлының ерлікке толы бейнесінің суреттелуінен, сипатталуынан, сұхбат барысындағы батырдың тұжырымды ойлары мен өнегелі өсиет сөздерінен көрініс табады.

Жазушы Әзілхан Нұршайықов Бауыржан Момышұлымен заманы бірге замандас, қаламдастық қағидалары үйлесер жазушы әрі әскери талапты табиғатына серік еткен майдангер ретінде де  жеке тұлғаның субъектілік сипаттарына лайық көрсеткіштерінің үйлескендігі арқылы да отансүйгіштік пен ерлікке деген көзқарастары тоғысып, тағылымды әдеби мұра жазылды.

«Ақиқат пен аңыз» Отан үшін от кешіп, ерлік даңқы аңызға айналған халқымыздың біртуар тұлғасы Бауыржан Момышұлының бастан өткерген оқиғаларын көркем, сырлы суреттеген, тағылымы мол, тәрбие құралы іспеттес. Бауыржан Момышұлы өзі көріп, куәсі болған жайттарды байыпты саралып, жүйелі сөз етеді. Деректі де дәйекті сөздері арқылы Ұлы Отан соғысына, жауынгерлердің ерлік істеріне, жеңістің маңызына баға береді.

«Совет халқының неміс фашистеріне қарсы Ұлы Отан соғысында мен өзімнің солдаттық, азаматтық борышымды адал атқардым. Мен награда үшін емес, елімнің тәуелсіздігі үшін, халқымның намысы үшін соғыстым» дегенді анық та, қадап та айтады. 

Романдағы батыр бейнесі тұлғалық сипаттармен толық ашылғандығын бірде қаталдық пен азаматтық ұстаным аясындағы батыр кейіпінде, елдің ертеңіне жанашыр елағасы қалпында, ортақ пікірге тоқталар қарапайым азамат ретінде әр қырынан суреттелуі арқылы да айқын аңғарамыз.

 Бауыржан Момышұлының болмысы  мен қаһармандық ерліктері әр  алуан оқиға, түрлі шегіністер, дерек  пен дәйек көздері, тәлім-тәрбие  арналары негізінде көркем, шынайы  қабылданады.

«Үлкенді құрметтеу борышын бұлжытпай орындау, арын таза сақтау, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай орындау, заңға бағыну – жас адамға қажет ізгілік белгілері осы. Мұны біз: Отанын, халқын, семьясын сүю деп те атаймыз. Мұндай инабатты тәрбие алған адам – нағыз жауынгер. Оның қасиеті – адалдық, арлылық, тәртіптілік» - деген батырдың жалпы адам болып қалу мәселесін ізгілікпен байланыстырады да жауынгерлік пен адамилықты тең өреді.

Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында соғысып, ерлік пен батырлықтың үлгісі болып қана қойған жоқ, ел болашағын ойлайтын көсем, ұрпақ тәрбиесіне жанашыр ақсақал ретінде педагогикалық тұжырымдарын жас ұрпаққа үндеу түрінде де қалдырды:

«Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп, біз де сендерге бақыт әпердік, жас ұрпақ. Ол – қазіргі кең жазира Отаның сенің! Өйткені – Отансыз өмір, онсыз қуаныш жоқ. Соны көздің қарашығындай сақтаңдар»,  - деп адам баласы үшін Отанды өмірмен тікелей байланыстыра ұқтырады.

«Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал, отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде кім ата-анасын ардақтаса, сол ата-анадан бірге туған бауырлармен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады» - деп, тәрбиенің ұғымдарына нақты анықтама беруден гөрі оның мағынасын адами мінез бен іс-әрекет, қарым-қатынас пен мәдениет, ұрпақтар сабақтастығы тұрғысынан да жан-жақты ашып көрсете біледі. Бұл келтірілген пікірлер осынысымен құнды. Сол сияқты патриотизм ұғымын да батыр оқырманға түсінікті тілмен ашады: «Патриотизм – «Отаным, сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін» - деп, құрғақ сөзі гүмпілдете беру емес. Ол – формализм. Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруакер, адал, әділ болып өседі. Іс деген осы, патриотизм осыдан басталады».

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар