Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Сол кездері жиі өткен кітап оқушылар конференциясы, жазушымен кездесу, диспут, талқылау кештері туралы республика көлеміндегі баспасөз беттерінде кеңінен жарияланып отырды. (2209-қор. 1-тізімдеме. 228, 230-іс)

Шынымен де роман ғашықтық, махаббат сезімдерін аса жоғары бағалайтын жастардың сұранысына жауап берердей шығарма болып табылды. Оның оқырманға баурап алуының себебі: роман сюжетінің шынайылы, өмір шындығымен өрнектелуі. Басты кеіпкері Ербол – Әзілхан Нұршайықовтың өзі, ал достары оның курстас құрбы қыз-жігіттері болатын.  

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы туралы құнды пікірлер білдіргендер көптеп саналады. Солардың педагогикаға қатысты бірнешеуінің пікіріне шолу жасасақ,  профессор  Т. Нұртазин: «...Бұл романның өзіне тән үш қазығы бар. Олар – махаббат, достық, адамгершілік. Жазушы өзінің өнер өрмегін осы үш қазық бойымен тарқатып отырады» (Жас ұрпаққа үлгі болар туынды.- «Қазақстан мұғалімі, 1972, 15 маусым) – десе, әдебиеттанушы-педагог Т. Кәкішев: «Студенттер қауымына арналған тағы бір кітап дүниеге келді. Студенттер жайлы кітап жиі жазыла бермейді. Ал студент жастарды адалдыққа, достыққа, еңбекшілдікке тәрбиелейтін жақсы кітаптар керек-ақ. Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы міне, осы мәселеге арналған» дейді (1971жылы 14 апрельде кездесуде сөйлеген сөзі). (2209-қор, 1-тізімдеме, 228-іс.)

Бағдангүл Рахманқұлқызы Түсіпова деген оқырман жазушыға арнаған хатында былай деп жазыпты: 

«Құрметті Әзілхан аға! Көкейде жүрген көп толғанысым сіздің мақалаңыз шыққан сайын жанымдағы жайбарақаттықты толқытып, тулатып өтеді. Неге екенін білмеймін, өзімнен өзім ширығып, бір мазасыз күй кешемін де, сіздің «Махаббат, қызық мол жылдарыңызды» қолға аламын. Оқырмандардың есінде болар, соғыс кезінде жауынгерлер «Ақынды» (Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының алғашқы атауы) қалай оқып еді? Сол сияқты біздің ұрпақ та сіздің сол кітабыңызды («Махаббат, қызық мол жылдарды») жүрегімізге басып, басымызға жастап, қолтығымызға қысып, қолымыздан түсірмей оқыдық. Ол бізге (қыздарға) инабаттылық иірімдерінен алған алғашқы сабақ болса, жалпы жастарға махаббат пен достыққа беріктікті, адалдықты үйретті, батылдық пен адамгершілік, моральдық биіктікке баулыды». (Нұршайықов Ә. «Журналистпін» деген сөзді мен мақтанышпен айтамын. //Сұхбаттасқан Әбішев Е. «Дидар» газеті. ШҚО №98-99 (16184) 26 маусым 2009 жыл.) 

Қарапайым оқырманның жазған хаты арқылы да жазушының махаббат тақырыбында жазған шығармаларының оқырманға көркемдік жағынан ғана емес, рухани жағынан да әсер етіп, тағылымдық ықпалы болғандығынан хабар береді.

Ал, филолог-ғалым Б. Сахариев: ... «соңғы жылдардағы елеулі құбылыс таңдаулы, тамаша туынды: махаббат (Ербол, Меңтай) пен зұлымдық (Тұмажан) жайында дастан деп бағалау әбден орынды деп көрсетіледі (Сахариев Б. Күрескер тұлғасы.- Алматы: Жазушы, 1979.- 189 б ). Профессор С. Садырбаев: «Махаббат, қызық мол жылдар» жастарға тәрбиелік маңызы бар туынды» - десе, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Табылдиев: «Автордың айтайын деп отырған негізгі идеясы – достық, махаббат, адамгершілік, отаншылдық. Кітаптың өзінің алдына қойған жастарға өнеге көрсету, тәрбие беру жайындағы өз міндетін ойдағыдай орындап шыққан. Мұны мен жай кітап емес, жастардың тәрбиеші кітабы, ақылшы романы деп бағалаймын». Біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін нақтылай түседі.

Романның негізгі тақырыбы – жастар және махаббат. Басты себебі, махаббат мәселесіне жастардың немқұрайлы қарамайтындығы болса, сол арқылы жазушы махаббатқа адал болу мен махаббаттағы тұрақтылыққа шақырады, шығарма негізінде тәрбиелейді.

Бұл жөнінде баспасөзде махаббатқа тәрбиелеу керектігі жөнінде ішінара пікірлер айтылғанымен, педагогика ғылымында бұл мәселе қарастырылған емес.

Жастарды отбасылық өмірге даярлау тұрғысынан зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген педагог С. Қоңырбаева бұл мәселені өзінің зерттеу жұмысында қарастырмаған. Дегенмен, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ. Бөлеевпен сұхбатында сұрақ етіп қояды:

« - Сіз қазақ отбасының тәрбиесі, отбасылық өмірге даярлау туралы проблема көтеріп жүрген ғалымсыз. Біз осы даярлық мәселесіне отбасылық өмірге тәрбиелеу, бейімдеу, әлеуметтендіру тұрғысынан қараймыз да махаббат мәселесін негізгі тәрбие факторы ретінде қарастырмаймыз. Яғни, махаббат тәрбиесі деген тәрбие бағыты жоқ. Махаббатты тәрбиеге дербес бағыт ретінде қарастыруға қалай қарайсыз?

- Қазақтың отбасы тәрбиесі ұлттық ерекшеліктерге негізделеді. Отбасылық өмірге даярлау деген ешқашан өзектілігін жоймайтын мәселе. Бүгінгідей өркениеттің жетістігі ретінде талғамай қабылдай беретін бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар, мақалалар, көрсетілімдер, т.б. қазақ жастарын ғана емес үлкендерін де еліктіріп жолдан тайдырып барады. Отбасын сақтау үшін, махаббат табу үшін машақатқа ұрынғандар хикаясы қазақтың өмірінде де кең орын алып келеді.

...Бізде басқа бағыттардың тасасында қалып келе жатқан бағыттардың бірі – жыныстық тәрбие. Бұл әсіресе, біздің қазақ халқының менталитетінде ашық емес, астарлы жүргізіледі. Әлі күнге педагог қауымның арасында да бұл мәселе «қиын бағыт» саналып, көп уақытта қыздар тәрбиесіне жауапты мұғалімнің жұмысы немесе ата-ананың айналысар мәселесі деген пікірге табан тірейді.

...Махаббат мәселесінің өзін осы жыныстық тәрбиенің аясында қарастыруға болады деп ойлаймын.

- Біз еңбекті  сүюге, Отанды сүюге, ұлтты сүюге  тәрбиелейміз. Неге адамды сүюге  тәрбиелемеске?

- Қандай болсын, сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеудің өзі махаббатқа тәрбиелеу емес пе? Жар таңдау мәселесі, тағы да айтам: жыныстық тәрбие бағытының қарастырар мәселесі» (Білім беру жүйесіндегі Этнопедагогика №3, 2009.).

Ал, көптеген ғалымдар махаббатқа, сезімге тәрбиелеу бұл гуманизмнің, адамгершілік тәрбиесінің аясында қарастырылады десе, профессор Қ. Бөлеев жыныстық тәрбие бағытында қарастырылатындығын алға тартады. Біз бұл ойды да негізсіз дей алмаймыз, дегенмен, оқушыларды махаббатқа тәрбиелеу идеясын оқу-тәрбие үдерісіне ендіру қажеттілігін Ә. Нұршайықовтың шығармашылығымен байланыстыру барысында сезіндік.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің І-ХІ сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы» – тәрбие ісінің сұраныстарына жауап беретін еңбек. Мұнда тәрбиенің бағыттары әлеуметтік-құқықтық модуль, рухани-адамгершілік тәрбиесінің модулі, жалпы интеллектуалды даму модулі, Жалпы мәдениеттілікті тәрбиелеу модулі деген төрт модульде бөліп қарастырып, дербес 15 тәрбие бағытын ұсынған. Алайда, 15 тәрбие бағытының бірін-бірін толықтыратын немесе қайталайтын тұстары кездеседі. Мысалы: «отбасылық тәрбие» бағыты  мен «гендерлік тәрбие және отбасылық өмірге дайындық» бағыты бірін бірі толықтырады. Сондай-ақ, «танымдық мүдделерге тәрбиелеу» – дербес бағыт, «интеллектуалды мәдениет пен сыни ойлауды қалыптастыру» бағыты бірін-бірі қайталайды. «Экономикалық және еңбек мәдениетіне (кәсіби бағдар) тәрбиелеу» бағыты бөлек болғанымен, «дене еңбегі мәдениетін қалыптастыру» тағы бар. Біздің мақсатымыз тәрбие бағдарламасын сынға алу емес, алайда, жас ұрпақты махаббатқа тәрбиелеуді жыныстық тәрбиенің немесе адамгершілік тәрбиесінің тармағында қарастырмай-ақ, дербес тәрбие бағыты  ретінде алуға неге болмайды деген мәселені көтере отырып, оның қаншалықты негізді болатындығын дәлелдеу. Осылайша, махаббатқа тәрбиелеуді әр түрлі арнада қарастыра отырып, оны оқушылардың жас ерекшелігіне сай қарастырғанымыз жөн.

Осыған орай, махаббат туралы ұғымның философиялық тұрғыдан ашылу мәніне үңілсек, махаббат құрылымын зерделеуде оған түрлі тұжырымдамалар ұсынылған:

- Ф.де Ларошфуконың тұжырымында “Любовь одна, но подделок под нее – тысячи” [107]. (Философия любви. ч.2. Антология любви/сост. А.А. Ивин. – М.: Политизм, 1990. – 605 с.)

- Б.Паскальдің пікірінше: Махаббатың бірінші белгісі – қадір тұту [107, 237],

- А.Шопенгауэр: «өзара азап шегу» – десе [109], (Шопенгауэр А. Избранные произведения/сост., авт. вступ.ст. и примеч. Н.С. Нарский. – М.: Просвещение, 1992. – 479с.)

- В.Франктың көзқарасында: «Махаббат өзге адамның тұлғалығының тұңғиық мәнін түсінудің жалғыз ғана тәсілі» [110], (В.Франк. Психология личности. Тексты. М., 1982. с.124.)

- В.Соловьевтың ойынша: эгоизмді құрбан ету арқылы даралықты құтқару және ақтау [108] деп махаббатқа баға берсе, (Вл.Соловьев Смысл любви. Сочинения в двух томах. т.2. М., 1998, с.493-547.)

- Ж.П.Сартр: махаббат – сүю үшін өзіне талап қоятын жоба [83] деген анықтама береді. (Батыс философиясының антологиясы. Ж.П.Сартр. Аудармашылар: Қ.Әбішев, М.Сәбит, Ә.Қодар, А.Сағиқызы.- Алматы: Фонд-Сорос-Қазақстан 2002.-464 бет.)

Философия тарихындағы махаббатқа осындай әр түрлі анықтамалар мен түсініктемелер ұсынудағы мақсат – махаббат ұғымын ашуға ұмтылатын, феномендік деңгейін ұғындыратын игі ой-пікірлер.

Махаббаттың құрылымдық деңгейлерін ұсыну, сүйіспеншіліктің мазмұнын ашу, оның элементтерін жеке-жеке сараптау мен функционалдық өлшемдерін көрсету мәселелері әлемдік философия мен психологияда да жиі көрініс береді. Мәселен, махаббаттың қамқорлық, жауапкершілік, сыйлау, білім сияқты аспектілерін Э.Фромм көрсетсе [117], А. Ивин махаббаттың тоғыз деңгейіндегі сатысын ұсынады:

  1. эротикалық немесе өзіне махаббат;
  2. жақынға махаббат;
  3. адамға махаббат;
  4. отанға, өмірге, құдайға махаббат;
  5. табиғатқа махаббат;
  6. ақиқатқа, әсемдікке, әділеттілікке;
  7. шығармашылыққа, даңққа, байлыққа, еркіндікке  махаббат;
  8. ойынға, қарым-қатынасқа махаббат;
  9. тағамға құмарлық [113, 381-402]. (Философия любви. ч.1. А.А. Ивин. – М.: Политиздат, 1990. – 510 с.)

Қазақ дүниетанымының махаббат кеңістігіндегі мазмұндық шеңберінің ядросында: Сүйікті, Ғашық, Сүйіспеншілік, Ынтызарлық, Ұнату, Құштарлық, Құмарлық және т.б. ұғымдар бар. Дәл осы субъектіге субъектілік қарым-қатынастағы субъектаралық сезім мотивтерінің актісі болып табылатын – ғашықтық, ынтызарлық, ұнату, құштарлық пен құмарлық ұғымдары махаббат феноменіндегі екі компоненттің психологиялық атрибуттары ретінде сүйіспеншіліктің өмір сүруі мен шынайылығын қамтамасыз етеді, махаббат өлшемін биіктете түседі.

Осындай тұжырымдамалы түсініктер нақты махаббат үдерісінде өзін-өзі қайтадан танып, жандана түседі. Бұлар әрі психологиялық мән ретінде субъектілік объективті құндылықтар жүйесін жасайды. Осы құндылықтар жүйесін сезімнің өрістеуі мен өрлеуінің тез өтуі бойынша да көрсетуге болады:

Ұнату              құштарлық           құмарлық       ынтызарлық       ғашықтық сүю  » сүйіспеншілік.

Мұндағы ұнату мен құштарлық – симпатия, құмарлық пен ынтызарлық – интенция, ғашықтық пен сүю – акт. Ал “сүйікті” бір жақтың эмоциясы үшін объект болып табылады. Дегенмен, кейде құштарлық (құшу), құмарлық (құмарту) ұғымдары психологиялық сезімнің биологиялық тәндік актісін активтендіреді. Бастапқы ұнатудың ұмтылысының кульминациясы – ғашықтық. Бұл жерде құмарлық ұлттық философияда: тән құмарлығы және жан құмарлығы болып ажыратылады. Махаббат тән мен жан құмарын қайта біріктіреді – махаббат үдерісінің эволюциясындағы нәтиже тән құмарымен тоғысады. Демек, махаббаттағы жан құмарлығы сезімі тән құмарлығына ұмтылатын және оған айналуға тиісті – мүмкіндік пен шындықты құрайтын тұтастық.

Жоғарыдағы бөлімдерде айтылғандай, көпқұрылымды, көпқызметті, көпмағыналы синкреттік махаббат ұғымы – мазмұндық-мәндік жағынан да өзіндік философиясы бар жүйе. Мағыналық түрлері жағынан дәстүрлі түсініктерде – теологиялық (құдайды сүю), әлеуметтік - жақынға және алысқа махаббат, биологиялық жағынан – ананың балаға және баланың анаға махаббаты және т.б. болып бөлінеді.

Қазақ халқындағы махаббаттың мәні – өз болмысының шеңберін кеңейткен ауқымды, маңыздандырылған мәселелер сферасында тұрақты бола отырып, тұтас дүниетанымның рухани кеңістігіндегі субъект-субъектілік қатынастың ғұмырмәнділік-сезімділік парадигмасындағы құндылықтар жүйесіндегі мәңгілік феномен. Өзін-өзі үнемі қайталайтын, өзінің болмысына өзі ғана сәйкес келетін, тұтас рухын сақтай алатын, тұлғаның өзінің толық ашылуын қамтамасыз ететін форма мен мазмұнның үйлесімділігінің нақты нышаны. Себебі бұнда махаббат қашанда өз мәнін жоймайды, өзіндік мағынасынан айрылмайды, өмірлік қандай-ма жағдай болмасын ауытқымайтындай тұрақты сақталатын мызғымастық. Ұлттық дүниетаным тарихында - жалған махаббат, прагмалық есептесу қатынасы немесе өзін-өзі мазмұны жағынан аша алмаған, жетілмеген махаббат тәрізділік ұсынылмайтындығы осыдан туындайды. Әрбір жанр мен ситуация көптүрлі мағыналылыққа толы. Сондықтан онда махаббат сарыны эмоционалды толғаныстар мен талаптану дидактикасын ғана ұсынбайды, дүниеге көзқарас позициясының айқындалуын, тұрмыстың мағыналылығын ашатын акциденцияларды қоса қамтиды. Атап айтқанда, ондағы: достық, жанұя, ұрпақ қалдыру құбылыстары да сол сүйіспеншіліктің мазмұнымен қатар жүреді, тіпті кейде оларға басымдылық та беріледі.   

Осыған байланысты қазақ халқы махаббатқа онтологиялық-космологиялық және экзистенциалдық мәндердің параллелизмін берген.

Жоғарыдағы бөлімдерде айтылғандай, көпқұрылымды, көпқызметті, көпмағыналы синкреттік махаббат ұғымы – мазмұндық-мәндік жағынан да өзіндік философиясы бар жүйе. Мағыналық түрлері жағынан дәстүрлі түсініктерде – теологиялық (құдайды сүю), әлеуметтік - жақынға және алысқа махаббат, биологиялық жағынан – ананың балаға және баланың анаға махаббаты және т.б. болып бөлінеді.

Қазақ халқындағы махаббаттың мәні – өз болмысының шеңберін кеңейткен ауқымды, маңыздандырылған мәселелер сферасында тұрақты бола отырып, тұтас дүниетанымның рухани кеңістігіндегі субъект-субъектілік қатынастың ғұмырмәнділік-сезімділік парадигмасындағы құндылықтар жүйесіндегі мәңгілік феномен. Өзін-өзі үнемі қайталайтын, өзінің болмысына өзі ғана сәйкес келетін, тұтас рухын сақтай алатын, тұлғаның өзінің толық ашылуын қамтамасыз ететін форма мен мазмұнның үйлесімділігінің нақты нышаны. Себебі: мұнда махаббат қашанда өз мәнін жоймайды, өзіндік мағынасынан айрылмайды, өмірлік қандай да жағдай болсын, ауытқымайтындай тұрақты сақталатын мызғымастық.

Ұлттық дүниетаным тарихында жалған махаббат, прагматикалық есептесу қатынасы немесе өзін-өзі мазмұны жағынан аша алмаған, жетілмеген махаббат тәрізділік ұсынылмайтындығы осыдан туындайды. Әрбір жанр мен ситуация көптүрлі мағыналылыққа толы. Сондықтан онда махаббат сарыны эмоционалды толғаныстар мен талаптану дидактикасын ғана ұсынбайды, дүниеге көзқарас позициясының айқындалуын, тұрмыстың мағыналылығын ашатын акциденцияларды қоса қамтиды. Атап айтқанда, ондағы: достық, жанұя, ұрпақ қалдыру құбылыстары да сол сүйіспеншіліктің мазмұнымен қатар жүреді, тіпті кейде оларға басымдылық та беріледі.   

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар