Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Табиғаты нәзік болғанымен, уақыт талабына бейімделген қыздың елдік пен ерлік салтқа адалдығын танытса, сонымен қатар, оның Отан қорғау ісінде әділдікті жақтаған, шынайы берілгендігін байқатқан, батырлық болмысын өз шығармасында көрсеткен.

Мәншүктің елге-жерге құрметі мен сағынышын: «Алматыны, әпкетайымды, мамамды сағындым. Шіркін-ай, жасыл желекке бөленген, дүниеде теңдесі жоқ асыл ұям – Алматымды бір көрсем-ау! Жауды жеңіп, елге барып, Алматының ең шетінен осындай бір жер үй қазып алып, сонда тұрсам да арманым болмас еді!» деп, туған жердің қасиеті мен асыл анасының құшағын аңсайтын арманшыл бойжеткен бейнесінде сомдай отырып, бүгінгі қыз балаларға батырдың да өздері сияқты сезім иесі екендігін сезіндіреді, оқырманға жақындата түседі.

Мәншүк Мәметова – отаншылдығымен де, патриоттығымен де тарихтан өз орнын алған тұлға. Адамды ерлікке итермелеуші күш – оның рухани қасиеттері, ар-ожданы. Адамгершілік жоқта, қаһармандық жоқта, ізгілік жоқта, ерлік те болмақ емес.

«Әр әйел артына ұрпақ қалдыру үшін дүниеге келеді. Ал мен олай-пұлай болып кетсем де ұрпақсыз қалмаймын. Мен жеңістің анасы боламын. Жеңіспен ілесе Жеңісхан, Жеңісбек, Жеңісгүл, Жеңісжан, Жеңіснұр атты талай бала дүниеге келеді. Мен солардың шешесі боламын, солардың сәбилерінің әжесіне айналамын! Ал оған дейін тәніме сезімнің найзасы тигенше, жүрегіме кірш етіп келіп ыстық қорғасын қадалсын! Антым осы, сертім сол менің! Мен майданға сүйісу үшін емес, соғысу үшін келгенмін!» [1,446 б.] –деп, өзінің қазақ қызына тән адалдық пен пәктікке берік болмысын Мәншүктен кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.

М.Мәметованың ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы батырлық бейнесі мен неміс-фашистерге өлшеусіз өшпенділігінен оның қайсарлылығы мен елжандылығын байқатады.

«Артиллеристердің атқан оғы – соқырдың таяғы сияқты. Сендер орманның тасасына тығылып алып, зеңбіректеріңді гүрсілдетесіңдер келіп. Атқан оқтарың тиіп жатыр ма, тимей жатыр ма, оны өздерің де білмейсіңдер, құр дүңкілдеткендеріңе мәз боласыңдар. Ал пулеметші болсаң – бәрі алақаныңдағыдай: армансыз атасың, атқаныңның нәтижесін көріп, айызың қана қуанасың!» [1,445 б.]

 М.Мәметованың адами әлемі, мақсат-мұраттары, досқа беріктігі, дұшпанға өшпенділігі  кең көлемде көрініс тапқан.

Мәншүкке  арнап:

Қара көз қазақ қызы Мәншүк батыр,

Орнатқан дұшпанына заман ақыр.

Сұлатқан соң фашисті баудай турап,

Өнегең отаншылдық сайрап жатыр!..-деп «Жан құрбы» өлеңін жазған.

М.Мәметова қабірінің басында:

 «Қымбатты достар! Даңқты Невель қаласының тұрғындары! Неміс фашистерінің тепкісінде азап шеккен азаматтар мен азаматшалар! Аға-іні, апа-қарындас, бауырларымыз біздің! 

Невель үшін ұрыста бригаданың көптеген жауынгерлері мен командирлері ерлікпен қаза тапты. Солардың екеуі орталарыңызда томпайып тұрған қос қабірдің ішінде жатыр. Бұлардың есімдері – пулеметші Мәншүк Мәметова, мерген Ыбырайым Сүлейменов. Екеуі де Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.

Біз, осы сапта тұрғандардың барлығы да Кеңес Армиясының жауынгерлеріміз, қазақпыз. Біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан.

Қазақ халқының атадан балаға, ұрпақтан үрім-бұтаққа мирас болып келе жатқан мызғымас төрт дәстүрі бар. Олар: Отанды қорғау, әйелді ардақтау, қарттарды қадірлеу және достарды сыйлау. Осы төрт заңды орындамаған қазақ ежелден қазақ деп есептелмеген. Өзінің көшпелі мемлекетінің ұшы-қиыры жоқ кең байтақ жерін сыртқы жаулардан сақтау үшін қазақтың ұлдары мен қыздары кішкентайынан ат құлағында ойнап, садақ атып, найза сілтеп, қылыш сермеп өскен.

Ал, Мәншүк пен Ыбырайым қазақ халқының жаңағы айтылған ежелгі төрт заңын көкірегіне түйіп өскен ұрпағының бүгінгі өкілдері еді. Әрқашанда Мәншүк пен Ыбырайым сияқты ер болыңдар!» [1, 455-б.] – деген  подполковник Сақтаған Бәйішевтің сөйлеген сөзінен, қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің жауынгерлік рухпен сабақтастығын әсерлі сипаттаған сөзін уақыты өтпеген, өзектілігін жоймаған үндеу ретінде кез келген ортада қабылдауға әбден болады.

Өз шығармаларындағы ойын жазушының өз өмірімен тығыз ұштасп жатыр. Ол шығармашылығын өз халқының ұрпағын тәрбиелеуге ғана емес, туған балаларын тәрбиелеу мақсатында қолданғанына шүбә жоқ. Себебі, оның Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ұлы Арнұрға арнаған «Ұлыма хатын» оқи отырып, көз жеткіземіз. Институт бітіріп болып, әскерге аттанған есейген ұлының жауапкершілігін әке ретінде ескерте отырады. Отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін әке педагогикасын меңгерген әлеуметтік институт мүшесі ретінде кеңес береді:

  • «... солдаттарыңды сыйла: оларға тек біліміңмен ғана емес, қара жұмыспен де көмектес. Бұдан сен үш түрлі пайда табасың: 1) өзің де еңбекшіл бола түсесің; 2)  өз солдаттарыңды да еңбекшіл етіп тәрбиелейсің; 3) еңбекшіл, қара жұмыстан қорықпайтын командирді солдаттар да жақсы көреді. Солдаттар командирін сыйлауға міндетті. Бірақ, олардың сүйіспеншілігіне бөлену – оңай іс емес».
  • «Менің қазақ батыры полковник Бауыржан Момышұлымен көп әңгімелескенімді өзің білесің. Бір жолы мен Баукеңе «Отан қорғау қызметінде жастарға қандай кеңес айтар едіңіз? » – дедім. Сонда ол кісі былай деп жауап берген еді: «Жастардың Отан қорғау қызметін атқарып қайтуы – адамгершіліктің ең асыл парызы. Ал еңбекшілдік, білімділік, тәртіптілік, тәлімділік – армия үшін ең қажетті қасиет. Әскерде бас бұзарлаққа орын жоқ. Өйткені оның қолында елдің тағдыры – қуатты техника бар. Ал жауынгерлердің ол техниканы тастап қыдырып, қыз қуалап, арақ аңдып, қаңғып кетуіне болмайды...» Баукең осылай деген...». (Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының он томдығы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, – 2005. Т.5. – 552 б. (498-548 бб.))

Шығыс этнопедагогикасы тарихында атақты патша Кайқаус өз ұлы Гиланшахқа арнап «Қабуснама» атты еңбек қалдырса, қазақ этнопедагогикасы бойынша Балғожа бидің немересі Ыбырайға, Абайдың баласы Әбдрахманға, Жамбылдың баласы Алғадайға хат жазып әкелік махаббатын, ақыл-кеңесін қағазға түсіргенін білеміз. Орыс ғалымы Сухомлинскийдің де «Балама хат» («Письмо к сыну») атты шығармасы педагогикада лайықты бағасын алған. Қазақ зиялылары саналатын ғалым, педагог Н. Келімбетовтің «Ұлыма хаты» мен М. Кемелдің ұлына арнаған «Абзалдық әліппесі» атты еңбегі де қазақ педагогикасындағы ер бала тәрбиесіне қатысты зерттелуді күтіп жатқан тың дүниелер дегіміз келеді.

Жазушы баласымен хат арқылы сырласа отырып, отбасы тәрбиесінен шынайы өмірмен байланыстыра әкелік дәрісін ұсынады: «...Тәрбиедегі терістікті адам есейіп, егде тартқанда ғана аңғарады. Өзінің алған тәрбиесін де, берген тәрбиесін де сол кезде шамалайды. Менде де, шешелеріңде де үй тәрбиесі болған жоқ. ...Ал сендер негізгі тәрбие – үй тәрбиесін көріп өстіңдер. Біздің берген тәрбиеміздің кемшілігін кезінде өздерің сарапқа сала жатарсыңдар. Біздің өз байқауымызша, сендерге берген тәрбиеміздің бір кемшілігі – өздеріңді өжет емес, ұяңдау етіп өсіргеніміз сияқты. Ата-әжесі бар балалар, солардың бауырында өскен немерелер еркіндеу, еркелеу келеді. Өжет те сондайлардан шығады. Бірақ, бізде ондай мүмкіншілік болмады» - дей отырып, баласының жазған хатынан да үзінді келтіреді: «Қасымды Ленинградтан, Мәскеуден институт бітіріп келген блалар бар. Бәрі де жақсы жігіттер, осы жақтікі. Олармен бірден достасып кеттім. Бізді көпшіл, қоғамшыл, бауырмал етіп тәрбиелеген ата-анама разымын. Мұндағылар да мені жақсы көреді. Біздің отбасы жаман отбасы болмағанына осында келгенде тағы да көзім жетті. Біздің үйдің балалары да жаман балалар емес екен, - депсің.

Ата-анаңа разылық білдіргеніңе рақмет. Бірақ, біздің отбасы Сухомлинский сияқты атақты педагогтердің отбасы емес. Орташа интеллигенттің ғана отбасы.  ...Сендерді біз өз философиямыздың өресі мөлшерінде ғана тәрбиеледік. Кеңес педагогикасының барлық заңдарына сәйкес тәрбиелеп жаткіздік деп те айта алмаймыз». Осылайша, жазушы ұлы Арнұрмен хат жазысады. Хаттың мәні мен мазмұны тәлім-тәрбиеге құрылған. Қазір педагогикадағы жаңа идеялардың бірі болып еніп кеткен «Сын тұрғысынан ойлау» технологиядағы «хат жазу» мен «эссе жазу» әдісі идеяны қағазға түсіру арқылы тұжырымдаудың бір түрі. Ә. Нұршайықов педагогикадағы бұл технологияны оқып-білмесе де шығармашылықтағы жоғары сезімталдықпен түйсіне отырып, хатпен тәрбие беру педагогикасындағы Абай, Жамбыл, Балғожа билердің дәстүрін жалғады.

  • Ер адам үшін – ел қорғау, Отан үшін аянбау парыз. Өз баласына ақыл айта білген жазушы, халықтың ертеңін ойлар азаматтарға, ер қорғар болашақ жауынгерлерге арнап ерлік пен батырлық, отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін төмендегіше әскери заңдылықтар мен қағидаларды, ұстанымдарды ұсынды:
  • Ерлік өлім мезгілсіз қаза қатарына жатпайды, сондықтан да адам оған өз еркімен барады.
  • Жауға деген өшпенділік пен Отанға деген махаббат – кеңес жауынгерінің қос қанаты.
  • Ерлік те – қаталдық, ол адамның өзін-өзі аямауы.
  • Ер өледі, ел қалады, есімі ел жүрегінде қалған батыр ғана бақытты.
  • Жорықты батырлар бастайды, жеңісті жауынгер бастайды.
  • Ер адам ерке болады.
  • Ер еліне еркелейді.
  • Ез ерке де болмайды, ер де бола алмайды.
  • Бауыржанның бойында Исатайдың айлакерлігі, Махамбеттің ақындығы, Аманкелдінің өрлігі, Чапаевтың ерлігі, Қажымұқанның қайраты бар. Баукең – осы бес батырдың тоғысқан нүктесі. Әскери, әдеби, саяси даналық бір басынан түйіскен бірегей тұлға.
  • Бауыржан – ұстазын ұмытпайтын адал шәкірт. Ол Панфиловты ешқашан аузынан тастаған емес. Ол туралы кітап та жазды. Соғыс туралы сөйлесе, ұстазын атамай кетпейді. Ұстазын ұмытқан оңбайды дегенді ол осылай ұқтырып келеді.
  • Батыр да әр түрлі болады. Олардың көпшілігі дарақы, даңғой, даңғаза келеді. Бауыржан – қазақтың бұрынғы батырларынан өзгеше боп туған дана батыры, дара батыры.
  • Ақындық сияқты батырлық та шамырқанған шабыттан туады. Тегі бұл екі шабыттың түбі бір болуы да ықтимал. Өйткені оның екеуі де бір жүректің қазынасы, бірақ екі түрлі жолмен шығып, жария болады. Бірі қарумен өрнектеліп, екіншісі қаламмен жазылады. Бауыржан – батырлық пен ақындық деген қос таланттың қожасы, маузер мен қалам деген қос қарудың иесі.
  • Өткен замандарда халық жыры ханға емес, қаһарман батырларға арналған. Сондықтан да ауыз әдебиетінде ханның аты көп кездеспейді, батырдың аты жиі аталады. Қазіргі жазба әдебиеті заманында да фольклор пайда болып, оның бас кейіпкері Бауыржан болып жүр. Бұл тегін емес.

Жазушының соғыс жағдайындағы әскери адамның жағдайын бастан кешіргендігі, жауынгерлік психология, соғыс жағдайындағы ахуал, мүмкіндік пен қажеттілік, т.б. талаптарын тұжырымды ойларға сыйғыза білген. Мұның өз кезегінде атқарар тәрбиелік, тәртіптілік қызметін ақтайтыны анық:

Елін сүйген ер ескерусіз қалмайды.

Отаншыл ұл ұмытылмайды.

Опасызды Отан ұлым демейді.

Опасыз ұл болғаннан оққа ұшып өлген артық.

Солдат судан қорықпайды, оттан үрікпейді.

Солдат жанап өткен оқты, жарылған снарядті санамайды.

Құр жылағанға кек қайтпайды.

Жауға жолбарыстай атыл.

Соғыс заңы: жеңу – Жеңіспен елге келу.

Адал адам пәледен құтылады, әділ іс әрқашан жеңеді.

Жеңіс – солдаттың жүрегінде, халықтың білегінде.

«Аттан!» деген ащы сөз әзірейілдей тиеді,

«Жеңіс» деген жылы сөз жүректі елжіретеді.

Жеңіс жетекке жүрмейді, шақырғанға келмейді. Тек сағаты соққанда ғана сарайының есігін ашып, салтанатпен қарсы алады.

Ер жігітке тұлпар дақымбат, сұңқар да қымбат.

Ант – абыройың; антты бұзған – абыройдан айрылады.

Ант бұзған солдат – анасын өлтірген жауызбен тең.

Ант атқанда абырой қалмайды.

Батыр болу – бақтың ісі емес, әскери антқа адалдықтың арқасы.

Антқа адал – ер болар,

Антын бұзған – жер болар.

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов – өз ұлтының әдебиеті мен мәдениетіне, баспасөзіне еңбегі сіңген тұлға ғана емес, өмірімен де үлгі боларлық тұлға. Ол бойындағы барлық күш-жігерін өз шығармашылығына арнап, шығармалары арқылы адам тәрбиесіне қомақты үлес қосқан, тәлім-тәрбиелік идеялары мол ұлт тәрбиешісі де.

Егемен ел болған қазіргі Қазақстан мемлекетінің көп ұлтты, көп мәдениетті, көп конфессиялы жағдайында қазақстандық елжандылық деген ұғымның тәрбие үдерісіне енуі, жоғарыдағы Бауыржан сынды болашақты ойлар көрегендердің пікірлерімен үйлесетіндігі даусыз. Бүгінгі тәуелсіз қазақ халқының жас ұрпағы үшін де, Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлттың өкілдері үшін де қазақстандық патриотизм ұғымы білім беру жүйесінде қолданысқа еніп, оның педагогикалық мағынасы түрлі өлшемдермен ашылуда. Бүгінгі қазақстандық патриотизмге тәрбиеленген ұрпақтың тұлғалық сипаты:

  • қазақ ұлтын, ана тілін, мұсылман дінін, туған жерін жанындай сүйетін, қорғай білетін;
  • қазақ ұлтын әлемге танытатын;
  • қазақ халқына деген отансүйгіштігі, бауырмалдығы жоғары;
  • қазақтың ырым мен тыйымдарын берік ұстанатын;
  • қазақтың салт-дәстүрлерін қастерлейтін және үнемі насихаттайтын;
  • мемлекеттік рәміздерді қасиет тұтатын және қорғай білетін;
  • отансүйгіштік ой-санасы жетілген, ары – таза;
  • бірге өмір сүрген басқа ұлттарға және олардың мәдениетіне құрметі жоғары;
  • қазақ батырларының ерлігін, үлгі-өсиетін өнеге тұтатын тұлға болып ашыла түседі. Осындай қазақстандық патриотизм ұстанымына сай тәрбиеленіп, отаншылдық пен ұлтжандылық сапалары қалыптасқан тұлғалар даярлау арқылы еліміздің ертеңін сеніп тапсырар ұрпақ қалдыруға мүмкіндік табамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезініп, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» делінген. Олай болса, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы сынды батырларының ерлік салты мен батырлық даңқын ұрпағымызға үлгі етіп, оның істері мен аталық ұлағат сөздерін тәрбие құралына айналдыруымыз шарт.

2. 2 Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы

Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы махаббат тақырыбының алар орны ерекше. Оның ең алғашқы романы достық пен махаббатқа, жастық пен жалынға, адалдық пен тазалыққа негізделген бұл шығарма шыққан уақытта бірден көпшілік тарапынан аса қызығушылықпен қабылданды. Қалың оқырманның көзайымына айналған бұл шығарма үшін жазушы халықтан, оның ішінде әсіресе, жастардан мыңдаған хат келген. Қолдан қолға тимей оқылып, жазушымен осы роман төңірегінде ой бөліскен жастар оның өз өмірлеріне ықпалы бар шығарма екендігін бірінен соң бірі қайталап айтады. Оқу орындарында  кітап оқушылар конференциялары ұйымдастырылып, жастардың сан пікірлері ортаға салынды. Мұның өзі қазақ оқырмандарына серпіліс әкелген шығарма болғандығының айғағы.

Жазушының замандасы, әріптес досы, тағылымдық ойларымен педагогика ғылымына үлес қосып жүрген ақын М. Әлімбаев туынды жарыққа шықпай тұрып оқып пікір айтқан: «Әзілхан! «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романыңды мен бүгін, 1970 жылы 6 февраль күні, түнгі 2.35-те оқып бітірдім.

Суынбай тұрып, ыстық күйімде айтсам: шарап бермей масайттың, жиырма бес жасқа жасарттың...». Сондай-ақ, «Романның ішіндегі ғибраттық, адамгершілік, биік парасат мәселелерін былай қойғанда ауыз тұшырлық әдемі афоризмдер қаншама десеңізші?!» - деп, романдағы тағылымдық ойлармен қатар, тұжырымдамалы идеялардың ұтымды берілуін баса айтады.

Осылайша, алғаш баға берілгенімен замандас әріптестерінің тарапынан түрлі пікірлердің талқысына түсті.

Роман көпшіліктің назарына ұсынылғаннан соң, алғаш боп пікір айтып, сынға алғандардың бірі Әуелбек Қоңыратбаев романның кемшін тұстарын айта келе: «Әдебиетімізге Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» (1970) деген романы тау желіндей тәп-тәуір леп әкелді. Оқырлығы бар, желілігі татитын туынды ма деп қалдық. Өйткені, шырланған мүсіндері де айтары бар екен. Жақсы оқылатын нәрсенің өзі қаншама табыс.

... Бұл роман жастар, әсіресе қыздар мәселесін өмір қазанына салып, біраз қайнатқан» - деп, бұл шығарманың жастар тәрбиесінде маңызы бар екендігін мойындайды. («Лениншіл жас» 9 июнь, 1971 жыл, № 110) (2209-қор, 1-тізімдеме, 230-іс)

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар