Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Осыған байланысты қазақ халқы махаббатқа онтологиялық-космологиялық және экзистенциалдық мәндердің параллелизмін берген.

«Махаббат қызық мол жылдар» романындағы махаббат, ғашықтық сезім мәселесі туралы Т. Кәкішев: «Бұл романда бар адамзатқа тән махаббат сезімі бүгінгідей анайыланбай, «жалаңаштанбай, қазақы мінезімен, қазақы қылық сипатымен суреттелген» (Шынайы өмір жаршысы.- «Қазақ әдебиеті», 1992, 4 желтоқсан).

Жүрекке қатысты сезімдерді ілім ретінде қарастырған, ғылыми бастауымыз саналатын әл Фараби адам тәрбиесіне қатысты үш түрлі ғылым анықтап: біріншісі, түйсік пен сыртқы және ішкі бес сезімді – Хауас ілімі,  екіншісі, үш сүюді басшылыққа алатын – Имани гүл, үшіншісін – Жауанмәртлік деп: ақыл, әділет, рахымды қарастырып, жүйе ретінде ұсынды. Әл-Фарабидің ілімі бойынша адам баласы ішкі бес сезім, сыртқы бес сезім – он сезімнің құдіретімен ерекшеленеді (Аль-Фараби. Естественно-научные трактаты. Существо вопросов. А. 1987. 230-250 с.). Ғылымның бастауында тұрған бабамыздан қалған осы ілім Ж. Баласағұнида жалғасын тапты. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» еңбегінде дамытып, жаратушыны сүйіп оның заңына бағыну және адамға тән асыл мінездерді қалыптастыруды жүрек тәрбиесіне әкеп тірейді. Бұл жөнінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Көшербаеваның ғылыми диссертациясында жан-жақты зерделенген.

Әл-Фараби мен Баласағұниде негізі қаланған идея Абайдың шығармашылық мұрасында үлкен сабақтастық табады. Абай шығармаларының әлеуетін ғалымдар әр қырынан ашып көрсетіп, ғылыми жүйеленуіне әдебиетану ғылымында М. Әуезов, Қ. Мұхамедханов, Қ. Өмірәлиев, М. Мырзахметов, т.б., педагогика ғылымында И.Халитова, С. Қалиев, Б. Жарықбаев, т.б. және оның сезім тәрбиесі, жүрек тәрбиесі, адамгершілік туралы идеяларының әл-Фарабимен, Ж. Баласағұнимен сабақтастығын С. Ғаббасов, Ә. Сәдуақасов, т.б. еңбектерінде қарастырады.

Шынымен де Абай 27-38 қара сөздерінде хауас (һауас) жайлы өз пікірлерін тарата жазады. Әл-Фараби мен Абай шығармаларындағы үш ілімнің аясындағы ой-пікірлерге профессор С. Ғаббасовтың «Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері» атты еңбегінде терең талдау жасалған.

Жалпы, «махаббатпен жаратқан адамзатты» деген Абай сөзі адам баласының жаратылысына ғана тән махаббат сезімі – педагогикалық жағынан зерттеуді қажет ететін үлкен ілім. Махаббат мәселесін философия, филология ғылымдары зерттеу нысаны ретінде қарастырып жүр. Ал, педагогика ғылымында махаббаттың адамның ішкі «Менінен» сыртқы қоршаған ортаға, жаратушыға дейінгі сүйіспеншілік сезімінің күшін, адамды қалыптастырушылық әлеуетін теориялық тұрғыдан терең қарастыра алмай келеміз. Ал, жазушы Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» т.б. шығармаларын эмпирикалық тұрғыдан оқырмандарға осы бағытта арнады. Өмірдегі көптеген тәрбие арналарының махаббаттан бастау алатынын көрсетті. Оған нақты мысал келтірсек, сұхбатта «Роман неге тек қана махаббатқа құралған?» деген сұраққа берген жауабында:

« – Бұл романды жастар өмірінен алып, жастарға арнап жазған мақсатым, бұрынғы ата-бабаларымыздың мекеніне ұя салып, бүгінгі біздің орнымызды басатын, ісімізді жалғастырып алға апаратын болашақ ұрпаққа, солардың жүректерінде асыл адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына титтей де болса өзімнің себімді тигізуге ұмтылу еді. Біз ата-ана жан жүрегімізді жарып шыққан, жас қауымның жақсы болуын тілейміз. Солар әділ, адал болып өссе екен дейміз. Баяғы Төлеген ағаларындай уәдеге берік, Жібек апаларындай ақылды, жаугершілік жағдайға душар болса – сонау Қара Қыпшақ Қобыландыдай қаһарман батыр, кешегі Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлов, Мәншүк Мәметова сияқты отаншыл, ержүрек болса екен деп, арман етеміз. Өз жүрегіндегі сол арманды мен жастарға қалай жеткізсем деп толғандым. Сонда осы ойдың бәрін оларға бір ғана махаббат деген асыл жібекке түйіп беруді мақұл көрдім. Өйткені, саналы өмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. Махаббатқа соқпай кететін сезім аз. Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл сезімдердің бірі адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас. Өйткені, махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды. Ал, адамгершілігі жоқ кісінің жүрегіне асыл махаббат ешқашан да ұя салмайды. Мінекей, осы себептен де мен жастардың жүрегіне махаббат арқылы жақындауды мақсат еттім. Кітабымның негізгі арқауын махаббат ете отырып, жастарымыздың жанына, жүрегіне, ойына қарапайым халқымыздың, кейбір асыл қасиеттерін: ананы ардақтаушылық, қызды қадірлеушілік, алған жарын жанындай сүюшілік, ағаны құрметтеушілік, сертке беріктік, ұйымшылдық, бірлік – бір ауыздылық, бауырмалдық сияқты советтік моралімізге сай келетін дәстүрлерін сіңіргім келеді. (Автопортрет, 80 -б).

Жазушымен бірнеше рет осы тақырып бойынша сұхбаттастық. Жазушы біздің махаббатқа тәрбиелеуге бола ма деген сұрағымызға: «Біз, жазушылар көркем шығармаларымыз арқылы тәрбиеге қызмет етеміз. Махаббат тақырыбына қалам тартуымның өзі жастарға шынайы махаббатты үлгі ету мақсатынан туындаған болатын. Адалдықтың, достықтың, тазалықтың, әділдіктің, адамгершіліктің, барлық адами асыл қасиеттердің жиынтығы – махаббат. Мен осындай таза махаббаттың иесі болдым деп айта аламын. Ғашығымыз екеуміз бір-бірімізге адалдығымызды сақтаймыз, пәк күйімізде қосыламыз деп серттескен едік. 9 жыл жүріп қосылдық та 54 жыл бірге өмір сүрдік. Біздің махаббатымыз 63 жыл сыналды. Сол сынақтан сүрінбей өттік. Мен қайтыс болған әйеліме әлі ғашықпын деп айта аламын» - деді.

Тарихта Айша бибі мен Қараханның ғашықтығы туралы аңыз және олардың махаббатына куә кесене бар. Сүйгеніне қосыла алмаған Қарахан елге адал қызмет ету арқылы махаббатын дәлелдемек болады. Оның адалдығы аңызға айналып, ол «Әулиеата» аталады.

Жазушы Ә. Нұршайықов та сүйген жары Халиманың қабіріне мәңгілік махаббат символындай архитектуралық ескерткіш қалдырды. Мұндағы жазушының идеясы келешек жастар махаббаттарына біздің махаббатымызды үлгі етсе екен, бізше бақытты өмір сүрсе екен деген игі ниеттен туған. Бұл қоғамдық тәрбиеде басшылыққа алар – құптарлық идея.

Осыған орай, біз жоғарыда махаббатқа тәрбиелеу, махаббат тәрбиесінің қажеттілігі туралы оның көкейкестілі айқын мәселе екендігін айта келіп, тәрбие бағыттарына «махаббат мәдениетіне қалыптастыру» бағытын қосуды ұсынамыз.

Тәрбиенің бұл бағыты Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Тұлғаны әлеуметтендіру орталығыный ұйымдастыруымен жасалған «Қазақстан Республикасы Жалпы білім беретін мектептердің І-ХІ сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасына» сүйене отырып ұсынылды.

Махаббат мәдениетін қалыптастыру

Мақсаты: адамдардың махаббатқа деген дұрыс көзқарасын тәрбиелеуге, адамды сүю сезімдерін жетілдіруге қалыптастыру,

Тәрбиелік міндеттері:

  • отбасындағы бірге туғандарды жақсы көру сезімін дамыту;
  • ағайын-туыс, көрші-көлемді сыйлау, құрметтеу, жақсы көруге тәрбиелеу;
  • адамның өз тағдырына қатысты адамдардың адами қасиеттерін бағалап жақсы көру сезіміне басшылық жасау, бағыт-бағдар беру;
  • сезімін білдіру, сезім тазалығына мән беру, оны сыйластыққа, құрметке ұластыра білу;
  • кемшіліктеріне қарамастан, адам ретінде қабылдау және жақсы қасиеттерін көруге ықылас танытуға қалыптастыру;
  • адамды сүю қағидасын басшылыққа ала отырып, достық пен махаббат сезіміне шынайы қарау, сезімдерге тұрақты және адал болуға үйрету;
  • жақсы көру сезімдеріне және жеке басына құрмет білдіріп, оны өзара сыр сақтауға тәрбиелеу;
  • жақсы көру сезімінің барлық уақытта сақталуына ұстаным қалыптастыру;
  • махаббатты шынайы өмірдегі қарым-қатынас мәдениетінде жалғасу жауапкершілігін ұғындыру.

Жұмыстың түрлері мен мазмұны:

«Отбасым және мен» сынып сағаты. Оқушыларды өзінің жақындарына: ата-анасына, бір туған бауырларына, туған-туыстарына деген сезімін дамыту.

«Мен кім(дер)ді не үшін жақсы көремін?» пікірталас сабағы. Адамдардың бойындағы жақсы қасиеттерді көре білу, сол үшін құрмет жасауға үйрету. Соның нәтижесінде, жақсы көру сезімдерін дамытуға мүмкіндіктер табылады.

«Маған қымбат жандар» ойын сабақ. Бірі-біріне сұрақ қойып, оның жауабын табу арқылы өзіне қымбат жандарға ұпай жинайды.

«Сүю – иманнан» сынып сағаты. Индукция немесе дедукция заңы бойынша сүю сезімі. Оқушыларға жүрегі жұмсақ, жаны таза адамдардың жақсы көру, мейірбандық сезімінің көбірек болатындығы жайлы түсіндіріліп, өзінің тағдырына қатыстыларды сүю сезімін жетілдіру.

«Махаббат туралы әндер» байқауы. Сыныптар арасындағы өнерпаздардың махаббат туралы әндерді орындаудағы шеберлігі, ерекшелігі ескерілу керек.

«Түсін мені» брейн-ринг. Сезімге қатысты ым-ишара арқылы сезімді қимылмен  білдіру арқылы ойын бастаушының не айтпақ болғанын және кімге арналғанын аңғаруға болады. «Оның бойында осындай қасиеттер бар», «Оның күлкісі мынадай», «бойы мен шашы осындай», т.б. ыммен көрсетуге тырысады.

«Сүйіктіме хат» ойыны. Оқушылар жақсы көретін сүйіктісінің есімі қанша әріптен келсе, сонша нүкте қою отырып, оған арнап сезімін білдіреді.

«Ата-ана – махаббаттың қос шынары» тәрбие сағаты.

«Махаббат және тұрмыс» пікірталас-сабақ. Адамды жақсы көруге арналған асыл сезімді тұрмыс тауқыметтері жоқ етеді. Сондықтан да ерлі-зайыптылар ажырасып кетуіне тұрмыс тапшылығы себеп болады деген дәйекті алдыға тарта отырып, махаббат сезімін өрістетуге қиындық келтірмеуі керек. Керісінше, махаббат қиындықтарда сыналады, шыңдалады деген ұғымға оралған дұрыс.

«Махаббат күні» немесе «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні. Мектепте жақсы көру сезіміне құрмет көрсету күні. Жақындарына, жақсы көретін жаңдарға сезімді білдіруге, сый жасауға, хат жазуға, өнер көрсетуге арналған күн. Осыған сәйкес махаббат тақырыбына арналған сырласу сағатын өткізуге болады.

Сонымен қатар, мектептің жоғары сынып оқушыларына өткізілген сабақтың үлгілік жоспар-сценарийін қосымша қарастырамыз.

МАХАББАТ – МӘҢГІ ЕРТЕГІ

Бозбала мен бойжеткен сайысы

Мақсаты: оқушыларды адамға тән ең шынайы сезімдерді бойына сіңіріп, өз сезімдеріне дұрыс басшылық жасай білуге, Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, ана мен бала арасындағы перзенттік махаббат, ата-анаға деген құрмет, досқа адалдық, ұстазға шәкіртінің шексіз ықыласты сезімдерін бағалай білуге және қастерлеп сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, жүрекшелер, музыкалық аспап, үлестірме.

1. Ұйымдастыру жұмысы.

Әр сыныптан бір ұл, бір қыз қатыса алады. Ол сайыста бір жұп болады. Сайысқа қатысатын оқушы төмендегі байқау түрлері бойынша алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізеді.

2. Сайысты бағалайтын қазылар алқасы тағайындалады. Олар әрбір жұпты берілген тапсырмалар бойынша 1-3 балл жүйесі бойынша бағалап, әрбір турдан кейін хабарлап отырады.

«Бозбала мен бойжеткен» сайысының жоспары.

  1. Жұп таңдау.
  2. Жұптарды таныстыру. «Кел, танысайық!»
  3. Білім – білік. «Махаббат – мәңгі ертегі» (махаббат кестесін құру)
  4. Өнер сайысы.
  5. Сенің таңдауың?
  6. Тіл – өнер (махаббат, ғашық сөздерін талдау.)
  7. Сый – думан.

Жүру барысы:

1-жүргізуші:

Армысыңдар, ардақты көрерменім,

Көрсетеді өнерін өрендерім.

Біз сайысқа кетеміз қадам басып,

Алдыменен алайық амандасып.

Жұлдыз болып жарқыраймыз,

Шырақ болып маздаймыз.

Шалқытамыз достарды, балқытамыз тастарды,

Біз жүрегін тоқтатпаймыз өмірдің...

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мерекелік кешке, қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған «Махаббат мәңгі ертегі» атты бозбала мен бойжеткен сайысына қатысушы «Жас ұрпақ» бірлестігінің жастарын ортаға шақырамыз. (Музыка ойналады. Ортаға екі жақтан бозбалалар мен бойжеткендер келіп тұрады)

1-жүргізуші:

Махаббат – мәңгі ертегі,

Сезімнің күйін шертеді.

Ертіп бір жүрсең шіркін-ай,

Еліктей сұлу еркені.

2-жүргізуші:

Армысыңдар, ақ жүректі ұстаздар,

Шәкіртіне білім нұрын шашқандар.

Армысыңдар, бозбала мен бойжеткен,

Жастықтың от-жігерімен ер жеткен.

Армысың, ақ арманы үміттері

Қашан көрсең жүретін күліп тегі,

Армысың, мереке күн кешіндегі

Ауылымыздың мақтанар түлектері!

1-жүргізуші:

Құрметті көрермендер!

Сіздердің   алдарыңызда   бүгінгі   сайысқа   қатысушы   бозбалалар   мен бойжеткендер!

Сайыстың жастарына көз тимесін. Бұл қыздарға ешқашан сөз тимесін.

________мен___________ән шырқаса,

________ымыз дөңгелеп би  билесін.

Бозбалалар сіздерден қалыспайды.

_________пен__________ән шырқайды.

Білімімен таңқалтып_____________міз,

Өнерін көрсетуден жалықпайды.

2-жүргізуші:

Құрметті сайысқа қатысушылар, сіздерді сайысты басталмас бұрын сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Сіздер бүгінгі сайыста жоспарлы кезеңдер бойынша өнер көрсете аласыздар.

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар