Құқық қорғау қызметкерлерінің өзіндік бағалауларының кәсіби іс-әрекетіне әсерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 01:37, дипломная работа

Описание работы

Қазір біз құқықтық мемлекет құру үстіндеміз. Бұл жұмыс бүкіл әділет жүйесін, оның ішінде сол салада қызмет ететін жеке тұлғаларды: соттарды, барлық құқық қорғау органдарының кәсіби іс-әрекеті ғана емес, олардың қазіргі заман талабына сай білімі мен біліктілігі, психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынас мәдениеті, кәсіби этикасы т.с.с. реформалауды қажет ететіні сөзсіз. Ал, қазіргі кездегі психологиялық тәжірибеде тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктер мәселесіне ерекше көңіл бөлуінде. Психологияның қай саласын алсақта тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне ерекше мән береді.

Файлы: 1 файл

мазмұны.docx

— 154.96 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

      Қазір біз құқықтық мемлекет құру үстіндеміз. Бұл жұмыс бүкіл әділет жүйесін, оның ішінде сол салада қызмет ететін жеке тұлғаларды: соттарды,  барлық құқық қорғау органдарының кәсіби іс-әрекеті ғана емес, олардың қазіргі заман талабына сай білімі мен біліктілігі, психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынас мәдениеті, кәсіби этикасы т.с.с.  реформалауды қажет ететіні сөзсіз.  Ал, қазіргі кездегі психологиялық тәжірибеде тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктер мәселесіне ерекше көңіл бөлуінде. Психологияның қай саласын алсақта тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне ерекше мән береді.

      Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ел басымыз Н.Назарбаев өз Жолдауында «Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» деп атап көрсетті. Демек, қазіргі қоғамымызда Қазақстанның даму қарқыны жыл санап екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де ашық айтылып отыр. Дей тұрғанымен, қазіргі кезде мемлекеттік басқару жүйесін, құқық қорғау органдарын психологизациялауға деген сұраныс күнен-күнге артып отыр. Сондықтан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық мәселелері, соның ішінде  құқық қорғау органы қызметкерлерінің өзін-өзі бағалау деңгейін ең алғаш эксперименталды түрде зерттеу жұмыстың  өзектілігін анықтайды.

         Өзіндік бағалауды субьектінің  белсенділігі мен  мінез –құлқын  реттейтін негізгі жеке бастық  конструкты  ретінде түсіну көзқарасы  психология ғылымындағы негізгі  сұрақтардың бірі. Өзіндік бағалауды  өзіндік сана сезім процестері  және  «Мен» концепсиясының дамуымен  іштей байланысқан негіз ретінде  түсінеміз. Өзіндік бағалау мәселесін  зерттеу өзектілігі мінез –құлық  пен өзіндік сана сезімді реттеу  мен өзін - өзі бағалаудың арасындағы  өзара байланысты зерттеу қажеттіліктерінен  туындайды. Бұл мәселелер белсенді  субьект ретінде шығармашылық  қабілеттері мен мүмкіндіктерін  тарататын  жеке бастық сапаларда  жоғары талапты қоятын, қазіргі  жаңа заман талаптарына сай  болуымен байланысты.

Өзін -өзі бағалау деңгейі тұлғаның қандай да бір деңгейінде әлеуметтік белсенділігін анықтайды. Өзін -өзі  бағалау мәселесінің пайда болуы  мен дамуы кәсіби тұлғаның қалыптасуының  негізгі мәселесінің бірі, өзіндік  сананың дамуының негізгі компоненті яғни маманның өз әрекетінің, оның нәтижелерін, өз қабілеттілігін, мінез- құлық мотивтерін, идеалдарын, сезімдерін, жалпы өзін бағалау мен өмірдегі өз орнын  бағалау мен түсіну. Ендеше өзіндік  сана мен өзін -өзі бағалау адамның  қоғамдық құндылықтарын саналы ұғынуға  байланысты тұлғаның білімі мен ой –пікірлерінің  бірлігі. Осыған орай, өзін -өзі бағалаудың қалыптасуы үнемі  тұлғаның процесімен  байланысты. Өзін -өзі бағалау тұлғаның өзінің сапалары мен мүмкіншіліктерінің қалыптасуына  орай адамзат әрекетін нәтижелері басқаруда үлкен рөль атқарады.

      Шет  елдік және кеңестік  психологияда тұлғаның өзін-өзі  бағалау мәселесіне ерекше орын  берілген.

      Кеңестік психологияда өзін-өзі  бағалау мәселесіне байланысты  бірқатар методологиялық және  теориялық зерттеулер бар. Атап  айтсақ, Б.Г.Ананьев [1], Л.И.Божович[2], А.Н.Леонтьев[3], С.Л.Рубинштейн[4], А.Г.Спиркин,  В.В.Столин, П.Р.Чамата, И.И Чеснокова  және басқалар19].

      Бұл саладағы көптеген зерттеулер  экспериментальдық зерттеуге арналған.Олар:Е.Н.Акиндинова,А.А.Бодалев,Н.Е.Ведерникова,Т.В.Драгунова

И.С.Кон, М.С.Неймарк және басқалар.    Шет ел психологиясында тұлғаның өзін-өзі бағалау мәселесі туралы З.Фрейд,Э.Формм,Э.Эриксон,А.Маслоу, К.Роджерс  және басқалардың еңбектерінде көрініс  береді[17].

        Қазақстанда осы мәселелерге  қатысты біршама жұмыстар зерттелінуде, атап айтқанда профессор С.М.  Жақыповтың жетекшілігімен А.Т.  Изақова «Өзін-өзі танытудың мағынақұрушы  факторларының кәсіби өзін-өзі  анықтауға әсерін», Г.М. Кәрібаева  «Кәсіби іс - әрекеттің мотивациялық  құрылымының ерекшеліктері» мәселесін  зерттеді.

       Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген  зерттеулердің ішінде профессор  Ж.Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен  Р.Ш. Сабырова, С.Ж. Өмірбекова  және Л.С. Пилипчуктың жұмыстарында  жасөспірімдер мен жеткіншектердің  өзіндік бағалау ерекшеліктері  мен жасөспірім шақтағы өзіндік  сана –сезімдер жайлы, олардың  тұлғаның даму сатыларындағы  әсері көрсетіліп, зерттелінді. 

          «Болашақ заңгерлердің кәсіби  мотивациясының ерекшеліктері»  деген тақырыпта Ә.М. Болтаева  өзінің ғылыми зерттеу жұмысы  қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі кәсіби даярлықтың көкейкесті мәселесін зерттеуге арналған. Кәсіби мотивациялық бағыттылық, студенттердің мамандықты таңдау мотиві, кәсіби мотивация типтерінің ерекшеліктері мен кәсіби іс-әрекетті меңгерудегі өзіндік реттеудің жүйелі зерттеулерінің болмауы, зерттеуде осы мәселенің жүзеге асу жағдайлары, яғни  болашақ мамандардың кәсіпті игерудің мотивациялық негіздері мен итермелеуші себептері сипатталынады[18].

        Ал тұлғаның өзіндік бағалуы  мен оның өмірлік мәнді жақтарын  Қазақстанда психология ғылымдарының  кандидаты Ж.Ж. Бейсенова өзінің  «Жоғарғы сынып оқушыларының  кәсіби өзіндік анықталуындағы  өзіндік бағалаудың рөлі» атты  кандидаттық диссертациясында жан-жақты  ғылыми тұрғыда талдаған[19].

     Зерттеу мәселесі: қоғамдағы экономикалық саяси және әлеуметтік саладағы жылдам болып жатқан өзгерістер мен даму жағдайлары да тұлғаға жоғары талаптар қояды.Сондықтан да кез-келген саладағы қызметкерлерге қойылатын кәсіби маңызды талаптар бар. Өзін -өзі бағалау деңгейі тұлғаның қандай да бір деңгейінде әлеуметтік белсенділігін анықтайды.

     Зерттеу нысаны ретінде: құқық қорғау органы қызметкерлерінің өзін-өзі бағалау процесі.

      Зерттеудің пәні: құқық қорғау органы қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетінде өзін-өзі бағалау деңгейлері.

     Зерттеу жұмысының мақсаты:Құқық қорғау органы қызметкерлерінің өзін-өзі бағалауының кәсіби іс-әрекетке әсерін зерттеу.  

   Зерттеудің жұмыс болжамы:

      Неғұрлым өзін-өзі бағалау деңгейі  жоғары болған сайын, соғұрлым  қобалжу деңгейі төмен болады.

      Неғұрлым өзін-өзі бағалау деңгейі  төмен болған сайын, соғұрлым  қобалжу деңгейі жоғары болады.   

  Зерттеудің негізгі болжамы:Құқық қорғау органы қызметкерлерінің өзін-өзі бағалау деңгейі тұлғалық қобалжу деңгейіне байланысты.

Жұмыстың  алдына қойған негізгі міндеттері:

     -құқық қорғау органы қызметкерлерінің  кәсіби іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық  негіздерін анықтау;

- құқық қорғау органы қызметкерлерінің  кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі  бағалау деңгейін анықтау;

     -еңбек ету процесі кезіндегі  құқық қорғау органы қызметкерлерінің  өзін-өзі бағалау деңгейін  зерттеу;     

    Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздерін А.Н.Леонтьевтің тұлғалық даму туралы көзқарастары, сонымен қатар тұтастық бағытын жүзеге асырған теориялық ұстанымдарды диплом жұмысының әдіснамалық негізі ретінде алдық (А.Қ.Абульханова,Б.Г.Ананьев,А.Г.Асмолов,Н.А.Логинова,В.С.Мухина,В.А.Петровский,С.Л.Рубинштейн,В.В.Столин,И.И.Чеснокова және тағы басқа).

    Зерттеу әдістері: Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау әдістемесі;                                 Дж. Тейлордың қобалжу деңгейін зерттеу әдістемесі;   Дембо-Рубинштейн әдістемесі;  Розенбаумның Q-критериі.

       Зерттеу базасы: Эмпирикалық зерттеуге Алатау аудандық Ішкі Істер бөліміндегі Құқық қорғау органының 24 қызметкерлері қатысты.   Зерттеушілердің еңбек өтілі әртүрлі болды. 

       Ғылыми жаңалығы: Қазақстанда қазіргі кезде жүйелі түрде дамып келе жатқан психология ғылымдарының саласы заң психологияның негізін салған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жасалынған теориялық талдауы осы саладағы білім деңгейін тереңдетуге өзіндік үлес болып табылады.

       Практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді заң қызметкерлері, психологтар іс -әрекеті барысында негізге алынуы және қолданылуы.

       Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымышалардан тұрады.

 

 

 

 

 

1.  ҚҰҚЫҚ  ҚОРҒАУ  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ  ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

1.1  Құқықтық  тәрбиенің педагогикалық-психологиялық  негіздері 

 

         Қазақ халқының ертеден қалыптасқан  өз заңдары болған. Бұлар әдет-ғұрыптардан,  бидің билігінен, ережеден бастау  алатын қазақтың әдеттік құқығына  негізделеді. 

        Қазақтың әдет заңдарының ішінде  ереже яғни билер мәслихатының  ережесі көшпенді қазақ ұлтының  әдет-ғұрпына, тұрмысына лайық  жасалып, қылмыс, дау, әділет істері  осы заң негізінде шешімін  тауып отырған.

        Қазақтың әдет құқығының ерекшелігі  – ол сөз өнерін, шешендік, тапқырлық  өнерді жоғары бағалап, соған  жүгінген. Соған сәйкес. Билердің  сөзін халық қадір тұтып, сыйлаған.

        Қазақ әдет-ғұрып заңдарының тарихында  қазақ халқының алғашқы ата-заңы  болып табылатын «Жарғы» деген  ат алған «Қасымханның қасқа  жолы» деп аталатын заң ережелерінің  орны бөлек. Оның негізін қалаушы  қазақтың әйгілі қайраткері, қолбасшысы  Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518) бұрыннан  қолданып келген әдет-ғұрып, салт-дәстүр  ережелерімен бірге, елді, мемлекетті  басқару жолын жасады.

        Бұл заң ережесі: Мүлік заңы, Қылмыс заңы. Әскери заң. Елшілік  жолдары, Жұртшылық заңы деген  5 тараудан тұрған. Осының ішінде  Қылмыс заңы деген тарауда  кісі өлімі, ұрлық-қарлық, талау,  қарақшылық, шабуыл мәселелері қамтылған.

Бұл заңдар әділдік пен тәртіптің  орнығуындағы ерекше маңыздылығымен «Қасымның  бес жарғысы» немесе «Қасымханның қасқа  жолы» деген атпен ел ішіне  кең тарады.

         Кейін ХVІІ ғасырда мұны Есім  хан (1598-1645 жылдары хандық құрған) түпкілікті қолданып, заң күшіне  толық енді. Мұны халық «Есімханның  ескі жолы» деп атап кетті.Осы  аталған екі заң ережелері  Әз Тәуке ханның тұсында (ХVІІ  ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың  басы) одан әрі жетілдіріліп, жаңа  құқық тараулары енгізілді. Бұрынғы  бес тараудан тұратын ережеге  Жесір дауы мен Құн дауы  қосылып, жеті тараудан тұратын  бұл заң ережесі бүкіл халық  арасында «Жеті жарғы» деген  атпен тарады.

        Осындай мемлекеттік, құқықтық, азаматтық  ережелер негізін жасауға Төле  би, Әйтеке би, Қазыбек би, Әнет  бабалар қатынасты. Әз Тәуке  хан кеңесі мен билер кеңесін  құрып, жыл сайын құрылтай өткізіп  отырды.

Жоғарыда  айтылған мәселелерге тоқталғанымыз  – қазақ халқының бұрыннан келе жатқан құқықтық санаға ие екендігі, адамдардың төрелік ету, билік айту тек әділетті тұрғысында жасалғандығын көруге болады [5].

        Құқықтық сана адамның бүкіл  өмір бойында әлеуметтену процесіне  қалыптасатындықтан, оның қоғамның  құқықтық даму бағыты ерекшеліктерінен  тыс зерттеп қарастыруға болмайды.

       Құқықтық сана қоғамның құқықтық  өмірін жанданддыруға және дамытуға  үлкен үлес қосады[5].

         Тұлғаның мектептегі өмірі азаматтық  көзқарасының қалыптасуының шешуші  кезеңі болып табылады. Осы жылдары  адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері,  ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне  жіне басқаларға талап қоюы, адалдығы  мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен  ұстамдылығы, жігерлілігі мен  батылдығы қалыптасады. 

Бұлардың  мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның бойында осындай сапалы қасиеттері, болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениеті болмай қоғам  алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.

          Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан  қаралады. Біріншісі, кең мағынада: бұл құқықтық межелер, құқықтық  қатынастар, құқықтық мекемелер  әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, психологиялық-педагогикалық  мәніне қарау. [6,29-31б].

          Құқықтық мәдениеттің тұлғалық  мәнінде – бұл тұлғаның күрделі,  кешенді қасиеттері қарастырылады.  Негізінен тұлғаның құқықтық  мазмұны бар әрекеттері мен  қылықтарының орынды бағытын  анықтайды.

          Тұлғаның құқықтық мәдениеті  – күрделі. Әңгіме адам, оның  санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы  туралы болғанда көптеген сұрақтар  туындайды. Шындығына келсек, бұл  сұрақтарға психология, педагогика, әлеуметтану, медицина, заң т.б.  ғылымдары әлі толық жауап  бере алмай отыр.

         Дегенмен, қоғам болашағын байланыстыра  қарап отырған жағдайда аға  ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы  тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі  мәселесін психологиялық тұрғыда  қарастырған жөн деп ойладық.

Информация о работе Құқық қорғау қызметкерлерінің өзіндік бағалауларының кәсіби іс-әрекетіне әсерін зерттеу