Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 12:14, дипломная работа

Описание работы

Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық қабаттарына (әрі қарай-ТСҚ) таралады.
Бір сатылы қабаттардан ұңғымаларды бір уақытта бұрғылауға және пайдалануға жол берілмейді.
2. Бұл Талапта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
қауіпсіз зона-кез келген су асты немесе су үсті конструкциясының ТСҚ шегінен шығарып тұратын жерінен 500 м қашықтықта салынатын зона;
блок-модуль-коммуникациялары немесе тұрғын, қоғамдық, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, тікұшақ алаңымен жабдықталған технологиялық және қосымша кешені бар көлемді транспортабельді металл конструкция;

Файлы: 1 файл

t2_86.doc

— 987.00 Кб (Скачать файл)

95. Тіреу блогының жүк асып қою арқаны жүйесі оны құрылыс орнына қайта жүк асып қою арқанының қажеттілігін болдырмайды.

96. Тасымалданатын жүзу құралдарында тіреу блогын түсіру кезінде адамдардың болуына жол берілмейді.

97. Жүзу кезіндегі көліктік көлбеу жағдайы тіреу блогы ТСҚ жобасында көрсетілген қызмет көрсететін кемелер қауіпсіз қашықтыққа алынғаннан кейін ауыстырылады.

Блок аяғының секциясындағы  балласты қабылдауды басқару дистанционды. Дистанциондық басқару КМК бортынан іске асырылады.

98. ТСҚ тіреу блоктарының жоғарғы бөліктері бір-біріне қатысты көлбеу кеңістікте орналастырылады.

99. Тіреу блогының тізбекшесі оны құрылыс орнына мықтылап орнатқаннан және оның жоғары бөлігінің көлбеулігін қамтамасыз еткеннен кейін жүргізіледі.

100. Көмекші понтондарды демонтаждау және су үсті бөлігінің конструкциясын блок панелінің жоғары элементтері бойына монтаждау үшін биіктігі 1,4 м сатылардың бір жақты қоршауымен кіруі көзделеді.

101. КМК тіреу блогын бекіту жабдықталған қада ұру қондырғысымен іске асырылады.

102. Нүктедегі тіреу блоктарын орнатқаннан кейін ғимараттарды металл конструкциялардың мүмкін деформациялануын су асты зерттеу іске асырылады.

103. ТСҚ орналасқан бұрғылау және технологиялық қондырғыларды монтаждау және сынаудан кейін қабылдауды қабылдау комиссиясы іске асырады.

 

 

3-бөлім. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

 

 

1-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау

 

 

1-параграф. Жалпы талаптар

 

104. ТСҚ ұңғымаларды бұрғылау техникалық жобаға сәйкес жүргізіледі. Жобаның бір данасы ТСҚ болады.

105. Барлау (іздестіру) ұңғымаларын бұрғылау кезінде қабат қысымын болжау жүргізіледі.

106. Еңіс-бағытталған ұңғымаларды бұрғылау жобасы барлық ұңғымалардың нөмірленуін, қабатта ұңғыма аузының орналасуын, олардың забойлардың жобалық жағдайына байланыстыру, бұрғылау кезектілігін қарастырады.

107. ТСҚ құрылысы аяқталған кезде маркшейдерлік қызметтің қабаттың орналасуы мен бағдарын нақтылағаннан кейін және қабаттың нақты орналасқан орны немесе бағдарының елеулі өзгерістері анықталған жағдайда еңіс ұңғымалардың жобалық параметрлеріне түзетулер енгізілгеннен кейін ұңғымаларды бұрғылауға жол беріледі.

108. Бұрын көзделмеген ТСҚ ұңғымаларды бұрғылау қажеттілігі кезінде оны жүргізу белгіленген тәртіппен қарастырылған және бекітілген жоба бойынша іске асырылады.

109. ТСҚ мұнараларды статикалық жүктемеге сынау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

110. Бұрғыланатын, пайдаланатын мұнай және газ ұңғымалары сағаларының үстінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ТСҚ өрт сөндіру кемесі кезекшілік жасайды.

 

 

2-параграф. Ұңғымалар бағандарының кездесулерінің алдын алу

 

111. Еңіс-бағытталған ұңғымаларды бұрғылау жобасында еңіс бағыттарының кескінінің миниамальдыдан максимальдыға дейінгі тереңдігімен анықталатын ұңғыманы бұрғылау кезектілігі көзделеді.

112. Қисаю учаскесінде 3,5 м және одан кем радиуста бағандардың қиылысу нүктесінен бағандар маңындағы зона неғұрлым қауіпті.

Қауіпті зонаға ену белгілері байқалған кезде бұрғылау тоқтатылады және қалған барлық жұмыстар әзірленген жоспар бойынша жауапты бақылау тұлғасының жетекшілігімен жүргізіледі.

113. Келесі әрбір ұңғыманы бұрғылауға рұқсатты бұрын бұрғыланған ұңғымалардың нақтыланған көлбеу және тіке кескінді орнатқаннан кейін бұрғылау жұмыстарын бақылауды іске асыратын бас геолог береді.

Жаңа ұңғыманы бұрғылау бұрын бұрғыланған ұңғымалардың аузында балға мен жағалата колонналы бұрғылау құралының контактілерін фиксациялауға арналған приборлар «шу өлшеуіштер» орнатылады.

 

 

3-параграф. Мұнай газ тастауларын және ашық фонтандаудың

алдын алу

 

114. Ұңғымалардың ауыздары ұңғыманың конструкциясы мен жүргізілетін жұмыс түріне сәйкес жобамен белгіленген ескерту құрылғымен жабдықталады.

115. ТСҚ орнатылатын тастауларға қарсы қондырғылардың (әрі қарай-ТҚҚ) паспорты, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ТҚҚ байлау типтік сызбасы болады.

116. Жағалай орналасқан трубаларды жағалай орналасқан колонналарға ұңғымаларға түсіргенгенге дейін ТҚҚ және оның манифольдымен опрессовкалау ұңғыманың ауыздарын жабу, ашық фонтандау кезіндегі күтілетін қысымға қатысты 1,1 коэффициентімен жүргізіледі.

Ұңғымалар құрылысы кезіндегі жағалай орналасқан колонналарды және цементті сақиналарды сынаудың басқа шарттары ұңғымаларды герметикалығына сынаудың технологиялық регламентіне сәйкес жүргізеді. Опрессовка нәтижесі актімен ресімделеді.

117. Пайдалану колоннасы перфорация алдында фонтанды арматураның айшықтарымен және қатты винттің оймасын шығаратын аспаптары бар ескерту құрылғымен жабдықталады.

Ұңғыма аузын жабдықтау кезінде  колонна бастарын және байлау элементтерін дәнекерлеуге пайдалануға жол берілмейді.

118. Аралық колонналар мен олардағы ескерту құрылғылардың мықтылығы ашық фонтандау кезінде ұңғыма аузының жабылуын қамтамасыз етеді.

119. ТСҚ тасталуға қарсы қондырғыларды, сақтау мен тексеруге, жүк көтеру құралымен жабдықталған тиекті арматура мен құрал-жабдықтарды сақтауға арналған алаңдар көзделеді.

120. Ұңғыма аузындағы тастауға қарсы қондырғыларды фиксациялау үшін алынбалы тартпа бұрандалары қолданылады.

Тастауға қарсы қондырғыларды  сағаларға сөгулер арқылы фиксациялауға және дәнекерлеуге жол берілмейді.

121. Тастауға қарсы қондырғының манифольда желісінің тіреулер мен бағандарға бекітулері болттардағы хомуттармен (дәнекерді қолданбай) жүргізіледі. Тіреулер арасындағы қашықтық 4 м артық емес.

122. Соңғы фланц бастарын колоннамен төселімнен 0,5 м биіктікте орналастыру шартынан анықталатын ТСҚ ескерту манифольдасы желісінің тұрақты биіктігі қамтамасыз етіледі.

123. ТҚҚ манифольды жоғарғы сатыда орналастырылады.

124. Тастауға қарсы қондырғылар манифольдасы желісіндегі ысырмалар тобы және манифольданың өзі оларға қызмет көрсетуге және ауыстыруға ыңғайлылықты қамтамасыз ететін оңай орналасқан жерде орналастырылады.

125. ТСҚ тастауға қарсы қондырғыны басқару коммуникациялары олардың зақымдануы мүмкіндігін болмайтын етіп орналастырылады.

126. Ескерту құраларын дистанционды басқару ұңғыма аузынан 20 м кем емес қашықтықта орналасқан бұрғылаушы мен пульт постынан және персоналдың құтқару құралдарына эвакуация жолындағы ыңғайлы орында орналасқан жерінен іске асырылады.

127. Ескерту құралдарын қолмен басқару штурвалдары мұнара порталы контурының сыртқы жағынан бір метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.

128. Құрал-жабдықтарды көтеру кезінде бұрғылау ерітіндісін ұңғымаға құю және бұрғылау ерітіндісінің деңгейін тұрақты ұстап тұру мақсатында ұңғыманың толуына сандық бақылау жасау қамтамасыз етіледі.

129. Бұрғылау кезінде мұнайгазбен қаныққан қабаттардың жетекші трубасының астынан шар краны орнатылады.

130. Газмұнай құбылыстары басталған, ұңғыманың ашық фонтандануы кезінде ескерту құралдарын жедел жабу, өрт және құтқару кемелерін ашық фонтандардың алдын алу және жою жөніндегі әскерилендірілген апатты құтқару қызметін (әрі қарай-ӘАҚҚ) шақыру, электр қондырғылары мен өрт әсер етуші аппараттарды газдалған зонада сөндірумен ұңғымалар мен лафетті бағандарды суғару жүйесін іске қосу жөніндегі шаралар қабылданады.

 

 

4-параграф. Екі бұрғылау құрылғысымен бұрғылау

 

131. ТСҚ екіден кем емес бұрғылау құрылғысын қоюға жол беріледі.

132. Ұңғыманы екінші бұрғылау құрылғысымен бұрғылау бұрғыланатын ұңғыма аузына кондукторды және ескерту құрылғысы бар қондырғыны түсіргеннен кейін жол беріледі.

133. Екі бұрғылау құрылғыларымен бұрғылау кезінде еңіс-бағытталған ұңғымалар екі топқа бөлінеді, олардың әрбіреуінде осы Талаптың                          114-тармағында баяндалған бұрғылау кезектілігі қамтамасыз етіледі.

134. Екі бұрғылау құрылғымен бұрғылау кезінде забойлардың ауытқулары тікесінен азимут бойынша 200 кем емес жағдайда болғанда параллель бұрғылауға жол берілмейді.

135. Екі бұрғылау құрылғысымен бұрғылау кезінде, әрбір циркуляциялық жүйенің пайдалы көлемі осы Талаптың 153-тармағының талаптарына сәйкес болған шарттарда олардың циркуляциялық жүйелерін қосуға жол беріледі.

136. Бір ұңғымада ілініп алған құрал-жабдықтар, тампонаж, перфорациялардың алыстауы, мұнаралық порталдарды игеру немесе орын ауыстыру кезінде басқа бұрғыланатын ұңғымада мүмкін болатын қиыншылардың алдын алу шараларын қабылдай отырып, ағымдағы және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар тоқтатылады.

137. Бұрғыланатын ұңғымалардың бірінде мұнай газ құбылыстарының жойылуы тастауға қарсы қондырғылар қолданыла отырып, жүргізілетін мұнай газ құбылыстары болған жағдайда басқа бұрғылау құрылғысындағы барлық жұмыстар мүмкін қиындықтардың алдын ала отырып, тоқтатылады.

 

 

 

2-тарау. Бұрғылау қондырғысы

 

 

1-параграф. Мұнара және мұнара астындағы портал (постамент)

 

138. Мұнара конструкциясы оның порталға (постаментке) мықты бекітілуін және оның тартусыз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

139. Мұнара ішінде бұрғылау насос манифольдасының екі бағаны орнатылады.

140. Бұрғылау құрылғысы ӘАҚҚ механизмдерінің кешенімен жарақтандырылады. Мұнара балконы жұмысшыны жедел шығаруға арналған құрылғымен және сөйлесу құралымен жабдықталады.

141. Мұнара астындағы портал (постамент) технологиялық регламентпен белгіленген оның жұмыс алаңы төселімі үстіндегі биіктін қамтамасыз ететін ротордың фиксацияланған орналасуын қамтамасыз етеді.

142. Мұнара үстіндегі портал биіктігі жобаға сәйкес белгіленген тастамаға қарсы қондырғыларға қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі жұмыстар қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

143. Қабат арқанның, машина кілттерінің қарсы жүктері жетекші трубалар мен АБТ арналған шурфтық бағыттары портал үстінде жұмыс жүргізуге кедергі жасамайтындай етіп орналастырылады. Қарсы салмақтар мен қарсы жүктердің қорғаныс қоршаулары болады.

144. Мұнара астындағы портал (постамент) циркуляциялық жүйе қондырғыларына, қабылдаушы көпірге және апаттық шығу жолдарына баратын алаңдармен және траптармен жабдықталады.

Портал астында тастауға қарсы қондырғыларды монтаждау  және қызмет көрсетуге арналған сүйеніші бар ауыспалы алаңдар көзделеді.

145. Мұнара астындағы портал ерітінді құбырларын монтаждау, демонтаждау және жөндеу үшін сүйеніші бар жолаушылар жолымен жабдықталады.

146. Мұнара астындағы портал тастауға қарсы қондырғыларды ауыстыру және монтаждауға арналған жүк көтеру құрылғысымен жабдықталады.

147. Ұңғымаларды көп қатарлы бұрғылау кезінде мұнара астындағы портал конструкциясында көлбеу және тіке бағытта қозғалуын қамтамасыз ететін құрылғылар көзделеді.

148. Мұнара астындағы порталдың бағыттаушысы шеттерінде таяныштар мен соңғы сөндіргіштермен жабдықталады.

149. Мұнара астындағы ауыстыруларды гидробасқару жүйелері көлбеу және тіке бағыттарда портал ауысуының екі бірдей бағытта бір мезетте қосылу мүмкіндігін болдырмайтын блокировкасы болады.

150. Мұнара астындағы порталдың ауысуын басқару пульті ауысу процессіне қызмет көрсету және тексеру ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

 

2 -параграф. Сөрелер мен қабылдау көпірі

 

151. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін трубаларды сөрелерде биіктігі 1,25 м артық штабельдермен жинау кезінде мыналар көзделеді:

1) трубаларды штабельдерге  көтеру үшін фиксацияланған сатылар;

2) трубалдарыдң дөңгелеуінен сақтайтын сөрелердің металл бағандары;

3) жұмыс істеушінің  труба штабеліне құлауының алдын  алатын труба ұзындығы бойынша  сөрелерді қоршау;

4) сөрелердің бүйір жағынан қабылдаушы көпірге екіден кем емес өтетін орын.

152. Трубалар сөрелерден қабылдау көпіріне қабатта орналасқан жебелі крандар арқылы беріледі. Қабылдау көпірлеріне сөрелерден трубалардың сырғануына жол берілмейді.

 

 

3-параграф. Циркуляциялық жүйе

 

153. ТСҚ бұрғылау құрылғысының циркуляциялық жүйесінің толық көлемі 1-кестеге сәйкес болады.

 

1-кесте

 

Бұрғылау тереңдігі,

м

Бұрғылау құрылғысының типі

Циркуляциялық жүйенің  пайдалы көлемі, м 3

2500

3000

4000

5000

6500

8000

БУ-2500

БУ-3000

БУ-4000

БУ-5000

БУ-6500

БУ-8000

90

120

150

180

240

300

Информация о работе Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары