Компьютерлік техниканы қолданылуы бар қазіргі кездегі банкілік технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Ақпараттық жабдықтаудың құрамы, оын ұйымдастыру есептерді құрастырумен анықталады. Кез келген банкпен шешілетін ең дәстүрлі тапсырмалар – операциялық (есепті – кассалық) қызмет. Бұндай жағдайда банкілік технология «Банкінің операциялық күні» (БОК) программалық өнімнің негізінде құрылады, ал енгізілетін есептер кешені кез келген уақыт мерзімінде банкілік қызметтің операциялық талдануын жүргізуге мүмкіндік береді. Банкілік қызметті кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін бір қатар программалық құралдар қажет және олардың барлығы интегрирленген болуы тиіс.

Файлы: 1 файл

Кiрiспе.doc

— 867.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Еліміздің банкілік жүйесін коммерциализациялау, қаржылық институттар арасындағы бәсекелестікті күшейту жаңа ақпараттық технологияларды қолданылуды талап етеді.

Қазіргі кезде банктерде негізінен автоматтандырылған банкілік жүйелер (АБЖ) қолданылады, олар басшылыққа, қызметкерлерге және аналитиктерге қолайлы болатын түрде нақты және толық ақпаратты қамтамасыз етеді.

XX ғасырдың 90-шы жылдардың басында, банктерді кешенді автоматтандыру өніміне сұраныстың артқан кезінде, қолданушылардың көпшілігі өздеріне болашақ банкілік жүйеніің қандай болатындығын әлсіз елестетті. Дәл сол кезде, қарапайым жүйелер пайда бола бастады, олардың құрылу концепциясы негізгі құрылымдық бірлікке сияқты қатаң түрде «проводкаға» бағытталды. Сервистік мүмкіндіктері бойынша жүйенің жұмысы жақсы болды, ал олардың дәйекілігі туралы айту мүмкін емес, өйткені олар   МББЖ FOXPRO, dBase, Paradox немесе Btrieve негізінде қолданылуымен қатар «тізе үстінде» дайындалған болатын. Әрине, тапсырмаға осындай көз қараспен келу - өткізудің универсалды құралдары, тапсырманың салыстырмалы қарапайымдылығы (көптеген банктер жүйеден тек қана минимумды талап еткен), тапсырушының тапсырманың күрделеніп кетуіне дайын болмауы – бизнестің табысының шамасы келіп тұрған банкілердің өздері жүйелерді ойлап табуына әкелді.

Өкінішке орай, технологиялық жоспарда құрылымы бойынша артта қалып қалу өкениетті экономикалық қоғамға жоғары жылдамдықпен аттағалы тұрған кезде банкілік жүйедегі АТ дамуына үлкен кері әсерін тигізді. Бүгінде де, АТ мәнін ұққан әрбір адам, ал біздің мамандарды дайындау дәрежесі батыстықтармен бірдей болғанда, FOXPRO негізінде жасалған әлсіз жүйемен жұмыс істейтін және бірнеше есепті операцияларды қолмен орындайтын банктерді оңай таба алады.

Бірақ, банктердің санының артуымен, олардың арасындағы бәсекелестіктің артуымен программалық қамсыздандыруға деген қолданушылардың талап ету деңгейі де артты. «Проводканың» орнына біртіндеп «қызмет көрсету» немесе «банкілік өнім» ұғымдары келе бастады, автоматтандыруды басқарушылар, МББЖ – ның, жалпы дәйекті банкілік жүйені құрудың мүмкін болатын негізі екендігін түсінді. Қолданушылар өздерінің назарын нарыққа аудырды, ал ол уақытта нарықта үнсіздік болды. Нақтырақ, ескі әдістерді ұсынды және арықарай дамудың перспективтері тұманды болды. Осы кезеңді бастарынан кешірген банктер жаңа платформаның, концепциялардың негізінде «жарқын болашақ үшін» күреске шықты.  Банктердің АТ менеджерлерінің ауыздарынан UNIX, «клиент-сервер», «үш буынды архитектура» сөздері шықты, осы кезден бастап банктер жаңа күшпен өздерінің өңдемелерін шығаруға кірісті.  Талап етілген нәтижені алу көбінің қолынан келмеді. Неге? Бүгінгі таңда банкілік қызметті автоматтандыру үшін МББЖ негізінде жасалған ірі, кешенді түрде жасалған программалық қамсыздандырулар өздерінің басқармаларында толығымен тек қана бір жобамен айналысатын жүздеген аналитикерді, жобалаушыларды, программиасттерді, сынақтаушыларды ұстайды [1]. 

Ақпаратты берудің және өңдеудің электронды жүйесін енгізу, банкілік қызметтің барлық бағытын қамтып, универсалды және жалпылама сипатқа ие болып отыр. Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар банк бөлімшелерінің жұмысын координаттауға, банк аралық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Мамандардың жұмыс орнындағы банкілік операцияларды автоматтандырудың, банкілік қызмет көрсетулердің ақпараттық технологияларының жаңа мүмкіндіктері банкілік қызметті талдаудың мәселелерін кешенді түрде шешуге, халықаралық, аймақаралық және аймақтық банкілік жүйелерді құруға және өңдеуге мүмкіндік береді.     

Банктердің ақпараттық және басқа технологияларын автоматтандыру стратегиялықмәселелерді шешумен істес болып келеді. Банктердің бәсекелестік позициясына әсерін тигізетін тұтынушыларға қызмет көрсетуді автоматтаныру бойынша негізгі бағыт ұстап қалуларды азайту және қызмет көрсетудің сапасын арттыру.   

Электронды техника мен технологияның жетістіктері қызмет көрсетудің принципиалды жаңа түрін ұсынды – қаржының жеткілікті массасында басқаруды автоматтандыру жүйесі. Бұл жүйе барлық банкілік шоттар туралы ақпаратты береді, ақшалай құралдардың қозғалысын реттеуге және болджауға мүмкіндік береді, ақшалай жұмыстардың еңбек сіңіргіштігін төмендетеді, қағазсыз технологияға күшуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық жабдықтаудың құрамы, оын ұйымдастыру есептерді құрастырумен анықталады. Кез келген банкпен шешілетін ең дәстүрлі тапсырмалар – операциялық (есепті – кассалық) қызмет. Бұндай жағдайда банкілік технология «Банкінің операциялық күні» (БОК) программалық өнімнің негізінде құрылады, ал енгізілетін есептер кешені кез келген уақыт мерзімінде банкілік қызметтің операциялық талдануын жүргізуге мүмкіндік береді. Банкілік қызметті кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін бір қатар программалық құралдар қажет және олардың барлығы интегрирленген болуы тиіс.

Дипломдық жобаның мақсаты: «Валюта айырбастау пунктінің» жұмысын автоматтандыру болып табылады. Деректер қоймасын жобалау және ақпараттық жүйелерді құру кезінде С++ деректер базасын басқару жүйесін қолдандым.

Диплом жобасы кіріспеден, теориялык бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

1. Аналитикалық бөлім

 

1.1 Компьютерлік техниканы қолданылуы бар қазіргі кездегі банкілік технологиялар

 

Біздің елімізде банкілік технологиялардың автоматтандырылуы дамудың бірнеше сатысынан өтті. Бастапқыда бұл жеткілікті қарапайым программалық өнімдер болды, олар МББЖ–ның  дәстүрлі базасында банкілік қызметтің жеке аспектілерін автоматтандырды.

Банкілік технологияларды автоматтандыру процесі 80 – ші жылдардың аяғында ХХ ғасырдың 90- шы жылдардың басында жаңа сатыға көшті. Бұл 1989 жылдың банкілік реформасымен тікелей байланысты. Қаржылық және қорлық нарықтардың дамумен КБ – дің қызметтік сфералары мен өңделетін ақпараттың көлемі арта бастады. Жаңа шарттарда банкілік қызметті кешенді автоматтандыруға көшу міндетті болып табылды.

Банкілік технологиялардың программалық құралдарының нарығында келесідей жеткізу ұйымдары пайда болды: «Программ банк», «Инверсия», «Асофт», «Rstyle», «Diasoft» және сұранысты белсенді түрде қанағаттандырып келе жатқан басқада ұйымдар.

Банктердің автоматтандырудың жүйесін таңдау ережеге сай, келесідей қатынасқа байланысты: бағасы – дәйектілігі - өнімділігі. 

Әр түрлі компьютерлік парктері, бөлімшелері мен құрамаларының кең желісі бар көптеген банктерге тек қана өздерінің желілік интеграциясының мәселесін шешу емес, сонымен қатар ақпараттық технологияның бүкіл жүйелі инфрақұрылымын жоспарлауға көшуі керек.

Инфрақұрылымның 5 құраушысын бөле қарастыру керек:

- ақпараттық қамсыздандыру (АҚ);

- техникалық жабдықтау;

- программалық құралдар;

- байланыс және коммуникация  жүйелері (ішкі және сыртқы);

- қауіпсіздік, қорғаныс және дәйектілік  жүйелері;

Ақпараттық қамсыздандырудың құрамы, оның ұйымдастырылуы банктің алдында тұрған мәселелер легімен анықталады. Кез келген банк үшін дәстүрлісі операциялық (есепті – кассалық) қызмет болып табылады. Жұмыстың бұл учаскісін автоматтандыру бүгінгі күндегі орташа және кіші банктердің маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік жасайды. Бұндай қараста банкілік технология «Банкінің операциялық күні» (ОПК) программалық өнімнің негізінде жасалады. Ол өзіне келесідей программаларды қосады: «Банкілік келісімдерді жүргізу», «Толем тапсырыстары», «Касса», «Саудалық емес операцияларды жүргізу», «Ауыстыру операцияларын жүргізу» және т.б.

Банкілік қызметті автоматтандырудың жинақылығын қамтамасыз ету үшін кез келген уақытта банктің жағдайын бағалай алатын, өзінің бөлімшелерімен жылдам ақпарат алмастыра алатын және басқа функцияларды орындайтын бір қатар программалық құралдар қажет. Бұған жаңа айтылған «Клиент – банк» жүйесін жатқызуға болады [4].

Банкілік қызметтің маңызды дәстүрлі бағыты – банктің табысының 75% - н құрайтын несиелеу операциясы болып табылады. Бұл қызметті автоматтандыру төлемдерді бақылауды автоматтандыруды ғана емес, сонымен қатар банктің жағдайын болжауға көмектеседі [5].

Дәстүрлі бағыттан басқа қызметті ұйымдастырудың кешенді жүйесіне бағалы қағаздармен жүргізілетін істерді, дилингті, биржалық операцияларды және т.б. операциялар мен істерді автоматтандыру мәселесі кіру қажет.

1.1 – суретінде АБЖ – гі операцияларының есебінің сұлбасы келтірілген.

 

Сурет 1.1 АБЖ – гі операцияларының есебінің сұлбасы

 

Автоматизацияның кешенді мәселелерін шешу қазіргі кездегі программалық – аппараттық құралдарды тарту арқылы ғана мүмкін. Сондықтан қазір банктердің қуатты компьютерлер мен дамыған ОЖ алу тнгденциясы белгіленді. Осымен қоса, банктер өздерінің ОЖ – н жасауда. Банктердің желілік технологияны қолданылулары артуда.

 

 Автоматтандырылған банкілік  жүйелердің ақпараттық

қамсыздандырылуы

 

АБЖ – ді жобалау және функциялау эксплуатацияның қажетті дәйектілігін қамтамасыз ететін, еңбекті, уақытты, ақшалы құралдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жүйенің жалпы теориясының, жүйелі жобалаудың, ақпараттың теориясының және басқа да ғылымдардың әдістерінің маңызды қалыптарын көрсететін жүйелі техникалық принциптерге негізделеді.

АБЖ – нің ақпараттық қамсыздандырылуы (АҚ) банктің ақпараттық моделін білдіреді. Машинаның ішіндегі және сыртындағы АҚ болып бөлінеді:

  • машинаның сыртындағы – бұл банктегі барлық ақпараттардың жиынтығы, сонымен қоса өзіне ақпараттың, құжаттардың, ақпараттық ағындардың құжат айналымдарының элементтерінің кодталуының және классификациясының әдістерін қосады;
  • машинаның ішіндегі – бұл құрамы, белгіленуі және арнайы ұйымдасқан массивтер бойынша әр түрлі машиналық тасығыштардағы мәліметтер. 

Банкілік байланыстардың қазіргі кездегі жүйелері банкілік қызмет көрсетудің және банкілік қызметтердің түрлері бойынша құрылады, олар банкті функциялаудың есепті – кассалық, несиелік, депозиттік, бухгалтерлік, нормативтік, заңдық, қорлық, инвестициялық және басқа аспектілерін көрсетеді.

Аналитикалық және құрама көрсеткіштердің көмегімен активтердің және пассивтердің, кірістер мен шығыстардың, активті және пассивті операциялар бойынша ақшалы ағындардың құрылымдары талданады. Банкілік қызметтің көрсеткіштері депозиттердің, несиелердің, меншікті және тартылған құралдардың қатынастарын сипаттайды, осы немесе басқа операциялардың меншікті салмағын анықтайды.

Машинаның сыртындағы АҚ – ң мәнді бөлігін құжаттар құрайды. Машинаның сыртындағы АҚ – ды өңдеген кехде құжаттарға, ағымдағы және нәтижелі ақпаратты сақтағыштың ең таралған түрі ретінде, толтырылу тәртібіне, мазмұнына, олардың формасына бір қатар талаптар қойылады. Балаптардың біріктірілген түрі құжаттардың унифицирленген жүйесін құрайды. Банкілік жүйенің унифицирленген типтік құжаттары автоматтандырудың эфектілігін арттырады. Бұндай құжаттарға төлем тапсырыстары, чектер, кассалық ордерлер, банкілік выпискалар және басқалары жатады. Унифицирленген құжаттар ҚР – ң барлық жерлері үшін шығарылады, ҚР – ның және ҰБ –ң Қаржы минисрлігімен бекітіледі. 

Қазіргі кездегі АБЖ ақпаратты кез келген түрде алуды рұқсат етеді: басылған құжаттар түрінде, экрандық түрде, машиналық тасығыштардан; олар мәтіндік, кестелік және графикалық түрде беріле алады.

Машинаның ішіндегі АҚ банкілік жүйенің әр түрлі мамандандырылған талаптарын қанағаттандыру үшін ақпараттық ортаны қалыптастырады.

Ол өзіне машиналық тасығыштағы арнайы ұйымдасқан ақпараттың, техникалық құралдардың жеңіл қабылдауы, өңдеуі, беруі үшін  барлық түрін қосады. Сондықтан, ақпарат файлдар, МБ, банкілік мәліметтер түрінде беріледі.

Қазіргі кездегі банкілік технологиялар тек қана МБ – мен жұмыс істейді. Мәліметтер қрын жобалауға арналған сияқты оны басқаруға және қолдауға арналған әр түрлі программалық құралдар бар – бұл, бәрінен бұрын, МББЖ.  Орындайтын функцияларына байланысты олардың спектірі қарапайым және күрделі өңдеулерден тұра алады. 

Банкілік жүйелердің машинаның ішіндегі АҚ – на бір қатар талаптар қойылады. Олардың ең маңызды дегендерін қарастырайық:

Жүйе мәліметтерді мәтіндік және DBF – форматтарында экспорттауды (импорттауға) мүмкіндік беру керек, ол арнайы программалармен, электронды кестелермен ақпараттарды алмастыруда көмектеседі, ал жүйеден экспортталатын құжат электронды пошта арқылы жіберіле алады.

Банкілік жүйенің машинаның ішіндегі АҚ – ы уақыттың нақты масштабында орындалуы керек, ол кезде бір қолданушының мәліметтерге енгізген өзгерісі басқа қолданушыларға да мәлім болуы керек. Ескере кететініміз, нақты уақыттың дәл режимін МБ серверінің архитектурасына негізделген («Clarion», «Oracle» және т.б.) желілік МББЖ – ны қолданылатын жүйелер ғана қамтамасыз ете алады, ал «файл – сервер» моделіне негізделген (Clipper, dBase және т.б.) МББЖ – ны қолданылу кезінде нақты уақыт режимі эмитірленеді.

Қазіргі кезде кең таралған МББЖ NOVELL фирмасының «Btrieve Tecors Manager». «Btrieve» программалық өнімі Net Ware ОЖ – нің бөлігі болып табылады және банкілік жүйенің ресурстарын эффектті және дәйекті қолданылуды рұқсат етеді. «Btrieve»  мүмкіндіктер жиынының ортасынан негізгілерін айта кетейік:

  • мәліметтерге көп қолданушылардың кірісі кезіндегі жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін «клиент – сервер» әрекеттесуші моделдерін шығару;
  • әр түрлі программалау тілдері (C, Pascal, Assembler және басқа) бар интерфейс;
  • өлшемі 4 Гбайтқа дейін жететін файлдарды басқару;
  • әр түрлі файлдардағы логикалық байланысты өзгерістерді орындаға мүмкіндік беретін транзакцияны өңдеу;
  • файлдардағы барлық өзгерістерді жүйелі журналдау;
  • жүйелі ресурстарды қолданылудың мониторингі.

Информация о работе Компьютерлік техниканы қолданылуы бар қазіргі кездегі банкілік технологиялар