Компьютерлік техниканы қолданылуы бар қазіргі кездегі банкілік технологиялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Ақпараттық жабдықтаудың құрамы, оын ұйымдастыру есептерді құрастырумен анықталады. Кез келген банкпен шешілетін ең дәстүрлі тапсырмалар – операциялық (есепті – кассалық) қызмет. Бұндай жағдайда банкілік технология «Банкінің операциялық күні» (БОК) программалық өнімнің негізінде құрылады, ал енгізілетін есептер кешені кез келген уақыт мерзімінде банкілік қызметтің операциялық талдануын жүргізуге мүмкіндік береді. Банкілік қызметті кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін бір қатар программалық құралдар қажет және олардың барлығы интегрирленген болуы тиіс.

Файлы: 1 файл

Кiрiспе.doc

— 867.00 Кб (Скачать файл)

Айырбастау пунктінде смена ұзақтығында келесідей операциялар жүргізіледі:

  • операцияны жүзеге асыру үшін аванс берілуінің өтінішін толтыру;
  • ақша құралдарын, қалдықтар бойынша анықтамалар мен реестрлер алу;
  • ақша құралдарын алғандығы туралы акт толтыру;
  • тұтынушыға қызмет көрсету;
  • реестрлерді толтыру – теңгеге сатылған немесе сатылып алынған шет ел валютасы;
  • инкассацияға ақша құралдарын дайындау және жұмыс соңында толтырылған қатаң есептіліктің бланктерін дайындау;

Тұтынушыға қызмет көрсету операциясы келесілерден тұрады:

  • валютаның қажетті соммасын, операция түрін (валютаны сату немесе сатып алу) және т.б. анықтау;
  • валютаның және теңгенің соммасын курс бойынша есептеу (шет ел валютасын сатып алу жағдайында жалпы соммадан 0,5% тағы есептеу);
  • пунктегі валютаның және теңгенің мөлшерін тексеру және олардың операцияны жүзеге асыру үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізу (егер жетсе – операцияны орындау жалғасады, кері болса, онда қайтадан ақша жіберуді сұрайды);
  • құралдарды тұтынушыдан алу;
  • алынатын купюраларды санау ;
  • операция түріне байланысты валютаны сату немесе сатып алу реестрін толтыру;
  • тұтынушының талабыбойынша, 113-И формасы бойынша анықтама басып шығару;

 

Кесте 1.2

Операцияны қолмен орындаған кездегі уақыттың мөлшері

 

Операцияның аты

АҚШ долларларының сәйкес соммасын өңдеуге кететін уақыт

1

Тұтынушыға қанша сомма керектігін және операция түрін анықтау

5

5

5

10

10

2

Валюта және теңге соммасын есептеу (0.5% - ды қосқанда)

7

7

7

7

9

3

Пунктегі валютаның және теңгенің мөлшерін тексеру және олардың операция үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізу

0

0

0

20

40

4

Құралдарды тұтынушыдан алу

5

7

10

20

35

5

Алынатын купюраларды санау

15

20

25

300

600

6

Сатылатын купюраларды санау

5

5

5

15

20

7

Операция түріне байланысты валютаны сату немесе сатып алу реестрін толтыру

8

8

8

8

8

8

113-И формасы бойынша анықтама  жазу

70

70

70

85

85

9

Тұтынушыға № 0406007 формасындағы анықтаманы және купюраларды беру

10

10

10

25

25

10

Нәтижесі (сек.)

125

128

140

485

837

11

Нәтижесі (мин.)

2.1

2.2

2.3

8

13.9


Кестеден көрінгендей сомма көбейген сайын операцияға кететін уақытта көп болады. Операцияның ұзақтығы негізінен тұтынушыдан алынатын ақшалы құралдарды сануға және тексеруге, анықтама жазуға байланысты.

Операциялық күнді аяқтағаннан кейін кассир әр бір валюта бойынша кіріс және шығыс соммаларын есептейді. Содан кейін ақшалы құралдарды (валютаны немесе теңгені) оларды банкке жеткізетін адамға, инкассаторға береді. Ақшалы құралдармен бірге кассир анықтамаларды, реестрлерді бірге береді.

Келтірілген талдаудың негізінде валюталық кассирдің АЖО құру бұл операцияларды орындауды бір шама жеңілдетуші еді деп айтуға болады.

Егер айырбастау пунктінің қызметін бір жылға талдасақ, онда табыстың көлемі екі фактордың әсерінен төмендейді;

  • пайданы төмендету; сонымен қатар бұл айнымалының маусымдық сипаты бар жазда пайда – арта түседі, ал қыста – төмендетіледі. Бірақ, маусымдық өзгерістердің арасындағы айырмашылық шамасы 30% - дан аспауы керек; 
  • жаңа штаттық бірліктерді енгізу (бухгалтер, күзетші, еден жуушы және т.б.).

Валюталық кассирдің АЖО орнату айырбастау пунктінің жұмысының эффектілігін өткізгіштік қабілеттілігінің арту есебінен жоғарлатуға болады.

 

 

1.4 «Валюталық касса» автоматтандырылған жүйесі

 

Айырбастау пунктінің жұмыс технологиясы

Айырбастау пунктінің жұысының жалпы технологиясы алдында сипатталған болатын, бірақ «АЙЫРБАСТАУ ПУНКТІ» автоматтандырылған жүйесіне көшумен байланысты жұмыс процесі келесідей қосымша операциялармен толықтырылды.  

Сыртқы экономика қызметінің бөлімшесінде әрбір жұмыс күніне мәліметтер дайындалады, ол өзіне ағымдағы күнге қойылған ҰБ – ң әрбір валютасының курсын, сату және сатып алу курстарын, банктің өз ішіндегі конверсия курсын қосады, сонымен қатар әрбір айырбастау пунктіне кассирлер тағайындалады, аванстар беріледі және қатаң есептіліктің берілегн бланктерінң сәйкес номерлері тіркеледі. Осыдан кейін, нақты айрбастау пункттері бойынша мәліметтер дискета түрінде не болмаса модемдік байланыспен жіберіледі.

1.3 суретінде ақпаратты алмастыру сұлбасы көрсетілген.    

Банктің операциялық күні кассирдің жоғарыдағы ақпаратты алудан басталады. Жұмыс орнының қажетті дайындығын орындап болғаннан кейін, кассир тұтынушыларғы қызмет көрсетуге кіріседі. Жұмыс процесінде кассир операция түрін таңдап, бланктің сәйкес жолданы толтырады. Әрбір орындалған операция бойынша нәтижелер мәліметтер қорына тіркеледі және жұмыс күнінің аяғында басылып шығарылады. Валютаны сату және сатып алу курстары қажетті жағдайда өзгертілуі мүмкін, бірақ осы кезде өзгерістің уақыты жазылып тіркеледі.  

Жұмыс күннің аяғында кассир барлық реестрлерді және басқа да қаржылық құжаттарды басып шығаруғы міндетті.

Сурет 1.3 Ақпаратты алмастыру сұлбасы

 

Ақпараттық қамсыздандыруды ұйымдастыру 

 

«Валюталық касса» жүйесінің АҚ айырбастау пунктінің ақпараттық моделін білдіреді. Қамсыздандыруды машина ішіндегі және сыртындағы деп бөледі.

Машинаның сыртындағы – бұл банктегі барлық ақпараттардың жиынтығы, сонымен қоса өзіне ақпараттың, құжаттардың, ақпараттық ағындардың құжат айналымдарының элементтерінің кодталуының және классификациясының әдістерін қосады; 

Машинаның ішіндегі – бұл құрамы, белгіленуі және арнайы ұйымдасқан массивтер бойынша әр түрлі машиналық тасығыштардағы мәліметтер. 

Банкілік байланыстардың қазіргі кездегі жүйелері банкілік қызмет көрсетудің және банкілік қызметтердің түрлері бойынша құрылады, олар банкті функциялаудың есепті – кассалық, несиелік, депозиттік, бухгалтерлік, нормативтік, заңдық, қорлық, инвестициялық және басқа аспектілерін көрсетеді.

Машинаның ішіндегі АҚ банкілік жүйенің әр түрлі мамандандырылған талаптарын қанағаттандыру үшін ақпараттық ортаны қалыптастырады.

Ол өзіне машиналық тасығыштағы арнайы ұйымдасқан ақпараттың, техникалық құралдардың жеңіл қабылдауы, өңдеуі, беруі үшін  барлық түрін қосады. Сондықтан, ақпарат файлдар, МБ, банкілік мәліметтер түрінде беріледі.

Банкілік жүйелердің машинаның ішіндегі АҚ – на бір қатар талаптар қойылады.

Банкілік жүйенің машинаның ішіндегі АҚ – ы уақыттың нақты масштабында орындалуы керек, ол кезде бір қолданушының мәліметтерге енгізген өзгерісі басқа қолданушыларға да мәлім болуы керек. Ескере кететініміз, нақты уақыттың дәл режимін МБ серверінің архитектурасына негізделген («Clarion», «Oracle» және т.б.) желілік МББЖ – ны қолданылатын жүйелер ғана қамтамасыз ете алады, ал «файл – сервер» моделіне негізделген (Clipper, dBase және т.б.) МББЖ – ны қолданылу кезінде нақты уақыт режимі эмитірленеді.

 

Қолданылатын программалық қамсыздандыру

 

«Валюталық касса» жүйесінің программалық қамсыздандырылуы FoxPro 6 тілінде жазылған және екі блоктан тұрады:

1. Әрбір айырбастау пункті үшін мәліметтерді дайындау блогы.

          2.  Айырбастау пунктінің жұмыс блогы.

Мәліметтерді дайындау программасы сыртқы экономика қызметі бөлімшенің бас менеджерінің компьютерінң желілік дискінде немесе локалдык дискісінде орнатылады. Жүйенің мәліметтер қоры да осында орнатылады. 

Айырбастау пунктінің жұмыс блогы валюталық кассирдің компьютерінің локалдық дискісінде орнатылады. Бұл программа кез келген конфигурациялы дербес компьютерде орнатыла алады және іске қосылуы үшін кітапхананың болуын талап етеді ( файл 1,4Мб).

Мәліметтерді дайындау блогы немесе қалыпқа келтіру блогы мәліметтер қорымен жұмысты талап етеді (конфигурацияның сипаттамасы, кассирлердің тізімі, рұқсат етліген валюталардың тізімі). 

Конфигурирлеу процесі кезінде conf.dbf файлында мәліметтер қорындағы айырбастау пунктінің сипаттамасы қажет: Bank – бөлімшенің аты; Оkpo – бөлімшенің ОКПО; Name pod – сыртқы экономика өызметінің бөлімше атауы;

Базаларды орналастыру: zag және mask_val  базалары – Zag детекторлары, барлық қалған базалар – DBF дитекторында. Одан басқа, хабарлама құрастыру үшін  anj.exe программасының кірістігі талап етіледі.

Мәліметтерді дайындау программасының жұмыс реті:

  1. Ағымдық күнді белгілеу;
  2. Режимді белгілеу (Таң ертнг/Кешке);
  3. валюталардың курсын енгізу. Валюталық операцияларды енгізу үшін барлық валюталардың қатысуы тексеріледі.
  4. Айырбастау пункттерінің біреуін таңдау;
  5. Тізімнен кассирді таңдау;
  6. Әрбір валюта бойынша берілген аванстың соммасын шығару;
  7. Берілген анықтамалардың номерлерін шығару (бір енгізу кезінде 100 – ден аса анықтама тіркеледі);
  8. Хабарламаны құрастыру;
  9. Барлық айырбастау пункттері үшін 4 – 8 пункттерін қайталау;
  10. Қосымша аванс немесе анықтамалар керек болған жағдайда 4, 6, 7 пункттері орындалады (қажет болған жағдайда 8).
  11. Хабарламаның қалыптандырушы файлының аты: <айырбастау пунктінің коды>, <режим>, <айы>, <күні>.arj. Мұндағы режим: Y – таң ертнггілік, V – кеш, А – қосымша аванс.

Айырбастау пунктінің жұмыс программасының қызметінің реті:

  1. Хабарлама файлын архивтен алу және қайта жазу;
  2. conf – та сипатталған директорияға жүктеу;
  3. «Мәліметтерді орындау» пункттерін орындау.
  4. Жұмыс процесі кезінде кассир операцияны таңдайды, 0406007 формасындағы бланктің сәйкес жолдарын толтырады да оны баспаға шығарады;
  5. Анықтаманың бүлінуі кезінде кассир оны брак ретінде қайтара алады. Осы кезде операция бойынша мәліметтер жойылады да валюта қалдықтары түзетіледі.
  6. Жұмыс күнінің аяғында кассир бар тізімнен есептілік формаларын баспаға шығара алады.

 

«Валюталық касса» автоматтандырлаған жүйенің кемшіліктері

 

«Валюталық касса» жүйесі айырбастау пунктіндегі операциялар бойынша банкілік есептің бір шама еңбек сіңіргіштік операцияларын автоматандырад.

Бірақ, жүйенің кейбір кемшіліктері бар:

  1. Өнімділігі төмен, мәліметтердің үлкен көлемдерін қолдау мүмкіндіктері жоқ (оған себеп болатын MS DOS ОЖ қолданылу болып отыр);
  2. Жүйе алынған теңгелі ақшалы массаны деноминирленген және доминирленгенге бөлудің функциясын қолдамайды;
  3. Принтердің дайындығын бақыламайды;
  4. Программаны дайындау мәліметтер қорымен біршама жұмысты талап етеді (конфигурацияның сипаты кассирлердің тізімі, рұқсат етілген валюталардың тізімі);
  5. Шет ел валютасымен жүргізілетін өте сирек кездесетін операцияларды қолдамауы (ұсату, жол чектерін ақшаға айырбастау, кедендік төлемдерді алу, жол чектерін сату және сатып алу);
  6. Есептілік құжаттардың баспа шаблондарын құрастыру күрделілігі;
  7. Программаны модификациялау мүмкіндігінің жоқ болуы;
  8. Шрифттерді масштабтау мүмкіндіктерінің жоқ болуы;
  9. Моральді түрде тозған өнім  

 

1.5 Мәліметтер қорының негізгі ұғымы және классификациясы

 

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер қорыныың көмегімен іске асады.

Мәліметтер қоры (МҚ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.

Қарапайым МҚ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.

Электронды МҚ-ның басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер қорын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.

Информация о работе Компьютерлік техниканы қолданылуы бар қазіргі кездегі банкілік технологиялар