Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа
Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.
2010 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заңда кәмелетке толмағандарға жаза қолдану және қоғамнан оқшаулауға байланысты бұлтартпау шаралары барынша азайтылды. Олар бас бостандығынан айыру орындарына жіберместен, алдын алу шараларын қолдану арқылы түзетілетін болады. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздемелер қысқартылды.
Қабылданған Заң шеңберінде ізгілендіру әрекетіне шамамен 6 мың сотталған адам түсті. Тек 2011 жылы кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін сотталған екі мыңға жуық адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.
Бірқатар қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы 14-тен 16-ға дейін ұлғайтылды. Жаңалықтардың бірі кәмелетке толмағандарды, егер келтірілген зиян реттелмеген жағдайда қоспағанда, ауыр қылмыс жасаған жағдайда тараптардың татуласуымен қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі болып табылады (ҚК-нің 67-бабы «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» жоғарыда аталған жағдайларда қылмыстық жауапкершіліктен босатуды көздейтін үшінші бөлікпен толықтырылды).
Қылмыстық заңнаманы ізгілендіруден
басқа, заң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
белгілеу арқылы кәмелетке толмағандармен
құқықтық қатынастарды реттеуді көздейді.
Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексі
кәмелетке толмағандарды
Азаптауларға қарсы комитеттің ұсынымдарын орындау және азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды үйлестіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаптауларға қарсы комитетінің 2009 – 2012 жылдарға арналған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Азаптаулар жөніндегі
Азаматтардың жасалған азаптаулар туралы өтініштерін тексеру, сондай-ақ олардың алдын алу жөніндегі тетігі реттелді. Сот сарапшыларының бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдарда дене жарақатын анықтау мәніне медициналық куәландыруға міндетті түрде қатысуы енгізілді.
2011 жылдың аяғына дейін ұлттық первентивтік механизм туралы және сотталғандарды байқау қызметі туралы заң жобаларымен жұмыс істеуді аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен бірге первентивті механизмдер қызметінің қағидаттары біздің қылмыстық-атқару жүйесі үшін жаңалық емес. 5 жыл ішінде елімізде қоғамдық байқау комиссиялары белсенді жұмыс істейді. Бұл комиссиялардың ұстау орындарын тексеру саны 2008 жылдан бастап 4 есеге өсті.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі бірте-бірте халықаралық стандарттарға жақындауда. Оны реформалау:
Үкімет азаптауларға және адамдарды саудаға салу фактілеріне ешқандай төзбейтіндігін білдіруде.
БҰҰ-ның Баланың құқықтары жөніндегі конвенциясының 33-ші сессиясының ұсынымдарына сәйкес 18 Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы (КУОБОО) 386 бірлік штат санымен Ішкі істер министрлігінің жүйесінен білім беру жүйесіне берілді («Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы).
Бұл шешім біздің қоғамның балалардың қараусыздығы мен қадағалаусыздығын алдын алудың қалыптасқан жүйесін кәмелетке толмағандарға қатысты ізгілендірудің жалпы әлемдік үрдістерін ескере отырып, өзгертуге ұмтылуынан туындады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес КУОБОО-тар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КБО-лар) қайта ұйымдастырылды.
КБО-ларға 3-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар: қараусыз және қадағалаусыз балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар орналастырылады.
КБО-лардың міндеттеріне кәмелетке толмағандардың дағдарысты жағдайдан шығуына жедел көмек, оларды орналастыру, баланы отбасына қосу кіреді.
Соңғы үш жылда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқы мәселелері бойынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы және алдын алу бойынша, қатыгез қараудан және сексуалды пайдаланудан балалардың құқықтарын қорғау мониторингі, білім беру ұйымдарында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша бес социологиялық зерттеу жүргізілді.
Мәселен, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары
одағы» үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп,
2008 жылы отбасындағы, мектептегі балаларға
қатысты зорлық-зомбылықтың
Зерттеу Алматы қаласында, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы зорлық-зомбылықтың себептері мен ауқымын анықтады. 1300 сұралған баланың төменгі сыныптағы оқушылардың 14 %-ы және орта және жоғары жастағы оқушылардың 22 %-ы тебу, итеру, ұру түріндегі күш жұмсауға ұшырағандығын айтты. Алымсақтық және зорлау түріндегі сексуалды күш көрсетуге төменгі сыныптағы оқушылардың 2 %-ы және орта және жоғары жастағы оқушылардың 3 %-ы ұшыраған. Балалардың 12 %-ы және олардың ішіндегі 9 %-ы ұзақ уақытқа оқушылар арасындағы қуғынға ұшыраған.
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілдің мекемесі БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қорының өкілімен бірлесіп, 2010 – 2011 жылдары білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің балаларға арналған мемлекеттік мекемелерінде зорлық-зомбылық деңгейін бағалау жөнінде зерттеу жүргізді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің атына омбудсменнің ұсынымдары жіберілді, оларды қарау бойынша интернат үлгісіндегі мекемелерде тұратын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен алдын алу жөнінде бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс түсті.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен алдын алу үшін республикада мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданды. Халықтың ақпараттандырылу және құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын бұзуға жол беретін адамдардың жауапкершіліктерін күшейту мәселелеріндегі заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
V. Отбасылық орта және балама күтім
a) Ата-ананың баланы басқару құқығы
(5-бап)
Осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі
ақпарат 2003
жылы Конвенцияны орындау туралы
бастапқы баяндаманың 163 – 169-тармақтарында
және
2007 жылы Баланың құқықтары
туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының
іске асыруы туралы екінші және үшінші
мерзімді баяндаманың 190 – 197-тармақтарында
көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Ата-ананың балаға басшылық ету құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітіліп берілген («Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының Заңдары).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиесілі орындамағаны үшін кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі интернат мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан балалар санының қысқаруы болып табылады.
2010 жылы Қазақстан Республикасында 38 386 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саналады.
Бала асырап алуға немесе қамқорлығына, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы патронатқа алуға ниет білдірген азаматтарға қолдау көрсету үшін республиканың 14 өңірінде 14 бала қабылдап алған ата-ана мектебі, 4 өңірде 7 Отбасыларды қолдау қызметі құрылды.
Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру бөлімдеріндегі мамандардың саны 116 бірлікке ұлғайды. 2007 жылы – 210 маман, 2010 жылы – 326.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру енгізілді. 2011 жылдан бастап қамқоршылар мен қорғаншыларға осы санаттағы балаларды ұстауға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Бұл шара балалар үйлерінде
b) Ата-аналардың жауапкершілігі
(18-баптың 1, 2-тармақтары)
Осы мәселе бойынша толық ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 170 – 174-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 199 – 208-тармақтарында көрсетілген.
Конституцияға сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi болып табылады. 2009 жылғы тамыздан бастап ата-аналардың және ойын-сауық мекемелерінің меншік иелерінің түнгі уақытта оларда кәмелетке толмағандардың болғаны үшін әкімшілік жауапкершілігі енгізілді. Сол сияқты қоғамдық орындарды алкогольдік сусындар (оның ішінде сыра) ішуге тыйым салу енгізілді.
2010 жылы кәмелетке толмағандарды
түнгі уақытта ойын-сауық
16 мыңнан астам кәмелетке
2010 жылғы 20 желтоқсанда қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мәселелері бойынша Заң
Кәмелетке толмағандарды маскүнемдікке және басқа да қоғамға жат әрекеттерге тартатын ересек адамдарды анықтауға баса назар аударылуда.
Ішкі істер органдарында 13 мыңнан астам жағдайы нашар отбасылар есепте тұр, оларда 20 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Ішкі істер органдары білім беру органдарымен бірлесіп, балаларды құқықтарын ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қылмыстық озбырлығынан қорғауды қамтамасыз ету бойынша заңнамада көзделген мүмкіндіктердің барлығын қолдануда.
Мәселен, 2010 жылдың басынан бастап
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу
жөніндегі міндеттерін
2011 жылы 3 мыңнан астам ата-ана Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 111-бабы (Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 13 ата-анағы қатысты ҚР ҚК-нің 137-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекетке тартқаны үшін 4 ересек адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
e) Ата-аналарынан айыру
(9-бап)
Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі
ақпарат 2003
жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы
баяндаманың 175 – 187-тармақтарында және
2007 жылы Баланың құқықтары
туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының
іске асыруы туралы екінші және үшінші
мерзімді баяндаманың 209 – 215-тармақтарында
көрсетілген.
Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2010 жылы ана-ана құқығынан бір мыңға жуық ата-ана айырылды.
2010 жылы Сәбилер
үйлерінде үш жасқа дейінгі 1 586 бала (2007 жылы – 2 131 бала) тәрбиеленуде. Жетімдер үйлерінде – 599 бала (2007 жылы –
673 бала) бар. Болу уақыты
баланың мәртебесін анықтағанға дейін
6 айға дейін.
«Үміт» үйлерінде – бір жасқа дейінгі 369 бала (2007 жылы – 413 бала).
Астана қаласында Сәбилер үйінің жанынан өмір тәжірибесі және туған отбасында қолдауы жоқ аналар үшін «Үміт» үйі ашылды. Бұл жерде жас аналар өздерінің балаларымен бірге тұрады, оларды емізеді, бір жасқа дейін тәрбиелейді. Әзірше мұндай модулды орталық біреу ғана, мұндай орталықтарды еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.