Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

Білім беру ұйымдарында  ата-аналараға арналып дәрістер өткізіледі, ата-аналар кеңестері, әкелер кеңестері жұмыс істейді.

Қоғамдық санаға дені сау әрі толық отбасы бейнесін сіңіру мақсатында 2009 жылы телеарналарда  ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі  рөлін арттыруға бағытталған «Мен және менің отбасым», «Я и моя семья» бағдарламасы берілді.

Жыл сайын республикада Халықаралық отбасы күніне арналған «От чистого истока» отбасылық  шығармашылықтың өңірлік фестивальдары  өткізіледі.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрбір бала өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқылы. Ата-анасы болмаған кезде, олар ата-ана құқығынан айырылған кезде және ата-ана қамқорлығын жоғалтудың басқа жағдайларында баланың отбасында бәрибелену құқығын қамқоршылық және қорғаншылық органдар заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.

Тиісті органдар мен  ұйымдардың отбасылық айналадан  айырылған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері Азаматтық  кодексте, «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар  ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген.

 

 

d) Отбасылардың бірігуі

(10-бап)


 

Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 188 – 192-тармақтарында және  
2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 216 – 219-тармақтарында көрсетілген.

Балаларды биологиялық отбасыларына қайтару жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2007 жылдан бастап 4 000-нан астам бала қайтарылды. Жыл сайын биологиялық отбасыларына қайтарылған балалардың саны ұлғаюда. 2010 жылы 1 328 бала (2007 жылы – 1 004 бала) қайтарылды.

 

 


e) Баланы ұстауды қалпына  келтіру

(27-баптың 4-тармағы)

 

Баланы ұстауды қалпына келтіру  мәселелері Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі және 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 195 – 199-тармақтарында көрсетілген.

 

 

f) Отбасынан айырылған  балалар 

(20-бап)

 

Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 200 – 213-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 227 – 236-тармақтарында көрсетілген.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік  жәрдемақылар туралы», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарында көрініс тапты.

2010 жылдың аяғында  республикада жетім балаларға  және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балаларға арналған  210 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым саналады, оларда 14 052 баланың тұруы мен тәрбиеленуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Алайда, психологтар мен педагогтардың көптеген зерттеулері, баланы интернат үлгісіндегі мекемеге орналастыру оның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етпейтіндігін көрсетеді, бұл, өз кезегінде, баланың жеке ерекшеліктерінің бұзылуына әкеледі. Интернат мекемесі жағдайында баланың әлеуметтік дамуы, әдетте, отбасының, жақын адамдардың және достарының болмауынан шектелген. Жетімдер жас кезінен бастап өзінің мінез-құлқын ата-анасының іс-қимылына қарап түзеу мүмкіндігінен айырылған, сондықтан балалар үйлері мен интернаттарда біртекті ортада болу бұл балаларда төмендетілген өмірлік стандарттарды қалыптастырады.


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін отбасылыққа барынша жақындатылған жағдай жасау мақсатында республикада балалар үйлері мен интернат мекемелерін деинституционализациялау, оларды ірілендіру жөніндегі белгілі бір жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі таңда отбасы үлгісінде жұмыс істейтін балалар үйлерінде балалар өзара туыстық қатынаста байланысқан, бір-біріне құштар және дос 8 – 10 адамнан тұрады. Бұдан басқа, балалар үйлерінде баланы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу бағдарламасы енгізілген, отбасылыққа жақын жағдай жасалған. 

210 ұйымның ішінен 7 отбасылық  үлгідегі балалар ауылы (349 бала),  
3 SOS балалар қалашығы (190 бала), 22 отбасылық үлгідегі балалар үйі  
(330 бала) жұмыс істейді, оларға отбасылық әдет-ғұрыптың негізгі белгілері мен ерекшеліктері тән. 

Барлық ұйымдарда оқу  және тәрбиелеу үшін жағдай жасалған, лингафондық және мультимедиялық кабинеттер бар, 148 ұйым Интернет желісіне қосылған.


Жыл сайын өңірлерде  балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына тәрбиелеуге алуға ниет білдіретін адамдарды іздестіруге және тартуға бағытталған «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі, «Қуан сәби», республикалық акциясы өткізіледі.

Осының арқасында 2010 жылдың қысқы және көктемгі каникулдарында қазақстандық азаматтардың отбасыларында қонақ үйлік отбасыларда балалар үйлерінің 1103 тәрбиеленушісі демалды. Жыл сайын балалар үйлерінде тәрбиеленуші 120-дан астам бала жазғы каникул кезеңінде шетелде демалады.

Талантты, дарынды балалар халықаралық конкурстарға қатысады. Мәселен, мысалы, 2011 жылғы 30 сәуірде «Үміт» балалар үйінің 27 баласы түріктің Фетхие қаласындағы Халықаралық конкурс-фестивальға қатысты, онда қатысқан 23 елдің ішінен 2-орынды жеңіп алды.

2011 жылы 38 386 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баладан 22 067 (2007 жылы – 29 147) қамқоршылықта (қорғаншылықта),  
2 267 – патронаттық тәрбиелеуде (2007 жылы – 1 823).

Жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларын шешу мақсатында 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, Байланыс және ақпараттандыру, Мәдениет министрліктерімен бірлесіп әзірлеген Әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған үгіт-насихат жұмысының іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осы жоспарға сәйкес республиканың  өңірлерінде әкелердің конференциялары, дөңгелек үстелдер өткізіледі, облыстық телеарналарда «Әр балаға – отбасының бақыты» («Каждому ребенку – счастливую семью») бейнеролигінің көрсетілімі, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін біздің азаматтарымыздың отбасыларына орналастыру мәселелеріне арналған «Надежда детских сердец» телебағдарламасының циклі ұйымдастырылды.

Қазақстандық омбудсменнің мекемесі еліміздің балалар мекемелерінде  балалардың құқықтарын қорғау мониторингін ұдайы негізде жүзеге асырады.

Мәселен, 2010 жылы Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Жезқазған, Сәтпаев қалаларындағы 22 балаларға арналған интернат мекемелеріне барды.

 

 

g) Ұл (қыз) асырап  алу

(21-бап)

 

Ұл (қыз) асырап алу ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама нысандарының бірі болып табылады. Ұл (қыз) асырап алудың негізгі мақсаты ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды туған отбасындағы жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы асырап алу мәселелеріндегі басымдық балаға ана-анасының қамқорлығынсыз қалған деген мәртебені айқындаған сәттен бастап баланы асырап алуға құқығы бар біздің елдің азаматтарына тиесілі.

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған күннен бастап 1999 жылдан бастап 41 091 бала асырап алынды, оның ішінде 31 929 баланы қазақстандық азаматтар, 487 баланы шетелдегі туысқандары, 8 675 баланы шетелдік азаматтар асырап алды.

2009 жылмен салыстырғанда  Қазақстан азаматтары асырап  алған балалар санының өсу  үрдісі байқалуда (2009 жыл – 3 044 бала, 2010 жыл – 3 100 бала).

Сонымен бірге шетелдік азаматтар асырап алған балалардың саны қысқарды (2009 жыл – 669 бала, 2010 жыл  – 506 бала).


2010 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Балаларды қорғау және шетелдіктің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.

Қазіргі уақытта ұлттық заңнаманы  осы Конвенцияның нормаларына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысында 2010 жылғы  қыркүйекте Жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  арналған білім беру ұйымдары директорларының және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандардың республикалық кеңесінің «Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының Балалардың құқықтарын қорғау және шетелдіктің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясының ережелерін іске асыру шеңберіндегі міндеттері туралы» мәселе бойынша кеңейтілген отырысы өткізілді.

2011 жылғы наурызда  Астана қаласында «Балаларды  қорғау және шетелдіктің бала  асырап алуына қатысты ынтымақтастық  туралы конвенцияны ратификациялау  тұрғысынан шетелдіктің бала асырап алуының өзекті мәселелері» тақырыбына республикалық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске  мемлекеттік органдардың, ҚР Бас  прокуратурасының, Астана қаласының  Ювеналды сотының, БҰҰ-ның Балалар  қорының (ЮНИСЕФ) ҚР-дағы өкілдері қатысты. 

Ақпараттық-түсіндіру  жұмысын белсенді ету үшін БАҚ  арқылы жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру  бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Мен және менің отбасым», «Я и моя  семья» телебағдарламасы дайындалды, ол «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілді.

Республиканың жетекші  телеарналарында 2010 жылы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде. «Ел арна» телеарнасында «Наши дети» бағдарламалар сериясы шығады. Жергілікті газеттерде «Каждому ребенку - семью», «Я ищу маму!», «Мама, найди меня», «Миру нужен я, мне нужна семья» және басқа да арнайы айдарлар ашылды.

 

 

h) Заңсыз алып бару  және қайтармау

(11-бап)

 

Заңсыз алып бару және қайтармау  туралы конвенцияның 11-бабының нормалары 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 193-194-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндаманың 221-224-тармақтарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Үкіметі  жанындағы Адам саудасымен күрес, сондай-ақ Гуманитарлық құқық және адам құқықтары  жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар 1980 жылғы 25 қазанда Гаага қаласында  қабылданған Халықаралық балалар ұрлаудың азаматтық аспектілері туралы конвенцияны Қазақстанның ратификациялауы туралы ұсынысты қолдады.

Қазіргі кезде  Халықаралық балалар  ұрлаудың азаматтық аспектілері  туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының  қосылуы туралы мәселе пысықталуда.

Конвенция балаларды заңсыз орнын  ауыстырудан қорғауға, сондай-ақ басқа  мемлекетке заңсыз апарылған балаларды  қайтаруға бағытталған (1-бап).

Қазақстан Республикасының Конвенцияға  қосылуы мемлекетаралық деңгейде балалар  мен олардың ата-аналарының (өзге заңды өкілдерінің), біздің еліміз азаматтарының құқықтарының қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етуге, шет мемлекеттердегі заңсыз апарылған немесе ұстап отырылған балаларды қайтару туралы мәселені шешу кезінде Қазақстанның басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасауының пәрменді құқықтық тетігін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте Қазақстанның Конвенцияға  қосылу, бұл жайында қазақстандық және шетелдік азаматтар мен ұйымдарды  кеңінен хабардар ету фактісінің өзі-ақ балалар ұрлау оқиғаларын қысқартып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік беруге мүмкіндік беретін пәрменді алдын алу шарасы болады.

 

і) Қиянат жасау мен  ұқыпсыз қараудан (19-бап) қорғау,

сондай-ақ табиғи және психикалық қалпына келтіру мен  
әлеуметтік қайта ықпалдастыру

 

Осы мәселе бойынша ақпарат 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 232-234-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімдік  баяндаманың 260-263-тармақтарында қамтылған.

 

 

j) Бала туралы қамқорлыққа  байланысты жағдайларды 

мерзімдік бағалау

                                                        (25-бап)

 

Конвенцияның 25-бабына сәйкес қамқорлықты  мерзімдік бағалау және бала туралы қамқорлықпен, оны қорғаумен, табиғи не психикалық емдеумен байланысты барлық басқа да жағдайлар 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 230-231-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндаманың 255-259-тармақтарында көрсетілген.

Бұдан бұрын көрсетілген нормалар мен ережелер қазіргі кезде де толық көлемінде қолданылады.

«Қазақстан Республикасындағы  бала құқықтары туралы» ҚР Заңының  
46-бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті Мемлекет басшысына жыл сайын республикадағы балалардың жағдайы туралы баяндама дайындап, ол Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылады, жеке кітапша болып басып шығарылады.

Информация о работе Компьютермен жумыс