Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

2010 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ  9000 АҚШ долларын құрады, бұл 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25%-ға артық (6 772 АҚШ доллары).

Елдегі әлеуметтік салаға арналған шығыстар жыл сайын ұлғаюда.

Егер 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстар үлесі 41,34%-ды құраса, 2010 жыл қорытындысы бойынша 50%-дан артық.

(млн. теңге)

Шығындар

2007  жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Мемлекеттік бюджет

Білім беру

480 696

641 060

746 477

797 414

%-бен

17,0

16,9

17,6

16,9

Денсаулық сақтау

299 381

363 210

450 893

551 326

%-бен

11,2

10,7

12,0

12,4

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

502 381

622 017

758 308

905 273

%-бен

18,8

18,3

20,3

20,3

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

122 210

163 969

173 618

227 564

%-бен

7,5

6,9

8,1

5,1

Республикалық бюджет

Білім беру

127 700

168 210

215 560

236 393

Денсаулық сақтау

100 830

115 581

176 800

367 185

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

462 667

566 194

695 931

835 497

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

62 964

87 461

104 389

135 389

Жергілікті бюджет

Білім беру

352 996

472 850

530 917

579 648

Денсаулық сақтау

262 852

320 762

386 553

330 352

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

44 789

61 874

86 123

97 381

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық  кеңістік

73 778

108 493

108 183

129 795


 

 

Конвенцияның принциптері мен ережелері туралы хабардар ету

 

Республикада балалармен жұмыс iстейтiн мамандардың, жұртшылықтың, балалар мен олардың ата-аналарының Конвенцияның негiзгi ережелерi туралы хабардар болу мәселелерiне, оларды насихаттауға және түсiндiруге зор көңiл бөлiнедi.

Құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық жүйе қызметкерлерін оқыту және олардың кәсіптік деңгейін жоғарылату жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылданып тұрады. Oның ішінде адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтық нормалар мен стандарттарды зерделеу және қолдану бөлгінде.

Ішкі істер министрлігінің (бұдан  әрі – ІІМ) оқу мекемелерінің, сондай-ақ  біліктілікті жоғарылату курстарының бағдарламаларына Бала құқықтары туралы конвенцияны, сондай-ақ балалардың құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді оқытуға арналған арнайы курстар енгізілген.

ІІМ жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтану» пәні бойынша, «Отбасы мен жастарды әлеуметтендіру», «Бала құқықтары туралы конвенция» тақырыптары 6 сағат көлемінде, ал колледждерде – «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету» тақырыбы 4 сағат көлемінде және ІІМ училищелерінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторларды даярлау барысында «Арнайы даярлық» пәні бойынша Бала құқықтары туралы конвенциясы жөнінде тақырыптар оқытылады.


2010 жылғы 19 – 21 мамыр аралығында Астана қаласында Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюромен бірге ІІМ училищелерінің 15 өкілінің қатысуымен адам құқықтары жөніндегі арнайы курс өткізу әдістемесі бойынша балалардың мүддесі мен құқықтарын оқыту жөніндегі тақырыптарды көздейтін тренинг өткізілді.

Учаскелік және мектептегі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция инспекторлары тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары мен мектептерде Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі принциптері мен ережелерін ақпараттық жария етуді жүргізеді, сондай-ақ балалар үшін құқықтары бұзылған жағдайда өз құқығын қорғау жөнінде оқыту тренингтері өткізіледі.

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелері мен баптары туралы хабардар болуын жоғарылату үшін республикалық іс-шаралар: форумдар, саммиттер, конференциялар, дебаттар және басқалары өткізіледі.

2007 – 2010 жылдары барлығы 40 мыңнан астам әртүрлі іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде 210 семинар, 50-ге жуық дөңгелек үстел, жеті мың дебат, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша диспуттар, 20 мыңнан астам қайырымдылық акциялары, суреттердің, плакаттардың конкурстары, мерекелік концерттер және басқалары.  Әртүрлі халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, меценаттар, демеушілер және тағы басқалар іс-шараларды өткізуге белсене қатысады. Ата-аналар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде, балалардың қатысуымен ата-аналар лекторийлерін, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу көзделген. Білім беру ұйымдарында Бала құқықтары туралы конвенцияға арналған стенділер, бұрыштар, кітапханаларда құқықтық білім беру жөніндегі стенділер ресімделген.

Айталық, мысалы, 2009 жылғы қарашада Астана қаласында Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына арналған «XXI ғасыр балалары: біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты республикалық саммит өткізілді. Саммиттің негізгі міндеттері – Бала құқықтары туралы конвенцияның баптары туралы хабардар болуды жоғарылату, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы балалар мен жасөспірімдер жағдайының ең өзекті проблемаларын айқындау, дипломатия тілі мен төзімділікке үйрету.

2010 жылы Павлодар қаласында III-ші Республикалық патриоттар форумы өтті. Форумға қатысу балаларға қоғамдық маңызы бар қызметке, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар өткізуге қатысуда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

2010 жылғы  19 – 29 қараша аралығында Бүкіләлемдік Бала күніне арналған «Бүкіл әлем мен үшін» тақырыбына онкүндік өткізілді. Бүкілқазақстандық онкүндік барысында бүкіл республика бойынша әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар, оның ішінде қайырымдылық акциялары, конкурстар, дебаттық турнирлер, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, кездесулер мен әлеуметтану сауалнамалары өтті.

Республикада үгіттоптар, үгітбригадалар, мектеп омбудсмендері жұмыс істейді.

Павлодар облысында мектеп омбудсмендері әрекет етеді. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстағы жалпы білім беретін 146 мектеппен бірге мектеп омбудсмені қызметінің ережесіне қол қойып, 2009 – 2011 оқу жылына арналған жоспарын бекітті. Білім беру ұйымдарында мектеп омбудсмендерінің атына жазылған өтініштер мен хаттар үшін жәшіктер орнатылған, оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Павлодар қаласындағы мектеп омбудсмендері компьютерлік клубтарды тексеру акциясына қатысып, қала мектептері оқушыларының арасында өз құқықтары туралы хабардар болу мәселелері жөнінде сауалнама жүргізді.

«Құқықтық шолғыншы» үгіттоптары  Конвенция баптары туралы әңгімелер, сюжеттік қойылымдарды көрсетуді жүзеге асырады, құқық тақырыбына викториналар, сайыстар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

Жыл сайын республикада әлеуметтану зерттеулері, Конвенция ережелері туралы  балалардың хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары бойынша ағартушылық және білім беру қызметінің  мониторингі жүргізіліп отырады.

2009 жылы Қазақстан Республикасының  Конвенцияны ратификациялауының 15 жылдығы шеңберінде және 2010 жылы республиканың бiлiм беру органдары балалардың Конвенция ережелерi туралы хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары жөнiндегi ағартушылық және бiлiм беру қызметінің  мониторингін жүргiздi. Алынған материалдарды талдау республиканың бiлiм беру ұйымдарында, әсіресе елді мекендерде, оқушылар арасында да, сондай-ақ ата-аналар қауымы мен педагогтар арасында да Конвенция ережелерiн түсiндiру жөнiндегi жұмыстың жандана түскенi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.

2010 жылы республиканың қалалық және ауылдық өңірлерінен 193 025 бала балалардың өз құқықтары жөнінде хабардар болуының, Бала құқықтары туралы конвенция, балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына; бала сатуға, балалардың жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультивтік хаттамалар сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуінің деңгейі жөнінде зерттеулермен қамтылды.

Тұтастай алғанда, оқушылардың бала құқықтары туралы мағлұматы бар. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы халықаралық құқық қорғау құжаттары туралы жақсы білетінін көрсетті.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы Бала құқықтары туралы конвенция туралы біледі: ең жоғары көрсеткіш Батыс Қазақстан (89%), Павлодар (89%), Шығыс Қазақстан (86%), Жамбыл (62,1%) облыстарында. Қалған облыстарда Конвенция туралы хабардар болу көрсеткіштері 56%-дан 60%-ға дейінгі аралықта.

Білім берумен, сондай-ақ денсаулықпен және эмоционалдық саулықпен (физфикалық және психологиялық зорлықтың, кемсітудің, қатал немесе немқұрайлы көзқарастың барлық түрлерінен қорғаумен) байланысты  құқықтар ең маңызды құқықтар деп белгіленді.

Зерттеу нәтижелері бойынша мектеп балалар үшін ең негізгі және маңызды құқықтық ақпарат көзі болып қала береді. Атырау облысы (86%), Алматы қаласы (60%), Ақтөбе (54%) және Қарағанды (50,5%) облыстары балаларының жартысынан астамы осылай деп санайды. Қалған облыстардағы балалар мектептен басқа, ата-аналар мен БАҚ-ты ақпарат көзі болып табылады деп санайды. 

Сауалнамаға қатысқандардың барлығының дерлік бала еңбегінің ең нашар түрлері туралы хабары бар. Бұл терминді Алматы қаласының сауалнамаға жауап берушілерінің жартысынан астамы (63%)  анықтай алды. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары (98,9%), Ақмола облысының сауалнамаға қатысқан оқушылары (89%) және қалған облыстар оқушыларының 57%-дан астамы республикада балалардың мәжбүрлі жұмыс істеуіне тыйым салынғанын біледі.


Шығыс Қазақстан (98%), Ақмола (98%), Павлодар (96,5%), Батыс Қазақстан (95%),  Қызылорда (63,1%) облыстары, Алматы қаласы (54%) оқушыларының жартысынан астамы сауалнамаларда мемлекеттіңі бала сатуға, балалардың жезөкшелігі мен балалар порнографиясына тыйым салғаны туралы білетінін көрсетті. Қалған облыстардың оқушылары сауалнамаларда мемлекет бала сату мен балалардың жезөкшелігі үшін жазалайды деп көрсетті. Ауылдық жерлерде балалардың Конвенция ережелері туралы білімі қалалық жерлерде тұратын балалардың білімінен кем түспейтінін атап өткен жөн.

 

 

 

Баяндаманы қалың бұқара арасында тарату

 

«Қазақстан Республикасындағы  бала құқықтары туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Комитет жыл сайын Мемлекет басшысына республикадағы балалардың жағдайы туралы баяндама дайындайды, ол Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына орналастырылып, жұртшылықты хабарда ету үшін бөлек кітапша ретінде шығарылады. 

45-ші сессияда Қазақстанға берілген  ұсынымдарды іске асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитеттің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, 2007 жылғы 7 қарашада Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 5-ші отырысында бекітілді. Бұл Жоспар және Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдары Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылған.

Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Астана қаласында 2009 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы БҒМ «Балалық шақты қорғаудың қазақстандық жүйесі: түйінді проблемалар, тәжірибе, перспективалар» тақырыбына республикалық дөңгелек үстел отырысын өткізді. «Дөңгелек үстел» жұмысына республиканың мемлекеттік органдарының, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ), ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Азаматтық қоғам ұйымдарымен ынтымақтастық

 

Балалық шақ мәселелерімен 221 үкіметтік емес қоғамдық ұйым (бұдан әрі – ҮЕҰ) айналысады. 40-тан астам ҮЕҰ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға, келісімдерге  және шарттарға қол қойылды.

Біріккен жобалар іске асырылып, халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен балалық шақ проблемаларын шешу жөнінде әлеуметтану зерттеулері, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқу семинарлары, тренингтер, кеңестер жүргізіледі.

2011 жылғы маусымда омбудсмен, БҰҰ Қазақстандағы Балалар қоры мен Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды, оның мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін балалар мекемелерінде бала құқықтарын сақтау бөлігінде мониторинг өткізуге үйрету болып табылады. 

2007 – 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) бірлесіп, 24 әлеуметтану зерттеуін жүргізді, 80 мыңнан астам жинақтар мен оқу құралдарын әзірлеп, басып шығарды. Балалар мен  ересектерге мағлұмат беру үшін бала құқықтары туралы 4 фильм, 14 бейнеролик, «Что мне надо знать?», «Не білуім керек?» атты 2 мультипликациялық фильм шығарылды.

Республиканың 10 өңірінде жетім балаларды өз отбасына алғысы келетін азаматтарды даярлау үшін 14 Өкіл ата-аналар мектебі ашылды. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қызақстан облыстарында және Астана қаласында 7 отбасын қолдау орталықтары мен қызметі жұмыс істейді.

Информация о работе Компьютермен жумыс