Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

 

 

f) Жеке бастың тірлігіне  құқықты қорғау

(16-бап)

 

«Жеке бастың тірлігіне құқықты  қорғау» Конвенциясының 16-бабының  нормалары  2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 151 – 152-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 152 – 160-тармақтарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес әрбір адам жеке өмірге қолсұғылмаушылыққа, тұрғын үйіне қол сұғылмаушылыққа құқылы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауда.

Баланың, оның ішінде жетім баланың  тұрғын үйді сақтауға арналған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету  үшін 2009 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оның шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдардың санатына жетім балаларды ғана емес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды енгізу туралы норма және олардың тұрғын үй алуға кезекте тұру жасын 23 жасқа дейін ұлғайту көзделген.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Тұрғын үй қатынастарының мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар белгіленген тәртіпке  мемлекеттік тұрғын үй қрынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және 29 жасқа дейін есепке алынғандар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарылуға тиісті емес.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі 2010 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының  әкімдеріне жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды  тұрғын үймен, оның ішінде тұрғын үйді бекітіп беру және сақтау мәселелері бойынша қамтамасыз ету бөлігінде  «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын орындау жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын бұзу фактілері талқылау мәні болып қалуда.

Мәселен, соңғы үш жылда қамқоршылық  және қорғаншылық органдарының талап-арыздары бойынша 51 пәтер қайтарып алынды (Ақмола облысында – 8 пәтер, Қарағанды облысында – 14, Қостанай облысында – 5, Қызылорда облысында – 10, Маңғыстау облысында – 2 және т.б.).

Қамқоршылық және қорғаншылық органдары  сотқа ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға тұрғын үйді қайтару бойынша 149 талап-арыз берді (олардың ішінде тек қана Қостанай облысы бойынша – 60 талап-арыз, Қарағанды облысы бойынша – 17, Қызылорда облысы бойынша – 9, Ақмола облысы бойынша – 9, Ақтөбе облысы бойынша – 3 және басқалары).

Республикада жетім балалар  мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасындағы білім беру ұйымдарының  түлектері үшін 29 жасөспірімдер  үйі ашылды, оларда 17-ден 23 жасқа  дейінгі жастағы 1360-қа жуық түлек тұрады. 2006 жылдан бастап 2010 жыл кезеңінде осы санаттағы балаларға 327 пәтер бөлінді, 599 бала бекітіліп берілген тұрғын үйге қайтып оралды.

Қарағанды облысының әкімшілігі 16-дан 23 жасқа дейінгі жастағы жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес 320 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін, 4 Жасөспірімдер үйі және Жастар үйі ашылатын болады. 

Ақтөбе облысында Жастар үйінің «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі» АҚ-да жеке меншік тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнасы  бар тәрбиеленушілері үшін 15 млн. 568 мың теңге мөлшерінде сома бөлінді.

Қостанай облысында 2006 – 2010 жылдар кезеңінде «Жалдамалы (коммуналдық) тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 75 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бір бөлмелі тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде 39-ы – 2009 жылы.

Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы санаттағы 108 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Астана қаласында 2010 жылы жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша, бірақ  кезекке сәйкес тұрғын үй алғанға  дейін жалдауға берілетін пәтерлер берілді. Некеде тұрмағандарға екі адамға бір бөлмеден деп ескеріліп тұрғын үй берілді. 

 

 

g) Тиісті ақпаратқа қолжетімділік

(17-бап)

 

Баланың тиісті ақпаратқа қолжетімділігіне құқық 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 153 – 158-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 161 – 177-тармақтарында көрсетілген.

Білім беруді ақпараттандыруды дамыту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2010 жылы 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы бұл көрсеткіш  
41-ді құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерлерде. 2011 жылы бір компьютерге 16 оқушыдан келеді. 

2010 жылы Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылды, ауылдық – 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ы кең жолақты Интернетке қол жеткізді. Осындай мүмкіндіктің арқасында балалар ақпарат әлеміне және интерактивті оқу ресурстарына қолжетімділік алуда.

Білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың үздік білім  беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында «e-learning» электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады.  
«e-learning» электрондық оқытуды 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % пайдалану жоспарланып отыр.

Алға қойған мақсатқа жету оқу сапасын, білім беруді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арттырады.

Ашық қолжетімділіктегі  орта, техникалық және кәсіптік білім  беру ұйымдарын цифрлық білім  беру контентімен толық қамтамасыз ету (қандай да болмасын ақпараттық ресурсты – мәтін, графика, музыка, бейне, дыбыс және т.б. толтыру немесе ұстау) жоспарланып отыр.

Оқу үрдісіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті  жабдықпен жарақтандырылатын болады: жаңа үлгідегі компьютерлер, Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және басқалары.

2007 – 2008 оқу жылынан бастап  республика мектептерінде он-лайн  оқыту жүйесі енгізілуде. Бес  жылда 3571 мектеп интерактивті  кабинеттермен жабдықталды. 

2007 – 2008 оқу жылынан бастап интерактивті сабақтар, семинарлар, форумдар өткізілуде.

Интерактивті сабақтарды өткізу үшін портал (www.sabak.kz) жұмыс істейді, мұнда интерактивті сабақтардың 100-ден астам бейнежазбалары сақталған. Порталға орналастырылған барлық электрондық ресурстар ақпаратты өз бетімен алуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мектепте берілетін  пәндердің 95 %-ы цифрлық форматқа ауыстырылған. Электрондық оқу басылымдарын «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ әзірлейді. Республикада мектеп оқушыларының 100 %-ы оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Интернат ұйымдарының тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі.

БАҚ арқылы ақпарат алуға қолжетімділік  шектелмеген. Балалардың әлеуметтік маңызы бар ақпаратқа қолжетімділігін  қамтамасыз ету мақсатында шамамен 90 БАҚ тартылды, олардың ішінде: «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК, «Рахат-ТВ», «Астана қаласының телевидениесі», «Қазақпарат» ақпараттық агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Айқын», «Ақ желкен», «Альянс kz», «Балдырған», «Жас ұлан», «Дружные ребята» газеттері және басқалары.

«Қазақ радиосы» эфирінде балаларды қорғауға бағытталған 4 бағдарлама шығады. Бұл – кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу туралы «Жеткіншек», «Бап пен бақ», «Заман біздікі», «Балауса» бағдарламалары.

Баланың құқықтары туралы конвенцияның қағидаттары мен ережелерін түсіндіру жөніндегі, сондай-ақ денеге жарақат салудың барлық нысандарынан балалардық құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау «Бетпе-бет», «Жеті күн», «Талап пен тәртіп», «Третьего не дано», «Сырға», «Көңілашар», «Бір күн», «Көзқарас», «Апта kz», «Азамат» сияқты және басқа да ақпараттық-талдау бағдарламалары шеңберінде өтеді.

«Ел арна» телеарнасында эфирге бір жыл бойы балаларды мәдени, білім беруді дамытуға бағытталған 6 бағдарлама шығады («Хочу быть»  бағдарламасы, «Наши дети», «Мейірім» жобалары, «Топ малыш», «Волшебные буквы» бағдарламалары және басқалары).

Баспа БАҚ-тарда  жасөспірімдер мен балалардың жетістіктеріне, Баланың құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына арналған материалдар  ұдайы жариялануда. Атап айтқанда, «Миссия Батыра» («Экспресс К»), «Батыр стал послом» («Время»), «Добрая воля Батырхана» («Комсомольская правда в Казахстане»), «Защитим детство» («Казахстанская правда»), «Бала тағдырына бей-жай қарауға болмайды» («Айқын») және басқа мақалалар.

Республикада 256 балалар кітапханасы жұмыс істейді. Балалар кітапханасында оқитындардың саны – 1,5 миллион бала.

Балалардың баспа  БАҚ-тарға, оның ішінде балалар көркем әдебиетіне қолжетімділігін қамтамасыз ету, белгілі қазақстандық балалар  жазушылары мен ақындарының шығармашылығын дәріптеу мақсатында жыл сайын «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекелік іс-шара өткізіледі. Балаларды мектептегі, қалалық кітапханаларға тарту үшін бұл іс-шара балалар жазушыларын, ақындарды, журналистерді шақыра отырып, орталық кітапханаларда өткізіледі.

Бұдан басқа, балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрлар мемлекеттік және орыс тілдерінде 200-ден астам спектакль дайындады, олармен 100 мыңнан астам бала қамтылды. 

2010 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алтыншы отырысында компьютерлік клубтардың балалар мен жасөспірімдердің дамуына теріс әсерін азайту туралы мәселе қаралды.

2010 жылы педагогтарға, психологтарға,  ата-аналарға арналған «Порнографияны, қатыгездікті және зорлық-зомбылықты насихаттайтын аудио, бейне өнімнің, компьютерлік және ақпараттық тасығыштардың балалардың физикалық және психикалық денсаулығына әсері» атты әдістемелік ұсыным шығарылды (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

Қазіргі уақытта компьютерлік клубтардың (Интернет-кафе) кәмелетке толмаған келушілерге ақпарат беру жөніндегі қызметін немесе олардың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтірмейтін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдануда.  

Астана қаласының Есіл аудандық соты 2011 жылғы 3 маусымдағы  
№ 2-1078/11 ҚР аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары – балалар порнографиясын жарнамалайтын интернет-ресурстардың таралуын жою туралы шешім қабылдады.

 

 

h) Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын  
немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе  
жазалау түрлеріне ұшырамау құқығы

(37-баптың а) тармақшасы)

 

Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлеріне ұшырамау құқығы 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың  
159 – 162-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 178 – 188-тармақтарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес ешкiмдi адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Адамның қадір-қасиетін қол сұғылмайды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл жанынан 2008 жылдан бастап мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлерінен, белгілі құқық қорғаушылардан және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын жабық мекемелерде азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлерін қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, олар бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру орындарына жиі барады. Оның ішінде балалар отырған УҰО (уақытша ұстау оқшаулағыштары), ТО (тергеу оқшаулағышы) және тәрбиелеу колониялары.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 347-1-бап енгізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 116-бабына толықтыру енгізілді, оған сәйкес дәлелдер ретінде жол берілмейтін іс жүзіндегі деректердің қатарына азаптауды қолданып алынған деректер жатқызылды. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы болған балаларды азаптаудан және өзге де тиесілі емес әрекет етуден белгілі бір қорғау жүйесін құрайды. Қорғаушының, заңды өкілдің және педагогтың тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде міндетті түрде қатысуы, міндетті түрде алдын ала тергеу, бас бостандығынан айыру орындарында ересектерден бөлек орналастыру, туысқандарына баланы ұстағандығы туралы дереу хабардар ету баланы қорғаудың қосымша кепілдіктері болып табылады.

Информация о работе Компьютермен жумыс