Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

Ыстық тамақпен тегін тамақтандыру Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының барлық бастауыш сыныптарының оқушыларына ұйымдастырылған.

2005 жылдан бастап  аз қамтылған отбасылардың оқушылары  үшін тамақтануды ұйымдастыруға  бөлінетін шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес бес есеге ұлғайтылды. 2010 жылы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жаппай оқу қорынан 2,9 млрд. теңге (2005 жылы – 518,5 млн. теңге) бөлінді.

Білім беруге арналған құқықты қамтамасыз ету үшін мектеп жоқ елді мекендерде тұратын 28 314 (2009 жылы – 26 458, яғни 71,6%) оқушыны немесе оқушылардың 76 % мектепте тасу ұйымдастырылды.

Мектепте тамақ беруді жаңғырту және балаларды мектепке дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру мәселелері 

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына және аумақтарды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілді.

Балаларды ең үздік қамтамасыз ету  үшін республикада аз қамтылған отбасылардың балаларына тұрақты көмек көрсетілуде.

2010 жылыаз қамтылған отбасылар  білім беру ұйымдарының деректері  бойынша бір жүз елу мыңға  жуық, оларда үш мыңнан астам  бала бар. 

2010 жылы «Мектепке жол», «Қамқорлық»  акцияларының барысында әлеуметтік  қорғалмаған санатқа жататын  374 655 балаға 1,7 млрд. теңге  
сомаға көмек көрсетілді (2009 жылы – 439 мың балаға жуық 1 ,6 млрд. теңге сомаға).

Жаппай оқу қорына әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге аударымдардың сомасы 5,5 млрд. теңгені құрады немесе мектепті күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7 %  (2009 жылы – 4,6 млрд. теңге немесе 1,6 %).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының  
4-тармағына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарын білім алу кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.

2008 – 2009 оқу жылында 510 жетім  балаға білім беру гранттары  бөлінді, 2009 – 2010 оқу жылы –  463, 2010 – 2011 оқу жылы – 444.

Бұдан басқа, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды  қамтамасыз ету үшін:

1) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 18 жасқа дейін жәрдемақы тағайындалады (1 асыраушыдан айырылған кезде – 9 869 теңге, тұлдыр жетім – 13 457 теңге), 18 жастан асқан оқитын азаматтар орта білім беру жүйесіндегі оқу орнын аяқтағанға дейін, жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитындар 23 жасқа дейін осы көмек түрін алады;

2) жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға  арналған білім беру ұйымдарын  толығымен мемлекеттік қамтамасыз  ету (балалар үйіндегі бір баланы ұстау жылына 1 млн. теңгеден астамды құрайды және оқу кезеңінде тегін оқулықпен қамтамасыз ету көзделген;

3) техникалық және кәсіби, орта  білімнен кейінгі және жоғары  білім беретін кәсіби оқу бағдарламаларын  іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінің 1 пайызы мөлшерінде қабылдауға квота бөлінеді;

4) мемлекеттік тапсырыс (грант)  бойынша оқитын, отбасыларда тұратын  жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарындағы студенттерге мемлекеттік стипендия бастапқы мөлшерге (15 235 теңге) қарағанда 50 %-ға ұлғайды.

 

 

c) Өмір сүруге, тіршілік  етуге және дамуға арналған  құқық

(6-бап)

 

Баланың өмір сүруге, тіршілік етуге  және дамуға арналған құқығы Конвенцияны 2003 жылы орындау туралы бастапқы баяндаманың 122 – 128-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының 2007 жылы іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 97 – 102-тармақтарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасында өлім жазасына кесілген кәмелетке толмаған бала жоқ. Өлім жазасына мораторий өлім жазасын болдырмау туралы мәселені шешкенге дейін жұмыс істеуін жалғастыруда.

Қазақстан Республикасында балалардың өмірге құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге және баланың өмір сүруін және дамуын барынша ықтимал дәрежеде қамтамасыз етуге бағытталған жүйе қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы  
№ 1113 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламада бастапқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру мен оның қолжетімділігі, ана мен сәбидік, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мәселелеріне басым көңіл бөлінді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жұмсалатын қаражат  ұлғайтылды.

Балаларға тегін медициналық қызмет көрсету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 637 «Амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен балаларға арналған және емдік тамақтанудың мамандандырылған өнімдері рецепттер бойынша тегін берілетін аурулардың түрлері мен жекелеген тұрғындар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» және 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес қамтамасыз етіледі. 

Балалардың ауруларын  уақтылы анықтау және оларды сауықтыру үшін республикада жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қаралуға тиесілі балалардың  98,6 % профилактикалық медициналық тексерумен қамтылды. Балалардың 26 %-ынан ауытқу анықталды, олардың ішінде 68 % науқас сауықты, балалардың 15 % диспансерлік есепке алынды.

Балаларды профилактикалық  тексеру нәтижелерін талдау 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда көзінің  көруі нашарлаған балалардың деңгейінің сақталып отырғандығына қарамастан, құлақ естуі төмендеген балалардың үлестік салмағының (18 %-ға азаю), сөйлеуінде ақауы барлардың (24 %-ға), сколиозы барлардың (24 %-ға), мүсінінің бұзылуының (2 есеге) азаю үрдісі байқалғандығын көрсетті.

Балалардың ауруы қарқын алуда, әсіресе, жаңадан пайда болулар (1,8 есеге), дамуында туа біткен ақауы барлар (18 %-ға), жұқпалы аурулармен ауру салдарынан (20 %-ға),  жүйке жүйесінің аурулары (14 %-ға), сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары (16 %-ға) өсті.

 

0 – 14 жастағы балаларды профилактикалық тексеру және  
олардың нәтижелері

 

2007

2008

2009

2010

Қаралған балалардың барлығы, мың

3 713,9

3 583,1

3 804,9

3 814,5

Балаларды қарау кезінде анықталды:

       

құлақ естуінің нашарлауы

       

барлығы, мың

9,8

8,7

9,3

8,0

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,3

0,2

0,2

0,2

көз көруінің нашарлауы

       

барлығы, мың

82,7

77,9

86,1

83,5

қаралғандардың ішінде пайызбен

2,2

2,2

2,3

2,2

сөз сөйлеуінде ақауы барлар

       

барлығы, мың

23,7

19,3

20,0

18,1

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,6

0,5

0,5

0,5

сколиозы барлар

       

барлығы, мың

17,1

16,2

14,6

13,0

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,5

0,5

0,4

0,3

мүсінінің бұзылуы

       

барлығы, мың

36,6

32,0

24,9

18,4

қаралғандардың ішінде пайызбен

1,0

0,9

0,7

0,5


 

 

Қазақстан Республикасында балалардың аурулардың  
жекелеген сыныптары мен аурулардың топтары бойынша  
2007 – 2010 жылдардағы жалпы ауруы

(0-14 жастағы 100 000 баланың ауруы)

 

2007

2008

2009

2010

100 000 балаға аурудың саны – барлығы олардың ішінде:

99 728,9

99 172,2

103 642,3

101 482,3

жұқпалы және паразитарлық аурулар

3 745,6

3 348,8

3 233,0

3 007,2

жаңадан пайда болулар 

87,6

127,2

104,7

158,2

қан, қан айналысы органдарының аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген  бұзылулар 

5917,7

3966,6

5581,5

5 259,7

эндокринді аурулар, тамақтанудың және хат алмасудың бұзылуы

1638,5

1584,2

1539,7

1 537,7

жүйке жүйесінің аурулары

2853,4

3102,9

3425,9

3 250,8

көз және оның бағыныңқы аппаратының аурулары

3329,1

3511,9

3458,3

3 479,8

құлақ пен еміздік тәрізді өсінді аурулары

2747,1

2750,4

2928,3

2 935,6

қан айналымы жүйесінің аурулары

477,0

489,3

549,0

486,7

тыныс алу органдарының аурулары

56510,9

55973,3

60262,7

58 959,6

ас қорыту органдарының аурулары

6370,8

6774,4

6394,1

6 606,0

зәр шығару жүйесінің аурулары

1735,5

1842,1

1853,9

1 709,7

тері және тері асты өзектерінің аурулары

5145,5

5248,7

5122,6

5 270,1

сүйек-бұлшық ет жүйесінің және біріктіруші  тіндердің аурулары

1290,4

1192,2

1196,0

1 083,8

перинаталды кезеңде пайда болатын жекелеген жай-күйлер

2739,7

2963,7

2959,1

2 690,7

туа біткен ақаулар (даму кемістігі), деформациялар мен хромосомды бұзылулар

595,9

604,1

718,2

702,7

жарақаттар мен уланулар

3523,7

3178,3

3393,7

3 471,0


 

Кейбір аурулардың көрсеткіштерінің ұлғаюын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізіп жатқан диагностика сапасының  артуымен және әлеуметтік-экономикалық себептер кешенімен түсіндіруге болады: қоршаған ортаның ластауы салдарынан «техногендік» жүктемелер; балалардың күнделікті өмірінде стрессті жағдайлардың ұлғаюы; урбанизация және балалардың өміріне ақпараттың кеңінен енуі; оқушылардың тамақтану сапасының нашарлауы және басқалары.

Баланың дене бітімін дамыту, салауатты  өмір салтын қалыптастыру үшін республикада 10 мың баланы қамтитын 20-дан астам  жас туристер станциясы, 18,5 мың баланы қамтитын 733 туристік-өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептердің саны өсуде: 2007 жылы олар 407 болды, 2010 жылы – 423. Балаларды қамту 2007 жылы – 219 739, 2010 жыл – 240 380 бала мен жасөспірімді қамтыды, бұл оқушылардың жалпы санының 10 % (2,5 млн.). 

Бүгінгі таңда 23 мыңнан астам спорттық секциялар ашылды, оларда  
664 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер шұғылданады, бұл орта білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 21 %-ын құрайды.

Тұтастай алғанда, спортпен шұғылданатын балалардың жалпы санының ұлғаюы серпіні 2010 жылдың қорытындылары бойынша 379783 адамды құрайды немесе 1,7 %.

Ауру балалардың дене бітімін дамыту, спорт саласындағы дарынды мүгедек  балаларды анықтау мақсатында «Спешиал Олимпикс Қазақстан» қоғамдық бірлестігі мен Білім және ғылым министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес спорттық-бұқаралық іс-шаралардың жыл сайынғы күнтізбелік жоспарына сай ақыл есі кем балалар, мүгедек балалар арасында спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Спешиал Олимпикс Қазақстан құрама командасы Жапониядағы  
VII Дүниежүзілік Қысқы Арнайы Олимпиядалық ойындарда жүлделі бірінші және екінші орындарды жеңіп алды.

Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық  сақтау, Байланыс және ақпарат, Мәдениет, Туризм және спорт министрліктері кәмелетке  толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және оны болдырмау жөнінде 2011 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспардың негізгі міндеті – осы мәселенің жай-күйіне дұрыс бірлескен мониторинг ұйымдастыру, мектептердегі психологиялық қолдау қызметтерінің жұмысын талдау және жетілдіру, білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер мамандарының балалар мен жасөспірімдердегі алаңдаушылық дәрежесін анықтау мәселелесі бойынша біліктілігін арттыру, балалар мен оқитын жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөнінде ақпараттық, насихаттаушылық және консультациялық жұмыс жүргізу.

Информация о работе Компьютермен жумыс