Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

 

Үй шаруашылықтарының мөлшері

 

2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша отбасының орташа мөлшері 3,5 адамды құрады. Неғұрлым кең таралған отбасы екі адамнан құралған – 30%,  үш – 27%, төрт – 22%, бес және одан көп – 21%.

18 жасқа дейінгі балалардың 72 %-ы – ата-анасымен, 15 %-ы – тек анасымен, 6 %-ы – тек әкесімен, 6 %-ы – ата-анасыз тұрады.

 

 

2011 жылғы  қаңтардағы халықтың жан басына шаққандағы

  орташа ақшалай кірісін бағалау 

 

Алдын ала деректер бойынша 2010 жылғы желтоқсанда халықтың жан басына шаққандағы  номиналды орташа ақшалай кірісі 41122 теңгені құрап, 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,0 %-ға ұлғайды. Нақты ақшалай кіріс 8,2 %-ға өсті.

2010 жылғы желтоқсандағы жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірісінің мөлшері бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары көш бастап отыр, мұнда аталған көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3 – 1,7 есе артық.

2010 жылғы желтоқсанда тұрғындар кірісінің шамасы орта есеппен республикалық деңгейдің 61,4 %-ын және 74,0 %-ын құраған Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстары кірісі ең төменгі деңгейдегі өңірлердің қатарында байқалған. Сонымен қатар, Қостанай және Алматы облыстарында тұрғындардыың нақты ақшалай кірісінің неғұрлым жоғары өсу қарқыны байқалды.

2011 жылғы 1 қаңтарда өңірлер бойынша  ең төменгі және ең жоғарғы  коминалды ақшалай кіріс арасындағы қатынас 3,8 есені құрады (2010 жылғы қаңтарда – 3,9 есе). 

 

 

                    Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейінің серпіні                                                                                                                                                                                                           

                                                                                                                                                                                                                                        пайызбен

          I т.      I I т.      I I I т.        IV т.        I т         I I т.      I I I т.        IV т      I т         I I т.      I I I т.        IV т      I т         I I т.      I I I т.        IV т     I т         I I т.      I I I т.        IV т

 

         2006 ж.                           2007 ж.                    2008 ж.                     2009 ж.                       2010 ж.     

әр тоқсан бойынша кірісі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі

бір жылда орта есеппен кірісі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі

 

 

Халықтың тұрмыс деңгейінің индикаторлары

 

Индикаторлар

2007

2008

2009

2010

1

Кірісі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі, %

12,7

12,1

8,2

6,5

қала

6,9

8,1

4,1

3,7

ауыл

18,1

15,9

12,1

10,1

2

Кірісі азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі, %

1,4

1,2

0,6

0,4

қала

0,7

0,6

0,2

0,3

ауыл

2,1

1,7

0,9

0,6

3

Кедейлік тереңдігі, %

2,4

2,3

1,3

1,1

4

Кедейлік өткірлігі, %

0,8

0,7

0,3

0,3

5

Үй шаруашылықтарының халықтың жан басына шаққандағы орташа кірісі (тұтынуға пайдаланылған), теңге

16 935 

  20 037  

21 348  

26 152

қала

19 865  

23 365  

  25 008  

30 529

ауыл

13 687  

  16 271  

  17 136  

20 985

66

Тұтынуға пайдаланылған кірістердің күнкөріс деңгейімен қатынасы, %

175,4

162,1

168,6

193 .9

77

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды орташа ақшалай кірісі, теңге

25 226  

32 984

34 828

40 473

78

Нақты ақшалай кіріс индексі,  %

118,9

111,8

96,9

110,2

89

Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығысы, теңге

15 516  

  18 324  

  19 718  

24 460

қала

19 172 

22 569  

24 220  

29 754

ауыл

11 465  

  13 520  

  14 537  

18 209

110

10% неғұрлым көп және 10% неғұрлым аз қамтамасыз етілген  халықтың арақатынасы

   7,2

6,2

5,3

5,7

111

Кірістің шоғырлану коэффициенті (Джини индексі)

0,309

0,288

0,267

0,278

112

Үй шаруашылығының орташа мөлшері, адам

3,4

3,3

3,4

3,5

қала

2,9

2,9

3,0

3,2

ауыл

3,9

3,9

4,0

4,2


 

Күнкөрістің деңгейі азық-түлік  өнімдерінің 43 атауы бойынша айқындалды және ондағы азық-түлік қоржынының пайыздық арақатынасы 60%-ды құрайды.

 

 

Табысы төмен  халықтың үлесі

 


 

 

 

                                                                


 


кірісі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

кірісі азық-түлік жиынтығының құнынан төмен халықтың үлесі


 

Күнкөріс деңгейінен төмен тұратын тұрғындардың үлесі бірнеше жыл бойы қатарынан азаюға оң үрдіс алып, 2010 жылы 6,5%-ды құрады.

 

Қылмыс  жасаған  адамдар саны

 

(барлығы, адам)

 

2007

2008

2009

2010

Барлы-ғы

Оның ішінде кәме-летке толма-ғандар

Барлы-ғы

Оның ішінде кәме-летке толма-ғандар

Барлы-ғы

Оның ішінде кәме-летке толма-ғандар

Барлы-ғы

Оның ішінде кәмелет-ке толма-ғандар

Қазақстан Республикасы

79641

8344

78078

7519

78673

6651

84 411

6 070

Ақмола

4651

482

4563

446

5074

488

5 537

433

Ақтөбе

3783

298

3735

321

3442

269

3 820

198

Алматы

6289

652

6484

679

6610

488

6 359

466

Атырау

2370

203

2286

166

2267

151

2 474

132

Шығыс Қазақстан

10134

1319

9989

1078

10681

1112

10 498

943

Жамбыл

3387

379

3431

367

3689

368

3 614

316

Батыс Қазақстан

3419

476

3387

446

3083

328

3 716

337

Қарағанды

7176

771

7012

735

6974

664

7 459

744

Қостанай

5864

946

6015

764

5624

588

5 712

440

Қызылорда

3013

273

2671

181

2841

184

2 978

170

Маңғыстау

1934

219

2302

322

2051

216

2 163

232

Павлодар

5573

687

5051

580

5021

511

5 289

441

Солтүстік Қазақстан

3497

358

3147

256

3135

207

3 650

209

Оңтүстік Қазақстан

5409

536

5403

519

5711

513

6 116

477

Астана қ.

2091

148

2190

144

2421

135

2 474

110

Алматы қ.

5592

347

5320

337

5420

296

8 475

309


 

 

 

 

Адам құқығын  қорғау және мадақтау үшін жалпы шектеулер

Адам құқығы саласындағы халықаралық нормаларды қабылдау

 

Қазақстан ратификациялаған халықаралық  шарттар бала құқығын іске асыруға ықпал етеді. Қазақстан адам құқықтары саласындағы әмбебап халықаралық шарттардың көпшілігіне қатысады.

2005 жылы Қазақстан Нью-Йоркте 1950 жылғы 21 наурызда жасалған Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы конвенция мен оған Қорытынды хаттаманы ратификациялады.

Мыналар 2008 жылы ратификацияланды:  

2000 жылғы 13 желтоқсанда  Палермо қаласында қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама (Нью-Йорк қаласы, 2000 жылғы 15 қараша).

1930 жылғы 28 маусымда Женева қаласында қол қойылған Халықаралық еңбек ұйымының № 29  Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы конвенциясы, 1957 жылы 25 маусымда Женева қаласында қол қойылған Халықаралық еңбек ұйымының №105 Мәжбүрлі еңбекті жою туралы конвенциясы, 1999 жылғы 17 маусымда Женева қаласында қол қойылған Халықаралық еңбек ұйымының № 182 Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенциясы ратификацияланды. Бұдан басқа, Қазақстан 1977 жылғы 8 маусымда Женева қаласында қол қойылған, құлдыққа және кез келген нысандағы құл саудасына тыйым салатын 1949 жылғы 12 тамыздағы Халықаралық қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғауға қатысты Женева конвенциясына қосымша хаттамаға (Хаттама II) қосылды.

2010 жылы 1993 жылғы 29 мамырда Гаага қаласында қол қойылған  Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификацияланды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес аталған халықаралық шарттар ратификацияланғандықтан, олардың республика заңдарының алдында басым күші болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетіні туындайтын жағдайлардан басқа кездерде тікелей қолданылады.

 Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. 

Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Ратификацияланған халықаралық  нормаларды сот практикасында белсенді қолдануды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2008 жылғы 10 шілдеде «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулы қабылдады. Сөйтіп ол судьяларды Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың құрамдас бөлігі болып табылатын республика қатысатын халықаралық шарттардың нормаларын басшылыққа алуға міндеттеді.

 

 

Ұлттық деңгейде адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпы құқықтық шектеулер

 

2007 жылғы қаңтарда жәке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың мемлекеттік органдарға өтiнiш беруі мен оларды қарау тәртібін белгілейтін «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заңда азаматтардың шағым, сұрау, арыз жазылған өтініштерін қарау тәртібі де, осы өтініштерге жауап беру тәртібі де анық әрі нақты жазылған.

Мемлекеттік органдар мен соттан басқа, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл (омбудсмен), Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты құқық қорғау ұйымдары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия 
      1994 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен консультативтік-кеңесші орган ретінде Мемлекет басшысы жанынан Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды. Адам құқықтары жөніндегі комиссия қызметінің негізгі бағыты Мемлекет басшысына өзiнiң адам құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Комиссияға түсетін өтініштер, ең алдымен, адам құқықтарының ахуалын зерделеу, заңнамалық базадағы және мемлекеттік органдардың құқық қорғау практикасындағы кемшіліктерді анықтау үшін қажет.

 Комиссия мемлекеттік органдармен, соттармен, прокуратурамен, полициямен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, олардың бірлескен қызметі қазақстандықтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасындағы  Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл

Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен құрылды.

Информация о работе Компьютермен жумыс