Компьютермен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:33, контрольная работа

Описание работы

Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшiн және 2005 жылғы 23 – 25 маусымда (HRI/MC 2005/3 құжаты) Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың төртінші комитетаралық кеңесінде қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық шартқа сәйкес баяндамаларды ұсынудың келісілген басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес дайындалды.

Файлы: 1 файл

Per._doklad_na_kaz..doc

— 2.10 Мб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын, өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға өкілетті берілген лауазымды адам болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзгеше қамтамасыз етуді жүзеге асыратын  Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің қызметін  қамтамасыз етеді.

Комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың өздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заң актілерімен және халықаралық шарттарымен кепілдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзатын лауазымды адамдар мен ұйымдардың iс-әрекетi мен шешiмдерiне арыздарын қарайды.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілерін белгілеу мақсатында Уәкілетті өкіл өз құзыреті шегінде жолсыздық фактілері туралы мәліметтерді келіп түскен арыздар негізінде де, егер бұл жолсыздықтар туралы оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса, өз бастамасымен де тексереді.

Бұдан басқа, Уәкілетті өкіл қызметтік куәлігін көрсету арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, оның ішінде, әскери бөлімшелер мен құралымдардың аумақтары мен ғимараттарына кіріп-шығуға және онда болуға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына баруға, онда ұсталатын адамдармен кездесіп, сөйлесуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру үшін орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасындағы үйлестіру қызметiн, сондай-ақ азаматтық қоғамның үкiметтiк емес және басқа да секторларымен ынтымақтастық жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 қаулысымен арнайы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi құрылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен елдегі этносаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативтік-кеңесші орган құрылды. Ассамблеяның конституциялық мәртебесі бар және ол Парламент палаталарының бірі – Мәжіліске 9 депутат сайлауға құқылы. 2008 жылғы қазанда оның қызметін нормативтік-құқықтық реттеуді қамтамасыз еткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.

Жоғарыда аталған институттардың барлығы құқық бұзуды қорғауда қосымша мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар республикадағы балалардың құқықтарын қорғау мониторингін жүзеге асырады.

Арыздарда көрсетілген фактілерді тексеру барысында, олардың лауазымды адамдар мен ұйымдардан арызды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс не қылмыстық іс қозғау туралы қолдаухатпен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге; жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама жариялауға құқығы бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді.  Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығымен құрылған. Оның мәртебесі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  консультативтік-кеңесші органы. Комиссия міндеттерінің бірі ерлер мен әйелдер мүмкіндігінің  теңдігіне жетуге  ықпал жасау, отбасы институтын нығайту, жыныстар теңқұқылығының сақталмауына, отбасы мәселелеріне қатысты өтініштерін қарау.

 

 

Адам құқықтары жөнінде хабардар болуды жоғарылату

 

Қазақстан Республикасында Адам құқықтары саласындағы іс-қимылдың 2009 – 2012 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) әзірленді.

Ұлттық жоспардың негізгі мақсаттары: адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру, адам құқықтары саласындағы білімнің негізгі принциптері мен әдістерін жалпы түсінуді жетілдіру, ұлттық және халықаралық деңгейлерде адам құқықтары саласындағы білімге баса назар аудару, адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру және дамыту ісінде барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту,  сондай-ақ адам құқықтары саласындағы білімнің қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы  Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді.

Тұжырымдаманың мақсаты  адам құқықтары саласындағы халықаралық  шарттар мен пактілер шеңберіндегі халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту және олардың мемлекетпен және бизнес-сектормен тең құқылы әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық-әдістемелік базасны жетілдіру болып табылады.

Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен «Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама» бекітілді.

Бұл бағдарлама шеңберінде мемлекеттік  органдар мен лауазымды адамдардың құқық түсіндіру жұмысы мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс, халықтың жеке санаттарының құқықтық сауаттылығының міндетті минимумын әзірлеу мен енгізу және адам құқықтарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған басқа да шаралар көзделген.

Адам құқықтары білім берудің  барлық жүйесі шеңберінде және білім берудің барлық деңгейілерінде енгізілуде және іске асырылуды.

Әрбір балаға қажетті көлемде саяси-құқықтық білім беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін бейінді орта мектептердің 10-11 сыныптарында 68 сағат және жаратылыстану-математика бағытындағы мектептердің 10 сыныптарында 34 сағат көлемінде «Құқық негіздері» пәні оқытылады. 9 сыныптарда 68 сағат көлемінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады. Қазақстандық қоғамның құқықтық жүйесі, құқық салаларының негізі, соттың, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының қызметі осы курстарды оқытудың мәні болып табылады.

2006 – 2007 оқу жылынан бастап республика мектептерінде құқық пәндері республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының тізбесіне енгізілді, бұл оқушылардың құқық пәндерін оқуға ынтасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Бұған қоса факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс іс-шаралар жүргізіледі. Оқушылар арасында құқық түсіндіру жұмысын ұйымдастыратын мектеп үгітбригадалары жұмыс істейді.

Адам құқықтарын қорғау және демократиялық бостандықтар, барлық азаматтардың  мемлекет істерін басқаруға қатысу мүмкіндігі, баршаның және әркімнің теңдігі, ұлтына, діни нанымына қарамастан, жеке тұлғаны және бостандықтарды құрметтеу принциптеріне негізделген «Азаматтық білім беру» вариативті курсы жүргізіледі. Вариативті курстың сағат саны – аптасына 1 сағат.

Адам құқықтары саласындағы  білім беру проблемалары жөніндегі материалдар: «Қазақстан балалары» (ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті), «Бала және құқық», «Қазақстан тарихы», «Учитель Казахстана», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан мектебі» және тағы басқа мерзімді журналдар мен газеттерде жарияланады.

Балалардың құқығын қорғау департаменттерінде 6 WEB-сайт құрылған, оларға құқықтық ақпарат орналастырылып, құқық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың құқығын қорғау комитетінің www.bala-kkk.kz сайтында «Өзін-өзі тану», «Қоғамға қызмет ету», «Сұрақ-жауап», «Гаага Конвенциясы» және тағы басқа айдарлар құрылған.

Халықтың заңдық ақпаратқа қол жетімділігі кеңейтілді. Қоғамдық орындарда қолданыстағы құқықтың электрондық базасына тегін кіру нүктелері орналастырылған. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің сайтында аталған базаның қысқартылған тегін Интернет-нұсқасы жұмыс істейді. Таяудағы перспективада барлық құқықтық массивке халықтың Интернет арқылы қол жетімділігін кеңейту жоспарланып отыр.

Білім және ғылым министрлігі 2010 жылы адамның негізгі құқықтары, жалпы білім беретін мектептердегі адам құқықтарын оқыту туралы мектеп оқушыларының хабардар болуы жөнінде әлеуметтанушылық сауалнама жүргізді.

Сауалнама нәтижелері оқушылардың мектептегі өз құқықтарын неғұрлым терең оқып білуге жоғары қызығушылық (96 %) танытатынын көрсетті. Өз құқықтары бұзылған жағдайда қайда өтініш беру керектігін білетін балалар пайызы төменгі сыныптардан жоғары сыныптарға қарай өсуде (45 %-дан 76 %-ға дейін).

Адам құқықтары мәселелері бойынша білімнің қалыптасуы мен балаларға практикалық көмек көрсетуде ата-аналар мен отбасының рөлі ерекше, себебі адам құқықтары туралы ақпаратты оқушылардың жартысынан астамы өз ата-анасынан алады және құқығы бұзылған жағдайда олар тағы да ата-анасына жүгінеді.

Қазіргі уақытта Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарылату жөніндегі  2012 – 2014 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.

Балаларға өздерінің проблемаларын шешуде уақтылы көмек көрсету, балаларды құқықтық қорғау мәселелеріндегі істің жай-күйі, олардың өз құқықтары туралы хабардар болу дәрежесін туралы ақпаратты жинау және талдау, бала құқықтары туралы материалдарды тарату мақсатында республикада сенім телефондары мен балалардың қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді.

 

Қазақстан Республикасының  Бала құқықтары туралы конвенцияны

 іске асыруы туралы

І. Жүзеге асыру жөніндегі жалпы шаралар

(Конвенцияның  4, 42-баптары және 44-бабының  6-тармағы)

 

Конвенцияның жоғарыда көрсетілген баптарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат бастапқы баяндаманың 21-24, 29, 30, 55-57, 70-72, 84-тармақтарында және оған қосымша мен  Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші жиынтық мерзімді баяндаманың  18-59-тармақтарында баяндалған.

Конвенцияның жалпы принциптері мен нормалары (2, 3, 6 және 12-баптар)  Қазақстан  Республикасының Конституциясына, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстеріне имплементацияланған. Негізгі қолдану саласы балалардың құқықтары мен мүдделері болған тұтастай заңдар кешені қабылданды (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы»,  «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы»,  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Балалары бар отбасына мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» және басқа заңдары).

2006 жылдан бері балалардың құқықтары  мен мүдделерiн қамтамасыз ету  жөнiндегi заңнаманы одан әрi дамыту оны Конвенция принциптері мен ережелерiне неғұрлым толық сәйкес келтіру және баланың әлеуметтiк сәтсіздігінің алдын алу үшiн құқықтық жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырылды. Бұған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының, «Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы 253-IV Заңының қабылдануы ықпал етті.

Балалардың заңды құқықтары  мен мүдделерiн сақтауға қатысты  ұлттық саясатты iске асыруға бiлiм беру, денсаулық сақтау бағытталған:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы  № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды  дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысымен бекітілген «2008 – 2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1251  қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы» 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен бекітілген Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің елдік бағдарламасының 2010 – 2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Елдік бағдарлама балалардың, әсіресе осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуда, сондай-ақ қатар өңірлік және гендерлік теңсіздікті азайтуда Қазақстан Үкіметіне ықпал етуге бағытталған.

Елдегі экономикалық өсуге байланысты балалар мүддесiндегi: оқыту, тәрбиелеу, денсаулық сақтау, адамгершілік және рухани даму, әлеуметтiк қамтамасыз ету және отбасы мен балаларды қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру үшін басым қаржыландыру белгіленген.

Информация о работе Компьютермен жумыс