МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі 6
1.1 Графика 7
1.2 Анимация 9
1.3 Дыбыс 11
1.4 Flash филімдерін қолдану түрлері 12
1.5 Тор бетін құру 13
1.6 Flash филімін құрудағы реттілік 14
1.7 Редактрлеудің құрал-саймандар панелі
16
1.8 Жұмыс облысы 17
1.9 WEB-сайттар үшін анимация құру 17
1.10 Кадрлық анимация 21
1.11 Flash MX-тe фильмдерді жариялау 22
1.12 Мәтінді құру және өңдеу 23
2. Доптың қырдан ойға түсінуін бейнелеу
24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер көзі 29
Қосымша 30
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Flash
редакторында анимация құру. Бұл тақырып
негізінде мен доптың қырдан ойға түсуін
бейнеледім. Әрине бұл жұмыс іске аспас
еді, егер маған Flash редакторы көмектеспесе.
Курстық жұмыстың 1-бөлімінде Flash редакторы
туралы әңгімелеп шықтым. Екінші бөлімінде
өзімнің жасаған анимацияма тоқталып
өттім.
Flash техналогиясының негізгі векторлық
графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды.
Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес,
SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың
бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді,
онымен жұмыс жасайтын инструментальді
құралдар және қорытындысында Web – парақтарының
қосылуының механизмі. SWF қосымшасының
артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында,
яғни бұл формат әртүрлі аппараттық –
программалық платформада қолданылады
(сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер
және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM компьютерлері).
Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған
негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана
қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді
элементтер мен аудио құрылғылардың болуына
мүмкіндік туғызады. Интербелсенді мультимедиялық
қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің
күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің
ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың
пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің
қоса салынған 2 негізгі желі браузері
үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator.
SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік
желі көп әсерін тигізді.
SWF форматының танымал болуының тағы
бір себебі, Macromedia фирмасы бұл форматтың
жеңіл және оңай құрал – саймандармен
қолданылуы.
Мультимедиялық презинтациялар құру
үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық
бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand, Macromedia
Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын
құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder.
Сондықтан да Web-публикациясының ішінде
ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы
болып келетін - Macromedia Flash болып табылады.
Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға
және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне
мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен,
оны әдетте Flash деп атап кетті.
Flash техналогиясының құрамына мыналар
кіреді:
• векторлық графика;
• анимацияларды қолдау;
• интерфейстің интербелсенді элементтерін
құру мүмкіндігі;
• әртүрлі графикалық форматтарды қолдау
(сонымен қатар растрлы графикалы да);
• Flash фильмдерді HTMLформатына қосу;
• Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;
• әртүрлі визуальді саймандардың болуы.
Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында
қолданылатын векторлық графикаға негізделген.
SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен,
олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды,
(шыққан нәтижені WEB-бетке қоса алатын
механизмді тиімді пайдалана отырып, үйлесімді
өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны,
бұл форматты кез келген платформада қолдануға
болады. (яғни, MacOS операциялық жүйесімен
басқарылатын Macintosh компьютерлері мен
Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF–да құрылған
бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай
оларды интерактивті элементтермен және
дыбыспен де әрлеуге болады.
Осындай қосымша қасиеттерінің арқасында
SWF форматы тор әрлеушілерінің ризашылығына
ие болып, қолданысқа кіріп кетті. Macromedia
отбасында дүниеге келгеннен ақ, бұл форматқа
Internet Explorer және Netscape Communicator тор броузерлеріне
арналған компоненттері (Plug-In) жасалды.
Ал бұл, SWF-тың бүкіләлемдік торда одан
әрі атышулы болуына септігін тигізді.
Нәтижесінде бұл броузер құрушылары SWF-ті
қолдайтын компонентті өз өнімдерінің
ядросына қосып қоятынын жария етті. Бұл
бастаманы бағдарламалармен қамтамасыз
ететін тағы да басқа өндірістер қолдап
әкетті (мысалға, Adobe фирмасы).
1 Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі
Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен,
қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан,
аталмыш формат өзінің табынушыларына
бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар
жетерлік.
Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация
жасауға бағытталса (Macromedia Director Shockwave Studio),
келесі бірісі графикалық бейнелерді
дайындауға бағыталған (Macromedia FreeHand и Macromedia
Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті
оқу курсын дайындауға болады. (Macromedia Authorware
және Macromedia CourseBuilder). Дегенмен тор беттерін
құрушылардың арасында Macromedia Flash көп қолданылады,
өйткені тек осы өнім ғана, тор бетін аяғына
дейін әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет
әрине көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет
пайдаланушылардың жақсы көретіндігінен
болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды.
Сонымен Flash технологиясының құрамына
не кіреді соны көрейік:
• Векторлық графика;
• Анимацияның бірнеше түрін қолдайды;
• Интерфейске интерактивті элементтер
жасауға болады;
• Импортталған графикалық форматтарды
қолдайды (оның ішінде растрлық) ;
• FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес,
интернетте қолданылатын кез келген форматқа
көшіруге болады;
• Платформалық тәуелсіздік;
• FLASH фильмдерді автономдық түрде де,
тор броузерінде де көруге болады;
Сөз етілген FLASH құрамын жеке-жеке талқылап
өтелік.
1.1 Графика
Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе
растрлық графика қолданылады. Оларға
GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат алмасуға арналған
графикалық формат), JPEG (Join Photographic Experts
Group – Біріккен бейне эксперттерінің тобы)
және PNG (Portable Network Graphics – Жылжымалы графикалық
формат) жатады.
Растрлық графика нүктелер жиынтығы
(пиксель – pixel) арқылы сипатталады. Бұл
нүктелер бір бірімен байланыста болмағандықтан,
олардың әрқайсысының түсі мен координатын
анықтау керек. Жай ғана мысал, екі-ақ түсті
(ақ қара) бейнені сипаттаған кезде, әр
пиксельдің түсін беру үшін екілік санау
жүйесін пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ..
Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған кезде
енді әр пиксельге 8-дік санау жүйесін
қолданады (256=28). Суреттің сапасы жақсы
болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа
дейін қолданылады.
Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі
- бейне сапасы, пайдаланып отырған монитор
пиксельдерінің өлшеміне де байланысты.
Яғни кей мониторларда суреттің сапасы
әдемі болып тұрса, екінші жерде ол ондай
қасиеттен айырылады. Сапасы нашар суреттердің
пикселін көбейтуге арналған бағдарламалар
болғанымен олар да бұл проблеманы толық
шеше алмайды.
Ал енді векторлық графика туралы сөз
айтсақ.. Векторлық графика – орналасуын
математикалық формулалар арқылы сипаттайтын
қисықтар жиынтығынан туратын бейне. Мысалға,
кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3-4 сан
ғана керек, радиус, центр координаттары,
сызық қалыңдығы. Осыған байланысты, векторлық
графика растрлық графикаға қарағанда
бірнеше артықшылықтарға ие:
• Математикалық формулалармен сипатталған
суреттер, растрлық графикаға қарағанда
жадыда аз орын алады.
• Бейнені өзіміз қалаған кез келген
масштабқа сапасын жоғалтпай, өзгертуге
болады.
• Кез келген платформаға еш «қатесіз»
көшіруге болды.
Әрине, векторлық графиканың өзіне тән
кемшіліктері болады, мысалға, реалға
жақын суреттерді бейнелей алмаймыз. Мұндай
мәселені шешімі, жан жақты қанағаттандыратын
ортақ бір келісім керек. Мінекей, FLASH авторлары
осы шешімді тиімді пайдаланды: тор бетін
құру кезінде сіз тек қана векторлық емес
растрлық бейнелерді де импорттауыңызға
болады.
1.2 Анимация
FLASH тағы анимация негізі объектінің
қасиетін өзгерту болып табылады. Мысалға,
объектілер көрініп немесе жоқ болып кетуі,
өзінің тұрған орнын, көлемін, өлшемін,
түсін, көріну деңгейін өзгертуі мүмкін
т.б.
FLASH та объектіні анимациялау механизмінің
үш түрі бар.
• Кадр бойынша(«классикалық») анимация,
яғни автор әрбір кадрды өзі жасайды немесе
басқа қосымшадан импорттап алып олардың
көріну ретін анықтайды;
• Автоматтық анимациялау (tweened анимация),
яғни автор бірінші және соңғы кадрды
ғана құрады, ал қалғанын FLASH автоматтық
түрде құрады. tweened-анимацияның екі түрі
бар, біріншісі анимация, объектінің қозғалысына
негізделсе (motion animation), екіншісі анимация
объектінің трансформациялануына (пішінін
өзгерту) негізделген (shape animation);
• Сценарийге негізделген анимация;
сценарий – ActionScript деп аталатын FLASH тілінде
жазылған әрекетті сипаттау. Бұл тіл синтаксисі
көптеген тор шығармаларын жасауда қолданылатын
басқа тілдердің синтаксисіне ұқсас келеді.
(мысалға, JavaScript және VBScript).
• Бұл механизімдердің артықшылықтарымен
қатар кемшіліктері де болады. Tweened – анимацияның
басқалардан бөліп тұратын екі артықшылығы
бар:
Біріншіден, авторға енді әр кадрды жеке-жеке
құрып отырудың енді қажеті жоқ.;
• Екіншіден, мұндай FLASH «мультфильмін»
ойнату үшін алғашқы және соңғы кадрларын
сақтап алса болғаны, бұл фильм көлемін
әрине кішкене етіп сақтауға септігін
тигізеді.
Бірақтан, tweened – анимация, объектінің
қасиеттері бірдей өзгеретін тек қарапайым
сюжеттерде ғана пайдалануға болады. Ал,
ActionScript сценарийі арқылы объектіге күрделі
қозғалыстар жасауға болады. Ол үшін, ActionScript
тілін білу керек. Сонымен, егер өзіңіздің
«мультфильміңізді» құрғыңыз келсе қай
механизіммен жүзеге асыратыңызды таңдап
алыңыз.
FLASH анимациясының мүмкіндігін көргіңіз
келсе Disney (www.disney.com) компаниясының торын
тамашалаңыз. Ол жерде FLASH мүмкіншілігін
кеңінен қолданған.
Macromedia (www.macromedia.com) компаниясының торында
арнайы «күн торы» (Site Of The Day) деген рубрикасы
бар, ол жерден FLASH технологиясын жете
пайдаланып отырған торларға сілтеме
берілген.
Flash арқылы интерактивті фильмдер құруға
болады, ойнату барысында тор қонағы тышқан
немесе пернетақта көмегімен фильмнің
басқа фрагментіне өтіп кете алады, объектілерді
қозғалта алады, және формаға ақпарат
енгізе алады т.с.с. Flash фильмдердің интерактивтілігі
ActionScript тілінде рет ретімен жазылған командалардың
көмегімен, оқиғаға қатысты іске асады.
Мысалы, мұндай оқиғаға, белгілі біл кадрға
секіру саналады. Интерактивті объектіге
батырмалар (мысалға, басқару тақтасының
қызметін атқаруға жинақталса), фильм
фрагменттері немесе жеке кадрлар. ActionScript
–ке қатысты емес стандартты командалар
бар, оларға фильмді ойнату, тоқтату, дыбысын
қосу мен өшіру, берілген URL - ға өту сияқты
оншақты стандартты командалар бар. Бұл
тілде күрделі сценарийлер де құруға болады,
бірақ ол үшін бағдарламалау тәжірибесі
болу керек қолданушының.
1.3 Дыбыс
Flash дыбыстың фильмде қолдану үшін бірнеше
жол ұсынады. Сіз, тоқтамай, сюжеттің мазмұнына
қарамай, қолданушының әрекетіне жауап
бермей ойнап тұра беретін дыбыспен жабдықтай
аласыз. Ал проектіңіз одан әрі қызықты
болу үшін әр батырманы басқанда дыбыс
шығатындай етуге болады. Және тағы бір
жолы, ActionScript сценарийлерін пайдалану.
Flash та дыбыспен қамтамасыз етудің екі
түрі бар оқиғалы басқару (event sound) және
ағымды (stream sound).
Оқиғалы басқару дыбыс кезінде берілгендер
аяғына дейін жүктеліп болғаннан кейін
ғана дыбыс оны тоқтатқанға дейін ойнатыла
береді. Ал ағымдағы дыбыс үшін алғашқы
кадрлар жүктелгеннен кейін ақ ойнату
басталып кетеді.
Дыбыспен жұмыс істеу оңай болу үшін,
Flash авторларға келесі мүмкіншіліктерді
ұсынады:
• Дыбысты кітапханаларға бөліп қоюға
болады, яғни енді бір кітапханадағы дыбысты
бірнеше фильмдерде қолдануға болады.
• Дыбысты, экспортталатын фильмнің
сапасы мен көлеміне қарап, параметрлерін
өзгертуге болады. Яғни автор, дыбыс сығу
жолын өзі таңдай алады.
1.4 Flash филімдерін қолдану түрлері
Жоғарыда айтылғандай Flash - тің мақсаты,
графика мен анимацияға толы интерактивті
тор беттерін құру болып саналады. Жоғарыда
айтып өткендей Flash ті тамашалау үшін екі
түрлі жол бар, біріншісі WEB браузер арқылы,
екіншісі Flash фильмді басқа форматқа ауыстыру
арқылы.
Flash арқылы фильмді құру және өзгерту
кезінде автор, FLA форматындағы файлдармен
жұмыс істейді. Бұл бағдарламау ортасының
тек өзіне қатысты форматы, және бұл форматты
басқа бағдарламалар «түсінбейді». Тор
броузерлерінде фильмді көру үшін, SWF форматына
экспорттау керек. Бұл форматты Internet Explorer,
Netscape және Opera броузерлерінің соңғы нұсқалары
қолдайды, немесе арнайы Flash-плеер арқылы
ойнатуға болады. Бұл плеер, Flash редакторының
құрамына кіреді. Flash фильмін ойнатудың
екінші түрі Windows Media Player арқылы. Бұл үшін,
Flash фильм AVI форматына экспортталуы керек.
Бірақ, фильм көлемі он есе кейде 100 есеге
дейін көбейіп кетеді. Экспорттау кезінде
фильм өзінің сапасын жоғалтады, сондықтан
бұл тиімсіз болып есептеледі. Flash фильмін
көрудің тағы бір жолы, фильмді GIF форматына
көшіру. Бұл экспорттаудың да екі түрі
бар, біріншісі фильмін әрбір кадрын gif
форматына өзгерту болса, екіншісі бірақ
gif файлын құру.
1.5 Тор бетін құру
• Flash фильмін броузерде тамашалаудың
екі жолы бар:
Фильмді SWF форматында сақтап, файлды
тышқанның көмегімен броузер терезесіне
апарып қоямыз;
• Фильмді редакторда HTML форматқа экспорттауға
болады.
Flash – ті тор бетінде қолданудың бірнеше
түрі бар:
• «жай» анимация, бетті тартымды ету
үшін;
• Анимацияланған батырма, қолданушының
іс-әрекетіне байланысты жұмыс атқарады.
Оған гиперсілтеме жасап қоюға, немесе
басқан уақытта белгілі бір іс-әрекетке
бастама болатындай етуге болады;
• Тор бетіне қолданушыдан ақпарат алу
үшін қолданылады;
• Жарнамалық баннер.
Күрделі фильмдерді құру кезінде клип
(Clip, немесе Movie clip) өте маңызды орын алады.
Клип – бұл символдың арна йы түрі. Бұл
мини-фильмге арнайы уақыт диаграммасы
құрылады, және жеке параметрлері қондырылады
(мысалға, кадрлар алмасу жиілігі). Клипті,
фильмін басқа да элементтері тәрізді,
кітапханаға, тағы да қолдану үшін, қосып
қоюға болады. Әрбір дарасы үшін, есім
беруге болады.
1.6 Flash филімін құрудағы реттілік
Windows қа арналған бағдарламаның көбісінде,
оны жүктеген уақытында, автоматты түрде,
бос дайын шаблон терезесі ашылады. Мысалға
Word процессорын жүктеген уақытта, бос
документ ашылады, бұл жерге сіз мәтін,
графика немесе сурет қоя аласыз. Flash та
да, дал осылай ұйымдастырылған. Алғаш
жүктеген уақытта, автоматты түрде, жаңа
фильм құратын (дәлірек айтсақ алғашқы
қойылымын жасау үшін) терезе ашылады.
Егер керек болса, автор, фильмнің параметрлерін
өзгерте алады.
Жалпы параметрлерін қондырғаннан кейін
фильмнің алғашқы қойылымын жасай беруге
болады. Объектілердің орналасу тәртібін
анықтап алғаннан кейін оларды рет ретімен
әрбір жаңа қабатқа орналастыра беруге
болады. Қабат параметрлерін өзгерту фильмді
құрудағы ең бір жауапкершілікпен қарайтын
бөлім. Фильмдегі қабаттар (яғни, объектілер)
бір бірімен байланысып тұратындықтан,
келесі бір қабатты сипаттағаннан кейін,
алдындағы қабаттарды қайта жөндеу керек
болады. Мұнын еш қиындығы және қорқыныштылығы
жоқ., бұл Flash бағдарламасына таңсық емес.
Жаңадан қойылатын объектті кітапханадан
алуға болады немесе жаңадан құруға болады.
Flash сізге ойыңызда тұрған бейнені экран
бетіне салу үшін барлық құрал жабдықтармен
қамтамасыз етеді. Бір бейненің объектілерін
басқа суреттерден импорттап та алуға
болады. Құрылған фильмді немесе жасап
болып отырған іс әрекеттің жұмысын тексеру
үшін, Flash тестіден өткізіп отыруға мүмкіндік
береді. Әр жасалған өзгерістен кейін
сақтап алып отыруды ұмытпаңыз.
Фильммен жұмыс жасап болғаннан кейін,
ойланыңыз сізге бұл фильм неге керек?
Егер тор бетіне салу үшін болса, онда
жүктелу уақытын ескеруді ұмытпаңыз. Бұл
үшін арнайы уақытқа тестілейтін қосымшасы
бар Flash бағдарламасының.
Жеңіл және түсінікті нөмірленген Flash
– тың нұсқасы тоқтап, оның орнына МХ деп
аталатын нұсқасына өзгертілді. Бұл әріпер
нені білдіреді? Multiextended («кеңейтілген»)
сөз тіркесі пайдаланушының аббревиатурасына
ассоциалануы керек. Бір сөзбен айтқанда
– Mixed (араласқан) дегенді білдіреді. Flash
құрушылары қолданушылардың назарын аудару
үшін, бұл программаның интерфейсін (жұмыс
ортасын), қолданушының әртүрлі категориясына
жеке бағытталған.
Flash МХ ортасын әрбір қолданушы қосқан
кезде жұмыс облысының пакетін 3 вариантын
таңдауға мүмкіндік бар. Бұл :
• Designer – бұл ең алдымен графикалық редактормен
жұмыс істейтін дизайнерлер үшін бағытталған;
• Developer – Web-жариялымдарын құру үшін
Flash МХ-ты қолдануында жұмыс істейтін құрушылар
үшін бағытталған;
• General – жалпы жағдайлар үшін.
1.7 Редактрлеудің құрал-саймандар панелі
Редактрлеудің құрал-саймандар панелі
терезенің ен ьойына сол шекарасында орналасқан.
Графикалық объектілерді құру және өңдеу
үшін өте қолайлы құрал-саймандармен қамтамасыз
етеді. Графикалық редакторлардың жұмысындағыдай,
бұл құралдар бәріне мәлім. Бұл саймандар
ыңғайлы болу үшін 4 бөлікке бөлінген.
• Tool (құрал-саймандар) – нақты құралдарды
таңдау батырмасы орналасқан; бұл құралдарды
2 түрге бөледі: таңдау және сурет салу
құралдары;
• View (Түр) кескіннің көру құралдарын
басқару, бұл өрісте 2 батырма орналасқан:
• Hand Tool (Қол) – батырманы шерту арқылы
режім қосылады және жұмыс облысын тышқан
көмегімен әртүрлі бағытта орналастыруға
мүмкіндік береді
• Zoom Tool (Масштаб) – жұмыс облысындағы
батырманы шерту арқылы тез масштабтау
режимі қосылады және бұл режимді қосқанда
Options өрісінде екі қосымша батырмалар
пайда болатын масштабтау бағытын таңдау
үшін рұқсат етеді (үлкейту немесе кішірейту).
• (түстер) – бұл бөлімде бөлек түстер
таңдау контуры және объектілерді қоюлату
батырмаларын қамтамасыз етеді.
• (параметр) – таңдалған сайманның қосымша
параметрлерін орнату элементтерін көрсететін;
қосымша параметрлері бар құралдар үшін
Options өрісі бос болады.
1.8 Жұмыс облысы
Жұмыс облысы терезенің барлық орталық
бөлігін алады. Жұмыс облысында әртүрлі
объектілерді редактрлеу операциялары,
дегенмен «кадрға» тек қана сол объектілер
монтаждық үстел шегінде орналасады. Жұмыс
облысындағы қалған бөлігі не үшін қажет?
деген бұл жағдайда сұрақ туындау мүмкін.
Жауабы былай:
Ø Белгілі бір жұмыстарды орындау үшін;
Ø Кадрға объектінің біртіндеп кіруінің
эффектісін тарату (немесе, керісінше,
одан шығу).
1.9 WEB-сайттар үшін анимация құру
Macromedia Flash MX Web – сайтын қолданушыға ұмытылмайтындай,
айқын етіп және де құрылған векторлық
графиканы растрға, дыбысқа, анимациялауға
және интерактивті идеясымен байланыстырады.
Web – тораптарын құру процессінде Macromedia
Flash Mx жеңіл интеграцияланып, Macromedia Freehand
және Fireworks импорт мүмкіндігінің көмегімен
жүзеге асырылады. Macromedia Flash Mx Web –қосымшаларын
теру құралдарының кең құрылуымен қатар
Macromedia Generator интеграциясымен тығыз байланысты.
Оның мүмкіндіктері мынадай:
• Web-Native Printing Web –қосымшалар құрумен
қатар жоғары сапалы баспа болуына мүмкіндік
береді.
• Action Script Tools – бұл Web –қосымшаларды
эффективті, әрі маңызды құрылуына, оның
жаңа тілдердің JavaScript сценарийіне ұқсас,
Action Script және Debugger редакторының көмегімен,
сонымен қатар SmartClips функциясы – элементтерінің
жиі қолданылатынын шешімін құрады.
• HTML Text Support форматтанған HTML- мәтіні
мен гиперсілтемені қосуға мүмкіндік
береді және қанық мәтіндік ақпаратты
файлға оңай құрады.
• XML Transfer Support – электрондық сауда үшін
XML-дің көмегімен күшті қосымшаларды жасауға
болады.
• Macromedia Generator Developer Edition Support – Web –сайтын
эффективті болуы үшін және оның көмегімен
Flash – контентасының құрылу процессін
автоматтандырады.
• Common User Interface – Macromedia фирмасынан Web
– дизайн үшін кез-келген қосымшаларды
қолданушының интерфейсін жеңіл құруға
рұқсат етеді.
Web - беттері үшін Flash –клиптер анимация
және векторлық графиканың элементтерімен
беріледі. Мазмұнды толық Интернет беттеріне
Web-дизайнерлер Flash Mx-тің көмегімен навигациялық
панельдер, динамикалық логотиптер, толық
форматты клиптерді синхронды дыбыспен
қамтамасыз етеді. Flash-клиптер векторлық
графиканың тиімді элементтері болып
табылады, себебі олар өте тез жүктеледі
және өзінің масштабын монитордың өлшеміне
сәйкес қолданушы өзі таңдайды.
Web – беттерінде Flash –клиптерін көрген
боларсыз, оның ішінде Disney, The Simpsons, Pepsi
жарнамалары сияқты Flash –технологиясында
жасалған. Миллиондаған Веб-қолданушылар
компьютер сатып алғанда, браузерлер немесе
жүйелік программалық қамсыздандыру кезінде
компьютерде алдын-ала орнатылған Flash
Player-ды қондыруды талап етеді. Ал көптеген
қолданушылар Macromedia фирмасының Веб-беттерінен
көшіріп алады. Flash Player компьютерде клиптерді
браузерге немесе бөлек программа қарауға
жағдай туғызады.
Flash Mx-пен жұмыс жасағанда сіз құрылған
клипті салып немесе графиканы импорттайсыз,
оны жұмыс өрісінде өңдеп және монтажды
сызғыш арқылы тірілту эффектісін қолданасыз
(TimeLine). Бұндай клип немесе фильм интерактивті
болып жасалуы мүмкін, яғни анықталған
бейнелер өзгеріп және оқиғаларға әсер
етеді. Бұны сіз Flash форматында экспорттап,
бетін қосып, оны бетіне Веб-сервер ретінді
аударасыз.
Flash жүйесінде құрал- саймандармен құрылған
әрбір клип немесе фильм түріне қарай
түрленуі мүмкін және Интернет браузері
арқылы көруге болады. Қорытындысында
әрбір фильмге 3 файл сәйекс келеді. Бұл:
1. өңделген және құрылған фильм үшін
құрылған файл ();
2. фильмнің кодын тек қана көруге болатын
файл();
3. браузер арқылы фильмді көруге арналған
– жүктеуші файлы().
Өзіңіздің уақытыңызға қарап сіз фильмнің
сюжетін және көркемділік қабілетіңізге
қарай фильмдегі кейіпкеріңізді «тірілту»
анимациясының екі әдісін қолдана аласыз:
• кадрлық анимацияны («кадр за кадром»)
сіз әрбір кадрды өзіңіздің қолымен құрасыз;
• автоматты наимацияны (-анимацию) сіз
кілттік кадрларды, ал қалған аралық кадрларды
өзі құрады.
Назар аудару керек бұл екі механизм
бірге қолданылуы мүмкін, тек ғана бір
фильмнің рамкасында ғана емес, сонымен
қатар әрбір объектіге. Мысалы, қиыны сюжеттік
жоспарда олардың фрагменттері кадрлық
анимацияда құрылады, ал «болжалған» даму
фрагменттердің сюжеті арқылы автоматты
анимацияның көмегімен құрылады.
Бұндай біріктіруді әрбір объект үшін
қолдану біріктірілген уақыт осі арқылы,
уақытша диаграмма – редактор терезесінде
көрсетілген қолдануға болады. Бір уақытша
диаграммада «өмір сызығын» бірнеше объектілерді
біріктіріп, бір көрініс алуға болады
және бірнеше «кейіпкерлер» қатысуы. Автоматты
анимацияның ерекшелігі оның көмегімен
бір объектті берілген қабатта анимациялауға
болады. Көрініс құру үшін оның ішінде
бірнеше анимацияланатын әрбір объектілерді
бөлек қабатқа орналастыру керек.
Қандай болмасын бөлек кадрларды құру,
объектінің өзгеруі уақытқа байланысты
бейнеленуі. Сіз фильмді құруыңызға болады,
мысалға бір сағат көлемінде бір шар қозғалмай
үстелдің үстінде жатуы мүмкін. Бұл жағдайда
сіздің фильміңіз бір-біріне ұқсас болады,
және де көрермен сіздің фильміңізді статикалық
бейнеден айыруы қиынға соқтырады. Басқа
жағынан қарасақ, бірнеше әдемі кадрларды
құрып, оны бір уақыт моментінде қосуға
болады. Соның нәтижесінде көрермен көріністі
көрмей қалады.
1.10 Кадрлық анимация
Кадрлық анимацияны құру үшін ең алдымен
фильмнің әрбір кадрын дайындау керек.
Ол үшін келесі жағдайларды ескеру қажет.
бір кадрдан келесіге көшу сәйкестігін,
кейіпкерлердің қозғалуы, келесі кадрдан
алдыңғы кадрдың айырмашылығын ескеру.
Басқа сөзбен айтсақ, құрылған «мультик»
көп кадрдан тұрса, сонша кейіпкерлердің
қозғалысы табиғи болып көрінеді. Сондықтан
да кадрлық анимацияны құру өте көп еңбекті
қажет етеді. Онда объектілер өзара әрекеттесетін
басқа қиын бейнелердің бір-бірімен байланысы.
Сонымен қатар кадрлық анимацияны Flash–та
фильмнің интерактивті элементінде қолданылады.
Мысалы, батырмалар. Әрбір батырма күйінің
анықталған кілттік кадры уақытша диаграммаға
сәйкес келеді.
1.11 Flash MX-тe фильмдерді жариялау
Flash – фильмдерінің негізгі форматы,
оларды Flash- плеері арқылы құрып шығуын
қамтамасыз ететін форматы. Серверде орналасқан
Flash-фильмдер –файлында алдымен басқа
файлдармен толықтырылуы керек. Бұл ең
алдымен құжаты, файлын браузер көмегімен
жүктеу: яғни –файлы браузерге жүктеледі,
Flash – плеерін шақырады, содан соң өзінің
кезегінде - файлы ашылады. Алдын-ала ескеру
қажет, өз файлыңызға кірушінің Flash – плеері
жоқ болуы керек. Бұл жағдайда фильмді
толығымен кескіндерді графикалық форматта
алмастыруға, браузерді қолдайтын (мысалы,немесе
анимацияланған). Фильмнің Веб-серверде
орналасуына қажетті құрылған файлдарды
менюіне кіретін (жариялау) командасын
орындау керек. әуелгі –файлын конверттеуді
форматында қамтамасыз етеді және де альтернативті
графиктік форматты да. Бұл команда көмегімен
–құжатын генерирлеуге, берілген фильм
параметрінің жіберілуіне арналған. Егер
де туралы жақсы білсеңдер, біз алдын-ала
үлгіні түзетсек, оның негізінде -құжатының
генерациялану орындалады. Үлгіні өңдеу
түшін сыртқы -редакторын қолдану керек.
Егер керек бір типті - файлдарын жалғыз
файлға экспорттау, менюіне кіретін (экспорт)
тұтастай қолдануға болады.
Фильмді жүктеуді бағалау параметрлері
негізінен үш режимде болуы мүмкін:
• (үзіліссіз график);
• (жүктеу процессін көрсету);
• (кадрлық графика).
Мәтінмен жұмыс жасау
Әртүрлі Flash–фильмге мәтін қосуға болады.
Қарапайым мәтіндік редактор жұмысындағыдай
мәтін өлшемін, аралығын, түсін, стилін
және түзету тәсілдерін орнату мүмкін.
Харіпті басқа объектілерге трансформациялап,
оның масштабын өзгертуге, айналдыруға,
еңкейтуге болады. Бұл жағдайда редактрленген
объекттің символдарын сақтау мүмкіндігі
бар.
Мәтіннің үзіндісі негізінде гиперсілтеме
құрылуы мүмкін.
Әрбір Flash-фильм динамикалық мәтіндік
өрістерден тұрады және пайдаланушы редактрленетін
(өңдеу) өрістері болып табылады. Flash–фильмде
редактрленген өрістер мәтіндік өрістер
сияқты, Web-параққа орналастыруға арналған
форма. Бұның көмегімен пайдаланушы керек
ақпаратты алуға толық мүмкіндігі бар,
серверде немесе клиенттік сценарийде
өңдеуге тиісті. Сонымен қатар, мәтіндік
облыстағы көп жолды құра алады.
Қажетті жағдайда мәтінді графикалық
объект ретінде конверттеп, одан ғана
мәтіннің символдары бөлек графикалық
фигура ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік
береді.
1.12 Мәтінді құру және өңдеу
Flash - фильмге мәтіндік өрісті қосу үшін
келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. құралын панелінен қосу
2. мәтіндік өрісті тышқанның көмегімен
жұмыс үстелінің позициясы арқылы шертеміз;
қорытындысында бұл позицияда мәтіндік
меңзер шығады және ерекшеленген рамка
қоршалған;
Ерекшеленген рамканың оң бұрышында
маркер болады және ол мәтіндік өрістің
типін анықтайды. Соған көңіл бөлген жөн.
• оң басын бұрышындағы төртбұрыш маркер
мәтіндік өрістің бекітілген еніне сәйкес
келеді. Бұндай өрісте автоматты түрде
келесі жолға көшу орындалады. Өрістің
ені пайдаланушы өзі маркердің көмегімен
орнатады. Фильмді Web-серверде жарияланғаннан
кейін мұндай өрістің мазмұнын сценарий
немесе -парақтарының оқырманы өзгерте
алмайды.
• оң басы бұрышындағы дөңгелек маркер
мәтіндік өрістің кеңейтілгеніне сәйкес
келеді. Бұл біржолды мәтіндік өріс, ені
автоматты түрде мәтінді еңгізгенде үлкейіп
отырады. Мұндай өрістің мазмұнын сценарий
немесе Web-парақтарының оқырманы өзгерте
алмайды.
2. Доптың қырдан ойға түсінуін
бейнелеу
Доптың ойдан қырға түсуін бейнелеу үшін
маға шекара сызып алу қажет болды. Одан
да басқа обхект болып саналатын сол доптың
өзін бейнелеу болатын. Оны салы Flash редакторын
қолданатын адам үшін онлай қиындық туғызбайды.
Мен үшін де кез-келген фигураны сыз осы
редакторындың көмегімен оңай сыза аламын.
Бұл анимацияны жасау үшін мен ешқандай
да код қолданған жоқпын.
Доптың қырдан ойға түсуіне алдымен
оның түсу траекториясын сызып алу
керек. Егер доптың түсу шылдамдығын
арттыру қажеттілігі туындайтын
болса онда Параметры панеліндегі
Частота өрісіне оданда көп енгіземіз.
Бұл жерде секундына неше кадр
өтетін жиілігін анықтайды.
Қорытынды
Адам адам болып жаратылғаннан бері өзінің
күнделікті атқаратын қызметін жеңілдетуге
құштар. Жұмыстың сапалы, тынымды әрі жылдам
орындалғанын қай адам болмасын қалайды.
Мен үшін де осы курстық жұмысты жазып
отырғанда «осының бәрін тергеннен көрі
микрофонға айтып отырсам ғой, компьютер
өзі терсе» деген сияқты арман-ой келді.
Әрине мен мұндай технологияның жасалып
жатқанын білемін, бірақ ол қазақ тілінде
ұашан жұмыс жасайды онысын болжап айта
алмаймын. Міне, сол сияқты арманнан, қиялдан
туған жоғарғы технологиялар жоғарғы
қарқын алып, дамып келе жатыр.
Қорыта келе Flash редакторында анимация
жасаудың ыңғалайлылығын сөзбен айтып
жеткізу қиын. Себебі бұл редактор дүниежүзіндегі
№1 орынды алып отыр. Қолданғанда өте жеңіл,
өте ыңғайлы және мүмкіндігі шексіз. Қазіргі
шығып жатқан нұсқаларында тіпті кез-келген
платформаларға арналған қосымша құру
мүмкіндігі бар екен. Егер мұндай мүмкіндік
бета тесттен сәтті өтсе, онда қазіргі
программисттердің басым бөлігі осы редакторға
өтетіндігіне өз басым күмән тудырмаймын.
Қазіргі кезде кез-келген жарнаманы жасауда
өте сәтті қызмет көрсетіп келе жатқан
бұл редакторды қалай мақтасақ та жарасады.
Себебі веторлық графиканың жадыдан өте
аз орын алатынын ескеретінін білсек,
онда интернет желісінде тез жүктелетін
осы редакторды қай адам болмасын қолдануға
тіпті мүдделі де болады.
Flash пен жұмыс істеу кезінде көптеген
терминдерді кездестіреміз, мысалға, тэг,
атрибут, бет т.б. Сондықтан Flash ті түсіну
үшін осы терминологиямен таныс болайық..
Кез келген Flash фильмін құратын кезде
объекті – бағытталған жолды қарастырамыз.
Бұл дегеніміз, кез келген объект өзінше
бір объект болып саналады, оның өзіне
тән қасиеті және тек сол объектіге ғана
қатысты болатын іс-әрекеттер болады.
Мысалға, «текст» объектісі үшін, оның
өлшемі, түсі, жазылу, көріну түрі болады.
Оны көшіруге, өшіруге, қиуға, оларды гиперсілтемеге
айналдыруға болады. Басқа объектілер
туралы да дәл осылай айтуға болады. Объект
деген түсініктеме, символ (Symbol) көп жағдайда
терминімен сипатталады. Символ дегеніміз,
объектінің, анықталған қасиеттері бар,
шаблоны. Символ, символдар кітапханасында
(Library) сақталып, бір фильмде бірнеше рет
қолданыла алады.
Әрбір символдың жаңа көшірмесі символ
дарасы (Instance) деп аталады. Бұл дараның
қасиетіне қолданылған өзгеріс кезінде,
кітапханадағы басқа да даралардың қасиеті
автоматты түрде өзгереді.
Фильмде түрлі объектілер қолданылады.
Әр элементтің іс-әрекетін сипаттау үшін,
оларды әр қайсысын әр қабатқа (Layer) орналастырады.
Flash құрушылары бұл қабатты түссіз қағазбен
салыстырады. Осындай қағаздарды жинап
сіз сахналық қойылым жасай аласыз. Қойылым
(Scene) – Flash пен жұмыс істеуде кездесетін
тағы бір термин.
Әрбір қойылым қандай да бір анықталған
қабаттар байланысынан тұрады. Жай фильмдер
үшін, бір қабаттан тұратын жай ғана қойылымнан
жасайды. Күрделі фильмдер әр түрлі дайындалған
қойылымдардан тұрады. Бір қойылымнан
екіншіге өту уақыт диаграммасын емес,
басқа механизмді пайдаланды. Әйтпесе
олар, орналасқан реті бойынша ойнала
береді. Фильм егер көрік пен тартымды
күрделі құрылымдармен ерекшелеу керек
болса, ActionScript пайдаланылады.
Қолданылған әдебиеттер көзі
1. Литтлджон Бинджер. “Macromedia Flash MX 2004”,
2004, издательство “ BHV.
2. Г. Миллер. “Сети и мультимедиа”. Издательство
“Ноллидж”, 2003 г.
3. Крис Касперски. “Хакинг: в шутку и
всерьез”. Издательство “Роадстар”,
Москва, 2001 г.
4. Р. Гардиан. “Мультимедия и коммуникация”,
1998 г., Киев, “КГУ-Диалог-Наука”.
5. «Глобальные сети: информация и средста
доступа» - издательство ПГТУ.
6. Гиттель Э., Джеймс С., «ISDN просто и доступно»
- 1999 г.
7. Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Macromedia Flash 6»
- Издательство «Питер» 2000 г.
8. Фролов А.В., Фролов Г.В., «Глобальные
сети компьютеров. Практическое введение
в Internet» - 1998 г.
9. Шафрин Ю. А., Основы компьютерной технологии.
– М. АБФ.1997 г.
10. Кенин А. М., Печенкина Н. С., IBM PC для
пользователей. – Екатеринбург, 1993 – 1997
г.г.
11. Журналы «Компьютера» за 1999-2000 г.г.
12. HTML: справочник. Под ред. Ю.Колесникова.
- СПб: Питер, 2000. |