Macromedia Flash багдарламасында белгілі такырыпта косымша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 16:36, реферат

Описание работы

Мультипликациялык бейнелер жасауға арналған Macromedia Flash программасы өндеушілер арасында кеңінен қолдау тапты. Future Splash графикалық программасы 1997 жылы Macromedia компаниясында пайда болған. Бұл мультимедиалық интерактивті өнім шығаратын орта. Ол жай ғана суреттер мен анимациялардан басқа, күрделі және сапасы жағынан жоғары бейне сапасы бар мультфильмдер жасауға мүмкіндік береді. Macromedia Flash-тың кұрамында Action Script тілі бар. Бұл тіл Java Script программалау тілі негізінде құрылған.

Файлы: 1 файл

Macromedia Flash багдарламасында белгілі такырыпта косымша .docx

— 3.97 Мб (Скачать файл)

 

9. Мәтін түрлері:

 

    1. Static Text, Dynamic Text, Input Text
    2. Movie Cliр (Клип),  Button (Батырма), Graрhic (Графика)*
    3. Тек қана Static Text
    4. Тек қана Dynamic Text
    5. Тек қана Input Text

 

10. Әріпті  жеке объект ретінде қарастыру  командасы:

 

    1. Modify®Break Apart*
    2. Insert®Convert to Symbol...
    3. Control®Test Movie
    4. Window® Design Panels ® Scene
    5. File®Create Projector

 

11. батырмасының атқаратын қызметі:

 

    1. Фигураның немесе қандай да бір облыстың түсін, қалыңдық дәрежесін және шекара стилін анықтау
    2. Бір объектінің құю және жиектеу әсерлерін екінші бір объектіге көшіру
    3. Түзу және қисық сызықтар сызу
    4. Боялған аймақ түсін өзгерту режимі
    5. Мәтінмен жұмыс жасау*

 

12. Cимволға  айналдыру командасы:

 

    1. Modify®Break Apart
    2. Insert®Convert to Symbol...*
    3. Control®Test Movie
    4. Window® Design Panels ® Scene
    5. File®Create Projector

 

13. Кадрлар  типтері:

 

    1. Тек қана Movie Cliр (Клип)
    2. Тек қана  Button (Батырма)
    3. Movie Cliр (Клип),  Button (Батырма), Graрhic (Графика)
    4. Static Text, Dynamic Text, Input Text
    5. «Keyframe», «frame» *

 

14. Aнимацияны көру «» командасы:

 

    1. Control®Рlay*
    2. Modify®Break Apart
    3. Insert®Convert to Symbol...
    4. Window® Design Panels ® Scene
    5. File®Create Projector

 

15. Бір объекті формасының, түрінің және түсінің екінші бір объектіге ауысуы … болып табылады.

 

    1. Фильмді тестілеу
    2. Форма анимациясы*
    3. Мәтінді ерекшелеу
    4. Қосымша дыбыстық әсерлер беру
    5. Қандай да бір фильтр қасиетін қолдану

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

 

 

 

«Жалпы бастауыш білім беру-2»  бөлімі

     Информатика және  физика  ПЦК-сы

 

 

Курстық  жұмыс

 

Тақырыбы:  Macromedia Flash бағдарламасында анимациялық файлдарды құру арқылы білімгердің шығармашылық дағдысын қалыптастыру

 

 

 

Орындаған:   Тулепова Ж.

Тобы: И-3-08

Пәні: Информатиканы  оқыту  әдістемесі

Ғылыми жетекшісі: Жұманазарова А.

 

 

Тараз   2012ж.

Мазмұны

Кіріспе

Теориялық бөлім

І  тарау.

1.1.

ІІ тарау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша мәліметтер

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі

Қазіргі күннің талабына сай, интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялык (козғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді  жадыны кажет етуіне байланысты, мәліметтердің  көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін  Ғlаsһ технологиясын пайдалану тиімді болып табылады. Ғlаsһ технологиясының негізі векторлық графикалық форматынан Sһоскwаvе Ғlаsһ (SWF) кұрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлык формат емес, SWҒ кұрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді кұралдар және қорытындысында WеЬ-парақтарының қосылуының механизмі. SWҒ қосымшасының артықшылығы оның жеңіл та-сымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттык-программалык платформада қолданылады.

Оқытудың қазіргі кездегі  ақпараттық технологиялары - қазіргі  оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен  қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны  болып табылады.

Ақпараттық технологияларды  оқу үрдісінде пайдаланудьң ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері әлі қалыптасу  үстінде. Оқытудың қазіргі кездегі  ақпараттық технологиялары - қазіргі  окыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен  камтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс кұралдары, инструменталдық программалық құралдар жиыны болып табылады. Осы ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде  жүзеге асыруда мүғалімдер үшін кейбір мәселелер туындайды, яғни мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығында немесе сабақтан тыс қосымша білім алу  түрлерлерінде осы аталған ақпараттық технологиялар құралдарының және жабдықтамалардың жеткіліксіз болуында. Бағдарламалық  жабдықтамалар ақпараттық компьютерлік технологияның қолдауымен оқыту  істерінің кез келген түрлерін жүзеге асыруда колданылады.

Қазақстан Республикасы тұтынушылардың ақпараттық теңсіздігін төмендету  бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу  әдістемелік құралдары, осы Macromedia Flash бағдарламасының ортасында жасалған. Осындай фильмдердің роликтерін кұруға көп уақыт жұмсалады, бірақ, оған қарамастан нәтижесінде әр түрлі  әрекеттерді демонстрациялайтын интерактивті кұралдарды кұруға болады. Ғ1аsһ-роликтер сабақтың мазмұнын анимациялауға, оқу материалын «жандандыруға» әсер етеді.

Педагогикалық тұрғыдан алғаңда, ҒІаsһ-технологияларды оқу үрдісіңде  қолдану компьютерлік технологиялар  базасын пайдалана отырып оқыту  техникалық кұралдарын құрумен өзара  тең деп айтуға болады

Бүгінгі таңда «Жаңа технологиялар» адамдардың өмірін, қарым-қатынасын  және жұмысын өте аз уакыт ішінде қатты өзгертті. «Жаңа технологиялар» адамдардың жаңа бір қоғамын калыптастырды.

Macromedia flash бағдарламасы да  интернет желісінде өзінің көптеген  қызметтерін ұсынады. Анықтап  айтар болсақ, Flash – бұл WEB – ке арналған анимацияланған фильмдерді құру үшін қолданылатын арнайы бағдарлама.

Бірақ оны  тек анимациялық қызметтері үшін ғана пайдаланбайды. Сондай-ақ, интерактивті объектілермен жұмыс жасауға, тестілеу бағдарламаларын құруға, flash – фильмдер құруға, командалық батырмалар жасауға  т.б. қолданылады.

Қазіргі кезде Macromedia Flash бағдарламасын көптеген интерактивті қосымшаларды жасауға жиі пайдаланады. Атап айтар болсақ, СИН бағдарламасы арқылы мектептегі оқу бағдарламаларын  оқыту үшін сәтті қолдануда. Бұл  бағдарламада тек анимацияланған сюжеттер ғана емес, сонымен бірге интерактивті оқушымен бағдарлама арасындағы оқу  қатынас құралы оқушылардың үлкен  көмекшісіне айналған.

Мектепте  пайдаланылатын модемнің арнайы драйвері де осы Flash бағдарламасында жасалынған. Әдемі, ыңғайлы менюы қолданушыларға өте ыңғайлы құрал екені көрініп  тұрады.

Зерттеудің мақсаты:

Зерттеудің міндеті:

Зерттеудің нысаны:

Зерттеуудң әдісі: тест, лекция, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  1. Тақырыпқа байланысты психикалық, әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді жинақтау, сұрыптау, теориялық талдаулар жасау.
  2. Педагогикалық тәжірибедегі оқушылардың салауаттылық қабілеттерін дамыту жолдарының әдістемелік негізін ұсыну.
  3. Іс-әрекеттерге талдау, озық үлгілерін пайдалану және жеке тәжірибедегі үлгілерде ұсыну.

Зерттеу пәні: информатика

Зерттеу орны:

Зерттеудің болжамы:

І тарау.

1.1. Macromedia Flash бағдарламасының  қысқаша тарихы

Macromedia Flash программасының  құрылымы. Macromedia Flash программасын алғаш рет жүктегенде ол «web-беттерді жасауға арналған векторлық графикалық программаға ұқсайды.

Macromedia Flash бағдарламасының стандартты жүктелу жолы: Пуск®Программы®Macromedia® Macromedia Flash 8 (1-сурет).

1-сурет. Macromedia Flash 8 бағдарламасының жүктеу жолы.

Macromedia Flash  программасының  жалпы көрінісі 2-суретте көрсетілген.

  • Меню жолы
  • Негізгі құралдар тақтасы
  • Сурет салу құралдар тақтасы
  • Контреллер
  • Уақыттық шкала
  • Жұмыс алаңы
  • Launcher тақтасы
  • Қалып күй жолы

Редакторлеудің құрал-саймандар  панелі терезенің өн бойына сол шекарасында  орналасқан. Графикалық объектілерді кұру және өңдеу үшін өте қолайлы  құрал-саймандармен қамтамасыз етеді. Графикалық редакторлардың жұмысындағыдай, бұл құралдар бәріне мәлім. Бұл саймандар  ыңғайлы болу үшін 4 бөлікке бөлінген.

  • Тооl (құрал-саймандар) - нақты құралдарды таңдау батырмасы орналасқан; бұл құралдарды 2 түрге бөледі: таңдау және сурет салу кұралдары;
  • View (Түр) кескіннің көру кұралдарын басқару, бұл өрісте 2 батырма орналасқан:
  • Наnd Тооl (Қол) - батырманы шерту арқылы режім қосылады және жұмыс облысын тышқан көмегімен әртүрлі бағытта орналастыруға мүмкіндік береді
  • Zооm Тооl (Масштаб) - жұмыс облысындағы батырманы шерту арқылы тез масштабтау режимі қосылады және бұл режимді қосқанда Орtіоns өрісінде екі қосымша батырмалар пайда болатын масштабтау бағытын таңдау үшін рұқсат етеді (үлкейту немесе кішірейту).

• (түстер) - бұл бөлімде  бөлек түстер таңдау контуры және объектілерді коюлату батырмаларын қамтамасыз етеді.

• (параметр) - таңдалған  сайманның қосымша параметрлерін  орнату элементтерін көрсететін; қосымша  параметрлері бар кұралдар үшін Орtіоns өрісі бос болады.

Жұмыс облысы терезенің барлық орталық бөлігін алады. Жұмыс  облысында әртүрлі объектілерді редакторлеу операциялары, дегенмен «кадрға» тек қана сол объектілер монтаждық үстел шегінде орналасады.

«Tools» (Құрал саймандар) тақтасы бірнеше бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде -  объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары орналасқан (4-сурет).


 

 

 

 

 

 

4-сурет. Объектіні ерекшелеу  және суреттер салу батырмалары.

Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық: . Толығымен ерекшелеу батырмасы көмегімен объектіні ерекшелеудің екі жолы бар: бірінші жолда объектіні толығымен ерекшелеп аламыз , ал екінші жолда тінтуірдің сол жақ батырмасын объектіде үздіксіз екі рет шертеміз де қалаған бағытта орын ауыстыруымызға болады.

Жеке-дара ерекшелеу батырмасы  көмегімен объектінің бұрыштарын белгілеген кезде тінтуір нұсқағышы тұсында іші бос кішкене тіктөртбұрыш пайда болады, ал қабырғаларына нұсқаған кезде тіктөртбұрыш қара түске боялады. Объект бұрыштарын өзгертуге болады, ал қабырғаны нұсқаған бойда сол жақ батырманы баса отырып, объектінің орнын ауыстыруға болады.

Екінші бөлімде объектінің орнын ауыстыратын және масштабын өзгертетін батырмалар орналасқан, үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттер орналасқан, төртінші бөлімде құю және жиектеме жасау құрал–саймандар тақтасы орналасқан (5-сурет).


        

 

 

 

 

           

5-сурет. Құрал-саймандар тақтасы.

Үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттері көмегі арқылы объектінің бұрыштар санын өзгертуге қажетті батырмалар орналасқан. Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық. Қосымша қасиеттер бөліміне шерткен кезде шығатын сұхбаттық терезеде қажетті бұрыштар санын енгіземіз (6-сурет).

   

6-сурет.Қосымша қасиеттер бөлімі  сұхбаттық терезесі.

Анимациялық әсерлер беру үшін «TimeLine» (Уақыт өлшемі қатары немесе Монтаждау үстелі) қолданылады. Дыбыстау нұсқағышы (қызыл түсті тіктөртбұрыш) анимациялық әсерлердің орындалу барысында нөмірленген кадрлар бойымен жылжып отырады (7-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 


7-сурет. Macromedia Flash MX бағдарламасы терезесі.

Анимацияланатын әрбір объект өзіндік қатпарларда  орналасады. Қатпарларды қосуға, жоюға  және орындарын ауыстыруға болады.

Импортталған  графикалық бейнелерге де анимациялық  әсерлер ұйымдастыруға болады. Құжатты  импорттау «File®Import®Import to Stage» (Файл®Импорттау®Сахнаға импорттау) командасы көмегімен орындалады. Шыққан сұхбаттық терезеден қажетті файлды таңдап «Открыть» (Ашу) батырмасын баса отырып, объектіні құжатқа кірістіреміз.

Бағдарлама векторизациялау, яғни импортталған растрлық бейнені векторлыққа ауыстыру жұмысын орындауға болады. Ол «Modify®Bitmap®Trace Bitmap» командасы арқылы орындалады. Командадан соң шығатын сұхбаттық терезеде түстер және минималды зоналық мәндерді өз қалауымызша таңдауға болады (8-сурет).

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

8-сурет.  Векторлау терезесі.

Векторлау барысында растрлық бейнедегі түсі жақын аймақтар бір түске айналып  кетеді. «Color Threshold» (Түстік аймақ) бөлімінің  мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сәйкес түстер бір түспен алмасады.  «Minimum area» (минималды аймақ) мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кішігірім түстес аймақтар өзгеріссіз қалады (9-сурет).

                      


9-сурет. Векторлау  нәтижесі.

Бағдарламада  кез–келген фильм элементі Symbol (Символ) болып табылатын объект ретінде қарастырылады. Символдар типтері: Movie Cliр (Клип),  Button (Батырма), Graрhic (Графика) және бұл типтердің әрқайсысының  өзіндік қасиеттері бар, сонымен бірге мүмкін операциялар жиынтығы анықталған.

Фильмді ұйымдастыру жұмысын ыңғайлы  ету үшін, оны бірнеше логикалық  сахнаға (сцена) бөлуге болады. Жаңа сахна  құру үшін «Window® Design Panels ® Scene» (Окно ® Панель конструирования ®Сцена) командасы орындалады.

Информация о работе Macromedia Flash багдарламасында белгілі такырыпта косымша