Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 06:30, реферат
1-мысал: 6 алманы 2 балаға тең етіп бөліп беруге болады. Балалардың әрқайсысы 3 алмадан алады. Енді 6 алманы 4 балаға тең бөлу керек дейік. Онда балалардың әрқайсысы 1 алмаданұ алады да, 2 алма артық қалады. Демек, 6 саны 2-ге қалдықсыз бөлінеді де, 4-ке қалдықсыз бөлінбейді, яғни 6-ны 4-ке бөлсек, 2 қалдық қалады.
Бұл жағдайда 2 саны 6 санының бөлгіші болады, ал 4 саны 6 санының бөлгіші емес дейміз.
6 санының бөлгіштері: 1, 2, 3 және 6
5 санының бөлгіштері: 1 және 5
8 санының бөлгіштері: 1, 2, 4 және 8
Бөлуді жалғастырамыз:
7 ондықты бірліктерге ұсақтаймыз: 7 ондық = 70. 70 пен бөлінгіштегі 7 бірліктің қосындысын табамыз: 70+7=77. 77-ні 25-ке бөлеміз. Бөлінді 3, қалдық 2 болады:
Жаттығуларды орындау барысында анықтама бойынша қалдық бөлгіштен кіші теріс емс бүтін сан екенін естен шығармау керек.
Көп таңбалы сандарды бөлу
72:8 бөліндісін табайық. Бөліндіні х әрпімен белгілейік. Анықтама бойынша х×8=72. Көбейту таблицасы бойынша бұл сан 9 екенін табамыз. Сондықтан, 72:8=9, өйткені, 9×8=72. Көбейту таблицасын бөлу таблицасы ретінде пайдалануға болады. Көбету таблицасын бөлу таблицасының мәліметтері бойынша бір таңбалы санды бір таңбалы санға бөлгендегі және екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлгендегі бөлінділерді табуға болады.
Көп таңбалы сандарды бөлуді қосындыны бөлуге, азайтуға, бір таңбалы немесе екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлуге келтіруге болады. Мысалдармен түсіндірейік.
1-мысал. 684:2 бөліндісін табайық.
684:2= (санды қосынды түрінде жазу)
=(6 жузд. + 8 онд. +4):2= (қосындының бөлінгіштігі туралы теорема)
=3 жузд. + 4 онд. +2=
=342. (санды разряд бірліктерінің қосындысы ретінде жазу)
<p class="dash041e_0441_043d_