Шамалардың және сандардың қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2015 в 12:05, курсовая работа

Описание работы

Математикада тек қана обьектілер емес (сан, фигура, шама т.с) олардың арасындағы қатынастар, байланыстар да зерттеледі. Натурал сан ұғымын қалыптастыру - бастауыш математика курсының негізгі ұғымы және жалпы математика сандар арасындағы әртүрлі өзара байланысты зерттей отырып дамиды.
Геометрияда түзулердің параллельдік, перпендикулярлық, фигуралардың теңдік, ұқсастық т.с.с. геометриялық обьектілердің арасындағы әр түрлі қатынастарды зерттейді.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................3-4

I Шамалардың және сандардың қатынасы
Шамалардың қатынасы, сандардың қатынасы................................................5-6
Қатынас мүшелерінің қасиеттері, кері қатынастар.......................................7-10
II Бастауыш математика курсында қатынастарды
оқыту
Қатынас ұғымы. Қатынастың қасиеттері...................................................11-18
Сәйкестік туралы ұғым................................................................................19-24
Бөлінгіштік қатынасы туралы ұғым...........................................................25-26
Геометриялық фигуралар және олардың қатынасы..................................27-31
Математикадан алғашқы ұғым беру...........................................................32-41
Қорытынды..................................................................................................42
Әдебиеттер.......................................................................................43-45

Файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-математика-курсы.doc

— 347.50 Кб (Скачать файл)

белгісімен  (=)  таныстырылып,  кеспе  цифрлар  мен  таңбаларды, ауызша есеп құрастырып шешіп үйренеді.

Даярлық класындағы балалар цифрларды жазбайды. Олар түрлі геометриялық фигуралар мен жемістердің суретін тор көз дәптерге салып, қолын жазуға жаттықтырады. Сонымен 6 жастағы балаларда бүкіл оқу жылы ішінде жоғарыда көрсөтілген нақтылы материалдар негізінде сандар және олардың натурал қатары туралы жалпылама ұғымдар қалыптасады. Балалар тек қана сандардың атын атап, олардың бөлгілерін үғынып қана қоймайды, сонымен қатар 10 санының реттік орнын білуге дағдыланады.

Санау сабағы негізінен оқушылардың тілін дамытуға көмектесетіндей және көбіне ойын ретінде өткізіледі. Біз алты жастағы балаларға бірінші ондық туралы білім бере отырып, оларды 20 көлеміндегі сандардың натурал қатарын ауызша санауға үйретуді ұсынып отырмыз. Сондықтан мұғалім оқушылардың 10 көлеміндегі білімдерін тиянақтап, бекіте отырып, балаларды 20-ға дейін тек ауызша санай білуге дағдыландырады. 20 көлеміндегі сандарды үйретуге сол сандардың түзілу заңдылығына, бірліктерден түратынына олардың натурал қатардағы орындарын ажыратуға, осы сандарды көрсететін заттардың негізгі топтарын атай білуге және кейбір санға байланысты заттардың санын анықтауға немесе белгілі бір заттан құрауға көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ балаларды 1, 2, 3, 4, 5, 10, 15, 20 тиындық монеталар жиынтығымен және оларды үқсатумен таныстыру көзделінеді. Бұл жұмыстар сабақ кезінде көрнекі түрде түсіндіріледі. Мұғалім сабақ үстінде балаларды өздігінен жұмыс істеу дағдыларына жаттықтырады. (Мысалы, заттарды тең бөліктерге бөлу: алманы, қағазды, нанды т.б.) Ол бөліктерді атау, "екіден бір", "үштен бір" т.б. Осы атаулардың мәні түсіндіріледі.

Сондықтан оларға берілетін білімнің мазмұнында автоматты түрде орындау дәрежесіне жеткізілген есептеу дағдыларын, балаларға саналы түрде, әрі берік қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылды. Балаларға берілетін білімнің мазмұнында негізгі көзделген принциптердің бірі, әрбір жаңа мәселені жоғары дәрежеде жалпылау тұрғысынан түсіндіру. Алайда ол 6 жастағы балалардың шама - шарқынан асып кетпейтіндей көлемде қарастырылуы керек.

Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастыру сабақтарында ауыз әдебиеті нұсқауларын - санамақтарды қазақ балалар жазушыларының ойынға, санамаққа лайықты еңбектерін пайдалану керек.

Сабақтың тақырбы: Биік. Аласа. Кең. Tap. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа.

Сабақтың мақсаты: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік - аласа, кең - тар, ұзын - қысқа қатынастарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір -бірінен ажыратуға баулу. Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Пәнді оқытудың мақсаты - міндеттерін ұғындыру.

II. Жаңа сабақ мазмұны:

III. А) Жаңа материалды түсіндірмес бүрын сынып бөлмесінен, 
ондағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең).

Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, Ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т.с.с.

ә) Оқулықпен жұмыс

1. Бала оқулықтағы екі  үйді салыстырады. Мұғалім не  тәрбиешілерінің сұрақтары арқылы екі үйдің    айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екөндігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінөн биігірек, болмаса аласа т.б.

2. Оқулық дәптердегі суретте көлік жүретін үлкен көше мен 
тротуардың ені ұзындығы қарастырылады. Көше кең. Тротуар тар.

3. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. 
Олардың бірі-үлкен, екіншісі - кіші. Үлкенің бойы - кішісінен

(немесе інісінен) биік, інісінің  бойы - аласа. Ағасының киімі інісіне  кең, інісінікі ағасына тар болатынын  сұрақ - жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы үлкен доппен, інісі кіші  доппен ойнайды. Үлкен доп - футбол, волейбол, баскетбол ойнау үшін қажетті айтылады.

Доптар бір - бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай-ақ, киімдердің ұзын - қысқалығы, кең - тарлығы, үлен кішілігі айтылады. Қылқалам қарындаштардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады.

б) ойындар.

Бұл сабақта «Өз үйіңді тап», «Үй тұрғызайық», «Сипаттамасы бойынша тап» деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады.

в) Дәптермен жұмыс.

Өтілген ұғымдарға сәйкес оқулық дәптөрде берілген тапсырмалар орындалады. Онда торкөзді санап отырып, шыршаларды салып, биіктіктерін салыстыру қажет. Үйлердің қабырғасының еніне қарап кең таралығын анықтап, үзік сызықты бастыра жүргізді. Сол сияқты басқа берілген тапсырмалар осы үлгіні башылыққа алады. Жаңа ұғымдарды меңгертуде дидактикалық материалды, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдаланып, балалардың танымдық қабілеттерін дамытады.

Қорытынды

Сонымен, бұл сабақта бала өзен қоршаған ортадан, күнделікті тіршілік тынысынан биік - аласа, үлкен - кіші, кең - тар, ұзын - қысқа қатынастарын танып - біліп, заттарды салыстырып, ажыратуды меңгереді.

Сабақтың тақырыбы: Жуан. Жіңішке. Қалың. Жұқа. Жалпақ. Жіңішке.

Сабақтың мақсаты: Балаларды жуан - жіңішке, қалың - жұқа, жалпа - жіңішке ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір - бірінен ажырата білуге үйрету:

Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру .

а)математикалық жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, санамақтар мен балалардың зейінін пәнге аудару.

ә) сабаққа қажет құрал - жабдықтарды дайындау.

II. Жаңа сабақ мазмұны:

а) жаңа материалды өткен сабақпен байланыстырып, биіктіктерін салыстырған ағатардың жуандықтарын салыстыратынын қабарлайды.

Ағаш пайдасы, оның қолданылу аясы жайлы әңгімедейді. Ағаш діңдерін салыстырып, жуан -жіңішке ұғымдары мен таныстырады.

ә) Оқулық пен жұмыс.

Оқулық дәптерде берілген суреттердегі екі ағаштың жуандығын салыстырып, қайсысы жіңішке екнін ажыратады. Енді сол ағаш кескінділерінің қалыңдығы салыстырылады. Қайсысы қалың? Қайсысы жұқа? Оны практикалық жолмен, ағаш кескінділерін балалардың қолдарына ұстатып, анықтауға болады. Бірнеше тақтайшаларды салыстырып біреуі -жалпақ, екіншісі жіңішке екендігін анықтайды.

Жеңішке ұғымының жуан сөзіне де, жалпақ сөзіне де қарсы мағыналы сөз екендігі ескеріледі. Ұғымдарды тиянақты мақсатында екі қарындаштың жуандығы, кітап пен дәптердің қалыңдығы, екі сызығыштың жалпақтығы салыстырылады. Тапқышпек тапсырмасындағы балалардың кимдері (қалың-жұқа) үстел бетінің жалпақтағы, аяғының жуандығы салыстырылады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде көрсөтілген үлгідегі үзік сызықпен берілген заттардың суретін бастырып салып, бояйды. Жұмысты орындау кезінде бала, өзі салған заттарды қалыңдығын, жалпақтығын, жуандығын көз мөлшерімен, әрі тор көзбен есептеп жетілдіреді.

Ойындар.

«Өз пәтеріңе жайғас », «Өз үйінді тап», «қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойындарын осы ұғымдарды тиянақтауға септігін тигізеді.

Қорытынды.

Сонымен, бұл сабақта жуан-жіңішке, қалың - жүқа, жалпақ -жіңішке ұғымдарын бір-бірінен ажыратып ұғымдарды дүрыс, орынды қолданып, торкөзбен жұмыс жасауға үйренеді.

Сабақтың тақырбы: Жоғарғы. Төмен, Оң жақта. Сол жақта.

Алдында. Артында. Жанында. Астында. Үстінде. Соңында, Арасында. Ішінде. Бірінші. Екінші. Жыл-дам. Баяу.

Сабақтың мақсаты:     Балаларды кеңестіктік қатынастармен таныстыру, заттардың өзара орналасуын орнын ажырата білуге үйрету.   Балалардың  кеңестік  туралы  ұғымдарын  қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

А) оң, сол, жоғары, төмен ұғымдарына байланысты өлең тақырыптар арқылы бой сөргіту жаттығуын ұйымдастыру.

II. Жаңа материалдың мазмұны.

А) сабақты мектептің не балабақшаның спорт алаңынан саяхат жасаудан бастаған жөн. Ондағы балалардың іс әрекеті,

Орны жайлы әңгіме жүргізуге болады.

Сондай - ақ, сыныптағы заттардың орналасуы, оларды бір -бірімен салыстырғандағы орны сұрақ - жауап арқылы жүргізіледі.

Оқулықпен жұмыс

Оқулық дәптердегі суретте балалрдың іс-әрекеті мен орындары, доптардың орнына қарап сұрақ-жауап жүргізіліп жоғары, төмен, жанында, алдында, артында, оң жағында, сол жағында ұғымдары мен таныстырылады.

ІІ-суреттегі тұғырға қарап жүгіріп келе жатқан балалардың ретімен атау; бірінші, екінші, үшінші. Балалардың қимылдарына қарай жылдам, баяу екендігі айтылады.

III. Суреттегі ұл бала мен қыз баланың іс әрекетіне қарай 
бетінде, үстінде астында ұғымдармен танысады.

«Шалқан» Ертегісінің мазмұны ашылып, мұндағы атасы, апасы, немересі, күшік, мысық, тышқаның орнын ажыратып, арасында, ортасында, соңында ұғымдарын түсінуді тереңдеттеді.

Дәптермен жұмыс.

  1. Торкөзді салып, бояу.
  2. Торкөздің оң жағындағысын-қызыл, сол жағындағысын көк 
    түспен бояу.
  3. Торкөздің    жоғарғы    жағындағысын    -    жасыл,    төменгі 
    жағындағысын сары түспен бояу.
  4. Торкөздің оң, сол, жоғарғы, төменгі жағындағыларын әрбір 
    бала өзіне ұнаған бояуды пайдаланып бояйды.
  5. Дөңгелектерді де өзіңе ұнаған бояумен боя.

6. Берілген геометриялық фигуралдарды ретімен салу. 
Ойындар.

Жоғарыдағы ұғымдарды меңгерту мақсатында «Орнын тап», «қол соғу», «Қалай жүріп, нені тапқың келеді?» ойындарын пайдалануға болады.

Қорытынды.

Балалар, бұл сабақта заттардың кеңестікте өзара орналасуы мен орнын ажыратып, ұғымдарды дұрыс пайдаланып, торкөзбен нақты танысып, ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.

Сабақтың тақырбы:  Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру.

Сабақтың мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру арқылы көп - аз, артық - кем, сонша қатынастарымен таныстыру. Саны бір-бірінен артық - кем заттарды теңестіруге үйрету. Теңестірудің екі жолын практикалық жолмен меңгерту. Сонша, қанша болса, сонша ұғымдарын игерту.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

А) Қажетті материалдары дайындау.

Б) «Санамақ» жаттау.

II. Жаңа материалдардың мазмұны.

А) Сыныптағы парталарды, заттарды, т.б. санау.

ә) Заттардың санының көп-аздығын, тең екендігін анықтау.

Оқулықпен жұмыс

Оқулық дәптердегі сәбіз бен бұрыштың санын салыстыру. Неше сәбіз? (алты), неше бұрыш? (төрт). Сәбіз көп пе, әлдө бұрыш көп не? (сәбіз көп, бұрыш сәбізге қарағанда аз).

Қайсысы артық ? Қайсысы кем? (сәбіз артық, бұрыштың саны кем),

Сәбіздің бұрыштан қаншасы артық? (екеуі). Бұрыштың сәбізден нешеуі кем? (екеуі).

Помидор мен қиярдың санын салыстыр. Помидор-алтау, қияр да алтау. Помидор, қанша болса да, қияр сонша, екеуінің саны бірдей немесе тең.

Сәбіз бен бұрыштың санын қалай теңестіруге болады? Деген сұраққа балалардың ізденіс жұмыс ұйымдастыру керек. Сәбіздің бұрыштан екеуі артық, бұрыштың санын сәбізге теңестіру үшін екі бұрыш кесу немесе бұрыштың санын теңестіру үшін екі сәбізді алу керектігін балалрдың өздеріне тапқызған дұрыс.

Сәбіз бен бұрыштың санын теңестіргенде неше сәбіз болса, сонша бұрыш болады деген ұғымды балалрдың түсініп білгені жөн.

Көкөністердің әрқайсының санын тауып, оны санына қарай тиісті қораптарға салдыру жұмысын жүргіземіз. Мысалы: Төрт памидор оларды төртінші қорапқа салуға болады, т.с.с.

Дәптермен жұмыс

  1. Геометриялық фгуралардың санын салыстырып, тиісті түспен 
    бояу.
  2. Геометриялық фигуралардың санын теңестіру.
  3. Ыдыстардң әрқайсысын өз қақпағын тауып, сызықө арқылы 
    қосу.
  4. Үшінші қатардағы сұрақ белгісінің орнына әр қатардағы 
    ыдыстардың сиымдылығы бірдей болса, қандай ыдыс тұратындығын 
    табу.

Екі торсықтың сиымдылығы бір торсықпен 4 кесеге тең болса, сұрақ белгісінің орынына бір торсықтың суретін салу керектігін балалрдың өздеріне тапқызу керек.

Сабақты «Көп-аз, бір», «Қай қолымда көп» ойындар мен қортындылауға болады.

Қорытынды

Сабақта заттардың саннын қалай салыстыру арқылы олардың бір - бірінен артық -кемін, қайсысының көп - аздығын, оларды теңестіру жолдарын, сонша ұғымның тең деген ұғымымен пара - пар екендігін үйренеді.

 

 

 

 

Қорытынды.

Бастауыш мектеп математикасында да, орта мөктеп математикасында да қатынас ұғымы жалпы түрде енгізілмейді, тек қана әртүлі обьектілер арасындағы нақты қатынастар қарастырылады.

Информация о работе Шамалардың және сандардың қатынасы